у
Президент • 29 Наурыз, 2025
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері «Медеу» спорт кешеніне барды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев «Медеу» мұз айдынын аралап көріп, тау шатқалында орналасқан бірегей нысанның тарихынан сыр шертетін фотокөрмемен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнер • 29 Наурыз, 2025
Қызылорда облысының Еуропадағы өнер күндері Испанияда мәресіне жетті
Қызылорда облысының Финляндия, Эстония мемлекеттерінде өткен өнер күндері одан әрі Испанияның Мадрид қаласында жалғасып, Ұлыстың ұлы күніне арналған концертпен қорытындыланды.
Туризм • 29 Наурыз, 2025
Қатонқарағай ауданында жаңа әуежай құрылысы басталды
Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежай салу жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізілуде.
Үкімет • 29 Наурыз, 2025
Роман Скляр Боао Азиялық форумына қатысты
Боао Азиялық форумының (БАФ) 24-ші сессиясына қатысу шеңберінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Дин Сюэсянмен кездесті.
Денсаулық • 29 Наурыз, 2025
Астанада әйелдер денсаулығына арналған ашық талқылау өтті
Елордада әйелдер денсаулығы, контрацепция және қоғамның әйелдердің репродуктивті құқықтары туралы хабардарлығын арттыру мәселелеріне арналған ашық талқылау өтті. Іс-шараны Gedeon Richter Kazakhstan компаниясы Kazakhstan Women’s Health жобасы аясында ұйымдастырды.
Мәдениет • 28 Наурыз, 2025
Астанада дипломатиялық корпусқа арналған «Наурыз балы» өтті
Бұл имидждік жоба екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Сенат • 28 Наурыз, 2025
Мәулен Әшімбаев БҚО тұрғындарымен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Батыс Қазақстан облысында еңбек ұжымдарымен, мәслихат депутаттарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен, жергілікті жұртшылықпен және жастармен кездесулер өткізді. Іс-шаралар барысында Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді іске асыру және Сенаттың өңірлерді дамытуға ықпалын одан әрі күшейту мәселелері, сондай-ақ, Палатаның мәслихаттармен бірлескен жұмысының маңызды бағыттары талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2025
Қостанай облысында 8 ауыл алкогольді ішімдіктен бас тартты
Өңірде өткен жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Мәдени қоғам» жобасы аясында былтыр Милісай, Сарысу, Әбдіғапар, Крамск, Отынағаш, Көктал ауылдары ішімдіктен біржола бас тартып еді. Биыл алкогольсіз ауылдардың қатарына Ұзынкөл ауданындағы Абай, Оқатқан қосылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 28 Наурыз, 2025
Франция президенті: Жамандыққа дайын болайық
Парижде Франция президенті Эммануэль Макрон мен Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер ұйымдастырған «Ынталылар коалициясы» саммиті өтті. Кездесу тақырыбы Ресеймен бейбіт келісім жасалған жағдайдағы Украина үшін кепілдік мәселелеріне арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 28 Наурыз, 2025
Үкімет Қостанайға 6,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді
Аталған қаржы Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында «Қостанай» индустриялық аймағын инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге жұмсалады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖОЛДАУ • 28 Наурыз, 2025
Экоакцияларға 88 мың адам қатысқан
Оңтүстік өңірлерде және Атырау облысында жүргізілген шара – «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы шеңберінде өткізілді, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 28 Наурыз, 2025
Қызылордада студенттердің экологиялық клубы құрылды
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 100 студентінен құрылған «Eco life» клубы оқу орнында ашылған жиырма екінші студенттік ұйым болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2025
«Ақтау - түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанаты өтеді
5 сәуір күні Ақтауда қаланың түркі әлемінің мәдени астанасы болып жариялануына байланысты ресми ашылу салтанаты өтеді. Айтулы шара теңіз жағалауында ұйымдастырылып, түркі халықтарының ортақ құндылықтары мен Маңғыстау өңірінің бай мәдени мұрасы кеңінен таныстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Наурыз, 2025
Тоқаев пен Мирзиёев Алматыда бейресми кездесу өткізеді
29 наурыз күні Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Наурыз, 2025
Конькиші бейресми рекорд орнатты
Астанада конькимен жүгіруден VI Қысқы Спартакиада өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Наурыз, 2025
Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар берді
АҚШ Президенті Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар ұйымдастырып, 2024 жылғы президенттік сайлауда өзін қолдаған «жүздеген мың америкалыққа» алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мың бір мысал • 28 Наурыз, 2025
Жақсылық пен жамандықтың арасы
Жазушы Михаил Булгаковтың «Шебер мен Маргарита» романының әлқиссасы «Фауст» шығармасының мына үзіндісінен басталады: «Бөлшегімін қара күштің – адамды зар қақтырып, Көксегенім – жаманшылық, жасайтыным – жақсылық». Бұл гәп қара ниетіне қарамастан, «ізгіліктің» салтанат құруына ыждағатты болған зұлымдық бейнесіндегі Мефистофельге тиесілі.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2025
ШҚО-да дәрігерлерге негізсіз қаржы төленген
ШҚО-дағы Шемонайха ауданы прокуратурасының тексеруі барысында облыстағы ҚАЖД №18 мекемесіндегі сотталғандарды дәрігерлер толық тексермесе де төлем жасалғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Наурыз, 2025
Қазақстан су спорты түрлері федерациясының жаңа президенті сайланды
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Қазақстан су спорты түрлері федерациясының былтырғы маусымды қорытындылау және жаңа маусымға дайындық бойынша кезекті жиыны өтті. Іс-шараға федерация президенті Андрей Крюков, облыстық федерация басшылары, спортшылар мен федерация өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2025
Шымкенттің су арнасы мемлекетке қайтарылды
Шымкент қаласын ауыз сумен қамтамасыз ететін «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-на тиесілі су жинақтау орындары мен автокөлік цехы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 28 Наурыз, 2025
Үш бұрымды боксшы Бразилияда жұдырықтасады
Бокстан Бразилияда әлем кубогі кезеңі өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 28 Наурыз, 2025
Путин Украинаға уақытша билік енгізуді ұсынды
Ресей президенті Владимир Путин белгілі мерзімге дейін Украинаны сырттай басқаруды талқыға салды. Бұл үдеріс сол жерде «заңды сайлау» өткізу мақсатында БҰҰ мен бірқатар елдердің қолдауымен жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz Кремельдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 28 Наурыз, 2025
Михаил Шайдоров 4-ші жаһандық додасын (2021, 2023, 2024 жыл) жоғары ұпаймен аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 28 Наурыз, 2025
Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?
Бүгін, 28 наурызда, еліміздің бірқатар өңірінде құбылмалы ауа райы сақталады. Синоптиктердің хабарлауынша, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде жаңбыр жауып, кей жерлерде қар аралас жаңбыр күтіледі. Күндіз жаңбыр жауып, қатты жел соғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2025
Екібастұзда 9 мың балаға арналған орталық ашылды
Президент тапсырмасымен Екібастұзда ашылған «Самғау» балалар шығармашылығы орталығы есігін айқара ашты. Бұл жаңа орталық 9 мыңнан астам жас талантты, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды да қабылдай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Наурыз, 2025
Он үш өңірде гидротехникалық құрылыстар жөнделді
Су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде гидротехникалық құрылыстарды жөндеу бойынша 13 өңірде 43 іс-шара іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2025
Зайсанда жаңа әуежай құрылысы басталды
Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Зайсан, Қатон-Қарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежай салу тапсырмасы аясында жүргізілуде. Көлік министрі Марат Қарабаев Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы жаңа әуежай алаңында негізгі құрылыс жұмыстарының басталу барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Наурыз, 2025
Ұлттық ұлан әскери техниканы шеруге дайындап жатыр
ІІМ Ұлттық ұланы 2025 жылғы 7 мамырда Астанада өтетін Жеңіс шеруіне дайындыққа қызу кірісті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Наурыз, 2025
Қанат Бозымбаев су тасқыны қаупі бар аймақтарды аралады
Вице-премьер жұмыс сапары барысында Жылыой ауданы мен Құлсары қаласының су тасқынына дайындығын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 27 Наурыз, 2025
Египетте суасты экскурсия кезінде 6 адам мерт болды
Египеттің Хургада курорттық қаласы маңында «Синдбад» атты туристік батискаф апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.