и
Президент • 21 Наурыз, 2025
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мейрамымен құттықтады
Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан президенттеріне Наурыз мейрамымен құттықтау жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Наурыз, 2025
Президент Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев «Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесін жұртшылықпен бірге қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Наурыз, 2025
Негізгі билік институтына халықтың сенім деңгейі жоғары
Қоғамдық саясат институты халық арасында кезекті қоғамдық пікір сауалнамасын өткізді. Таңдама көлемі елдің барлық өңірлерінен 2000 респондентті қамтыды, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 20 Наурыз, 2025
Атыраудағы жағымсыз иістің себебі анықталды
Атырау тұрғындары соңғы аптада қаланы жайлаған газ немесе бензинге ұқсас жағымсыз иіске шағымданып келеді. Әлеуметтік желіде экологияның нашарлағаны айтылып, зиянды газдардың бөлінуіне алаңдаушылық білдірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2025
Қосшыда комьюнити-орталығы ашылды
Наурыз мерекесі қарсаңында ақ түйенің қарны жарылған әдемі оқиға орын алды. Қосшы қаласында еліміздегі ең алғашқы көпсалалы комьюнити-орталық – халықаралық стандарттарға сай салынған ауқымды мәдени-спорттық кешені ашылды.
Тағзым • 20 Наурыз, 2025
19 ақпанда басталған «Ұлы Жеңістің 80 жылдығына – 80 игі шара» акциясы аясында ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті Жетісу облысына қарасты Үштөбе қаласындағы Кемел Тоқаев атындағы орта мектебіне арнайы ат басын тіреді.
Дәстүр • 20 Наурыз, 2025
Абай университетінде Наурыз мерекесі тойланды
Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 20 Наурыз, 2025
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрін қабылдады
Президент ведомствоның атқарған қызметі, салада жүргізілген реформалар және төтенше жағдайдың алдын алу, салдарын жою жөніндегі есепті тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Наурыз, 2025
ҚСЗИ алаңында сарапшылар еліміздің болашақ келбетін талқылады
Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында «Қазақстанның болашақ келбеті: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбында сараптамалық кездесу ұйымдастырылып, онда ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымовтың «Қазақстанның болашағы: мүмкіндіктердің тар дәлізі» монографиясының тұсаукесері өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Наурыз, 2025
Евгений Кошкин конькимен жүгіруден жеңіске жетті
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Евгений Кошкин Нидерландтың Леуварден қаласында өткен Zilveren Bal ірі турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Наурыз, 2025
Президент «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының былтырғы операциялық нәтижелері туралы есеп берді, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 20 Наурыз, 2025
Бокс 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді
Грекияның Коста-Наварино қаласында өткен Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) 144-ші сессиясында 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына боксты қосу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 20 Наурыз, 2025
Биыл мектептерде тағы 195 стаматологиялық кабинет ашылады
Бүгін, 20 наурызда Дүниежүзілік стоматологиялық қауымдастықтың (FDI) бастамасымен өткізілетін Дүниежүзілік ауыз қуысының денсаулығы күні (World Oral Health Day) атап өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 20 Наурыз, 2025
Рим папасының жағдайы жақсарып қалды
Өкпенің қабынуынан сырқаттанып қалған Рим папасының денсаулығы біртіндеп жақсарып келеді, католиктік шіркеу басшысы жұмысына аз-аздап кірісе бастаған. Бұл туралы шіреудің баспасөз қызметі Vatican News мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 20 Наурыз, 2025
20 наурыз - музыкатанушы Александр Затеевич дүниеге келген күн
1869 жылдың 20 наурызында әйгілі композитор, этнограф және музыка зерттеушісі Александр Затаеевич өмірге келді. Ол саналы ғұмырын қазақ ән-күйін жинақтауға, оны хатқа түсіріп, дәріптеуге арнаған бірегей тұлға.
Ұлттық спорт • 20 Наурыз, 2025
Ұлттық спорт түрлерімен 666 мыңнан астам адам айналысады
Осы және басқа да статистикалық деректер сала министрлігінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 20 Наурыз, 2025
Қызметтік иттер 100-ден астам есірткі қылмысын анықтаған
Осы жылдың екі айында қызметтік иттер 600 килограмнан астам есірткі, оның ішінде 48 килограмм синтетикалық есірткіні анықтап, таралуының алдын алды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2025
Қызылорда облысында қарғын судан қауіп жоқ
Төтенше жағдайлар министрлігі 20 наурызда Қызылорда облысында су тасқыны кезеңі ресми түрде аяқталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 20 Наурыз, 2025
Алматыда пластик қақпақтарды жинаудан эко-акция басталды
«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында пластикалық қақпақтарды жинау акциясының келесі кезеңі басталды.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2025
Қазақстан-Мажарстан компаниялары сауда ынтымақтастығын нығайтады
18-19 наурызда Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған Қазақстанның Сауда миссиясы Мажарстанда болды. Миссия делегациясының құрамында «QazTrade» АҚ, «Семей ӘКК», «Kazakh Invest» басшылығы және 20-дан астам Қазақстан бизнесмендері болды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінің мәліметіне сілтеме жасап.
Медицина • 20 Наурыз, 2025
«Мен естимін» жобасы 62 мың сәбиге мүмкіндік сыйлайды
Сурдологтардың мәліметіне сүйенсек, жыл сайын елімізде шыр етіп дүниеге келген 1400-ге жуық сәбидің құлағы нашар еститіні, тіпті кейбірі саңырау болып туғаны анықталып жатады. Бұған дейін жаңа туған сәбилердің құлағы қалай еститіні қолмен тексеріліп, тіркеліп келсе, бұл есту кемістігі анықталған балалардың одан арғы тағдырын қадағалау процесіне тікелей әсер ететін еді.
Медицина • 20 Наурыз, 2025
Өскемендегі Гематология орталығының құрылысына 33,6 млрд теңге бөлінді
Үкімет Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы барысында алға қойған Өскемендегі Гематология орталығын жеделдетіп пайдалануға беру туралы тапсырмасын жүзеге асыру үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 33,6 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Наурыз, 2025
Президент өкімімен ҚХА кезекті сессиясы шақырылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 20 Наурыз, 2025
«Жырым мені ешқашан өлтірмейді...»
Биыл – Алаштың аяулы да, арда ақыны Тұманбай Молдағалиевтің мерей жылы. Махаббат жыршысы, табиғат сәулеткерінің тоғызыншы асқарын ұлан-байтақ жазиралы Отаны, сүйікті ел-жұрты дүбірлетіп өткізуде. Қуантып, сүйіншілеп келген көгілдір көктемнің лағыл лебі туған даласының аспанын шарлап кеткендей. Алыс қиырлардан қиқулап асығып жеткен қанаттылар да небір сиқырлы сазды әуездерін құйқылжытатын секілді. Иә-иә... Дәл сол Тұмағаң сөзін жазған «Құстар әні»... Іле-шала жүректерде жатталған әсем әуездер біріне-бірі үздіксіз ұласқан... Құлақ түбінде әлдеқайдан талып естілген сағынышты сарын құмығып жаңғырады. «Жырым мені ешқашан өлтірмейді, Әнім, мені алысқа жетелерсің-жетелерсің...».
Әлем • 19 Наурыз, 2025
Түркиядағы тергеу: 106 күдіктіге қатысты қамауға алу ордері шығарылды
Бүгін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның басты саяси қарсыласы Ыстанбұл қаласының мэрі Экрем Имамоглу мен оның баспасөз кеңесшісі Мұрат Онгун арнайы операция кезінде тұтқындалған еді. Іске қатысты барлығы 100 адам күдікті ретінде тергеліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 19 Наурыз, 2025
Қазақстан – өңірлерге инвестиция тарту бойынша көшбасшы
Кейінгі жылдары Қазақстан шетелдік инвестицияларды тарту бағытында айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп, елдің халықаралық аренадағы позициясын нығайтып жатыр. Инвестициялық қолайлы ахуалды қалыптастыру және ірі халықаралық жобаларды іске асыру – мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 19 Наурыз, 2025
Мемлекеттік кеңесші «Асыл мұра» аудиожинағының тұсаукесеріне қатысты
Бүгін Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің қатысуымен қазақ халқының ұлттық ән-күйі мен фольклорлық мұрасы топтастырылған «Асыл мұра» аудиожинағының тұсаукесері өтті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 19 Наурыз, 2025
Израильде атыс кезінде БҰҰ-ның бір қызметкері көз жұмды
Израильдің Газаға жасаған соққысынан БҰҰ демеушілік ететін ұйымның бір қызметкері қаза тауып, бесеуі жараланды. Бұл туралы Палестина анклавының денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 19 Наурыз, 2025
«Адал азамат» бағдарламасына 4 миллионға жуық оқушы қатысқан
Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы табысты жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2025
Қостанай облысында төрт түлікті эвакуациялау жүріп жатыр
Өңірде көктемгі су тасқыны кезеңінде ауылшаруашылық шығындарының алдын алу және төрт түліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында эвакуациялау орындарының картасы әзірленді.