у
Наурызнама • 20 Наурыз, 2025
20 наурыз елімізде Наурызнама онкүндігіне сай Ұлттық спорт күні тойланады. Ұлттық спорт - тек білек пен күштің сыналатын алаңы емес, баба тынысынан хабар беріп, елдік рухты көтеретін ұлт ұстыны, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2025
Қазақстан-Мажарстан компаниялары сауда ынтымақтастығын нығайтады
18-19 наурызда Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған Қазақстанның Сауда миссиясы Мажарстанда болды. Миссия делегациясының құрамында «QazTrade» АҚ, «Семей ӘКК», «Kazakh Invest» басшылығы және 20-дан астам Қазақстан бизнесмендері болды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінің мәліметіне сілтеме жасап.
Медицина • 20 Наурыз, 2025
«Мен естимін» жобасы 62 мың сәбиге мүмкіндік сыйлайды
Сурдологтардың мәліметіне сүйенсек, жыл сайын елімізде шыр етіп дүниеге келген 1400-ге жуық сәбидің құлағы нашар еститіні, тіпті кейбірі саңырау болып туғаны анықталып жатады. Бұған дейін жаңа туған сәбилердің құлағы қалай еститіні қолмен тексеріліп, тіркеліп келсе, бұл есту кемістігі анықталған балалардың одан арғы тағдырын қадағалау процесіне тікелей әсер ететін еді.
Наурызнама • 20 Наурыз, 2025
Наурызнаманың бүгінгі мерекесі
Наурызнама онкүндігі аясында 20 наурыз – «Ұлттық спорт күні» ретінде белгіленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 19 Наурыз, 2025
Түркиядағы тергеу: 106 күдіктіге қатысты қамауға алу ордері шығарылды
Бүгін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның басты саяси қарсыласы Ыстанбұл қаласының мэрі Экрем Имамоглу мен оның баспасөз кеңесшісі Мұрат Онгун арнайы операция кезінде тұтқындалған еді. Іске қатысты барлығы 100 адам күдікті ретінде тергеліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Наурыз, 2025
Халықаралық көлік форумы қандай мәселелерді қозғайды
Осы жылдың 21-23 сәуір аралығында Алматы қаласында II халықаралық көлік форумы «ESE ASIA-2025» өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2025
«Наурыз жұмыскер» бағдарламасы бойынша алғашқы баспана берілді
Жұмысшы мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында іске қосылған «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы бойынша бірінші болып Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» серіктестігінің инженер-конструкторы Данияр Асанов үйлі болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2025
Ақмола облысында көпірді су шайып кетті
Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Шағалалы өзеніндегі мұзды жару кезінде су деңгейі көтеріліп, ауылды автобанмен байланыстыратын көпірді шайып кетті, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 19 Наурыз, 2025
Мемлекеттік кеңесші «Асыл мұра» аудиожинағының тұсаукесеріне қатысты
Бүгін Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің қатысуымен қазақ халқының ұлттық ән-күйі мен фольклорлық мұрасы топтастырылған «Асыл мұра» аудиожинағының тұсаукесері өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Наурыз, 2025
Шығыс-Жезқазған кенішінде қайғылы оқиға болды
Жазатайым оқиға өндірісте бүгін болған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Наурыз, 2025
Түркістанда 2,5 тонна наурыз көже таратылды
Көктемнің шуағын шашқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі Түркістанда ерекше сән-салтанатпен аталып өтіп жатыр. Көпшілік асыға күтетін бұл мерекеде бірлік пен молшылықтың символына айналған Наурыз көже дайындалып, қала тұрғындары мен қонақтарына 2,5 тонна дәстүрлі тағам таратылды.
Оқиға • 19 Наурыз, 2025
Жыл басынан бері 664 қару тәркіленді
Ішкі істер министрлігі заңсыз айналымнан қаруды, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақты табу және тәркілеу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 19 Наурыз, 2025
«Адал азамат» бағдарламасына 4 миллионға жуық оқушы қатысқан
Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы табысты жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Наурыз, 2025
Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған көрме өтті
Астанадағы қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай «Бауыржан Момышұлы – аты аңызға айналған қолбасшы» атты көрме өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2025
Қостанай облысында төрт түлікті эвакуациялау жүріп жатыр
Өңірде көктемгі су тасқыны кезеңінде ауылшаруашылық шығындарының алдын алу және төрт түліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында эвакуациялау орындарының картасы әзірленді.
Парламент • 19 Наурыз, 2025
Конституциялық соттың жаңадан құрылуы айрықша болды - депутат
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуден басталған түбегейлі саяси реформалар Мемлекет басшысының бастамасымен осыдан 3 жыл бұрын қолға алынған еді. Осы орайда бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Үнзила Шапақ өзінің пікірін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 19 Наурыз, 2025
Тыңайтқыштарды субсидиялауға 48 млрд теңге бөлінді
Үкімет резервінен тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау үшін 48,4 млрд теңге бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2025
Түркістанда 10 мыңнан аса ағаш отырғызылды
Қалада 19 наурыз, Жаңару күніне орай ауқымды көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Жібек жолы» саябағында өткен ағаш егу шарасына қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері мен қала тұрғындары белсене қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2025
Түркістанда туристік форум өтті
Түркістанда «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» атты республикалық туристік форумы өтті. Форумға Орталық Азия елдерінің туризм саласындағы бизнес өкілдері мен қолөнершілері қатысты.
Қоғам • 19 Наурыз, 2025
Ұлттық дамудың негізі ұлттық идеологияда жатыр - депутат
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Қазыбек Иса еліміздегі саяси реформалардың атқарылу барысы туралы пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 19 Наурыз, 2025
Құқық үстемдігі – тұрақты даму кепілі
Қазақстан үш жыл бұрын жаңғыру мен әділетті қоғам құру жолын таңдады. Президент көпшіліктің өзгерістерге деген сұранысын іске асыра отырып, мемлекетті нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған ауқымды саяси жаңғыру бағдарламасына бастамашылық етті, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 19 Наурыз, 2025
Үш облыстық соттың төрағалары ауысты
Павлодар, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстық соттарының жаңа төрағалары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz. Жоғарғы сот мәліметіне сілтеме жасап.
Парламент • 19 Наурыз, 2025
Заң мен тәртіп құқықтық мемлекеттің негізі – Бақытжан Базарбек
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бақытжан Базарбек қазіргі уақытта пайдаланылмаған және заңсыз жеке қолдарға берілген ауылшаруашылық жерлерін мемлекеттік меншікке қайтару бойынша үлкен әрі күрделі жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Қазіргі таңда 12,1 млн. гектар жер қайтарылған, оның ішінде 4,9 млн гектары халық арасында бөлініп берілген, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Наурыз, 2025
Қазақ жастары «Navruz Youth World Festival» мәдени шарасына қатысып жатыр
Осы күндері Тәжікстанда Наурыз мерекесіне орай «Navruz Youth World Festival» бүкіләлемдік жастар фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Наурыз, 2025
Білім бөлімінің қызметкерлері бюджеттен 22 млн теңге жымқырған
Ақмола облысы Жақсы ауданының білім бөлімі қызметкерлері ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Наурыз, 2025
Павлодар облысындағы жолды су басып қалды
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми арнасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Наурызнама • 19 Наурыз, 2025
Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні «өмірдің жаңаруын» бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу шарасына арналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2025
Түркістанда 120 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып, халықтың баспана жағдайын жақсарту бойынша жүйелі шаралар жүзеге асуда. Осы бағытта, Наурыз мерекесі қарсаңында Түркістан облысы, Төлеби ауданында 120 пәтерлі жаңа көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Наурыз, 2025
Мопедті тіркеу мерзімі 5 сәуірде аяқталады - ІІМ
ІІМ мопедтерді 5 сәуірге дейін тіркеп үлгеру қажеттігін, яғни, 2 аптадай ғана уақыт қалғанын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Наурыз, 2025
Орал Таңсықбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды
18 наурыз күні Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі Орал Таңсықбаевтың 120 жылдық мерейтойына арналған көрменің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.