е
Digital • 12 Қыркүйек, 2025
Сот жүйесіне жасанды интеллект енгізіледі
Астана қаласында өткен халықаралық форумда сот жүйесіне жасанды интеллект енгізу мәселесі талқыланды. Конституциялық Соттың мәліметінше, бүгінге дейін жаңа технологиялардың көмегімен 3 миллионға жуық іс қаралған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады
Президентке елдегі заң үстемдігінің жай-күйі мен прокуратура қызметінің негізгі бағыттары бойынша жұмыс нәтижелері баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 12 Қыркүйек, 2025
Балиде су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды
Индонезияның Бали аралында соңғы онжылдықтағы ең күшті су тасқынынан кейін бір апталық төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 12 Қыркүйек, 2025
Қазақстандағы ұлттық реттеу жүйесін ДДСҰ сарапшылары бағалайды
Қазақстанға келген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) делегациясы елдің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымын реттеу жүйесіне кешенді талдау жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 12 Қыркүйек, 2025
Әлем чемпионаты: Бүгін 6 қазақстандық шаршы алаңға шығады
Бүгін, 12 қыркүйек Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионатының кезекті жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2025
Абай облысында мектеп директоры «Даму бала» арқылы қаржы жымқырған
Абай облысында балалар шығармашылығы мен спорттық секцияларға бөлінген мемлекеттік қаржыны жымқыру ісіне нүкте қойылды. «SAMGAU өнер&спорт мектебі» ЖШС директоры 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 12 Қыркүйек, 2025
«Сыр жастары» ипотекалық бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Қызылордалық жастарға арналған бағдарламаға қатысушылар өтініш пен құжаттарын электронды түрде kezekte.kz сайтына тіркеп, «Жұмыс істейтін жастарға арналған «SyrJastary» жеңілдетілген ипотекалық несие беру» сервисінде жүзеге асыра алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 12 Қыркүйек, 2025
Синтетикалық есірткімен ұсталған Петропавл тұрғыны 7 жылға сотталды
Петропавлдың 32 жасар бір тұрғыны оңай ақша табамын деп қиын жағдайға қалды. Интернет-дүкенге синтетикалық есірткіні қалташаларға «бөлуші» ғана болып жалданған ол сол күні жарты килограмм есірткімен қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2025
«КазАзот» зауыты жаңа жобасын таныстырды
Ақтаудағы «КазАзот» зауыты «KazAzot Prime» аммиак-карбамид кешенінің құрылысы жөніндегі жобаны таныстырды. Жаңа өндіріс Қазақстандағы ең ірі химия кешендерінің біріне айналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 12 Қыркүйек, 2025
Үкіметте АӨК саласындағы жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов LuLu Group International компаниясының негізін қалаушы Юсуф Али Мусалям Виттиль Абдул Кадермен кездесті. Кездесуде агроөнеркәсіп кешенінде және сауда саласында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 12 Қыркүйек, 2025
Астанада 12,5 шақырым жаңа жол салынады
Биыл елордада жалпы ұзындығы шамамен 12,5 шақырым болатын жаңа жолдар салынып, ұзындығы 58 шақырымды құрайтын 50 көше жөндеуден өтеді. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2025
СҚО-да 10,8 млрд теңгеге жуық бюджет бұзушылығы анықталды
Солтүстік Қазақстан облыстық аудит қызметі түрлі тексерулер барысында бюджет қаражатының 10 млрд теңгесіне қатысты бұзушылықты анықтады. Бұл туралы Тексеру комиссиясының отырысында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 12 Қыркүйек, 2025
Биыл Алматыға 1,1 миллионнан астам турист келген
2025 жылдың алғашқы алты айында Алматыға 1 миллион 140 мыңнан астам турист келген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезіңімен салыстырғанда 6,5 пайызға жоғары, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 12 Қыркүйек, 2025
«Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары 1,2 мыңнан астам жас маманды дайындады
«Еңбек жолы» республикалық конкурсының өңірлік кезеңінде «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» аталымы бойынша 20 маман жеңімпаз атанды. Олар өздерінің кәсіби жолында 1253 жас маманға бағыт-бағдар беріп, тәжірибесімен бөлісіп үлгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 12 Қыркүйек, 2025
Абай облысының медицинасына арнаулы қордан қаржы бөлінді
Елімізде заңсыз иемденілген активтерді қайтарып, оларды әлеуметтік нысандар салуға бағыттау ісі жалғасып келеді. Соның аясында Арнаулы мемлекеттік қордан Абай облысына денсаулық сақтау саласын дамытуға 5,6 млрд теңге қарастырылған. Қаржы өңірдің медициналық инфрақұрылымын жетілдіруге және қызмет көрсету сапасын көтеруге жұмсалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • 12 Қыркүйек, 2025
Жамбыл облысында ет экспорты бойынша жұмыс жүйеленген. Осы жылы жамбылдық шаруалардың өнімі бірнеше мемлекетке сатылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда ет апта сайын қымбаттап жатыр
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер жыл басынан бері елде орташа есеппен 7,9%-ға қымбаттады. Сиыр еті – шамамен 3 есе көп, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 11 Қыркүйек, 2025
Бейнебақылау камерасын сындырып, қосымша жаза арқалады
Қызылордада бейнебақылау камерасын сындырған сотталғанға қосымша жаза тағайындалды. Сот Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталғанға қатысты осындай үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 11 Қыркүйек, 2025
Димаш пен қытайлық телеарна бірлесе бастаған халықаралық жобаның түсірілімі басталды
Түркістан облысында Димаш Құдайберген атқарушы продюсерлік ететін Voice Beyond Horizon халықаралық музыкалық шоуының түсірілімі басталды. Жобаға Қазақстан, Қытай, Қырғыз Республикасы, Италия, Малайзия және Сербия елдерінің әншілері қатысуда, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 11 Қыркүйек, 2025
Сенатор Дархан Қыдырәлі: Парламенттік реформа – Жолдаудың ең маңызды тұсы
Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі Мемлекет басшысының биылғы Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 11 Қыркүйек, 2025
«Түркі мемлекеттері тарихы» академиялық басылымдарын әзірлеуге арналған жиын өтті
Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Түркі Академиясының ұйымдастыруымен түркі мемлекеттерінің ортақ академиялық тарихын жазу мәселелерін талқылауға арналған екінші ғылыми жиын өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда депутаттардың жалақысына бюджеттен қанша ақша жұмсалады
Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Мәжілістегі брифингте Парламенттің қызметіне жұмсалатын мемлекеттік бюджет шығындары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Қыркүйек, 2025
Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айбын • 11 Қыркүйек, 2025
«Жауынгерлік достастық – 2025» тактикалық оқу-жаттығуы аяқталды
Қарағанды облысындағы «Сарышаған» полигонында «Жауынгерлік достастық – 2025» атты бірлескен тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Жауынгерлік атыстарды Қорғаныс министрі, сондай-ақ Қарулы күштер түрлері мен әскер тектерінің қолбасшылары бақылап отырды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қыркүйек, 2025
Сенаторлар инклюзивті саясат мәселесін талқылады
Сенат депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Айнұр Арғынбекова Астанада халықаралық конференция қатысушыларымен кездесу өткізді. Шара «Орталық Азиядағы мүгедектігі бар әйелдердің мүдделерін ескере отырып, орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу» тақырыбында өтті. Форумға Қазақстан, Финляндия, Тәжікстан, Қырғызстан және басқа елдердің делегаттары қатысып, әлеуметтік саясат пен мүгедектігі бар әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құқық • 11 Қыркүйек, 2025
Астанада мүгедек әйелдердің құқықтарын қорғауға арналған халықаралық конференция өтті
Астанада «Орталық Азиядағы мүгедектігі бар әйелдердің мүдделерін ескере отырып, ТДМ-ға қол жеткізу» атты халықаралық конференция ұйымдастырылды. Іс-шара Орталық Азия мүгедектігі бар әйелдер ұйымдарының желісі жүзеге асырған жобаның қорытынды кезеңіне арналды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Қыркүйек, 2025
Президент конституциялық сот төрелігінің халықаралық форумына қатысушылармен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев «Бейбітшілік пен құқыққа негізделген болашақ» атты конституциялық сот төрелігінің халықаралық форумына қатысушылармен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2025
Ақтөбеде «Жас бүркіт» клубының мүшелері марапатталды
Ақтөбеде өткен «Айбын» XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысып жүлделі орын иеленген Ұлттық ұлан әскерінің «Жас бүркіт» клубының тәрбиеленушілері марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйене отырып.
Оқиға • 11 Қыркүйек, 2025
ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бағлан Әбдәшімұлы Бекбауов ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 11 Қыркүйек, 2025
Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады
13 қыркүйекте Жапонияның астанасы - Токиода жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады. Ол жарыс тоғыз күнге созылады, деп хабарлайды Egemen.kz.