и
Президент • 08 Наурыз, 2025
Халқымыз ежелден анасын ардақтап, қыздарын қадірлей білген - Президент
Мемлекет басшысы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Ауа райы • 07 Наурыз, 2025
Мереке күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болып, тұман түседі
Ертең, халықаралық әйелдер күні еліміздің бірқатар облысында, сондай-ақ үш мегаполисінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Марапат • 07 Наурыз, 2025
Мұса Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 07 Наурыз, 2025
«Феталды хирургия» бір жылда 32 нәрестенің өмірін сақтап қалды
Адамның ішінде жатқан адамға ота жасауға бола ма? Болады.Өз елімізде де фетальды медицинаның арқасында дүниеге дені сау сәбилер келе бастады. Мереке қарсаңында ерекше баспасөз мәслихаты өтіп, шешесінің құрсағында, дүниеге келмей жатып екі рет қатарынан операция жасалған Қадия мен Разия атты сәбилердің оқиғасы баяндалды.
Ауа райы • 07 Наурыз, 2025
Республикалық автожолдың екі бөлігі жабылды
Аталған шектеу туралы «ҚазАвтоЖол» мәлім қылды, хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Наурыз, 2025
Кәсіпкерді алдаған күдікті шетелден экстрадицияланды
Күдікті 2023 жылдың қаңтарында екі сыбайласымен алдын-ала сөз байласу арқылы жалған компаниялар құрып, отандық жұмсақ бидайдың ірі партиясын жеткізіп беремін деп кәсіпкерді алдап, жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам қаражат алған, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Бас прокуратурасының мәліметіне сілтеме жасап.
Марапат • 07 Наурыз, 2025
Алматы әуежайында әйелді құтқарған азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 07 Наурыз, 2025
Президент: Аналары алаңсыз қоғамда балалар да бақытты өмір сүреді
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев мерекелік құттықтау сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 07 Наурыз, 2025
Мемлекет басшысы аруларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ән • 07 Наурыз, 2025
Әртістерге шығармашылықтарын насихаттауға кім көмектеседі
Әртістер мен режиссерлердің үлкен есімдерінің артында қазіргі мәдениеттің көрнекті де семантикалық бейнесін қалыптастыратындар жиі кездеседі.
Үкімет • 06 Наурыз, 2025
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
Бауыржан Құдайбергенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 06 Наурыз, 2025
Қар, жаңбыр: 17 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
7 наурызда Астана мен Алматыда және 15 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Оқиға • 06 Наурыз, 2025
Ақтаудағы ұшақ апатының қорытынды есебі жыл соңына дейін жарияланады
Вице-премьер Қанат Бозымбаев ИКАО-ның Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының директоры Николя Ралломен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 06 Наурыз, 2025
Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 06 Наурыз, 2025
«Астана - Қарағанды - Алматы» автожолы жабылды
Аталған республикалық автожол бөліктері ауа райының нашарлауына байланысты бүгін сағат 17:00-де жабылып, барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Наурыз, 2025
Қазақстанда ипотекалық мөлшерлеме төмендеуі мүмкін
Елімізде ипотеканың жылдық мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға төмендеуі мүмкін. Бұл бастама тұрғындардың баспана алу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған. Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Ұлттық банк тиісті қаулы жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 06 Наурыз, 2025
Әлем чемпионатына қатысатын шорт-трекшілер анықталды
14-16 наурыз аралығында Бейжіңде шорт-тректен әлем чемпионаты өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 06 Наурыз, 2025
Трамп тұтқындарды босатуды талап етті
АҚШ Президенті Дональд Трамп Палестинаның ХАМАС тобына израильдік тұтқындарды дереу босатпаса және қаза тапқандардың сүйегін бермейтін болса, оны жойып жіберетінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Наурыз, 2025
Министрлік смартфондардағы ұлттық ескертуге қатысты түсінік берді
Бүгін астаналықтар мен қала қонақтарының смартфондарында ұлттық ескерту іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Наурыз, 2025
Қазақстанда 737 мыңнан астам мүгедектігі бар адам өмір сүреді – AMANAT
Қазақстанда 235 мың бала ерекше білім беруді қажет етеді. 2021 жылдан бері оларға арналған 1080 инклюзияны қолдау кабинеті ашылған. Алайда, қолайлы орта құру мәселесі әлі толық шешімін тапқан жоқ: 2024 жылы мүгедектігі бар адамдар мен әлеуметтік жағдайы осал топтардың құқығына қатысты мыңдаған бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Наурыз, 2025
Қазақ әйелдерінің тұрмыс-тіршілігі шетел архивтерінде
Соңғы жылдары ғалымдардың, зерттеушілердің табанды еңбегінің нәтижесінде шетел архивтерінде сақталған қазақ тарихы мен мәдениетіне қатысты көптеген деректер елге жеткізілді. Әйелдер мерекесі қарсаңында Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві «Қазақ дала мәдениетіндегі әйелдердің мәртебесі» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізіп, құжаттардың бір парасымен көрме аясында ғылыми ортаға таныстырды.
Оқиға • 06 Наурыз, 2025
Павлодарда ірі қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды
Павлодарда «TAKORP» атты қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар анықталып, олардың заңсыз әрекеттері әшкереленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Наурыз, 2025
«Астана» велоспортшысы Италияда күміс жүлде жеңіп алды
Италияда велоспорттан «Трофео Лайгуэлья» жарысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 06 Наурыз, 2025
Жетісулық ауыл педагогі TikTok желісіндегі үздік креаторлар қатарына енді
Жетісу облысы Алакөл ауданы Достық ауылының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботагөз Омарова TikTok-тың беделді Discover List-2025 тізіміне енді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 06 Наурыз, 2025
Пара шаңғышымыз жаһандық додада жүлде алды
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасындағы әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 06 Наурыз, 2025
Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді
Кеңес отырысында макроэкономикалық саясаттың тепе-теңдігін жақсарту үшін ақша-несие және фискалдық саясат арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету тәсілдері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 06 Наурыз, 2025
«Алматы – ортақ үйіміз» акциясына коммерциялық нысандар да қатысты
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Алматыда өтіп жатқан экологиялық акцияға сауда нысандарының иелері де қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Наурыз, 2025
Жалған мәмілелермен күресудің жаңа технологиялары
Заманауи инновациялық технологияларды қолдану салықтық әкімшілендіруді дамудың сапалы жаңа деңгейіне көтереді. Мәселен, тәуекелдерді басқару жүйесін енгізудің арқасында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылы 300 миллиард теңгеден астам сомаға тауарларды нақты жөнелтусіз және қызметтер көрсетусіз шот-фактуралар жазып берген 2 мыңнан астам салық төлеушінің қызметін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 06 Наурыз, 2025
8 наурызда Сербияда бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді
8 наурызда Сербияның Ниш қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Сол жарыста жерлестеріміздің қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды.
Оқиға • 06 Наурыз, 2025
Жалған құжатпен жұмыс істеген 7 мұғалімге айыппұл салынды
Маңғыстау облысында білім беру сапасының заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесінде педагогтардың кәсіптік даярлықтан өту куәліктерінің жалғандығы анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.