ел
«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025
Жастар саябағында тазалық шарасы өтті
«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жасыл Ел» жастарының бастамасымен елордадағы аталған саябақта тазалық шарасы өтіп, оған 150-ден астам жас ерікті қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 25 Шілде, 2025
Мемлекеттік аудит ЖИ-мен жаңғырып жатыр
Елімізде мемлекеттік аудит жүйесі ауқымды цифрлы жаңғыру кезеңіне қадам басты. Бұл жаңғыру есеп-қисап саласының ашықтығы мен тиімділігін арттырып қана қоймай, мемлекеттік қаржыны басқарудағы жаңа мәдениетті қалыптастыруды көздейді. Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті енгізгелі отырған жаңа цифрлы құралдар камералды бақылау жүйесін мүлде жаңа деңгейге көтермек, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 25 Шілде, 2025
Украина Ресеймен бейбіт келіссөздерді қайта бастауға дайын
Украина бейбіт келісімге келу үшін жаңа келіссөздер жүргізуді ұсынды. Бұл туралы ел президенті Владимир Зеленский өзінің кешкі үндеуінде мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 25 Шілде, 2025
18 жастағы маман айына 500 мың теңге табады
Кәсіптік білім алып, еңбек нарығына ерте араласқан жастардың саны артып келеді. Солардың бірі – Астанадағы кәсіптік техникалық колледждің биылғы түлегі Кирилл Савельев қаладағы белгілі асханалардың бірінде шеф-кондитер болып жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 25 Шілде, 2025
Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы болды. Соқтығыстан кейін көлік бірнеше рет аударылып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Шілде, 2025
Ұлттық құрама үстел теннисінен үш медаль еншіледі
Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық ірі турнирі өтіп жатыр. Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, кезекті жарыс күнінде ұлттық құрама үш жүлде иеленді. Медальдардың үшеуі де – қола, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 25 Шілде, 2025
Астанада мас жүргізуші патрульдік көлікке соқтығысқан
Астана прокуратурасының мәлімдеуінше қалада жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйінде көлік басқарып, полицейлерден қашуға тырысты. Ол бірнеше рет жол қозғалысы ережесін бұзып, ақыры патрульдік автокөлікпен соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 24 Шілде, 2025
Қазақстанда ChatGPT 1 тамыздан бастап қымбаттайды
OpenAI хабарлауынша, енді жазылым құнына 12% ҚҚС қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 24 Шілде, 2025
Жетісуда жедел жәрдем қызметкерлері жеті жанды өрттен құтқарған
Бүгін Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев Ескелді ауданындағы өрт шыққан үйден 7 адамды құтқарған жедел жәрдем қызметкерлерін қабылдап, облыс әкімінің Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтарын табыстады. Кездесуге облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асқар Садықов қатысты. Арнайы қабылдауға аталған ауданның №6/6 жедел жәрдем бригадасы құрамындағы фельдшерлер Ғабит Ерғаж, Дамира Рахимова және жүргізуші Мұрат Сатеков келді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Шілде, 2025
Суды ортақ пайдаланудың ережелері бекітілді
Жаңа Су кодексіне сәйкес, азаматтардың су нысандарына кіруін шектеуге жеке және заңды тұлғалардың құқығы жоқ. Егер заңда көрсетілмесе, қоршаулар, күзет немесе өзге де шектеулер қоюға тыйым салынады. Аталған норманың сақталуы үшін сала министрлігі азаматтардың елдің су нысандарына қолжетімділігін реттейтін суды ортақ пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекітті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Шілде, 2025
Қ.Тоқаев Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен оның отандастарын Мысыр Араб Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 22 Шілде, 2025
Жапонияда рекордтық көрсеткіш: 42 әйел депутат сайланды
Жапонияның Кеңесшілер палатасына сайлауда 42 әйел депутат сайланып, 2022 жылы тіркелген бұрынғы рекордты жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz Kyodo News агенттігіне сілтеме жасап.
Туризм • 22 Шілде, 2025
Биыл Қазақстанға 7,5 млн-нан астам турист келген
Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 600 мың адамға көп. Сонымен қатар, бұл елден кеткен шетелдіктер санына қарағанда 300 мыңға артық. Бұл туралы Үкімет отырысында ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 22 Шілде, 2025
Тау-кен саласына ЖИ енгізіледі
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев бүгінгі Үкімет отырысында тау-кен саласын одан әрі цифрландыру бойынша жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстарын ортаға салды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Шілде, 2025
71 жастағы велошеруші Жезқазғанға аялдады
Қазақстанды велосипедпен аралап жүрген 71 жастағы саяхатшы, теміржол саласының ардагері Жұмабай Отарғалиев Жезқазған қаласына аялдады. Ол Жезқазған жоғары политехникалық колледжінің материалдық-техникалық базасымен танысып, студент жастармен жүздесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 21 Шілде, 2025
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 14 млрд теңгеге қысқа мерзімді облигацияларды өтеді
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ 2024 жылдың жазында орналастырылған қысқа мерзімді облигациялар бойынша төлемдерді аяқтады. Өтем жалпы сомасы 14 млрд теңгені құрады, оның 13 миллиарды - негізгі қарыз, тағы 1 миллиарды - купондық сыйақы, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 21 Шілде, 2025
Илон Маск балаларға арналған ЖИ жасамақ
Әлемдегі ең ауқатты адам әрі технологиялық жаңашыл Илон Маск балаларға бейімделген жасанды интеллект жасауды қолға алғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Шілде, 2025
Президент Қ.Тоқаев Бельгия Королін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипті Бельгияның Ұлттық күнімен құттықтап, жеделхат жолдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Технология • 21 Шілде, 2025
Жасанды интеллект қазақ тілін үйретеді
Бүгінде технологияның қарыштап дамуы білім беру саласында да жаңа өзгерістерге жетелеуде. Жасанды интеллект (ЖИ) арқылы тіл үйрену әлемдік трендке айналып отыр және бұл үрдіс қазақ тілі үшін де өте маңызды. Қазақ тілін үйренушілер үшін ыңғайлы әрі тиімді шешімдер қажет. Әсіресе, қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгерушілер, шетелдегі қандастарымыз, қала тұрғындары мен жастар үшін заманауи әдіс маңызды. Осы тұрғыда, TilQazyna жобасы тіл үйрету әдістемесін цифрлық деңгейге көтеретін алғашқы кешенді шешімдердің бірі болары сөзсіз. Ана тіліміздің аясын кеңейтуге арналған жоба жайында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Мақпал Жұмабай айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Шілде, 2025
Данияр Елеусінов АҚШ-тағы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов АҚШ-та өткен жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіліссіз сериясын жалғастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 18 Шілде, 2025
Елордада Сығанақ көшесінің бір бөлігі жабылды
Бас шаһардың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы тарапынан Сығанақ көшесінің Сауран көшесінен Ақмешіт көшесіне дейінгі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Шілде, 2025
Президент ақын Исраил Сапарбайдың отбасына көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, сазгер, Қазақстанның халық жазушысы, «Парасат» орденінің иегері Исраил Сапарбайдың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 17 Шілде, 2025
Жаңа бағдарлама қандай нәтиже көрсетті?
Еліміздің жоғары оқу орындарында білім беру процесін оңтайландыру және цифрландыру мақсатында «AI-Sana» инновациялық жасанды интеллект бағдарламасы сәтті енгізілгені белгілі. Аз уақыттағы нәтиже қандай?
Елорда • 17 Шілде, 2025
Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елордада осы сенбі-жексенбіде яғни 19-20 шілде күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 17 Шілде, 2025
Жедел жәрдем орта есеппен 8,8 минутта келеді
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жедел медициналық көмек қызметі 4 миллионнан астам шақыруға қызмет көрсетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 16 Шілде, 2025
BaiQymyz фестивалінде 16 тоннаға жуық қымыз ұсынылады
Астанада «Қазанат» ипподромында осы айдың 19-20 күндері халқымыздың киелі сусыны – қымызға арналған бұрын-соңды болмаған көлемдегі «BaiQymyz – бапталған қымыз және ұлттық тағамдар» гастрофестивалі өтетіні мәлім, оған еліміздің барлық өңірінен 50-ден астам қымыз өндіруші қатысып, жалпы көлемі 16 тоннаға жуық қымыз ұсынылады деп күтіліп отыр. Гастрофистивалге қатысу тегін болады, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 16 Шілде, 2025
200 мыңнан астам бала Келешек мектептерінде оқып жатыр
Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба – ел болашағына жасалған инвестиция, яғни әрбір бала заманауи, жайлы әрі шабыттандыратын ортада білім алуға мүмкіндік алады. Жоба аясында 460 мың оқушы орнына арналған 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған. Бүгінде 122 мектеп құрылысының аяқталуы нәтижесінде 200 мыңнан астам оқушы қамтылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 16 Шілде, 2025
Елордалық жас суретшілер халықаралық өнер фестивалінде жеңімпаз атанды
Астананың жас суретшілері Лондонда өткен беделді Golden Time Talent Festival 2025 өнер фестивалінде бірінші орын иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 16 Шілде, 2025
«Менің қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесім» челленджі басталды
Экологиялық мәдениетті арттыру және табиғатқа жауапкершілікпен қарауды дамыту мақсатында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Д.Тұрғамбаев республикалық «Менің қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесім» челленджін бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 15 Шілде, 2025
Трамп Зеленскийге Мәскеуге соққы жасауды ұсынған
АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскийге Ресей аумағына, оның ішінде Мәскеу мен Санкт-Петербургке соққы жасауды ұсынған. Бұл туралы Financial Times басылымы екі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Egemen.kz.