балалар
Қоғам • 20 Мамыр, 2025
Биыл 60 бала терезеден құлап кеткен
Осы жылдың 19-мамырындағы дерек бойынша, терезеден құлап кеткен 60 баланың бесеуі оқиға орынында көз жұмған. 55 бала түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілген. ТЖМ күннің жылуына байланысты осындай оқыс оқиғалар жиілейтінін қаперге салып, ата-аналарды сақтыққа шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
Деструктивті мультфильмдер министрлікті алаңдатып отыр
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті интернет кеңістігінде таралып жатқан деструктивті мазмұндағы мультфильмдерге қатысты ата-аналарға ескерту жасады. Комитеттің мәлімдеуінше, сырт көзге балаларға арналған секілді көрінетін кейбір бейнематериалдар шын мәнінде агрессияны насихаттайтын және адамгершілік құндылықтарға кері әсер ететін бұрмаланған ақпаратты қамтуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 08 Мамыр, 2025
Жазғы маусымда 3 миллионнан астам оқушы тынығады
Биыл жаз мезгілінде еліміздің түкпір-түкпірінде 3,1 миллионнан астам оқушының демалысы, сауықтырылуы және еңбекке бейімделуі ұйымдастырылады. Жоспарланған іс-шаралар балалардың белсенді демалысын қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамытуға және әлеуметтік бейімделуіне бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2025
Түркістандық балалар алғаш рет модульді лагерде демалады
Облыста 41 мыңнан астам бала үшін 31 жазғы сауықтыру лагерлері жасақталған. Жазғы демалыс тек тынығу емес, сонымен қатар тұлғалық, шығармашылық және рухани дамуға бағытталған маңызды кезең болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 30 Сәуір, 2025
Қорғаншылық органдары жеке басқарма болып құрылады
Үкімет жергілікті атқарушы органдардың базалық құрылымына Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармалар мен бөлімдерді енгізу туралы шешім қолдады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Сәуір, 2025
Балалар мінген автобус жол апатына ұшырады
Қосшы қаласында ішінде балалар отырған шағын автобус аялдамаға соғылған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2025
Ақтауда мерекелік шара кезінде 100-ден астам бала жоғалған
«Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы» мерекесіне орай өткен концертте бірқатар ата-аналар балаларынан көз жазып қалған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2025
Екібастұзда 9 мың балаға арналған орталық ашылды
Президент тапсырмасымен Екібастұзда ашылған «Самғау» балалар шығармашылығы орталығы есігін айқара ашты. Бұл жаңа орталық 9 мыңнан астам жас талантты, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды да қабылдай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Наурыз, 2025
Алматыда ерекше балаларға арналған бейімдеу орталығы ашылды
«Қамқорлық» атты алғашқы бейімдеу және даму орталығы дамуында ауытқушылығы бар бүлдіршіндердің кеселін ерте бастан емдеп, оңалтуды көздейді.
Оқиға • 27 Наурыз, 2025
Жауғашты әйелдер колониясындағы балалардың улану дерегі расталмады
Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы ресми түрде Жауғашты әйелдер колониясында балалардың жаппай улануы туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 26 Наурыз, 2025
Ерекше балаларды қолдауға бағытталған жоба әзірленді
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру және инклюзивті, арнайы білім беруді жүйелі дамыту мақсатында Оқу-ағарту министрлігі «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау стандартын бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірледі. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 25 Наурыз, 2025
Ұлыстың ұлы күнінде жас спортшылар сынға түсті
22-23 наурыз күндері ARDA TEAM командасы Riviera International School by Quantum және Copa.kz спорт дүкенінің қолдауымен 2015-2016 жылы туған жасөспірімдер арасында Наурыз мерекесіне орай футбол турнирін ұйымдастырды.
Балалар • 17 Наурыз, 2025
Астанада Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі №3 балалар кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен «17 наурыз – мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай этнотанымдық сабақ өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылтай • 14 Наурыз, 2025
Көкшетауда теңдесі жоқ спорт кешені салынады - Мемлекет басшысы
Кейінгі жылдары балалар спорты қарқынды дами бастады. Бұл туралы Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 14 Наурыз, 2025
Тоқаев «Қазақстан балалары» атты біртұтас бағдарлама ұсынды
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерге тоқталып, «Қазақстан балалары» атты біртұтас бағдарлама қабылдауды ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Наурыз, 2025
18 жасқа биыл толатын азаматтар өзіне тиесілі қаржысын тексере алады
Ұлттық қордың инвестициялық кірісіндегі валюталық бөлігінің 50%-ы жыл сайын еліміздің азаматы болып есептелетін, 2006 жылы және одан кейін туған балаларға теңдей бөлініп берілетін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы екінші жыл іске асырылуда. 2006-2007 жылдары туған, 2024-2025 жылдары 18 жасқа толған/толатын жас қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-да (бұдан әрі – Қор, БЖЗҚ) ашылған нысаналы жинақтау шоттарына (НЖШ) нысаналы жинақтар (НЖ) есептелді, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 26 Ақпан, 2025
Енді алты жастағы балалар балабақшадан босатылмайды
Балабақшалар балаларды мектепке дейін оқытуға міндетті болады. Заңға енгізілген түзету – мектепке дейінгі дайындықтан өткен балалардың 31 шілдеге дейін балабақшада қалуына мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 20 Ақпан, 2025
Атырау облысында 102 бала онкологиялық есепте тұр
Атырау облысында қатерлі ісік дертіне шалдыққан 102 бала бар. Бұл сырқаттың диагнозы 1 айлық сәбиге де қойылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Ақпан, 2025
Есту қабілеті нашар балаларға арнайы аппараттар сатып алынады - депутат
Бұл туралы депутат Нартай Сәрсенғалиев Мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 31 Қаңтар, 2025
Мәди Такиев: Балаларға аударылатын қаражаттың мөлшері Ұлттық қор қызметіне байланысты
Қаржы министрі Мәди Такиевпен «Ұлттық қор – балаларға» жобасы жөнінде сұхбаттасудың сәті түсті. Министрдің айтуынша, бағдарлама аясында жыл сайын аударылатын төлемді 2025 жылдың 31 қаңтарынан бастап E-gov және «БЖЗҚ» сайттарынан, сондай-ақ мобильді қосымшалардан (E-gov, БЖЗҚ, Kaspi.kz, Halyk) көруге болады.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2025
Ұлттық қор балаларға 888 млн доллар аударды
Мемлекет басшысы 2022 жылғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын көтерген болатын. Бастаманың аясында 2025 жылы 18 жасқа толмаған балаларға 129,38 доллары көлемінде қаражат аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 30 Қаңтар, 2025
Түркістанда 6 жасар қыздың асқазанынан бір келі шаш шықты
Түркістан облысында дәрігерлер 6 жасар қыздың асқазанынан ұйысып қалған шаш алып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қаңтар, 2025
Атыраудағы балалар үйінде ер адам жасөспірімге қол көтерген
Әлеуметтік желіде Атыраудағы балалар үйінің бірінде ер адамның жасөспірімді аяқ-киіммен ұрған видеосы тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қаңтар, 2025
Қарағандыда балабақшадан өрт шықты
Өрт жеке меншік балабақшаның жертөлесінен шыққан, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2025
Қатерлі дерт: балалар суицидімен қалай күресеміз
Бүгінде «суицид» деп аталатын қауіпті феномен қорқынышты деңгейіне жетті. Өкінішке қарай, мұндай қадамға баратындардың көпшілігі - 18-ге толмаған жастар. Бұл деректердің ар жағында қаншама адам тағдыры, отбасы қайғысы, елдің болашағы сияқты мәселелер тұр. Сондықтан осындай теріс оқиғалардың себептерін зерттеп, салдарының алдын алу міндеті күн тәртібінен түспей келеді.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2025
«Балаларыңызға қамқор болыңыздар»: полицейлер тұрғындарға үндеу жасады
Алматы полициясының қызметкерлері балаларды көлікте арнайы орындықтарда тасымалдау қажет екенін еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 13 Қаңтар, 2025
Ақтауда алаңқайда баланы көлік қағып кеткен
Оқиға балаларға арналған ойын алаңында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2024
Қазақстан оқушылары - халықаралық жарыстардың жүлдегерлері
2024 жыл Қазақстан балалары үшін жарқын жетістіктерге толы болды. Қазақ балалары әлемдік аренада түрлі салаларда өздерінің дарыны мен қабілеттерін танытып, еліміздің беделін асқақтатты. Олардың табыстары білім, спорт және технология салаларын қамтыды.
Балалар • 26 Желтоқсан, 2024
Зейнеткерлер ерекше балаларға шырша мерекесін ұйымдастырды
Байқоңыр ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығының зейнеткерлері «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің тәрбиеленушілеріне арнап шырша мерекесін өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2024
ШҚО-да әкімдік балалар үйінің түлегін баспанадан айырған
Шемонаиха ауданының прокуратурасы әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізу барысында балалар үйінің түлегі А.В.О. құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.