Ли
Спорт • 01 Қазан, 2023
Карина Ибрагимова «Париж–2024» жолдамасын жеңіп алды
Қытай шаһары Ханчжоудағы Азия ойындарында Қазақстан спортшысы Карина Ибрагимова Париж олимпиадасына бокстан алғашқы жолдаманы жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 30 Қыркүйек, 2023
Юлия Путинцева Бейжің WTA 1000 турниріне жолдама алды
Еліміздің екінші, әлемнің 73-ракеткасы Юлия Путинцева Бейжің WTA 1000 турниріне жолдама алды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2023
Батыс Қазақстан облысында республикалық Аналар кеңесінің форумы өтті. Орал қаласындағы Достық үйінде «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» тақырыбымен бас қосқан жиында рухани-адамгершілік тәрбие барысы талқыланып, өңірлік Аналар кеңестері өз тәжірибесімен бөлісті.
Спорт • 29 Қыркүйек, 2023
Бекзат Саттарханов атындағы дәстүрлі турнир басталды
Түркістанда І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі республикалық турнир басталды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Қыркүйек, 2023
Бибосынов - Дусматов айқасы. Жеңімпаз Париж олимпиадасына жақындай түседі
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында қазақ боксшылары жарыс жолын жалғастырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Қыркүйек, 2023
Нұржан Сманов: Депутаттың шашбауын көтергеніме өкінемін
Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындары түңлігін түрді. Келесі жылы өтетін Париж жазғы Олимпиадасына жолдама бөліске түсетін бұл доданың да бәсі жоғары. Содан кейін де Азия құрлығының жазғы Олимпиадасы деп айтылады. Жанкүйерлер боксшыларымыздан орасан жеңіс күтеді. Өйтетін себебі есеміз кетіп жүр біздің. 2018 жылы Индонезияда өткен жазғы Азия ойындарында боксшыларымыз тек 2 күміс медальді місе тұтып, еңсемізді түсірген-ді.
Қоғам • 23 Қыркүйек, 2023
Президент Телерадиокешені мен MNU ынтымақтастығы: Астанада Халықаралық журналистика мектебі ашылды
Бүгін Maqsut Narikbayev University-де Халықаралық журналистика мектебі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Қыркүйек, 2023
Екі апта хабар-ошарсыз кеткен екі жасөспірім табылды
Жетісу облысында жоғалған оқушыларды іздеу жұмыстары соңғы екі апта бойы жүргізілген. Полицейлер мен еріктілер екі жасөспірімді іздеп тапты, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 21 Қыркүйек, 2023
Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысы өтті
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай өндіру және тасымалдау, денсаулық сақтау және теміржол инфрақұрылымын пайдалану салаларында монополияға қарсы шараларды қабылдау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 20 Қыркүйек, 2023
Оңтүстік Кореяда көзі жәудіреп мыңдаған қазақ баласы отыр – депутат
«Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиев Оңтүстік Кореядағы отандық еңбек мигранттары туралы Премьер–министрге депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құқық • 19 Қыркүйек, 2023
Әлемдегі белгілі полицей әйелдердің қатарына ҚР ІІМ–нің төрт қызметкері кірді
Әлемдегі танымал полицей әйелдердің қатарына кірген төрт қызметкер IWPC халықаралық конференциясында Қазақстан атынан өкілдік етеді, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 19 Қыркүйек, 2023
Ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне 20 млрд теңге бөлінеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақындағы халыққа Жолдауында ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқынын арттыруды тапсырған еді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2023
Биыл 99 адам полицияға пара беру кезінде ұсталған
Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басқарма басшысы Әділғожа Құсайынов биыл полицияға қанша адам пара бергенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 18 Қыркүйек, 2023
«Жұмыс орындары қазір қажет»: Үкімет басшысы мемлекеттік органдардың жұмысын сынға алды
ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Инвестициялық штаб отырысында 8 ай ішінде негізгі капиталға инвестициялар тарту қарқыны және ірі инвестициялық жобаларды іске асыру барысы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 17 Қыркүйек, 2023
Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды. Келесі жылы түңлігі түрілетін Париж жазғы Олимпиадасына лицензия берілетін доданы еркін күрес балуандары бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 16 Қыркүйек, 2023
Юлия Путинцева Осакадағы турнирдің финалында сүрінді
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева жұптық сында Осакадағы (Жапония) турнирдің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 15 Қыркүйек, 2023
Рудныйда полиция қызметкері сәбидің өмірін құтқарып қалды
Рудный қаласында болған кездейсоқ жағдай нәрестенің өмірін қия жаздап, полиция қызметкері Әділ Қадірбеков шұғыл әрекетімен сәбидің өмірін құтқаруға жәрдемдесті, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 15 Қыркүйек, 2023
Су тапшылығы Орталық Азияның қауіпсіздігіне қатер төндіреді - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесі отырысындағы баяндамасы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2023
Полицияның мінсіз қызмет етуіне қолдау көрсетіліп жатыр
Түркістан қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Ішкі істер министрі Ержан Саденов жаңа ашылған заманауи үлгідегі учаскелік полиция пунктіне барды. Полиция пункті 38 мыңнан астам тұрғыны бар Отырар шағын ауданында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Қыркүйек, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Қыркүйек, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәжікстан Президенті «Кохи Сомон» резиденциясында қарсы алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон «Кохи Сомон» мемлекеттік резиденциясында қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 14 Қыркүйек, 2023
Оқушылар еуропалық олимпиададан олжалы оралды
Еліміздің оқушылары Грузия елінде информатика пәні бойынша өткен EJOI-2023 жасөспірімдер олимпиадасынан олжалы оралды, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 14 Қыркүйек, 2023
Марқұм құтқарушының құрметіне мурал салынады
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен «Сарыарқа» ауданы әкімі аппараты бірлесіп, елордадағы тұрғын үй өрті кезінде адамдарды құтқарған Асқар Забикулиннің құрметіне мурал салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қыркүйек, 2023
19 млн теңге: Астанада алимент төлеуден жалтарған азамат қамалды
Астана тұрғыны 19 млн теңге көлемінде алимент төлемегені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖОЛДАУ • 13 Қыркүйек, 2023
Көлік полицейлері Жолдауда айтылған міндеттерді талқылады
Көліктегі полиция департаментінде Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды орындау аясында алдағы атқарылатын жұмыстар талқыланды. Оған Астана қаласы мәслихатының депутаттары, департаменттің басшылығы мен жеке құрамы, сондай-ақ онлайн режимде қосылған желілік бөлімшелердің қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 13 Қыркүйек, 2023
Азия ойындары: Париж Олимпиадасының неше лицензиясы сарапқа салынады?
23 қыркүйек-8 қазан аралығында Ханчжоуда (Қытай) өтетін Азия ойындары алғаш рет жазғы Олимпиадаға бір жыл қалғанда ұйымдастырылады. Спортшылар 40 спорт түрінен сынға түссе де, барлығында лицензияға таласа алмайды. Осы орайда qaz_olympics және committee_ sport Instagram парақшаларында қай спорт түрлерінен қанша лицензия берілетіні жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 12 Қыркүйек, 2023
Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 12 Қыркүйек, 2023
Қазақстан журналистер одағының атқарушы директоры тағайындалды
Бүгін Қазақстан Журналистер Одағының басқарма мүшелері мен қалалық, облыстық филиал төрағаларының қатысуымен жиын өтті. Онлайн форматта өткен басқосудың күн тәртібінде журналистердің құқықтарын қорғау, республикадағы өңірлік филиалдардың жұмысын жандандыру, мүшелік жарналарды жинау секілді маңызды мәселелер қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Егемен Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2023
Әскери журналистика бөлімінің студенттері «Қазақ газеттерінде» қонақта болды
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әскери кафедрасының оқытушысы Әбубәкір Смайыловтың жетекшілігімен аталған оқу орнының әскери журналистика бөлімінің студенттері бүгін «Қазақ газеттері» ЖШС ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Қыркүйек, 2023
Португалиядағы Анадия көшелерінде шарап өзендей ақты (видео)
Жексенбі күні Португалия жағалауындағы шағын қаланың тұрғындары көшелерінде қызыл шараптың өзендей ағып жатқанын көріп таң қалды. Жергілікті «Levira» спирт зауытына тиесілі екі цистерна жарылып, қала көшелеріне 2,2 миллион литр алкоголь төгілді, деп хабарлайды Egemen.kz New York Post басылымына сілтеме жасап.