е
Үкімет • 09 Шілде, 2025
Отандық он екі кәсіпорынның өнімі халықаралық көрмеге ұсынылды
Кеше Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында «ИННОПРОМ» XV халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өз жұмысын бастады. Аталған іс-шараға қатысқан қазақстандық делегацияны ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр бастап барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 09 Шілде, 2025
Төрехан Сабырхан әлем чемпионатына бара ма
Осы жылдың 4-14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионаты өтеді. World Boxing ұйымы ұйымдастырған былғары қолғапшылардың бәсекесінде 10 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Шілде, 2025
Шымкентте театр басшысы ірі көлемде қаржы жымқырған
Шымкент қаласындағы «Жастар театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры мен өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты ірі көлемдегі қаржы жымқыру фактісі бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің қалалық департаменті мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 09 Шілде, 2025
Елімізде алғаш рет жер асты су қорларына цифрландыру жасалды
Алматы қаласында ғалымдар Қазақстан тарихында алғаш рет гидрогеологиялық карталардың атласын –еліміздің жер асты сулары туралы негізгі деректерді біріктіретін цифрлық геоақпараттық жүйені таныстырды. Бұл сандық платформа су ресурстарын тиімді басқаруға, әсіресе құрғақшылық жағдайында тұщы судың тапшылығын шешу жөнінде тиісті шешімдер қабылдауға көмектеседі, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 09 Шілде, 2025
Су саласы қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қазақстанда су шаруашылығы саласында еңбек ететін мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жүйелі шаралар жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 09 Шілде, 2025
Медицина колледжіне түсушілер үшін арнайы емтихандар енгізілді
Талапкерлерге қойылатын жаңа талап туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Енді бітірушілер медициналық колледждерге түсу үшін таңдалған мамандыққа байланысты екі пәннің біреуі бойынша арнайы емтихан тапсырады, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 09 Шілде, 2025
9 шілде - Су шаруашылығы қызметкерлері күні
Бүгін, 9 шілде күні елімізде су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді. Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылған сәттен бастап су саласы мамандарының мәртебесін арттыруға ерекше назар аударып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 09 Шілде, 2025
«Үздік педагогке» 3,9 миллион теңге беріледі
Елімізде ұстаздарды қолдауға бағытталған «Үздік педагог» байқауы басталды. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, жеңімпаздарға 1000 АЕК (3,9 млн теңге) көлемінде мемлекеттік сыйақы табысталады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 09 Шілде, 2025
ШҚТУ автоөнеркәсіптегі ғылыми әзірлемелер орталығына айналуға тиіс - Ерлан Қошанов
Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Шығыс Қазақстан облысына депутаттарды бастап барды. Ол өңірдегі бірқатар әлеуметтік нысан мен кәсіпорынның жұмысымен танысты. Кездесулерге Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 08 Шілде, 2025
Алматы полициясы шетелдік компанияларды көлік нөмірін сарыға ауыстыруға шақырды
Алматы полициясы шетелдік компанияларға тиесілі көліктердің мемлекеттік нөміріне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Шілде, 2025
Мемлекеттік өнер музейінде сыра таратылған
Блогер Құрманғазы Нияз әлеуметтік желіде Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде сыра таратылғаны туралы видео жариялады, деп хабарлады Egemen.kz.
Заң • 08 Шілде, 2025
Астанада 73,5 миллион теңге пара беру ісіне қатысты үкім шықты
Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта 73,5 миллион теңге көлеміндегі пара ісіне қатысты үкім жарияланды. Сот үш адамды Ж., К. және О.-ны кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Шілде, 2025
Өзбекcтандық файтер Асу Алмабаевпен жекпе-жекке шығудан бас тартты
Қазақстандық жекпе-жек шебері Асу Алмабаевтың Әбу-Даби (БАӘ) қаласында өтетін UFC on ABC 9 турниріндегі қарсыласы ауысты, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 08 Шілде, 2025
Атырау облысында лотос фестивалі өтеді
Құрманғазы ауданының Теңіз ауылында «Лотос фестивалі – 2025» атты мәдени-туристік іс-шарасын өткізу жоспарланып отыр. Фестиваль 26 шілдеде басталады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Шілде, 2025
Атырауда мопедпен автобусқа соғылған жасөспірім көз жұмды
Атырау облысының Құлсары қаласында қоғамдық көлік пен мопед соқтығысты. Жол апатының салдарынан мопедті айдаған жасөспірім мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 08 Шілде, 2025
Мәжіліс депутаты «Ақжайық» шағынауданының құрылыс барысымен танысты
Орал қаласында 50 мың адамға арналған жаңа «Ақжайық» шағынауданының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда сегіз көпқабатты үй пайдалануға берілген. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетов құрылыс жұмыстарының барысымен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 08 Шілде, 2025
Президент жұмысшы жастарды қолдау мәселесіне ерекше көңіл бөледі – Қошанов
Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов «Жастар Рухы» республикалық жастар саяси лагерінің «Бір толқында» диалог алаңының жұмысына қатысты. Шығыс Қазақстан облысының Горная Ульбинка ауылында еліміздің барлық өңірінен келген 500-ге жуық делегат бас қосты. Сондай-ақ іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 08 Шілде, 2025
Нұржан Құсайынов жаңа қызметке тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Шілде, 2025
Астанада бір күнде 4 бала терезеден құлап, екеуі қаза тапты
Елордада бір тәуліктің ішінде төрт бала көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен құлап кеткен. Өкінішке қарай, олардың екеуі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Шілде, 2025
Жамбыл облысындағы зілзала салдарынан 2 үйге зақым келген
Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев фейзбук әлеуметтік желісінде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 08 Шілде, 2025
Қытай 74 елге визасыз режим енгізді
Қытай шетелдік туристерді тарту және елдің халықаралық беделін арттыру мақсатында 74 мемлекеттің азаматтарына 30 күнге дейін визасыз кіруге рұқсат берді. Бұл туралы ҚХР Ұлттық көші-қон қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 08 Шілде, 2025
Жамбыл облысындағы жер сілкінісіне байланысты жедел штаб құрылды
Бүгін сағат 14: 30-да Жамбыл облысы аумағында 2-6 балл арасында жер сілкінді. Төтенше жағдайлар министрлігі осыған байланысты өңірде жедел штаб жұмысқа кіріскенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Шілде, 2025
Мопед жүргізушісі полицейді қағып, қашып кетпек болған
Алматы қаласының Төле би даңғылында полиция қызметкерін қағып, қашқан 20 жастағы мопед жүргізушісі ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Шілде, 2025
Түркістанда жанармай құю бекетінде жарылыс болды
Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы Тұрбат ауылында жанармай құю бекетінде жарылыс болып, арты ірі өртке ұласқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Шілде, 2025
Алматы тұрғыны автобуста зейнеткерді соққыға жыққан
Әлеуметтік желілерде тараған видеода ер адамның автобуста зейнеткерге бірнеше рет қол көтеріп, соққы жасаған сәті бейнеленген. Бұл дерекке қатысты полиция тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Шілде, 2025
6 балл: Жамбыл облысында жер сілкінді
«Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС Жамбыл облысында бүгін сағат 14: 30-да жер сілкінгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Шілде, 2025
СҚО-да 22 ірі инвестициялық агрожоба іске асырылады
Аталған жобаларға 17 млрд теңге инвестиция құйылған. Өңір әкімінің мәліметінше, жоспарланған нысандардың ішінде 7 мың бас ірі қара малға арналған жылына 47 мың тонна литр сүт құрайтын 11 сүт-тауар фермасы бар, деп жазады Egemen.kz.
Ауыр атлетика • 08 Шілде, 2025
Кира Данилова ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды
Ауыр атлетикадан Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының бүгінгі жарыс күнінде отандасымыз Кира Данилова топ жарды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 08 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы ICAO кеңесінің президентін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің (ICAO) президенті Сальваторе Шаккитаноны қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 08 Шілде, 2025
«Jas Keñes Siyligi» байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
«Jas Keñes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау 20 маусымынан 20 шілдеге дейін жалғасады. Сыйлыққа ҚР-ның 35 жасқа толмаған (35 жасты қоспай алғанда) азаматтары қатыса алады. Байқауға қатысуға өтінімді https://www.jas-kenes.kz/application сайтында беруге болады, деп хабарлайды Egemen.kz.