Қаз
«Таза Қазақстан» • 26 Тамыз, 2025
Ақкөл ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы қолдау тапты.
Ақкөл қаласындағы телемұнара маңында «Таза Қазақстан – Таза Өлке» атты ауқымды экологиялық акциясы өтті. Бұл шара тұрғындардың, әсіресе жастардың табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға және экологиялық сананы арттыруға бағытталған республикалық бастаманың бір бөлігі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 26 Тамыз, 2025
Биыл жылу желілерін жаңартуға 130 млрдқа жуық теңге бөлінді
Қазақстанда 2025 жылы 323 шақырым жылу желісін күрделі жөндеу және қайта құруға 129,4 млрд теңге бағытталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 26 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстандағы елшісін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 26 Тамыз, 2025
Биыл елімізде крахмал-сірне зауыты іске қосылады
Жаңа зауыт 150 мың тонна жүгері өңдейді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда шикізатты қабылдау, кептіру және сақтау кешендері іске қосылған. Өндірістік қуаттарды енгізу және қалдықсыз өңдеу технологиясын қолдану жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 26 Тамыз, 2025
Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік жұмыс істейді
1 тамыздағы жағдай бойынша ел аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 130 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 25 Тамыз, 2025
Ел аумағының басым бөлігінде аптап ыстық болады
Синоптиктер 26 тамызда Шымкентте және Қазақстанның 16 облысында дабылды ескерту жариялады. Оңтүстікте, солтүстікте және батыста қатты аптап ыстық болады, қалған аумақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Өңірлердің басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Экономика • 25 Тамыз, 2025
Халықаралық агенттік Қазақстанның кредиттік болашағын бағалады
S&P Global Ratings халықаралық агенттігі Қазақстанға қатысты болжамын «тұрақтыдан» «жайлыға» өзгертті. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Тамыз, 2025
Қазақстандықтар Конституция күніне орай неше күн демалады
Биыл Конституция күні – 30 тамыз сенбіге түседі. Еңбек кодексіне сәйкес, мереке күні демалыс күнінің үстіне түссе, келесі жұмыс күні де демалыс болып саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Digital • 22 Тамыз, 2025
ҚазҰУ-да Орталық Азияның IT мамандары бас қосты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде AWS Community Day Central Asia 2025 атты ауқымды өңірлік форум басталды. Жиынға AWS Heroes, Community Builders сарапшылары, сондай-ақ Канада, Германия, Испания, Қазақстан және Өзбекстаннан келген арнайы қонақтар қатысты. Шара аясында инженерлер, архитектура мамандары, стартап өкілдері, студенттер мен IT-сала көшбасшылары бас қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Президенттер жаһандық және аймақтық мәселелер туралы пікір алмасты
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Қырғызстанның көптеген халықаралық түйткілге қатысты ұстанымы – ортақ. Әсіресе, Орталық Азиядағы ықпалдастықты күшейту екі елдің мүддесіне сай келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Қырғыз-қазақ достығының құрметіне ескерткіш ашылады
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапары барысында мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарға ерекше назар аударылғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Екі елдің ықпалдастығы жанданады
Президент аймақтардың ықпалдастығын жандандыруды өзекті мәселенің бірі ретінде атады. Бұл ретте мемлекеттер басшылары аймақаралық форумның келесі отырысын көп созбай өткізуге келісті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Қазақстан Қырғызстан экономикасына 1,4 млрд доллар инвестиция салған
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ инвесторларының Қырғызстан экономикасына қосып жатқан үлесін жоғары бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Қазақстан-Қырғызстан тауар айналымын ұлғайтады
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан мемлекеттері басшыларының Бірлескен мәлімдемесі қабылданды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров келіссөз жүргізді
Қазақстан Президенті бауырлас Қырғыз Республикасына ресми сапармен келуге шақырғаны үшін Садыр Жапаровқа алғыс айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Тамыз, 2025
Қазақстанда су саласын трансформациялаудың негізі қаланды - халықаралық сарапшы
Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының ғылыми-зерттеу орталығы директоры Динара Зиганшина Қазақстандағы су шаруашылығы саласын трансформациялау бағытындағы Су ресурстары және ирригация министрлігінің жұмысын жоғары бағалады. Сарапшының пікірінше, ведомство болашақта саланың дамуына негіз болатын маңызды жүйелі өзгерістердің іргетасын қалады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің мәліметіне сілтеме жасап.
Өнер • 21 Тамыз, 2025
Астаналық әртістер Қытайдағы байқауда жеңімпаз атанды
«Астана Опера» әртістері Қытайдан жеңіспен оралды. Театрдың жетекші солисі Диас Құрманғазы мен жас хореограф, солист Сұлтанбек Ғұмар Ляониндегі (Шэньян) балет әртістерінің бірінші халықаралық байқауында марапаттарға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 21 Тамыз, 2025
Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда көлемі $21,8 млрд-қа жетті
Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сауда көлемі 2025 жылдың алғашқы алты айында $21,8 млрд болды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 21 Тамыз, 2025
Президент тапсырмасы: елімізде 10 энергоблок пен 63 қазандық жаңғыртылып жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 20 Тамыз, 2025
Аптап ыстық пен дауыл: Қазақстанның 15 өңірінде ескерту жарияланды
Синоптиктер еліміздің оңтүстігінде аптап ыстық, солтүстігінде нөсер жаңбыр мен дауыл күтілетінін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Президент • 20 Тамыз, 2025
Қ. Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады
22 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 19 Тамыз, 2025
Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК 2025 жылғы 20 тамызға арналған дауылды ескертуді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Тамыз, 2025
Елімізде агроклиматтық полигон құрылады
Парниктік газдардың кесірінен ғаламдық климаттың өзгеруі жер бетіндегі барлық мемлекетте өзекті мәселеге айналып отыр. Әр ел түйткілдің түйінін тарқатудың өзінше жолын ұстанып келеді. Соның ішінде Қазақстанның климаттық саясатында 2030 жылға қарай бөлінділерді 325 млн тонна СО₂-ға дейін қысқарту көзделген, бұл міндетті орындауда агросектордың белсенді ат салысуы қатысуы қажет. Ал ауыл шаруашылығы еліміздегі парниктік газдардың екінші ірі көзі саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 19 Тамыз, 2025
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ағымдағы жағдайы қаралды
2028 жылға дейін Қазақстан негізгі азық-түлік өнімдері бойынша толық өзін-өзі қамтамасыз етуге көшуді жоспарлап отыр. 18 тамыз күні Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ағымдағы жағдайы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 18 Тамыз, 2025
Алдағы күндері ауа райы салқындай бастайды
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның биылғы жеті айда атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде есеп берілді, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 18 Тамыз, 2025
Мәжіліс спикері Өзбекстан Сенатының төрағасымен кездесті
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Астанаға ресми сапармен келген Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті. Тараптар парламентаралық ықпалдастықты арттыру мәселесін талқылап, екіжақты қарым-қатынастың өзекті жайттары бойынша пікір алмасты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Тамыз, 2025
Велотректен ел чемпионаты басталды
Спорттың бұл түрінен ел біріншілігі Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 18 Тамыз, 2025
Өзбекстан Сенатының төрағасы ресми сапармен елімізге келді
Қазақстанға Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаева ресми сапармен келді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Тамыз, 2025
Қазақстанда жаңа мереке пайда болды
Жаңа кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлер күні белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Экономика министрлігіне сілтеме жасап.