неси
Экономика • 26 Наурыз, 2024
Елімізде онлайн несие алу тәртібі өзгереді
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі шағын несиелерді электрон түрде беру ережелеріне өзгерістер енгізу жобасын әзірледі. Жоба «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 20 Наурыз, 2024
Қазақстан азаматтары жұбайының рұқсатынсыз банктен несие ала алмайды
Мәжіліс кредит беру кезіндегі тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша депутаттардың бастамасымен әзірленген заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 06 Наурыз, 2024
Қазақстанда кімдерге несие берілмейтіні айтылды
Мәжіліс несие беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Наурыз, 2024
Қазақстанда тұтынушылық несиелердің мөлшерлемесі азаюы мүмкін
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Олжас Құспеков тұтынушылық несиелердің пайыздық мөлшерлемесі туралы мәселені көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Ақпан, 2024
Жыл сайын 50 мың жұмыс орнын құру қажет – «Ауыл аманаты» жобасы
Бүгін Мәжілістегі «Amanat» партиясы фракциясының кеңейтілген жиынында депутаттар «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру жөніндегі Үкіметтің 2023 жылғы есебін тыңдады. Жоба өз тиімділігін көрсетуде. Бүгінде шамамен 80 млрд теңге сомасына жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық 12,7 мың шағын несие берілді, деп жазады Egemen.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Ақпан, 2024
«Қарызсыз қоғам» несиеден арылуға қалай көмектеседі?
Халықтың шамадан тыс несиеге батуы назар аударылуы қажет мәселелердің бірі. Қазақстан азаматтарының әрбірінде бірнеше несиеден бар. Өтелмеген несиелер ажырасуға, отбасылық жанжалдарға, құқықбұзушылықтарға себеп болады. Бұл түйткілді қандай да бір жолмен шешу үшін AMANAT партиясы былтыр «Қарызсыз қоғам» жобасын бастады, ол қарызды төлеп, аяққа тұруға ғана емес, қаржылық қауіпсіздік құралдарын үйренуге де көмектеседі.
Қоғам • 22 Ақпан, 2024
Елімізде еңбекке қабілетті азаматтардың 20%-ында проблемалық несие бар
Еңбекке қабілетті жастағы Қазақстан азаматтарының 20%-дан астамы несие төлеу мерзімін 90 күннен астам уақыт кешіктіріп отыр. Бұл «AMANAT» партиясы ұйымдастырған «Қарызсыз қоғам» ұлттық жобасы аясында жүргізілген зерттеуде анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
Құрғақшылықтан зардап шеккен шаруалардың несиесі ұзартылады
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ бірінші басшыларының қатысуымен кеңес өткізді. Жиында құрғақшылықтан және артық ылғалдан зардап шеккен шаруаларға көрсетілген қолдау шаралары талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 19 Қаңтар, 2024
Дихандарға жеңілдетілген несие беріледі
Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі егіс, жиын-терім науқанына орай аграрларға берілетін несиені қаржыландыруды бастады. Бюджеттік кредит аясында 15 млрд теңге мөлшеріндегі несие берудің бірінші кезеңін «Аграрлық несие корпорация» АҚ жүзеге асырады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 03 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы: Азаматтарымыздың қарызға белшеден батқанына қатты алаңдаймын
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында күрделі мәселенің бірі – халықтың қарызға батуы, несие туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 26 Желтоқсан, 2023
Қарызын 90 күн бойы төлемеген тұлғаларға қайта несие берілмеуі мүмкін
Мәжілісте кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түзетулер таныстырылды. Жиын Қаржы және бюджет комитетінде вице-спикер Дания Еспаеваның төрағалығымен өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2023
Туған анасына алаяқтық жолмен несие алдырған
Петропавлда колледж студенті туған анасын 1 млн теңгеге алдады деген күдікке ілінді. Өзі алмаған несиені төлеу туралы хабарлама келгенде әйел полицияға жүгінген, деп жазады Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Экономика • 25 Желтоқсан, 2023
Артық ақша төлемеу үшін несие алғанда нені ескеру керек? Сарапшы пікірі
2019 жылы Президенттің пәрменімен 507 мың адамның несиесі кешірілген. Былтыр 30 желтоқсан күні белгілі критерийлер бойынша азаматтарды банкрот деп тану туралы заңды мемлекет басшысы мақұлдады. Мұндай шаралар тұтынушылардың төлем қабілетінің төмендеуі сынды мәжбүрліктен туып тұр. Мемлекеттік деңгейде мәселе көтеріліп, шара қабылданып жатқанымен, кәсіптен тапқан нәсібін ай сайын несие жабуға жұмсайтындар саны азаймай тұр. Биыл бұл көрсеткіш Ұлттық банктің сәуір айындағы есебі бойынша 15 триллион теңгеге жеткен. Бұл елдегі 7 939 000 адамның банкке берешегі. Бірі несиені дер кезінде өтесе, бірі қарызынан құтыла алмай «құрықталып жатыр». Соңғыларының несие шырмауынан шыға алмауы түбі түрлі әлеуметтік шиеленіске соқтырады. Ендігі жерде үкімет несие беру тәртібін қайта қарамақ.
Экономика • 17 Желтоқсан, 2023
2,5 пайыздық несие кімдерге беріледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2,5 пайызбен несие беру тәртібін түсіндірді. Несие 5 жылға 21 мен 35 жас аралығындағы жастарға беріледі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2023
«Тосын сый беремін» деп тақырға отырғызды
Шымкент қаласының тұрғынын әлеуметтік желі арқылы танысқан адам несие рәсімдеуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Несие • 01 Желтоқсан, 2023
Қазақстанда кімдерге несие берілмейді?
1 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов Қазақстанда несие беруге қандай шектеулер енгізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 30 Қараша, 2023
Халықтың қарызы азаймай, керісінше өсіп отыр – Сенат Төрағасы
Жыл сайын халықтың қарыз сомасы 30 пайызға артып отыр. Қарыздың негізгі бөлігі тұтынушылық несие. Сондықтан проблемаға әкеліп соқтыруы мүмкін несиелерді беруді шектеу үшін қосымша шешімдер қабылдау қажет. Мұны бүгін Салық кодексіне және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарды қарау барысында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Қараша, 2023
Баласын несиені жабу үшін сатпақ болған
Ел аумағында жүргізілген «STOP-трафик» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде адам саудалау фактілері де анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Қараша, 2023
Қазақтың тойы қазір қуаныштың ғана емес, мақтаныш пен бәсекенің өрісіне айналып алды. Бірақ одан да үлкен мәселе бар. Ол - әлеуметтік теңсіздік. Әл - ауқаты жер мен көктей құдалар той жасаудан жарысқаннан «аттыға еріп жаяудың таңы айырылып» жатыр.
Қоғам • 09 Қараша, 2023
Қазақстанда кімдердің несиесі кешіріледі?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микронесиелерді электронды түрде берудің қолданыстағы ережелеріне өзгертулер енгізу туралы бастама көтерді. Құжаттың жаңа нұсқасына сәйкес, халықтың атынан алаяқтар алған шағын несиелер кешіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қазан, 2023
Несиесін жабу үшін алаяқтыққа барған азамат ұсталды
Түркістан облысының тұрғыны несиесін өтеу үшін танысын 1,7 млн теңгеге алдады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қаржы • 31 Қазан, 2023
Несие алуда шектеулер енгізілуі мүмкін
Шамадан тыс несе алу проблемасын түбегейлі шешу үшін шектеулер енгізу қажет. Бұл пікірді Үкімет отырысында Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 31 Қазан, 2023
Қазақстанда шамадан тыс несие алғандарға арналған кеңселер ашылады
Қазақстанда несие алып төлей алмай жүрген тұрғындар көп, бұдан былай сондай жандарға кеңес беретін арнайы кеңселер жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 27 Қазан, 2023
Несиеге алынған қымбат мүлікке де салық салынады - министр
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров несиеге алынған қымбат мүлікке де байлық салығы салынатынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 25 Қазан, 2023
Елімізде 8,4 млн адам қарызға батқан
Кейінгі үш жылда Қазақстанда тұтыну несиесін алғандар саны артқан. Қазіргі таңда 8,4 млн халықтың мойнында 18 трлн теңге қарыз бар. Соның ішінде шағын микроқаржы ұйымдарынан 197 млрд теңге онлайн-қарыз рәсімделген. Мұны азайтуға 2019 жылғы кредитті кешіру науқаны көмектескен жоқ. Осы орайда, өткен жұмада халықтың шамадан тыс кредит алуы мен қаржылық сауаты мәселесі Парламент мінберінде көтерілген еді.
Парламент • 20 Қазан, 2023
«Суицидтің басты себебі - қарыз бен несие»: депутат лудомания мәселесін қозғады
Депутат, Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Руслан Берденов халықтың шамадан тыс несие алу факторларының бірі лудомания екенін айтып, өзекті мәселе қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Несие • 20 Қазан, 2023
21 жасқа толмаған жастарға несие берілмеуі мүмкін
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова 21 жасқа толмаған азаматтарға несие беруді шектеу туралы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Экономика • 20 Қазан, 2023
Қазақстанда 5,6 мыңға жуық азамат банкрот деп танылды
Парламенттік тыңдауда баяндама жасаған Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев елімізде 5,6 мыңға жуық азамат банкрот деп танылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қазан, 2023
Көптеген азамат өзінің қаржылық құқығын білмейді - Ерлан Қошанов
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов кредит алу азаймайтын болса, мемлекет тарапынан халықтың табысын көтеруге бағытталған шаралардың нәтиже беруі екіталай екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қазан, 2023
Адамдардың несиеге тәуелділігі әлеуметтік проблемаға айналды - Мәжіліс спикері
Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов банктерден шектеусіз кредит алып, қарызға белшесінен батып отырған азаматтар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.