м
Жемқорлық • 16 Шілде, 2025
Шымкент жастар театрының директоры бюджет қаржысын жымқырған
Қазақстанның қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Шымкент жастар театры» МКҚК директоры мен өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты 136 млн теңгеден астам көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 16 Шілде, 2025
200 мыңнан астам бала Келешек мектептерінде оқып жатыр
Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба – ел болашағына жасалған инвестиция, яғни әрбір бала заманауи, жайлы әрі шабыттандыратын ортада білім алуға мүмкіндік алады. Жоба аясында 460 мың оқушы орнына арналған 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған. Бүгінде 122 мектеп құрылысының аяқталуы нәтижесінде 200 мыңнан астам оқушы қамтылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Шілде, 2025
Президент олимпиадада жеңіске жеткен оқушыларды құттықтады
Мемлекет басшысы Барселона қаласында өткен халықаралық STEM олимпиадасында, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде ұйымдастырылған химия пәнінен халықаралық олимпиадада жеңіске жеткен қазақстандық оқушыларға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Шілде, 2025
Перизат Қайрат Каспий банкке қаржы сұрап хат жазған
Астанада Перизат Қайратқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Қаржылық мониторинг агенттігі «Biz Birgemiz Qazaqstan» қорының басшысы болған Перизат Қайрат пен анасы 3,5 млрд теңге жымқырғанын анықтаған еді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Шілде, 2025
Шымкентте 135 ана, 278 бала дағдарыс орталығын паналап отыр
Шымкентте отбасылық зорлық-зомбылықпен күреске полициямен бірге қоғам да белсене кірісті. Мәселен биылғы жарты жылда жаңадан ашылған бөлімдер 728 жәбірленушіні жеке қабылдаған, олардың мәселесін тыңдап, проблемасын шешуге көмектескен. Соның ішінде қауіпті деп танылған 68 басбұзардың 48-і өз еркімен психологиялық ем алған. Алты айда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қиналған 68 адамға жан-жақты көмек берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 16 Шілде, 2025
Қылмыстық заңнама оңтайландырылды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ҚР-ның қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ның Заңына қол қойғаны мәлім, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 16 Шілде, 2025
Атырауда Губкин университеті филиалына қабылдау емтиханы басталды
Атырауда алғаш рет С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің (UTEBAYEV UNIVERSITY) базасында ашылған И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалына талапкерлерді қабылдау емтихандары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 16 Шілде, 2025
БҚО әкімінің орынбасары тағайындалды
ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымына Мирас Мүлкәй тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Шілде, 2025
Сынақ зертханасы лифт қауіпсіздігіне заңсыз бағалау жүргізген
Астанада жоспардан тыс жүргізілген тексеріс нәтижесінде «Казлифтконсалтинг» ЖШС-нің сынақ зертханасы бірқатар заң бұзушылықтарға жол бергені анықталды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 415-1-бабы 1-бөлімі, 2-тармағы негізінде аталған ұйымға қатысты 132 әкімшілік іс қозғалған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Шілде, 2025
Президент шахматшы Меруерт Камалиденованы жетістігімен құттықтады
Президент Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан FIDE World Cup 2025 Әлем кубогінің іріктеу сайысында белгілі шахмат шеберлерін қапы қалдырған Меруерт Камалиденоваға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 16 Шілде, 2025
Гранд-Слэм турнирінде 8 балуан жүлдеге таласады
Дзюдодан кезекті Гранд-Слэм турнирі осы айдың 25-27 күндері аралығында Моңғолияның бас шаһары Ұлан-Батырда өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 16 Шілде, 2025
Отандық колледждер интернационалдандырылып жатыр
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін интернационалдандыру стратегиясы аясында Қазақстанда кадрларды даярлау сапасын арттыру және отандық колледждерді жаһандық білім беру кеңестігіне енгізуге бағытталған 10 негізгі халықаралық бастама жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Шілде, 2025
Атырау облысында жол апатынан 4 адам мерт болды
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растаған ақпаратқа қарағанда, жол-көлік оқиғасы, кеше 15 шілдеде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 16 Шілде, 2025
Премьер-министр жапон губернаторымен кездесті
Премьер-министр Олжас Бектенов Хирошима префектурасының губернаторы Хидехико Юзакимен кездесу өткізіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты қоса алғанда, екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, сондай-ақ гуманитарлық бастамалар мен жаһандық қауіпсіздікті нығайту жолында бірлесе күш жұмылдыру жайын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отбасы • 16 Шілде, 2025
Бас жүлде Бектасовтар әулетіне бұйырды
Жамбыл облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының өңірлік кезеңі мәресіне жетті. Облыстық байқаудың қорытынды кезеңіне қатысқан өңір басшысы Ербол Қарашөкеев жүлдегер отбасыларды марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Шілде, 2025
29 гидротехникалық нысан жан-жақты зерттеліп жатыр
Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесі 29 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізіп, 42 нысан бойынша қауіпсіздік декларацияларын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 16 Шілде, 2025
Қазақстан экспорттайтын астық көлемі артқан
Елімізден экспортталатын астық көлемі 58,4%-ға артқан. Бұл оң көрсеткіш қазақстандық астықтың сыртқы нарықта жоғарғы сұранысқа ие екенін аңғартып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы Ауғанстан бойынша арнаулы өкілін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі Еркін Тұқымовты қабылдады. Мемлекет басшысы Ауғанстан билігімен екіжақты қарым-қатынасты нығайтуда арнаулы өкілдің ерекше рөл атқаратынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 16 Шілде, 2025
«Менің қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесім» челленджі басталды
Экологиялық мәдениетті арттыру және табиғатқа жауапкершілікпен қарауды дамыту мақсатында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Д.Тұрғамбаев республикалық «Менің қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесім» челленджін бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Логистика • 16 Шілде, 2025
Қазақстан мен Ауғанстан маңызды меморандумға қол қойылды
Таяуда Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Ауғанстанға жұмыс сапары аясында Орталық Азия мен Оңтүстік Азия арасындағы теміржолды салу мен пайдаланудағы негізгі қағидаттар туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды. Делегация құрамында Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров та болды.
Заң • 16 Шілде, 2025
Өскемен әуежайының бұрынғы президенті қамауға алынды
«Өскемен әуежайы» АҚ бұрынғы президенті 5 жыл бойы аса ірі көлемде қаржыны жымқырған деген күдікке ілініп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Шілде, 2025
ҚХА-ны дамыту жобасы талқыланды
15 шілдеде Мәдениет және ақпарат вице-министрі Е.Кочетовтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірлеуге жауапты жұмыс топтарының жетекшілерімен жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 16 Шілде, 2025
Мәдениет комитетіне жаңа төраға тағайындалды
Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Ерлан Ерғазыұлы Дакенов Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 16 Шілде, 2025
Ұлытау облысында «Отбасылық ферма» жобасы әзірленіп жатыр
Ешбір өңірде болмаған бастама өңірдегі шаруашылықтарды біріктіру арқылы жүзеге асырылады. Жоба аясында 6 000 бас асыл тұқымды ірі қара және 12 900 бас асыл тұқымды қой сатып алынады, 2 000 бас жылқы күтіп бағылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Шілде, 2025
Жамбыл облысында жүзге тарта отбасы заңсыз жәрдемақы алып келген
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте халықты жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсету бойынша 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар сараланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 15 Шілде, 2025
Әйелін көпқабатты үйдің терезесінен лақтырып жіберген ер адам сотталды
Әзербайжанның Сумғайыт апелляциялық сотында өз жұбайын өлтірді деп айыпталған Гусейн Кязымовқа қатысты үкімге шағым беру ісі бойынша сот отырысы аяқталды, деп хабарлады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 15 Шілде, 2025
Астанада балалардың терезеден құлап кету оқиғалары әлі де азаймай тұр
Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы басшысының міндетін атқарушы Жанат Камерденов айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 15 Шілде, 2025
Әскери оқу орындарына құжат қабылдау басталды
Әскери қызметкер болып, Отаныңды қорғау – жоғары мәртебелі міндет. Бұл салаға мойын бұрып, мамандық алып, оқалы киім кию үшін елімізде бірнеше әскери оқу орны жұмыс істейді. Бүгін аталған оқу ордаларына түсу үшін құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Шілде, 2025
Қазақстандағы ерлердің үштен бірі темекі тартады - статистика
Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы қаңтарда ересек тұрғындардың темекі тұтынуы туралы кезекті жыл сайынғы зерттеуін жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 15 Шілде, 2025
Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап, қайтыс болды
14 шілдеде жедел жәрдем станциясының фельдшері полицияға қала кәсіпорындарының бірінде болған жазатайым оқиға туралы хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.