Еңбек
Қоғам • 03 Қаңтар, 2024
Ең төменгі жалақы мөлшері көбейді
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстанда ең төмен жалақы мөлшері ұлғайтылды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еңбек • 03 Қаңтар, 2024
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы енгізіледі
Биылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын өз қаражаты есебінен жүргізу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 27 Желтоқсан, 2023
Еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері нақтыланды
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстанда ең төмен жалақы мөлшері 70 000 теңгеден 85 000 теңгеге дейін ұлғайтылады, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023
Зиян еңбек жағдайында жұмыс істегендер қалай төлем алады?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында зиян еңбек жағдайында жұмыс істегендерге арнаулы әлеуметтік төлемнің қалай төленетінін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 26 Желтоқсан, 2023
2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы қабылданды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы қаралды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова атап өткендей, Тұжырымдама Мемлекет басшысының «Әділ Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында көрсетілген тапсырмасын орындау үшін әзірленген. Ол 4 негізгі бағытты қарастырады. Олар – тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғаудың ұлттық жүйесін жаңғырту, жұмыс орындарында тәуекелді төмендету жөніндегі шараларды экономикалық ынталандыру, кәсіби құзыреттер мен ғылыми әлеуетті дамыту, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыру, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023
«13-жалақыны» кімдер алады: Жұмыс беруші жаңа жылға сыйақы беруге міндетті ме?
Еңбек шарты бойынша бір жыл ішінде қызметкерге басшылық 12 мәрте еңбекақы төлеуі тиіс. Жекелеген кейбір компанияларда әлі күнге дейін жылдың соңында «13-жалақы» терминімен сіңісті болған ынталандыру қаражаты да аударылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қараша, 2023
Біз әсілі еңбек адамы дегенде егін басында жүрген, қолында кетпені мен күрегі бар ауыл тұрғынын елестетін секілдіміз. Болмаса малдың соңында жүрген, ауыр жұмыстан қажыған жанды нұсқауға оқталамыз. Жоқ, тіршілік бәріне ортақ, демек еңбектің үлкен-кішісі жоқ. Біз бүгін осы ретте еңбекке әуес талай жастың санасына сәуле құйып, жол көрсеткен Көксу ауданының құрметті азаматы Дәлелхан Жаныш жайлы сөз қаузамақпыз.
Қоғам • 23 Қараша, 2023
Қандастарды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы өңірлер анықталды
Қандастарды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы өңірлер анықталды. Атап айтар болсақ, олар Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 14 Қараша, 2023
Зейнетке шығарда еңбек кітапшасы талап етіле ме?
10 қазан күні Орталық коммуникациялар қызметінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтардан зейнетке шығу кезінде еңбек кітапшасы талап етіле ме, жоқ па деген сауалға «Азаматтың жұмыс орны еңбек кітапшасын цифрландырса, ол еңбек базасында сақталады, мұндай жағдайда еңбек кітапшасы қажет емес» деген мәлімдеме жасаған болатын, деп жазады Egemen.kz
Елорда • 08 Қараша, 2023
Астана жастарына бос жұмыс орындары ұсынылады
Елордада кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Қараша, 2023
Қаза тапқан 17 кеншінің отбасына әлеуметтік төлем тағайындалды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры Костенко атындағы шахтада орын алған апат салдарынан қаза тапқан 17 кеншінің балаларына жәрдемақы мен төлемдер тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қараша, 2023
Нәтижелі жұмыспен қамтуда нәтиже бола ма? – депутат
Мәжілістің жалпы отырысында Нұрлан Әуесбаев Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға сауал жолдап, жұмыспен қамтудағы жүйесіздік жайын қозғады. Жыл сайын нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту үшін қыруар қаражат жұмсалғанын, алдағы уақытта да қомақты сома бөлінетінін айтты.
Қазақстан • 30 Қазан, 2023
Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді?
2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 534 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Марапат • 24 Қазан, 2023
Ақын Жүрсін Ерман «Отан» орденімен марапатталды
Республика күні қарсаңында ақын Жүрсін Молдашұлы Ерман Мемлекет басшысының Жарлығымен «Отан» орденімен марапталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 19 Қазан, 2023
Теміржолшылар зейнетке 55 жастан шығуы керек – сенатор
Теміржолшылардың зейнеткерлік жасын 55 жасқа дейін төмендету керек. Бұл ұсынысты Геннадий Шиповских ортаға салды, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 10 Қазан, 2023
Президент Сыр өңірінің еңбек адамдарымен жүздесті
Былтыр бой көтерген «Еңбек аллеясында» еңбек адамдарымен жүздескен Мемлекет басшысы Қызылорда облысының дамуына баса мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ күрделі геосаяси ахуал кезеңінде Қазақстанның өркендеуі жолында елімізді бірлік танытып, еңбек етуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 02 Қазан, 2023
Президент мемлекет қайраткері Елеусін Сағындықовты қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қайраткері Елеусін Сағындықовты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2023
Елімізде 14,6 мың шетел азаматы жұмыс істейді
2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 571 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2023
Нұрсұлтан Сағатбек: Ауылдың қоңыртөбел тіршілігін қаланың қайнаған қарбаласына айырбастамас едім
Олар күнделікті таң алакеуімнен ұйқысынан тұрып тіршіліктің талқысына араласып кетеді. Ұйқым шала деп жата беру, талтүсте ояну түсінігі олар үшін мүлде қисынсыз. Себебі малды ауылдың шаруасы шаш-етектен. Уақытында қимылдамасаң атқарған ісіңнің берекесі қашады. Нұрсұлтанның жасы 27-де. Атасынан әкесіне, одан өзіне бұйырған шопанның ақ таяғын қабыл алып, аманатты арқалап келе жатыр. Білдей бір шаруа қожалықтың қым-қуыт тіршілігін шашау шығармай ұйымдастырып, ілгері бастыру осы жігіттің жауапкершілігінде.
Еңбек • 25 Қыркүйек, 2023
Теміржолда 616 жыл қызмет еткен әулет
Ең көп еңбек өтілі бойынша рекордтар кітабына енген Түкібаевтар әулеті үздіксіз теміржол саласында жұмыс істеп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Еңбек • 24 Қыркүйек, 2023
Адамдардың өмірі үшін жауаптымыз - өрт сөндіруші
Өрт сөндіруші әлемдегі ең қиын мамандықтардың бірі. Бұл салада қызмет ету үшін үлкен жүрек керек. Тілсіз жау салғырттықты кешірмейді. Оқыс жағдай кезінде жылдам шешім қабылдап, табандылық таныту маңызды. Осындай жауапкершілігі мол жұмысты атқарып жүрген өрт сөндірушінің бірі Назымхан Тұрсынмен тілдескен едік.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2023
Арнайы әлеуметтік төлемдер туралы жалған ақпарат тарады
55 жастан бастап тағайындалатын арнайы әлеуметтік төлемдер үшін 7 жыл еңбек өтілі болу керек деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Еңбек • 24 Қыркүйек, 2023
Бүгін, 24 қыркүйек елімізде Еңбек күні атап өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 22 Қыркүйек, 2023
Аса мейірімділікті талап ететін, сонымен қатар міндеті мен жүгі айтарлықтай ауыр болып келетін мамандық иесі – медбике. Медбикенің жұмысы қиын, тірлігі қауырт. Науқастың саулығына дәрігерден кем қарамайтын денсаулық жанашырлары сырқаттанған адамның келіп түскенінен бастап сауығып, аяғына тұрып кеткеніне дейін еш аянбай қызмет етеді. Осы орайда науқастардың талап-тілектерін алғашқы орынға қойған, адамгершілік пен мейірімділікті алға тартқан мерейлі медбикенің бірі Керімбаева Жанар Дүйсенбекқызымен сұхбат жүргіздік. Медицина саласына 15 жыл уақытын арнаған ақ халатты абзал жан Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында еңбек етеді.
Сұхбат • 19 Қыркүйек, 2023
Мақсатын заңмен ұштастырған сала сардары
Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның жеті жарғысы сынды тарихта таңбаланған адамзат баласының әділ өмір сүруі мен құқығын қамтамасыз етіп, қоғамда бейберекетсіздіктің орын алмауын көздеген құнды құжаттар көне заманнан мұраға қалып келеді. Тәуелсіз ел атанып, еңсе тіктеген шақта біздің де Ата Заңымыз қабылданды. Өткен жылы жалпыхалықтық референдум өткізіліп, Конституцияға біраз өзгеріс енгізілгені де мәлім. Содан бері Конституция әр азамат өмірінің құрамдас бөлігі ретінде жұмыс істеп келеді. Заман өзгерсе де, мамандық иелерінің жұмысы артпаса, еш азаймайды. Еңбек жолын сонау 70-ші жылдарда бастаған ардагерлер Қазақстанның түрлі кезеңдердегі қиын-қыстау әрі гүлденген тұстарына куә болған. Осы орайда заң саласында 63 жыл қажырлы еңбек еткен 83 жастағы ардагер Айшагүл Күзембаевамен жүздесіп, жылы әңгімелестік.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2023
190 метр биіктікте құрылыс жүргізу – үлкен тәуекел, оған жүрек керек – альпинист
Қоғамда аса қат мамандардың қатарында альпинистер де бар. Иә, кәдімгі шыңға өрмелеп, омыраулап қар кешіп, мұзға шойын қадасын қағып асу бермес асқарға қарай адымдайтын альпинистер секілді бұлар да биікте жүріп, көп адамның тәуекелі бара бермейтін аса ауыр жұмыстарды атқарады. Біз сөйлескен Бағдат Болатұлы да альпинист. Жамбыл облысына қарасты көгілдір газ өндіретін зауыттың аспанмен астасқан мұнарасын сырлау, әктеу жұмыстарын командасымен барып, аяқтап үйіне келген беті екен.
Еңбек • 06 Қыркүйек, 2023
Жаңа жылдан бастап 1,8 млн-ға жуық жұмыскердің жалақысы өседі
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы өлшері 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге дейін артады. Бұған сәйкес әртүрлі саладағы меншік нысандарындағы кәсіпорындарда қызмет ететін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде 350 мыңға жуық бюджеттік қызметкердің ақшалай табысы ұлғаяды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2023
Орасан міндет жүктелді – сенатор
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауы арқылы маңызды мәселелердің түйінін дер уақытында шешу қажеттігін тапсырды. Үкіметтің алдында орасан міндет тұр.
Үкімет • 27 Тамыз, 2023
Әлеуметтік және еңбек мәселелері жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысы өтті
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 21 Тамыз, 2023
«Қазақстан» шахтасындағы өрттің мән-жайын арнайы комиссия анықтайды
Қарағанды облысындағы шахтада өрт болып, салдарынан 5 адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаны арнайы тергеу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комиссия құрды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.