е
Ата заң • 20 Тамыз, 2025
«Конституциялық реформа және Қазақстандағы БАҚ дамуы» атты дөңгелек үстел өтті
20 тамыз күні Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституциялық реформа және БАҚ дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында БАҚ-тың конституциялық реформаны ілгерілетудегі рөлі, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты қалыптастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 20 Тамыз, 2025
Бестеректегі жол апатынан зардап шеккен екі бала Астанаға жеткізіледі
Абай облысының Үржар ауданы Бестерек ауылындағы жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі баланы Астана қаласындағы №2 Көп бейінді қалалық балалар ауруханасына емдеуге жатқызу туралы шешім қабылданған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 20 Тамыз, 2025
Астанада елдегі ең ірі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
22 тамыз күні елордада жұмысшы мамандықтары жылы аясында жастарға арналған еліміздегі ең ірі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 20 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы бюджетті жоспарлау жөнінде жиын өткізді
Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономика және бюджетті жоспарлау мәселелері жөніндегі жиын өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Тамыз, 2025
Ауыл шаруашылығы санағына 8 мыңнан аса өтініш тіркелді
Ұлттық статистика бюросының 1446 байланыс орталығы азаматтарға Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына қатысу мәселелері бойынша белсенді түрде кеңес беріп келеді. 1 тамыздан бастап байланыс орталығына 10,5 мыңнан астам өтініш келіп түсіп, оның 8,4 мыңы тікелей ауыл шаруашылығы санағына қатысты болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 20 Тамыз, 2025
Еуропаның 10 мемлекеті Украинаға көмекке әскер жіберуге дайын
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, кем дегенде 10 еуропалық мемлекет Украинаға өз әскерін жіберуге әзір екенін мәлімдеген. Бұл мәселе жақында өткен еуропалық шенеуніктердің жабық кездесуінде талқыланған, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 20 Тамыз, 2025
Р.Берденовке қастандық жасаған Ернар Жиембайға сот үкімі шықты
Бүгін Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот үкімі жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 20 Тамыз, 2025
Пациенттерді цифрлық сәйкестендіру нәтижесінде 4,7 млрд теңге үнемделген
Президенттің тапсырмаларын орындау үшін елімізде денсаулық сақтау саласында цифрлық технологиялар қарқынды түрде енгізіліп жатыр, бұл жүйенің ашықтығын арттыруға, медицина қызметкерлеріне жүктемені азайтуға және халық үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Мажарстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокты Әулие Иштван күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 20 Тамыз, 2025
Үкімет дәрі-дәрмек бағасын 30%-ға дейін төмендету шараларын қабылдап жатыр
Мемлекет басшысының 2024 жылғы Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет халықты қолжетімді және сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Тамыз, 2025
Саясат Нұрбек Алматы тұрғындарымен кездесті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен кездесуде ғылым мен жоғары білім саласын дамыту мәселелері кеңінен талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 20 Тамыз, 2025
Ана өлімі тарихи ең төменгі деңгейге түсті
Президент Жолдауындағы тапсырмаларды орындау және денсаулық сақтау сапасын арттыру бағытында Үкімет кешенді шараларды жүзеге асырып келеді. Соның нәтижесінде халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері жақсарып, ана мен бала өлімі едәуір азайды, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 20 Тамыз, 2025
Ұлытау облысында жаппай сенбілік өтті
Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жаппай сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға шақыру, экологиялық мәдениетті арттыру және туған өлкеге қамқорлық жасауды дәстүрге айналдыру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 20 Тамыз, 2025
Ауылдарда 538 жаңа медициналық нысан салынды
Президенттің тапсырмаларына сәйкес елімізде медициналық инфрақұрылымды жаңартуға және емдеудің заманауи технологияларын енгізуге бағытталған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Тамыз, 2025
Оқушыларды мектепке дайындау үшін ата-аналарға 20 миллиард теңге аударылған
«Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында ата-аналардың және заңды өкілдердің есепшоттарына мектеп формасын, аяқ киім мен оқу-құралдарын сатып алу үшін шамамен 20 млрд теңге аударылған. Қолдау 430 мыңнан астам баланы қамтыған. Бұл Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 20 Тамыз, 2025
Елімізде денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығы азайып келеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында халық денсаулығын жақсартуға және әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғыртуға бағытталған кешенді міндеттерді айқындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 20 Тамыз, 2025
ШҚО ормандарын өрттен қорғау шаралары күшейтілді
Шығыс Қазақстан облысында орман қорының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді. Жыл басынан бері жалпы аумағы 192,8 гектарды қамтыған 14 өрт тіркелген. Оның 5,1 гектары орманды жерлер. Бұл туралы ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Мерхат Әміров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Тамыз, 2025
Қызылордада түрмеге телефон кіргізбек болған тұрғын ұсталды
Ол ұялы телефондарды Қызылордадағы №60-шы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталушыға жеткізбек болған , деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 20 Тамыз, 2025
Неміс ақыны Иоганн Гёте әйдік ақын ғана емес, әйбат өсімдіктанушы да болған. Ол «Өсімдік метаморфозасы» атты пәлсапалық өлеңінде тамырдың, өскіннің, жапырақтың жалғыз тұқымнан пайда болғанын мысал етіп, жер бетіндегі барлық болмыстың бір бастаудан жаралғанын жеткізеді. Кішкентай гүлдің құрылымынан табиғаттағы тұтас үйлесім көрінеді деп жырлайды. Бүгінгі кейіпкеріміз де гүлдерді шебер үйлестіріп, көңілдерге қуаныш сыйлайтын жан. Ол – флорист Ержан Балтабай.
Президент • 20 Тамыз, 2025
Қ. Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады
22 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 19 Тамыз, 2025
Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК 2025 жылғы 20 тамызға арналған дауылды ескертуді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 19 Тамыз, 2025
Испанияда орман өрті салдарынан 30 мыңға жуық адам эвакуацияланды
Испанияның солтүстік және батыс өңірлерінде ірі орман өрттері өршіп тұр. Салдарынан бірқатар аймақта теміржол және автокөлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Тамыз, 2025
Рахмонов титулдық жекпе-жекке қатысты шешім қабылдады
DAR Team командасының жаттықтырушысы Эдуард Базров қазақстандық UFC жекпе-жекшісі Шавкат Рахмоновтың (19-0) келесі жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Тамыз, 2025
Шымкенттегі арнайы ХҚКО-ның бұрынғы басшысы қайтыс болды – адвокат
Шымкент қаласындағы №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы басшысы Жомарт Мурашимов тергеу изоляторында қайтыс болды. Бұл туралы оның адвокаты Талғат Есімов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 19 Тамыз, 2025
БҚО тұрғыны бұрынғы қызын бопсалап, 9 млн теңгесін алған
Орал қаласында 23 жастағы жергілікті тұрғын бопсалау күдігімен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 19 Тамыз, 2025
«Үй жанындағы дүкендер» салық пен бюрократияның қысымынан жоғалып кетпеуге тиіс – Қошмамбетов
Алматыға жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаты, Respublica фракциясының мүшесі Айтуар Қошмамбетов тұрғын үйлердің маңайында орналасқан шағын дүкендердің иелерімен кездесіп, кәсіпкерлік саладағы өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 19 Тамыз, 2025
«Келешек мектептері» жобасы аясында баспасөз туры өтті
Бүгін Орал қаласындағы №52 жалпы білім беретін мектепте «Келешек мектептері» жобасы аясында «Балақайлар мектебі» тақырыбында баспасөз туры өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. БҚО әкімдігінің мәліметіне сілтеме жасап.
Елорда • 19 Тамыз, 2025
Астана әуежайында рейстер кестесі өзгереді
Компания жолаушыларға елорда әуежайындағы жоспарлы жөндеуге байланысты рейстер кестесінде уақытша өзгерістер болатынын ескертті, деп жазады Egemen.kz Air Astana компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2025
Қызылорда тұрғыны туған қызын балағаттаған
Қазалы аудандық сотында жергілікті тұрғынға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Тамыз, 2025
1800-ден астам су маманы тұрақты жұмыспен қамтылған
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғалы бері су шаруашылығы саласында 1 805 маман тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Egemen.kz.