е
Президент • 17 Шілде, 2025
Мегаполистерді дамытуға бағытталған заң қабылданды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Шілде, 2025
Жетісуда 100 мың гектардан астам егістік суарылған
Жетісу облысындағы «Қазсушар» РМК филиалы жергілікті шаруалармен су беру бойынша 7 мың 404 келісімшарт жасасқан. Вегетация кезеңі басталғалы 100 мың гектардан астам егістік жер суарылып, 527,5 млн текше метр су алынған, сондай-ақ 17 мың гектар алқапта ылғалдандыру жұмысы жүргізілген, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 17 Шілде, 2025
Медициналық колледждерді биыл 29 мыңға жуық түлек тәмамдаған
Медициналық колледждердің 28 мыңға жуық түлегі (96,5%) мемлекеттік емтихан тапсыру қорытындысы бойынша оң нәтиже алған. Сәтсіз емтихан тапсырушылар саны-1034. Республика бойынша білімді бағалау қорытындысы бойынша орташа балл 75,3 құраған, бұл – бағалау шкаласы бойынша «жақсы» деңгей, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 17 Шілде, 2025
Туберкулез кезінде кох таяқшаларын 2 сағатта анықтауға болады
Қазақстанда медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдары деңгейінде туберкулезді диагностикалаудың заманауи жылдам молекулалық-генетикалық әдістері енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 17 Шілде, 2025
Ақтөбе облысында браконьерлікке қатысты тағы бір қылмыстық дерек тіркелді. Бұл жолы Алға ауданына қарасты Маржанбұлақ ауылы маңында бұланды заңсыз атып алған жергілікті тұрғын ұсталды, деп аталады Egemen.kz.
Медицина • 17 Шілде, 2025
Жедел жәрдем орта есеппен 8,8 минутта келеді
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жедел медициналық көмек қызметі 4 миллионнан астам шақыруға қызмет көрсетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 17 Шілде, 2025
Карта берсеңіз түрмеге түсесіз
Елімізде банк картасын немесе шотқа қолжетімділікті үшінші тұлғаға беруге қатаң тыйым салынды. Тиісті заңға Президент қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 17 Шілде, 2025
Елімізде суару маусымы қалай өтіп жатыр
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов вегетациялық кезеңнен өту және елдің оңтүстік өңірлерін суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде жиын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Айбын • 17 Шілде, 2025
Астана Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов жаңа әскери емхананы ашты. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек бөлімшесі 300-дей пациентті қабылдауға дайын. Ол әскери қызметшілерге, курсанттарға, кадеттерге, олардың отбасы мүшелері мен ардагерлерге қызмет көрсетпек, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 17 Шілде, 2025
Астанада тағы бір жол бөлігі жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Арыс көпірінің астындағы жергілікті жол бөлігінде орташа жөндеу жүргізеді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 17 Шілде, 2025
Жетісуда бірінші сыныпқа 13 мыңға жуық бала қабылданады
Жетісу облысында 2025-2026 оқу жылына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытқа дейін ата-аналардан балаларын бірінші сыныпқа қабылдау үшін 9717 өтініш түскен. Бұл — өңір бойынша жаңа оқу жылы қарсаңындағы үлкен белсенділікті байқатады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Шілде, 2025
Түркия соты Стамбулдың бұрынғы мэрі Экрем Имамоғлуды бір жыл сегіз айға бас бостандығынан айырды, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 17 Шілде, 2025
Балқаш көлінің деңгейі 32 см-ге көтерілді
Биылғы жылдың бірінші жартысында Балқаш көлінің деңгейі орта есеппен 32 см-ге көтерілді. Нақтырақ айтқанда, Балтық жүйесі бойынша 341,55 метрден 341,87 метрге дейін. Жыл басталғаннан бүгінге дейін Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне 8,52 млрд текше метр су жіберілген. Былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш 8 млрд текше метр болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Шілде, 2025
Букмекерді бүк түсіретін бірыңғай жүйе
Қаржы технологиясы мен цифрлық инновацияларды дамыту жолында белгілі бір ережелер мен бақылау құралдарының болуы – уақыт талабы. Алайда мұндай реттеулердің астарында әділетсіздік пен монополия белгілері байқалса, қоғам тарапынан сын туындауы заңды. Соңғы уақытта букмекерлік кеңселердің қызметін бақылауға бағытталған «Бірыңғай есеп жүйесі» (БЕЖ) туралы бастамаға қатысты сала сарапшылары мен кәсіби қауымдастықтар ашық алаңда алаңдаушылықтарын білдіре бастады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 17 Шілде, 2025
Ақмола облысында бір айда 24 есірткі қылмысы тіркелген
Есірткімен күрес операцияларының басты мақсаты есірткі өсімдіктерін жою және синтетикалық есірткілерді тарататын қылмыстық топтардың әрекетін тоқтату. Бір ай ішінде Ақмола облысында 24 есірткі қылмысы тіркеліп, 311 ескерту жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 17 Шілде, 2025
Соңғы жылдары жас шаңырақтың шайқалуы жиі кездеседі. Жаутаңкөз жетім балалардың да қатары аз емес. Облыстық әділет департаментінің 2025 жылдың алғашқы алты айындағы жұмысына тоқталсақ, алимент өндіруге қатысты 13286 атқарушылық іс тіркеліп, оның 1272-і аяқталыпты. 6891 іс мерзімдік бақылауда, 4649 борышкер алиментті өз еркімен төлеп отыр. 538 іс бойынша берешек 753 миллион теңгені құрайды. 114 адам әкімшілік жазаға тартылған. Олардың 65-і қамауға алынып, 49-ына айыппұл салынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 17 Шілде, 2025
Ауылшаруашылығы техникаларының 90 пайызын отандық өндірушілер құрастырады
Ауылшаруашылығы машинасын құрастыру сала құрылымының шамамен 6% құрайды. Саладағы сан мен сапаны арттыру мәселесі 6 шілдеде вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Абай • 17 Шілде, 2025
Абай – 180 жыл: Мерейтой аясында Көкпектіде өткен фестивальге 174 жүйрік, 10 мың көрермен жиналды
Биыл қазақтың бас ақыны Абайдың 180 жылдығына арналған елімізде мерекелік шаралар ұйымдастырылуда. Абай облысының Көкпекті ауданында мерейтой аясында «Көркейген өлке – Көкпекті» атты спорт және мәдениет фестивалі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 17 Шілде, 2025
Биыл 370 мыңға жуық адам жәрдемақымен қамтылған
Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдер үшін 369,1 мың адамға 437,7 млрд теңге берілген, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 17 Шілде, 2025
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы іске қосылады
Жаңа оқу жылынан бастап барлық білім беру ұйымында тәрбие жұмысы «Адал азамат» атты біртұтас бағдарлама негізінде жүргізіледі. Бұл жүйеден жекеменшік мектептер де тыс қалмайды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Шілде, 2025
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын сынға алды
Орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) доминиканалық Карлос Адаместі (24-1-1, 18 KO) сынға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 16 Шілде, 2025
Қазгидромет: Алдағы күндері 46 градусқа дейін ыстық болады
Қазгидромет мәліметінше, алдағы күндері 46 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Шілде, 2025
4 және 5 баласы бар отбасылар жәрдемақыдан қағылмайды - министрлік
Қазақстанда 4 және 5 балалы отбасылар көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақыдан айырылуы мүмкін деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Инфрақұрылым • 16 Шілде, 2025
Теміржол вокзалдарын жаңғыртуда жергілікті үлес неге төмен?
Елімізде басталып жатқан теміржол вокзалдарын реконструкциялау және жаңғырту жобасы аясында жалпы құны 250 млрд теңгені құрайтын 125 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл ретте шатыр, қасбет, ішкі көрініс, жолаушылар платформалары, инженерлік желілер мен іргелес аумақтарды қамти отырып, 21 сапаржай толық қалпына келтірілмек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 16 Шілде, 2025
Алматыда үй хайуанаттарына тегін ен салына бастады
Алматыда биылғы 15 шілдеден бастап, желтоқсан айына дейін ит, мысықтарды тегін чиптеу қолға алынды. Бұл шара үй жануарын есепке алу мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 16 Шілде, 2025
Атырау тұрғыны сарайда қарасора өсіріп келген
Атырауда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері 52 жастағы тұрғынның қарасора өсірумен айналысқанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 16 Шілде, 2025
BaiQymyz фестивалінде 16 тоннаға жуық қымыз ұсынылады
Астанада «Қазанат» ипподромында осы айдың 19-20 күндері халқымыздың киелі сусыны – қымызға арналған бұрын-соңды болмаған көлемдегі «BaiQymyz – бапталған қымыз және ұлттық тағамдар» гастрофестивалі өтетіні мәлім, оған еліміздің барлық өңірінен 50-ден астам қымыз өндіруші қатысып, жалпы көлемі 16 тоннаға жуық қымыз ұсынылады деп күтіліп отыр. Гастрофистивалге қатысу тегін болады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Шілде, 2025
Президент әскери сала бойынша ҚР Заңына қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие, әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жемқорлық • 16 Шілде, 2025
Шымкент жастар театрының директоры бюджет қаржысын жымқырған
Қазақстанның қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Шымкент жастар театры» МКҚК директоры мен өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты 136 млн теңгеден астам көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 16 Шілде, 2025
200 мыңнан астам бала Келешек мектептерінде оқып жатыр
Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба – ел болашағына жасалған инвестиция, яғни әрбір бала заманауи, жайлы әрі шабыттандыратын ортада білім алуға мүмкіндік алады. Жоба аясында 460 мың оқушы орнына арналған 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған. Бүгінде 122 мектеп құрылысының аяқталуы нәтижесінде 200 мыңнан астам оқушы қамтылып отыр, деп жазады Egemen.kz.