ем
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2025
Қарағандыда футбол академиясының құрылысы басталды
Қарағанды облысында заманауи футбол академиясының құрылысы ресми түрде басталды. Жаңа спорт нысаны балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға серпін береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Қыркүйек, 2025
Тоқаев: Съездің маңызы – әлемді бейбіт жолға шақыру
Бүгін Астанада VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі өтіп жатыр. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана төрінде бас қосқан әлемнің ең беделді рухани көшбасшылары мен басқа да қатысушыларға ілтипат білдіріп, Съезд жұмысына қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2025
Биыл бала күтіміне 570 миллиард теңгеден астам жәрдемақы төленген
Елімізде бала туу және 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдермен жалпы сомасы 570,7 млрд теңгеге 443 мың адам қамтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 17 Қыркүйек, 2025
Әлем чемпионы Аида Әбікееваны қарағандылықтар қуанышпен қарсы алды
Бокстан Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында топ жарған жерлесіміз Аида Әбікеева туған жеріне оралды. Әлемдік аренада атой салған боксшымызды жанашырлары, жанкүйерлері Қарағандыдағы Сарыарқа әуежайынан күтіп алды. Чемпионға құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын тарту етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Қыркүйек, 2025
Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі басталды
Елордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі өз жұмысын бастады. Форумның басты тақырыбы – «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия», деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2025
Бас прокуратура қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертті
Бас прокуратураның Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды әлемде белең алып жатқан жаңа киберқауіптен сақ болуға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 17 Қыркүйек, 2025
Шымкентте әлем чемпиондарына құрмет көрсетілді
Бүгін Шымкентте бокстан әлем чемпиондары құрметке бөленді. Ливерпульдегі жарыстан жеңіспен оралған спортшыларды әуежайда қала басшылығы мен жанкүйерлер қуанышпен қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қыркүйек, 2025
Мемлекеттік қызметшілер пікірсайыста бас қосты
Мемлекеттік қызметшілер пікір сайыс алаңында тартысты. Дебат «Қоғам дамуының негізі – еліміздің ұлттық құндылықтары» тақырыбында өтті. Іс-шара елордада Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Көлік министрлігінің қызметкерлерінен құралған екі команданың қатысуымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Ақмола облысындағы егін жинау науқанымен танысты
Президентке биыл өңірдегі егіс алқабының көлемі 300 мың гектарға ұлғайып, 5,5 миллион гектарға жеткені баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 16 Қыркүйек, 2025
Зейнетақы қаражатын стоматологиялық қызметтерге жұмсауға тыйым салынды
Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинақтарының стоматологиялық қызметтерге заңсыз пайдаланылуына байланысты 2021 жылғы 15 ақпандағы «емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дін • 16 Қыркүйек, 2025
VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі жаңа форматта өтеді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Астанада өтетін VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі бұрынғыдан да мазмұнды форматта ұйымдастырылып жатыр. Жаһандық деңгейдегі беделді діни қайраткерлер мен саясаткерлерді тоғыстырған форум қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселелерді талқылауға арналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Қыркүйек, 2025
Бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды
Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында жоғары деңгейде өнер көрсеткен Қазақстан ұлттық құрамасы елге оралды, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 15 Қыркүйек, 2025
Ризабек Айтмұқан әлем чемпионатының алғашқы айналымында жеңіліп қалды
Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан ресейлік балуанға есе жіберді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Қыркүйек, 2025
Қазақстандық жеңіл атлет әлем чемпионатының финалына шықты
Бүгін Токиодағы әлем чемпионаты аясында 3000 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден іріктеу кезеңі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Қыркүйек, 2025
Ауыр жарақат алған Темірлан Анарбеков алдағы ойындарға қатыспайды
Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбековтің төменгі жақ сүйегі сынып, алдағы ойындарда алаңға шыға алмайды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 15 Қыркүйек, 2025
Израиль соққысынан Йеменде 46 адам қаза тапты
Йемен астанасы Санада Израиль соққысынан қаза тапқан 46 адамның арасында 26 БАҚ өкілі бар, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Қыркүйек, 2025
Автожолдардың төлем тәртібі өзгереді
Көлік жүргізушілері бұдан былай сапасыз жолға ақы төлемейді. Көлік министрлігінің хабарлауынша, 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда төлем тәртібі жаңартылды. Қазір елімізде 27 ақылы учаске жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 15 Қыркүйек, 2025
Бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы көш бастады
Ливерпульде World boxing алғаш рет ұйымдастырған әлем чемпионаты мәресіне жетті. 4-14 қыркүйек аралығында өткен жаһан додасын қазақстандық былғары қолғап шеберлері жалпыкомандалық есепте 1-орынмен түйіндеді, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 13 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда 28,9 млн тонна мал азығы дайындалды
2025–2026 жылғы қыстақ маусымына дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қыркүйек, 2025
Қазақстан тарихының екінші томы баспаға жіберілді
Бүгін Алматыда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалық етуімен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жеті томдық академиялық басылымды әзірлеуге қатысты редакция алқасының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 12 Қыркүйек, 2025
Жетісуда жедел жәрдем қызметі жаңа көліктермен толықты
Жетісу облысының жедел жәрдем қызметіне тағы 29 арнайы көлік берілді. Көліктердің кілтін аймақ әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғандағы орталық алаңда өткен шарада тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 12 Қыркүйек, 2025
Әлем чемпионаты: Бүгін 6 қазақстандық шаршы алаңға шығады
Бүгін, 12 қыркүйек Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионатының кезекті жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 11 Қыркүйек, 2025
Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады
13 қыркүйекте Жапонияның астанасы - Токиода жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады. Ол жарыс тоғыз күнге созылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қыркүйек, 2025
Коммуналдық төлемдер жаңа жүйеге көшеді
Қазақстанда коммуналдық қызметтерді төлеу ережелері өзгерді. Енді тұрғындар үшін есеп айырысу жүйесі ыңғайлы әрі бірізді болады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қыркүйек, 2025
Тіс емдеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға шектеу қойылды
Қазақстанда тіс емдеуге арналған зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша өтініштер қабылдау тоқтатылады. Шектеу 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Қыркүйек, 2025
Қырғызстандағы Жалал-Абад қаласының атауы өзгереді
Қырғызстанның Жоғарғы Кеңес депутаттары Жалал-Абад қаласының атауын Манас деп өзгерту туралы заң жобасын үш оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2025
Қостанай облысының түрмелерінде 67 жұп некесін қиды
Қостанай өңіріндегі қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде жыл басынан бері 67 неке тіркелген. Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталғандардың отбасын құру және әлеуметтік байланыстарды сақтау құқықтарын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Конго президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасы Президентінің елімізге алғашқы сапарын тарихи сәт ретінде атап өтіп, оның Астанаға үлкен делегациямен келуін қазақ халқына көрсеткен зор құрмет деп бағалады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 10 Қыркүйек, 2025
Әлем чемпионаты: Назым Қызайбай қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Қазақ боксшысы Назым Қызайбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 09 Қыркүйек, 2025
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Ливерпульде өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.