у
Өндіріс • 15 Шілде, 2025
Шикізат бағытынан кету: Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінің үлесі өсуде
Бүгін Үкімет отырысында экономиканың негізгі секторларының экономикалық көрсеткіштері қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Шілде, 2025
Су мамандықтарына түсетін студенттер үшін грант саны көбейді
Мемлекет басшысы су шаруашылығы саласын жаңа, білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөнінде нақты міндет қойғаны мәлім. Гранттар санының артуы – осы бағыттағы маңызды қадам. Бір жыл бұрын жоғары оқу орындарында су шаруашылығы мамандықтарына 618 грант бөлінсе, 2025-2026 оқу жылына гидрогеология және гидрология сияқты пәнаралық мамандықтарды есептемегенде барлығы 1052 грант бөлініп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 15 Шілде, 2025
Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Шілде, 2025
Еліміздегі ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алады?
Ел аумағындағы ақылы жолдар саны артып келеді. Алайда кей санаттағы жүргізушілер үшін бұл жолдар тегін екенін бірі білсе, бірі біле қоймайдыдеп жазады Egemen.kz.
Өнер • 14 Шілде, 2025
Әсем ән мен көңілді концерттер адамның психикалық саулығына қалай әсер етеді?
Фестивальдер, концерттер, фермерлік базарлар мен спорттық жарыстар тек көңіл көтерудің ғана емес, психологиялық әл-ауқатты жақсартудың да құралына айналған. Бұл туралы Аустралияның Университеті жүргізген жаңа зерттеуде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 14 Шілде, 2025
Қазақстанда +42 градусқа дейін ыстық болады: синоптиктер ескерту жасады
Синоптиктер 15 шілдеде елордада, Алматыда, Шымкентте және еліміздің 17 облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Кино • 14 Шілде, 2025
«Шатырдағы екеу» фильмі халықаралық фестивальде арнайы жүлдеге ие болды
Қазақстандық «Шатырдағы екеу» фильмі Ресейдің Ярославль қаласында өткен «В кругу семьи» халықаралық кинофестивалі аясында қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Картина ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Шілде, 2025
Конституция күніне орай қазақстандықтар 1 қыркүйекте демалады
Қазақстандықтар биыл Конституция күніне орай қосымша бір күн демалады. 30 тамыз – Конституция күні сенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні 2025 жылғы 1 қыркүйек, дүйсенбіге ауыстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 14 Шілде, 2025
Төлемдер болмаған жағдайда МӘМС мәртебесі сақтала ма
Халықты МӘМС жүйесімен барынша қамту және сақтандырылушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қабылданған заң жобасы жеңілдікті кезеңді ұзарту жөніндегі жаңа норманы көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 14 Шілде, 2025
МӘМС жүйесіне қандай өзгерістер енгізілді
Бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 14 Шілде, 2025
Медициналық қызмет сапасына бақылау күшейтіледі
Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа заң қабылданып, денсаулық сақтау саласындағы бақылау мен қадағалау тетіктері айтарлықтай күшейтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 14 Шілде, 2025
Министрлік «Интервидение – 2025» байқауында бақ сынайтын өнерпазды атады
Биыл 20 қыркүйек күні Ресейде халықаралық музыкалық «Интервидение – 2025» байқауының финалы өтеді. Мәдениет және ақпарат министрлігі осы байқауда Қазақстан атынан «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Amre лақап атымен танымал әнші Ернар Садырбаев қатысатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 14 Шілде, 2025
Астанада 1000-ға жуық әуесқой спортшы жүгіру іс-шарасына қатысты
«Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында Сарыарқа ауданында кезекті жеңіл атлетикалық жүгіру іс-шарасы өтті. Осы жолғы басты ерекшелігі – қатысушылар жаңа маршрут бойынша бақтарын сынады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Шілде, 2025
Атырауда жеке иеліктегі тұрғын үйге найзағай түсті
Атырауда найзағай жарқылы түскен 2 қабатты тұрғын үй өртеніп кетті. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің имидждік жұмыстар және сыртқы коммуникациялар тобының ақпаратына сүйенсек, оқиға кеше, 13 шілдеде кешкі сағат 19:47-де болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 14 Шілде, 2025
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 15, 16 және 17 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 14 Шілде, 2025
Қазақ таэквондошылары 6 медаль еншіледі
Оңтүстік Кореяда таеквондодан өткен World Taekwondo Diamond Game G-4 турнирі бойынша Қазақстан құрамасы қоржынында 6 медаль бар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Шілде, 2025
Halyk қорының қолдауымен шетелдегі қазақ балалары Бурабайда бас қосты
2025 жылғы 9 шілдеде Ақмола облысындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында шетелде тұратын қазақ балаларына арналған «Мен Qazaqпын» атты халықаралық балалар құрылтайы өтті. Бұл ерекше шараға әлемнің жеті мемлекетінен 288 бала қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 14 Шілде, 2025
Жүзуден әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды
11 шілде күні Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты басталды. Жаһан біріншілігінде жүзуден сынға түсетін ел құрамасы жасақталды, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 14 Шілде, 2025
4 ауылда ауыз су мәселесі шешіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылдың аяғына дейін еліміздегі барлық елді мекендерді 100 пайыз ауыз сумен қамту туралы тапсырмасы Қордай ауданында жүйелі жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 14 Шілде, 2025
Руслан Желдібай қосымша қоғамдық қызметке тағайындалды
Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңа технологиялар және тиімділікті арттыру бойынша комиссиясының директоры қызметіне тағайындалды. Бұл қосымша қоғамдық негіздегі қызмет, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Шілде, 2025
Атырауда 9 жасар баланың үстіне электрлі мотоцикл құлады
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқыс оқиға 13 шілдеде тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 14 Шілде, 2025
Қазақстандық оқушылар IChO-2025 олимпиадасында топ жарды
Қазақстандық оқушылар тағы бір мәрте әлемдік білім аренасында оза шауып, еліміздің мәртебесін асқақтатты. 5–14 шілде аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Халықаралық химия олимпиадасында (International Chemistry Olympiad, IChO-2025) Қазақстан ұлттық құрамасының барлық мүшесі жүлдегер атанды. Олардың екеуі – алтын медаль иегерлері, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Шілде, 2025
Прокуратура Перизат Қайраттың 3,5 млрд теңге жымқырғанын мәлімдеді
Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық істің сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Шілде, 2025
Серік Егізбаев егіншілермен кездесті
Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына жұмыс сапарымен барып, ауыл шаруашылығы саласындағы қазіргі жағдаймен және егін науқанының барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Шілде, 2025
Атырауда бассейндегі хлордан 14 адам уланды
Бассейндегі суға түскен 14 адам медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды. Оның үшеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Шілде, 2025
Ойын бизнесі мемлекеттің бақылауында болады
Туризм және спорт министрлігі құмар ойындар нарығын тиімді мемлекеттік реттеуді қамтамасыз етуге арналған Бірыңғай есепке алу жүйесін (БЕЖ) енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған подкастта Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің төрағасы Әділет Тұрғанбаев айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Шілде, 2025
Ата-аналарға баланың бәс тігуге әрекет жасағаны хабарланады
Бірыңғай есепке алу жүйесін (БЕЖ) енгізу тақырыбына арналған подкаст барысында Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің төрағасы Әділет Тұрғанбаев бұл жүйенің кәмелетке толмағандарды бәс тігуден қорғайтынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Шілде, 2025
Құтқарушыларға көлік пен пәтер кілттері тапсырылды
Шымкент қаласының төтенше жағдайлар қызметі жаңа көліктермен толықты. Өрт сөндіру мен құтқару техникалары ТЖД материалдық-техникалық базасын нығайту бағдарламасы аясында жеткізілді. Көлікпен бірге ТЖД 25 қызметкеріне жергілікті «Қамқор» бағдарламасы арқылы ипотекалық пәтер кілттері мен арнайы киімдер тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Шілде, 2025
Бірыңғай есепке алу жүйесі ойыншылардың құқықтарын қорғайды
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің подкастында Бірыңғай есепке алу жүйесі (БЕЖ) туралы айтылды. Жаңа жүйе ойыншылардың мүддесін қорғауға, сондай-ақ клиенттер мен букмекерлер арасындағы дауларды әділ шешуге жол ашады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Шілде, 2025
БЕЖ заңсыз құмар ойын ұйымдастырушыларын нарықтан ығыстырады - министрлік
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Бірыңғай есепке алу жүйесін (БЕЖ) енгізудің маңыздылығы талқыланды. Жаңа жүйе мемлекетке құмар ойын нарығын тиімді бақылауға алып, көлеңкелі қызметпен айналысатын заңсыз платформалармен күресті күшейтуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.