и
Қоғам • 29 Сәуір, 2025
ҚСЗИ туыстық қарым-қатынас бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізді
Әлеуметтік сауалнама – Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) тапсырысымен 2025 жылдың 20 наурызы мен 20 сәуірі аралығында жүргізіліп, оған жалпы 8001 респондент (17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан) 18 жастан асқан респонденттер қатысқан екен, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Сәуір, 2025
Бірнеше мектепте буллинг белең алған
Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Алматы облысының жеті ауданында жүргізілген анонимді сауалнама нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Сәуір, 2025
Меккеге визасыз кіргендерге айыппұл салынады
2025 жылғы қажылық маусымына байланысты Сауд Арабиясы 29 сәуірден бастап Мекке және Медина қалаларына кіруге жаңа шектеулер енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz Report.az агенттігіне сілтеме жасап.
Үкімет • 29 Сәуір, 2025
Қазақстан делегациясы Түрікменстандағы форумға қатысты
28 сәуірде ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев бастаған Қазақстан делегациясы Түрікменстанның Аркадаг қаласында өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының өңірдегі Орнықты даму жөніндегі бірінші форумына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 29 Сәуір, 2025
Мектеп оқушысы қатарластарына әлімжеттік көрсеткен
Әлеуметтік желілерде мектеп оқушыларының қатарластарын ұрып-соққан видеосы кеңінен таралып жатыр. Бұл жағдайға қатысты Алматы облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі түсініктеме беріп, бейнежазбадағы оқиға Іле ауданы Қараой ауылында болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Сәуір, 2025
Президент «Бәйтерек» холдингінің басшысын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа холдингтің былтыр атқарған жұмысы туралы есеп беріліп, биылғы жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 29 Сәуір, 2025
Жетісуда ветеринарлық нысандар тапшылығы жойылады
Жетісуда ветеринария саласы дамып келеді. Облыс құрылғанға дейін 5 қана ветеринарлық пункт болса, бүгінде олардың саны 50-ге жетті (49 ветпункт, 1 ветстанция). Биыл тағы 17 ветпункт пен 3 ветстанция салу жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 29 Сәуір, 2025
Қазақстан бойынша теледидар мен радио өшіріледі
Қазақстанда 30 сәуірде жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты телерадио қызметі жұмыс істемейді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 29 Сәуір, 2025
«Гүлдер» ансамблінің солисі халықаралық байқауда топ жарды
24-27 сәуір аралығында XVIII «Рига көктемі – 2025» халықаралық хореографиялық байқауы өтті. Байқауға Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Гүлдер» ансамблінің балет әртісі Сания Сәкенова мен бас балетмейстер Анвара Садықова қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 29 Сәуір, 2025
Инженерлік инфрақұрылымның 90%-дан астамы цифрландырылған
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында құрылыс саласын цифрландыру және қала құрылысы кадастры мәселесі қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун, сондай-ақ ІТ саласының өкілі Алмас Нұрғалиев баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Сәуір, 2025
Президенттік институт тақырыбы талқыланды
Өткен апта соңында ҚР ПІБ Президенттік орталығында «Қазақстан Республикасындағы президенттік институт: эволюция, сын-қатерлер және перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шара Қазақстандағы президенттік институттың құрылғанына 35 жыл толуына арналды.
Заң • 29 Сәуір, 2025
Шерзат Полат ісінде полиция қызметкерлері куәлік етті
Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Сот барысы Жоғарғы соттың ютуб арнасында онлайн көрсетілуде, деп жазады Egemen.kz.
Университет • 29 Сәуір, 2025
Ғылым мен білімді дамыту – еліміздің стратегиялық таңдауы
Жуырда елорда төрінде орналасқан Қазақстан Республикасы ПІБ Президенттік орталығында: Astana International University, Бейжің тіл және мәдениет университеті, Томск мемлекеттік университеті, Чатрапати Шаху Джи Махараджа атындағы университет, И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті қатарлы ірі оқу орындарының ат салысуымен «AIU-2025: Қазақстан және халықаралық білім беру кеңістігі: болашақ үшін ынтымақтастық» атты халықаралық конференцияның пленарлық отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 29 Сәуір, 2025
Ұлытау облысында ағаш егу акциясы өтті
«Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілген кең ауқымды экологиялық шараны Дін істері басқармасы өткізіп, оған облыстағы барлық діни бірлестіктердің басшылары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 29 Сәуір, 2025
Ауылға барған дәрігерлерге 8,5 млн теңге беріледі
Бүгін, 29 сәуірде Үкіметте өткен отырыста ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ауылдық жерлердегі медицина қызметкерлеріне 8,5 млн теңге көлемінде ынталандыру төлемі берілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2025
Ұлытау облысында пробация есебінде 300 адам бар
Соның ішінде 140 адам облыс орталығы Жезқазған қаласының пробация қызметінде тіркелген. Шартты түрде жазасын өтеушілердің қайта қылмысқа баруына жол бермеу мақсатында жылына бірнеше рет кездесу өткізіліп тұрады. Осы жолғы жиынға Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармас, Кәсіпкерлер палатасы мен прокуратура өкілдері қатысты. Жиында қылмыстық есепте тұрған азаматтарға көмек көрсету мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Сәуір, 2025
EXPO 2025 көрмесінде Қазақстан 100 мыңыншы қонағын қарсы алды
EXPO 2025 Osaka дүниежүзілік көрмесіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны 100 мыңыншы келушіні қарсы алды. Ол – Нара қаласының 37 жастағы тұрғыны, жапондық Жеке қаржылық бастамалар қауымдастығының жоба менеджері Акиба Акихито, деп жазады Egemen.kz.
Таным • 29 Сәуір, 2025
«Социалистік Қазақстан» газетінің 1944 жылғы 28 наурыз күнгі № 62 (6567) санына екінші дүниежүзілік соғыстың қаһарманы гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының «Серігім» атты жоқтау жыры жарияланыпты.
Спорт • 29 Сәуір, 2025
Теміртаулық спортшы Азия мен Еуропа рекордын жаңартты
Теміртауда өткен пауэрлифтингтен Азия кубогына Қазақстан мен Үндістанның барлық қалаларынан мыңнан астам спортшы қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 29 Сәуір, 2025
Есірткі қылмысын анонимді хабарлауға арналған нөмірлер жарияланды
Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті азаматтарға үндеу жасап, осы қылмысқа қарсы бірігіп күресуге шақырды. Осыған байланысты заңсыз әрекеттерді анонимді хабарлау үшін байланыс нөмірлерін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 29 Сәуір, 2025
10 мыңнан астам оқушы пән олимпиадасында бақ сынайды
Бүгін жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың III облыстық кезеңі басталды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 29 Сәуір, 2025
25 сәуірде Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің (АГЭУ) базасында Teachers’ Summit «Мастер-ұстаз: цифрлы трансформация және жасанды интеллект» атты практикалық уоркшоп өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген педагогтер ChatGPT-ден Perplexity және TikTok-қа дейінгі жаңа технологиялардың оқыту форматын қалай өзгертетінін және білім беруді дербестендіруге қандай мүмкіндіктер ашатынын талқылады.
Мәдениет • 28 Сәуір, 2025
Мәдени нысандардың мәселесі шешіледі
Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы бірқатар мәдени нысандарды аралап, өзекті мәселелерімен танысып, оның шешу жолдарын айтты.
Спорт • 28 Сәуір, 2025
Милад Карими Мысыр астанасы Каирде өткен спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бюджет • 28 Сәуір, 2025
Антикор 21 млрд теңгеден астам шығынның жолын кесті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Асхат Жұмағалидің төрағалығымен 1-тоқсанның қорытындысына арналған жедел мәжіліс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 28 Сәуір, 2025
75 пункт жетпейді, биыл 40 ғимарат салынады
Жамбыл облысында типтік үлгідегі 40 ветеринарлық пункттің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның алғашқысы Байзақ ауданында пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 28 Сәуір, 2025
Алматыда өздерін полиция ретінде таныстырған алаяқтар тобы ұсталды
Алматы қаласы мен Алматы облысының құқық қорғау органдары бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған алаяқтар тобы құрықталды.
Білім • 28 Сәуір, 2025
Абай университетінде ашық есік күні өтті
2025 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде биылғы мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2025
Атырауда республикалық жұмысшы жастар форумы басталды
Еліміздің 15 өңірінен 200-ден астам жастың басын қосқан республикалық форумға жұмысшы мамандықтары бойынша оқып жатқан студенттер, кәсіпорын қызметкерлері мен кәсіподақ өкілдері қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 28 Сәуір, 2025
Қазақстан дзюдошылары Оңтүстік Кореяға есе жіберді
Бүгін Таиланд астанасы Бангкокте дзюдодан Азия чемпионаты мәресіне жетті. Сайыстың соңғы күнінде ел құрамасы командалық сайыста оңтүстіккореялық дзюдошыларға қарсы қола жүлдені сарапқа салды, деп жазады Egemen.kz.