е
Қоғам • 24 Маусым, 2025
Семей көшелері көрікті көліктермен толықты
Семей көшелеріне 44 жаңа автобус қосылды. Осыдан бір ай бұрын облыстың даму жоспарын жариялағанда, Семейге жаңа автобустар алдыратыны туралы айтылған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Маусым, 2025
Қызметшілер кәсіподағы белсенді жұмыс істейді
Мемлекеттік қызметшілер күніне орай бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ орталығының салалық «Қызмет» филиалы Петропавл қаласының үлкен сарайында мерекелік кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 23 Маусым, 2025
Қара Ертіс үш адамның өмірін жалмады
21 маусымда Қара Ертіс өзеніндегі Боран ауылынан 5 шақырым жерде 2007 жылы туған азамат суға батқан. Оған 1991 және 1992 жылы туған екі азамат көмекке жүгірген. Өкінішке орай, ағысқа төтеп бере алмай үшеуі де мерт болды, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 23 Маусым, 2025
Ақаралда байланыс іске қосылды
Мемлекет басшысының қала мен аудан орталықтарын ғана емес, шалғай ауылдарды да кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Айта кетсек, жуықта Зайсан ауданы, Ақарал ауылында «Кар-Тел» ЖШС-нің ұялы байланыс базалық стансасы іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 23 Маусым, 2025
Нашақорлыққа қарсы жаппай жүгіру марафоны өтті
Шалқар ауданы прокуратурасы, аудандық жастар ресурстық орталығы, полиция және білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен нашақорлыққа қарсы «Shagkar run-2025» жаппай жүгіру марафоны өтті. Оған 200-ден астам адам қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 23 Маусым, 2025
Теңге доллар мен мұнайдың қысымында қалды
Қымбат мұнай дем бере алмаған теңгенің жағдайына қатысты айтылып жатқан пікір де әртүрлі. Жұма күні АҚШ доллары бойынша сауда-саттық 521,92 теңге деңгейінде аяқталды, бұл өткен аптаға қарағанда едәуір жоғары, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 23 Маусым, 2025
Қызылордада жаза өтеушіге сәлемдемеден марихуана табылды
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің қызметкерлері жазасын өтеп жатқан азаматқа әкелінген сәлемдеме арасынан марихауана тапты, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 23 Маусым, 2025
Атырауда жергілікті қамтуды дамыту және өндірушілерді қолдау бойынша B2B-кездесулер өтті
ҚР Энергетика министрлігінің ірі мұнай-газ жобаларында жергілікті қамтуды дамыту мен отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған жүйелі жұмысы аясында 16–18 маусым күндері Атырау қаласында B2B-кездесулер циклі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 23 Маусым, 2025
«Айбын-2025»: 700-ден астам бала әскери-патриоттық жиынға қатысуда
Ақтөбе облысында «Айбын-2025» әскери-патриоттық жиыны басталды. Бір күн бұрын далалық лагерь аумағына 50-ден астам команда, оның ішінде 5 шетелдік команда келді. Жиынға қатысушылардың жалпы саны 700-ден астам ұл мен қыз, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Маусым, 2025
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері жарияланды
16–23 маусым күндері Болгария астанасы Софияда өткен юниорлар арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті. Аталған жарысқа 7 спортшымыз қатысып, тарихи нәтижеге қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 23 Маусым, 2025
Ұлытаулық спортшылар Азия чемпионатында топ жарды
Ұлытау облысының спортшылары Тай елінде өткен Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды. Олар Тайландтың Районг қаласында өткен байдаркада есуден Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы екі медаль салды. Тимофей Таранов К4-500 м қашықтықта экипаж құрамында тағы бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 23 Маусым, 2025
Талғарда FIFA стандартына сай футбол академиясының құрылысы басталды
2025 жылғы 23 маусымда Алматы облысы Талғар қаласында халықаралық талаптарға сай «KFF Academy by Almaty International Airport» футбол академиясының іргетасын қалау рәсімі өтті. Жоба Қазақстан футбол федерациясының бастамасымен және Алматы халықаралық әуежайының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 23 Маусым, 2025
«Заң мен Тәртіп» жаңа цифрлық сервисі іске қосылды
Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» атты жаңа цифрлық сервисті іске қосты. Енді азаматтар құқық бұзушылықтар туралы полицияға тікелей Egov Mobile қосымшасы арқылы хабарлай алады, деп жазады Egemen.kz.Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/qazaqstanda-zang-men-tartip-zhanga-tsifrlyq-servisi-iske-qosyldy/
Медицина • 23 Маусым, 2025
Отандық кардиологиялық медицинаның жаңа серпілісі
Алматы қаласында «Қалқамандағы аурухана» деген атаумен танымал №7 қалалық клиникалық ауруханасында медицинаның озық жетістігі саналатын электродсыз кардиостимулятор салына бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 23 Маусым, 2025
«Айбын-2025» халықаралық әскери жиыны басталды
Әскери-патриоттық жастар жиыны Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Сарыжар елдімекеніндегі Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының полигонында өтіп жатыр. Оған Қазақстанның әр аймағынан және Әзербайжан, Беларусь, Ресей Федерациясы, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 800-ден астам қыздар мен жігіттер қатысуда. Жиынға алғаш рет Қытайдан бақылаушылар да келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2025
Судың «көлеңкелі нарығымен» күрес жалғасып жатыр
Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары Қызылорда облысындағы су нысандарын тексеріп, нәтижесінде Қызылөзек ауылдық округі аумағындағы Сырдария өзенінің Қараөзек тармағынан өз бетінше су тартумен айналысқан 13 заңсыз сорғы қондырғысын анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Маусым, 2025
Ел тыныштығы үшін еңбек еткендер марапатталды
Мемлекет басшысы қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау жолында ерлік пен жанқиярлық танытқан азаматтарды марапаттады. Президенттің Жарлығымен бірқатар қызметкерлерге ордендер мен алғыстар табысталды. Олардың қатарында өз өмірін қауіпке тігіп, өзгелерді құтқарған батырлар, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті нығайтуға белсенді үлес қосқан ардагерлер мен отбасылар бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Маусым, 2025
Қазақстан Еуропа Кеңесі Конвенциясына қосылады
2025 жылғы 18 маусымда Еуропа Кеңесінің Министрлер Комитеті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бастамашылық еткен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясына қосылу жөніндегі өтінімді мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2025
Риддерде заманауи емхана салынып жатыр
Риддер қаласында тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған жаңа көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Жоба аяқталған соң, ол қала мен оған іргелес орналасқан бірнеше ауылдық округтердің халқына заманауи стационарлық және амбулаториялық-емханалық қызмет көрсететін негізгі медициналық орталыққа айналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2025
Алматы облысында қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеген
Алматы облысында өңір әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиын барысында 2025 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы қаралып, құқықтық тәртіпті нығайту, қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және алдын алу шараларының басым бағыттары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 23 Маусым, 2025
Шуйское ауылы ішімдіктен бас тартты
«Заңды сақта – тәртіп орнайды» – бұл қағидатты тек ұран ретінде емес, өмірлік ұстаным етіп алған ауыл бар. Ол Ақмола облысы, Атбасар ауданына қарасты Шуйское ауылы. Соңғы үш жылдың ішінде бұл елді мекенде бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Сонымен қатар, әкімшілік құқықбұзушылықтар саны да жылдан жылға төмендеген. Мұндай көрсеткішке ауыл халқының өзара сыйластығы мен тәртіпке деген талапшылдығы себеп болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 23 Маусым, 2025
842 құқық қорғаушы қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау қызметінің қоғам үшін ерекше маңызын атап өтіп, бұл саланы елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, ерлік пен жанқиярлықты талап ететін абыройлы миссия деп атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 23 Маусым, 2025
Елімізде жыл басынан бері 83 есірткі зертханасы жойылды
Елімізде нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы кешенді жұмыс атқарылып жатыр. Биылдың өзінде 83 есірткі зертханасы жойылып, айналымнан алынған есірткі заттарының көлемі 84 пайызға ұлғайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 23 Маусым, 2025
Құқық қорғау органдарына кешенді талдау жүргізіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді. Онда Президент қызмет бабында қаза тапқан полицейлердің ерлігін ел есінде қалдыру үшін олардың есімін мекемелік наградалар мен құқық қорғау мекемелеріне, көше атауларына беру мәселесін ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Маусым, 2025
Үздік курсанттарға «аға лейтенант» атағы беріледі
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында сөз сөйлеп, құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың төртінші басымдығы ретінде сервистік модельді енгізу және кадрлық әлеуетті күшейту қажеттігін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Маусым, 2025
«Қазақстан балалары»: елімізде арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр
Қазақстанда әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл туралы Мемлекет басшысы бүгін құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісі отырысындағы сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 23 Маусым, 2025
Қазақстанда «Заң мен Тәртіп» апталығы басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиында елдегі құқықтық мәдениетті арттыру мен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Маусым, 2025
Қазақ халқы қай заманда да Заңға бас иген – Президент
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысып, әділетті және қауіпсіз қоғам құрудағы құқық үстемдігінің рөліне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 23 Маусым, 2025
Қазақстанда қылмыс деңгейі 2019 жылдан бері екі есе төмендеді
Соңғы жылдары Қазақстанда құқықтық тәртіпті нығайту бағытында ауқымды реформалар жүзеге асып жатыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Маусым, 2025
Құқық қорғау органдары өзгерістерге дайын болуға тиіс - Тоқаев
Бұл туралы Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісіндегі сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.