м
Ғылым • 30 Маусым, 2025
Абай атындағы ҚазҰПУ түлектеріне салтанатты түрде диплом табысталды
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Математика, физика және информатика факультетінің бітіруші түлектеріне арналған салтанатты диплом табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Маусым, 2025
Қазақстанның жас құтқарушылары — Әзербайжандағы жарыстарда үздіктер қатарында
Қазақстан ТЖМ командасы «Жас құтқарушы» халықаралық балалар-жасөспірімдер жарыстарында жалпы командалық екінші орынға ие болып, дайындық пен бірліктің жоғары деңгейін көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Маусым, 2025
Тұтынушыларға 285 млн теңге қайтарылды
Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылар құқын қорғау департаменті 2025 жылдың ІІ тоқсанында 2800 азаматтық шағымға тексеріс жүргізген. Нәтижесінде тұрғындарға 285 млн теңгеден астам қаражат қайтарылған, деп жазады Egemen.kz.
Салық • 30 Маусым, 2025
Семейде көлік салығына бақылау күшейді
Абай облысында көлік салығын төлемегендерге қатысты шаралар күшейіп жатыр. Бұл туралы Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Әсем Тұрлыбекова баяндап берді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 30 Маусым, 2025
«Қымызмұрындық» фестивалі өтті
«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы халқымыздың көне дәстүрлерінің бірі «Қымызмұрындық» мейрамына арналған республикалық этнофестиваль ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 30 Маусым, 2025
Бүгін Өскеменде Ұлттық Домбыра күні мен Су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қатар аталып өтті. Бұл күн өнер мен еңбекті үндестіретін ерекше сәт еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Маусым, 2025
ЕАЭО еркін сауда туралы келісімдерге қол қойды
2025 жылғы 27 маусымда Минск қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы аясында маңызды халықаралық құжаттарға қол қойылды. Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер Біріккен Араб Әмірліктері және Моңғолиямен еркін сауда режимін орнататын екіжақты келісімдерге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Маусым, 2025
Тактикалық іс-қимыл аудиториясын таныстырды
Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков өзара іс-қимыл жасайтын органдардың өкілдерін ІІМ басқару Академиясындағы Ұлттық ұлан аудиториясының мүмкіндіктерімен таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 30 Маусым, 2025
«Қажымұқан» Италиядағы фестивальда бірнеше жүлде алды
Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген «Қажымұқан» фильмі Италияда өткен XXIX Халықаралық IPAAF – Apoxiomeno кинофестивалінде биіктен көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбоны Конго Демократиялық Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 30 Маусым, 2025
Бұрынғы министр 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев алаяқтық, аса ірі көлемде ұрлық жасау және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу баптары бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 30 Маусым, 2025
Әлем экономикасын шайқалтқан бес үрдіс
Бүгінгі жаһандық экономика кеше ғана таныған бейнемізден алыс. Әлем бұрынғыдай біртұтас нарық емес. Қазір дүниежүзінің қаржылық және өндірістік құрылымын бес басты үрдіс тербетіп тұр: деглобализация, декарбонизация, дүдәмәл қарыз, демография және диджитализация. Сарапшылар бұл құбылыстарды «бес Д-ның дауылы» деп бейнелейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 30 Маусым, 2025
Абай атындағы ҚазҰПУ түлектеріне диплом табысталды
2025 жылғы 30 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Математика, физика және информатика факультетінің бітіруші түлектеріне арналған салтанатты диплом табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға университеттің Басқарма төрағасы–ректоры Болат Тілеп, Білім беру бағдарламаларын талдау департаментінің директоры Нұржамал Ошанова, факультет деканы Шерипидин Хамраев, кафедра меңгерушілері, профессорлық-оқытушылар құрамы, түлектер, олардың ата-аналары мен құрметті қонақтар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Маусым, 2025
Алименттен қашып, пәтерінен айырылды
Қазір қоғамда алименттен қашқан әке көп. Үйленуін үйленіп алып, отбасы жауапкершілігін көтере алмай ажырасқан соң, бұрынғы әйелін бала-шағасымен тастап, «бостандық алдым» деп ойлайтындар бар. Шын мәнінде, өмірге әкелген ұрпағы есейіп, етек-жеңін жиғанша оның ішіп-жемі мен киім-кешегі экс-күйеудің мойнында, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 30 Маусым, 2025
БҚО-ның бизнес өкілдеріне Қытайда тегін кеңсе беріледі
Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Цзянсу провинциясының ірі өндірістік және сауда конгломераттарының бірі – Jiangsu SOHO Holding Group мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесу өткізді. Аталған кездесу ҚР-ның ҚХР-дағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше назар аударатын Қазақстан мен Қытай арасындағы өңіраралық байланысты нығайту аясында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Маусым, 2025
Отандық стартаптарға қолдау көрсетіледі
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне (ЦДИАӨМ) қарасты Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті Astana Hub-пен бірлесіп, стартаптардың мемлекеттік сатып алу жүйесіне қатысу ережелерін жеңілдетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Маусым, 2025
Петропавлда Үкіметтік емес ұйымдардың форумы өтті
Петропавл қаласында «Заманауи үнмен үндескен дауыс: азаматтық қоғам және ұлттық құндылықтар» ұранымен Үкіметтік емес ұйымдардың XII облыстық азаматтық форумы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Маусым, 2025
Алматыда 210 жас лейтенант әскери институтты тәмамдады
Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының түлектерін ұлықтау рәсімі өтті. Салтанатты шара барысында 210 жас лейтенантқа әскери жоғары оқу орнын аяқтағаны туралы дипломдар табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Маусым, 2025
Құқық қорғау органдарының қызметіне талдау жүргізілді
2025 жылғы 23 маусымдағы Кеңейтілген алқа мәжілісінде Мемлекет басшысы берген тапсырма бойынша Президент Әкімшілігі құқық қорғау органдарының қызметіне талдау жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауыл • 30 Маусым, 2025
Биыл Абай облысында дәстүр мен өнер сабақтастығы ғана емес, мәдениет пен бизнес жетістіктері көрініс тапқан іс-шаралар жиі өтіп жатыр. Сондай жиынның бірі – Таскескен ауылында өткен «Ауыл – ел бесігі» фестивалі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 30 Маусым, 2025
Қ.Тоқаев заңнамалық өзгерістерді мақұлдады
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 30 Маусым, 2025
Жазғы демалыстағы ата-ана мен баланың қарым-қатынасы
Жазғы демалыс – балалар үшін жай ғана мектептен босайтын уақыт емес. Бұл – оқу мен бағалардан, әлеуметтік қысым мен эмоциялық ауыртпалықтан аз уақытқа болса да демалатын сәт. Мектеп кезінде балалар тек сабақ емес, спорт, музыка, достарымен қарым-қатынас, үй тапсырмалары сияқты сансыз міндеттерді арқалап жүреді. Ал бұл күйзеліске, мазасыздыққа, кейде тіпті ұзақмерзімді депрессияға дейін ұласып кетеді. Сондықтан жаз бала үшін ғана емес, ата-ана үшін де үлкен мүмкіндік, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 30 Маусым, 2025
Президент эндаумент қорлары туралы заңдарға қол қойды
Заң мәтіндері баспасөз беттерінде жарияланады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 30 Маусым, 2025
Жоғарғы Сот бірінші жартыжылдықты қорытындылады
Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиевтің төрағалығымен өткен кеңейтілген отырысқа Мемлекет басшысының құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев пен Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 30 Маусым, 2025
Ізгілік, адамгершілік, ар-ұят жеңісі – күнделікті жан дүниемізде бәсекеге түсетін ұғымдар. Бала күнімде осындай адамдық бәсекесіне куә болғаным бар еді.
Үкімет • 30 Маусым, 2025
Олжас Бектенов жаңа министрді таныстырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Көлік министрлігі ұжымына Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған ведомствоның жаңа басшысы Нұрлан Сауранбаевты таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 30 Маусым, 2025
Мектепке қарасты ғимарат мемлекеттік меншікке қайтарылды
Қарағанды облысының Қазыбек би аудандық прокуратурасының талап-арызы бойынша мектепке қарасты ғимарат мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 30 Маусым, 2025
Үкіметтен ШҚО-дағы жылу желілерін жөндеуге қаржы бөлінді
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет резервінен Шығыс Қазақстан облысындағы жылу желілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 30 Маусым, 2025
«Омбы – Майқапшағай» жолы биыл аяқтала ма
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Омбы – Майқапшағай жол құрылысын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Маусым, 2025
Қазақстанда Парламент депутаттары каникулға шықты. Келесі сессия қыркүйек айында басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.