Қар
Қаржы • 21 Тамыз, 2025
Қазақстандықтардың ипотекалық қарызы көбейген
2025 жылдың алғашқы жарты жылдығында банктер шамамен 1,2 трлн теңге көлемінде ипотекалық несие берген. Krisha мәліметінше, бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35%-ға көп.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2025
Абай қаласында заманауи қоқыс полигоны қыркүйекте пайдалануға беріледі
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Никита Шаталов Абай қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылыс жұмысы барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 21 Тамыз, 2025
Қазақстанда су саласын трансформациялаудың негізі қаланды - халықаралық сарапшы
Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының ғылыми-зерттеу орталығы директоры Динара Зиганшина Қазақстандағы су шаруашылығы саласын трансформациялау бағытындағы Су ресурстары және ирригация министрлігінің жұмысын жоғары бағалады. Сарапшының пікірінше, ведомство болашақта саланың дамуына негіз болатын маңызды жүйелі өзгерістердің іргетасын қалады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің мәліметіне сілтеме жасап.
Банк • 20 Тамыз, 2025
Банктер жарты жылда 1,6 трлн теңге пайда тапты
Елдегі екінші деңгейлі банктер 2025 жылдың қаңтар-шілде аралығында 1,6 трлн теңге таза пайдаға шықты. Ұлттық банктің мәліметінше, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 18,1%-ға немесе 252,5 млрд теңгеге көп, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2025
Нұра ауданында өрт сөндіру бекеті ашылды
Қарағанды облысы, Нұра ауданының Ахмет ауылында өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. Енді мұнда төрт құтқарушы тәулік бойы кезекшілік атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Тамыз, 2025
Президент Халықаралық және Азия паралимпиада комитеттерінің жетекшілерін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонспен және Азия паралимпиада комитетінің президенті Маджид Рашедпен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 19 Тамыз, 2025
Берденов ісін жүргізіп жатқан судьяға қатысты қызметтік тексеріс тағайындалды
Әлеуметтік желіде Шымкент қалалық сотының судьясы Әбінұр Қарабаевтың сот барысында БАҚ өкіліне аузын қисайтқан өрескел әрекеті түсірілген видео тарады. Қалалық сот судьяның қылығы ар-намысқа дақ түсіретіні расталса, Жоғары сот кеңесі жанындағы сот алқасына жолданатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 19 Тамыз, 2025
Цифрландыру арқылы теміржолды басқару жеңілдейді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында теміржол саласын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің телеграм арнасына сілтеме жасап.
Білім • 19 Тамыз, 2025
Алты мыңға жуық педагог қаржылық сауаттылығын арттырады
Мемлекет басшысының тапсырмасымен мұғалімдер мен оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған ауқымды жоба іске қосылды. Бастаманы Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен ҚР Ұлттық банкі бірлесіп жүзеге асырады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 18 Тамыз, 2025
Жұмысынан айырылған 244 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алған
Оларға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 73,2 млрд теңге төленген, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Тамыз, 2025
Халықаралық сарапшы Қазақстанның су саласындағы жұмыстарын жоғары бағалады
Швейцарияның даму және ынтымақтастық агенттігінің Blue Peace Орталық Азия жобасының жетекшісі Александр Николаенко су дипломатиясы саласындағы Су ресурстары және ирригация министрлігінің жұмысын жоғары бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Тамыз, 2025
Биылғы 7 айда есірткі саудалаған 20 мың сайт бұғатталған
ІІМ мәліметінше, осы жылдың 7 айында есірткіге қатысты 4655 құқықбұзушылық анықталған. Олардың 2100-і ауыр және аса ауыр қылмыстар санатында болғаны белгілі болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 16 Тамыз, 2025
Мәжіліс депутаты Қостанайда жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін талқылады
Мәжіліс депутаты, ЖСДП фракциясының мүшесі Нұрлан Әуесбаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында «Билік. Халық. Ынтымақ» атты аймақтық конференцияға қатысты. Іс-шарада жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайту, мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру, сондай-ақ азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Үкімет • 15 Тамыз, 2025
Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Еуразиялық үкіметаралық кеңес делегациялары басшыларымен ұжымдық кездесуіне және кеңейтілген ЕҮАК отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 15 Тамыз, 2025
Қарағанды тұрғыны Toyota Carina автокөлігін үй ауласынан ұрлап кеткен
Қарағанды қаласында патрульдік полиция полкі қызметкерлері автокөлік ұрлығына күдіктіні жедел ұстап, құқық бұзушылықтың алдын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 14 Тамыз, 2025
Қарағанды жастары жұмысшы мамандықтарға бет бұруда
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қарағандылық жастар техникалық және кәсіптік білімді саналы түрде таңдай бастады. Бүгінде жұмысшы мамандықтар тек сұранысқа ие болып қана қоймай, бұрынғы беделін қайта қалпына келтіріп, кәсіби және жеке дамуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Үкімет • 14 Тамыз, 2025
Шардара су қоймасындағы су көлемі төмендеген
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Орталық Азия елдерінің Мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының 90-шы отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балалар • 14 Тамыз, 2025
Елімізде балалар құқығын қорғайтын алғашқы басқарма құрылды
Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі алғашқы басқарма Ақтөбе облысында құрылған, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Тамыз, 2025
Су саласында халықаралық ынтымақтастық нығайып келеді
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғалы бері халықаралық әріптестермен 4 келісім және 20 меморандумға қол қойды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында сала министрлігі Франция, Германия, Нидерланды, Испания, Жапония және ҚХР сияқты елдердің халықаралық ұйымдарымен, су саласы мекемелерімен, даму агенттіктерімен және компанияларымен әріптестік орнатты. Су саласын дамытуға гранттар түрінде 14 млн доллардан астам қаржы тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның мәліметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 14 Тамыз, 2025
Үкімет нашақорлыққа қарсы іс-қимылды үйлестіретін штаб құрды
Үкімет Президенттің тапсырмасы аясында нашақорлық профилактикасы және есірткі қылмысына қарсы іс қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штаб құрды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 13 Тамыз, 2025
Ботақарадағы аудандық аурухана заманауи медициналық жабдықтармен толықты
Бұқар жырау ауданының Ботақара кентіндегі аудандық аурухана облыстық бюджет есебінен жаңа медициналық құрылғылармен толықты. Заманауи техника түрлі ауруларды жоғары дәлдікпен анықтап, тиімді ем жүргізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Тамыз, 2025
Президент наркотизммен күрес жөніндегі жаңа шараларды атады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің наркотизмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2025
Өзге елдегі қарулы қақтығысқа қатысқан атыраулық 5 жылға сотталды
Атырау қаласы тұрғынының Донецк облысындағы қарулы қақтығысқа қатысқаны анықталды. Сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 13 Тамыз, 2025
Үкімет Каспий теңізі институтына 305 млн теңге бөлді
Бұл қаржы Мемлекет басшысының Каспий теңізі проблемаларын кешенді зерттеу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» КеАҚ-қа Үкімет резервінен бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2025
Атырауда 6 айда тұтынушылардың 24,6 млн теңгесі қайтарылды
Атырау облысында жыл басынан бері сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне тұтынушылардан 470-ке жуық шағым түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 12 Тамыз, 2025
Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ұлттық мәртебеге ие болды
Қазақстан Президентінің Жарлығымен академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне ұлттық жоғары оқу орны мәртебесі берілді, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 12 Тамыз, 2025
12 тамыз – Халықаралық жастар күні
Бұл дата – қоғам мен экономиканы дамытудағы жас ұрпақтың рөлін айқындауға арналған күн. Мереке елімізде 2000 жылы, 1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Жастар ісі жөніндегі дүниежүзілік министрлер конференциясының ұсынымдарын қолдап, осы күнді ресми жариялағаннан кейін бекітілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Тамыз, 2025
Балқашта 8 жастағы баланы ұрған айыпталушы тағы екі айға қамауда болады
Қарағанды облысының Балқаш қаласында кәмелетке толмаған балаға қатысты ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктіге қатысты қамау мерзімі тағы екі айға ұзарды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2025
Атырау облысында 67 адам қару сақтау талабын бұзған
Атырау облысында атыс қаруының заңсыз айналымына қатысты 280-нен астам құқық бұзушылық анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Тамыз, 2025
Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
Жан түршігерлік жол апаты 11 тамызда сағат 00:10-да «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 1396-шақырымында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.