Ұлттық ұлан
Әскер • 24 Қаңтар, 2024
Ұлттық ұланның әскери кеңесінде жыл қорытындыланып, алдағы кезеңнің міндеттері айқындалды
Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденовтің басшылығымен және өзара іс-қимыл жасайтын орган басшылары және әскердің генералдары мен офицерлерінің қатысуымен Әскери кеңес өтті. Күн тәртібінде құқықтық тәртіп әскерлерінің 2023 жылғы қызметтік-жауынгерлік әрекеті қорытындыланды. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттер мен тапсырмалар айқындалды.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2024
Астанада Ұлттық ұланның гала-концерті өтті
Жыл сайын еліміздің астанасында құқықтық тәртіп әскерлерінің құрылу күніне орай Ән-би Ансамблі мен ҚР Ұлттық ұланының Үлгілі-көрсетімді оркестрінің гала-концерті өтеді. «Ұлттық ұлан - елдің қорғаны» атты концерт әртістердің ерекше өнерімен және композицияларымен есте қаларлықтай болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2024
Ұлттық ұланның 700-ден астам сарбазы ант қабылдады
2023 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінің күзгі әскерге шақыру мерзімді қызметінің жас сарбаздары үшін маңызды оқиға болды. Атап айтқанда, елордалық жедел бригада аумағында әскерге шақырылушы жас сарбаздар әскери ант беру рәсімінен өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023
Ұлттық ұланның авиатехника паркі жаңа ұшақпен толықты
Кеше Астана қаласының әуеайлағында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясы үшін екінші Y8F200WА көп мақсатты орта көлік ұшағын жеткізу бойынша салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 20 Қараша, 2023
Ұлттық ұланда бос орындар жәрмеңкесі өтті
Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 5518 әскери бөлімінде өткен шараға елуден астам жұмыс іздеуші қатысты. Оларға өңірлік қолбасшылықтың басқарма мамандары әскери қызметке тұру барысынан бастап, мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер жайынан хабардар етті.
Қоғам • 24 Қазан, 2023
Екі ұландық мемлекеттік наградамен марапатталды
24 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Мереке қарсаңында құрметке ие болғандардың арасында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері де бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 11 Қазан, 2023
Ұлттық ұлан авиациясы Ауғанстанға көмек көрсетеді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ауғанстанда болған жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін күштік ведомстволардың өкілдері, оның ішінде ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілері жіберіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Қазан, 2023
Қазақ тілін білуім өмірде көп көмегін тигізді – Кирилл Пономаренко
Кирилл Пономаренко қазақ тілінде еркін, жатық сөйлейді. Оған телефон соғып, жөнімізді айтқанымыз сол еді, Кирилл қазақша көсіле кетті. Шынымен ұлты орыс па еді деп ойланып қалыппыз. Болмысы да ашық-жарқын, жайдары жан екен.
Әскер • 04 Қазан, 2023
Ұлттық ұлан сарбаздары тәжірибесін арттырды
Бүгін елордада ҚР Ұлттық ұланына қарасты 3656 әскери бөлімінің қызметкерлері парашютпен секіру жаттығуларын орындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Қыркүйек, 2023
Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Ұлттық ұлан академиясына барды
Бүгін Петропавлдағы ҚР Ұлттық ұланының Академиясына ел тарихында еркін күрестен алғашқы әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан арнайы барды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2023
Халық қаһарманы Жайық еліне жұмыс сапарымен барды
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Халық қаһарманы генерал-майор Қайрат Үмбетов Батыс Қазақстан облысындағы жұмыс сапары аясында өзара ықпалдастық органдары басшылары және ардагерлер қауымымен кездесулер өткізді, деп жазады Egemen.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 20 Қыркүйек, 2023
Ризабек Айтмұханға қатысты тың дерек пайда болды
Eркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанып, елімізге тарихи жеңіс тарту еткен Ризабек Айтмұханның өмірінен қызықты дерек белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 12 Қыркүйек, 2023
Батальон командирлері кәсіби деңгейлерін жетілдірді
Өскемен қаласындағы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 3477 әскери бөлімінің Дағдарысқа қарсы оқу орталығының базасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының 2023 жылға арналған негізгі іс-шараларының бекітілген жоспарына сәйкес желілік батальондар командирлерімен Практикалық дайындық бойынша бес күндік жиын басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушы • 23 Шілде, 2023
Ұлттық ұлан сарбазы жас спортшыны өлімнен құтқарды
Ұлттық ұлан сарбазы суға батып бара жатқан 12 жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Шілде, 2023
Ұландықтар қарттар үйіне барды
11 шілде күні Ұлттық ұланның ақпараттық-насихат тобы ШҚО-ға бастап келген Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Халық қаһарманы, генерал-майор Қайрат Үмбетов бір топ өнерпаздармен бірге Глубоковский ауданы Солнечное кентіндегі қарттар үйіне барды, деп жазады Egemen.kz ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Шілде, 2023
Ұлттық ұлан сарбаздары Әскери ант қабылдады
8 шілде күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінің саптық алаңында әскер қатарына жақында қосылған сарбаздар Әскери ант қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 30 Маусым, 2023
Президентке Ұлттық ұлан мен туристік полицияның жаңа формасы таныстырылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Маусым, 2023
Қарағандыда Ұлттық ұланның Әскери кеңесі өтті
Қарағанды қаласында ҚР Ұлттық ұланының басшылық құрамының қатысуымен Әскери кеңестің кеңейтілген көшпелі отырысы өтті. Алқалы жиында құқықтық тәртіп әскерінің 2023 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қызметтік-жауынгерлік әрекеті қорытындыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Маусым, 2023
Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Беларусь елінің әскери өкілдерімен кездесті
Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Беларусь Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінің делегациясы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақановпен «Спасск» оқу-жаттығу орталығында кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Маусым, 2023
Өрт маңындағы ауылдарға Ұлттық ұлан сарбаздары жіберілді
Бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұлан Бас қолбасшысымен келісіле отырып, ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының шешімімен эвакуацияланған Каштак, Талица және Тепкаши ауылдарына Семейдегі 5511 әскери бөлімінің 100-ге жуық Ұлттық ұлан сарбаздары мен 8 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 27 Мамыр, 2023
Әскери басылымдардың патриотизмді насихаттаудағы рөлі талқыланды
26 мамыр күні ҚР Ұлттық ұланы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде «Бұқаралық ақпарат құралдарында патриотизмді насихаттаудағы әскери баспасөздің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Сәуір, 2023
Ұлттық ұланның әскери қызметшісі Азия чемпионы атанды
Ұлттық ұланның елордадағы 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Ержан Еренқайыпов дзюдодан ашық Азия кубогінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Сәуір, 2023
Ұлттық ұланда көшпелі отырыс өтті
24 сәуірде Астана қаласындағы Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Сәуір, 2023
Ұлттық ұланда әскери кеңес өтті
Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақановтың төрағалығымен ағымдағы жылдың 1 тоқсанындағы әскердегі қызметтік-жауынгерлік әрекеттің қорытындысы бойынша Әскери кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Сәуір, 2023
Ұлттық ұлан «Қазбат» жауынгерлерін еске алды
1995 жылы тәжік-ауған шекарасында интернационалды міндет арқалап, шекарак үзетінде тұрған Ішкі әскердің 17 жауынгері жаумен айқаста мерт болды. Аталған жауынгерлерді еске алу мақсатында жыл сайын 7 сәуір күні Ерлік күні атап өтіледі. Биыл да «Қазбат» жауынгерлерінің құрметіне ашылған Ерлік аллеясындағы «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2023
Шығыс өңірінде Ұлттық ұланның бас әскери тәрбиешісі тағайындалды
Президент Әкімшілігінің келісімімен және Ішкі істер министрінің бұйрығымен полковник Салихбаев Атабек Қуандықұлы Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Ұлттық ұланның барлық сарбазы дауыс берді
Бүгін елімізде ҚР Парламетінің Мәжілісі мен мәслихаттарға депутаттарды кезектен тыс сайлау күні басталды. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері ел тағдырына байланысты маңызды оқиғадан тыс қалмады. Осы уақытта Ұлттық ұланның барлық жеке құрамы өз дауыстарын берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2023
Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6679 әскери бөлімінің жеке құрамы алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Әскери бөлімдегі сайлау учаскесі ашыла сала, Отан алдындағы борышын өтеп жүрген барлық қатардағы жауынгерлер дауыс беруге саппен келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Ақпан, 2023
Ресейде қазақстандық курсант қайтыс болды
Ресей әскери институтында қазақстандық курсант қайтыс болды. Ақпаратты ішкі істер министрлігі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Қаңтар, 2023
Елордада Ұлттық ұланның оқу-әдістемелік жиындары өтіп жатыр
Астанада өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшыларымен, Ұлттық ұлан Академиясының бастығымен, құрамалар мен әскери бөлімдердің командирлерімен және олардың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасарларымен, өңірлік қолбасшылықтар мен тікелей бағынысты бөлімдердің, Әскери полиция бөлімдерінің бастықтарымен оқу-әдістемелік жиындар өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.