м
Балалар • 01 Маусым, 2025
Әрбір бала қорғауда: Қазақстан балаларды қорғауды күшейтеді
Қазақстанда балаларды зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтан қорғаудың кешенді тәсілі іске асырылуда. Бірқатар ведомстволармен бірлесіп, ІІМ зорлық-зомбылыққа, қудалауға және кибербуллингке ұшыраған кәмелетке толмағандарды ерте анықтау және оларға көмек көрсету жөніндегі бірыңғай әдістемені бекітті, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Инфрақұрылым • 31 Мамыр, 2025
Әр үйге - таза су: Қостанай облысында Президент тапсырмасы қалай орындалып жатыр
Қостанай облысында жыл соңына дейін халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесін толық шешу жоспарланып отыр. Қазақстан Президентінің тапсырмаларын орындау аясында ауылдық және қалалық елді мекендерді сумен жабдықтау жүйелеріне қосу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Экономика • 31 Мамыр, 2025
Астана Орталық Азия-Қытай экономика және сауда министрлері бас қосты
30 мамырда Астана қаласында Astana International Forum 2025 (AIF 2025) аясында «Орталық Азия – Қытай» форматы бойынша экономика және сауда министрлерінің 2-ші кездесуі өтті, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Туризм • 31 Мамыр, 2025
Инновациялық капсула үйлері - қауіпсіздік пен жайлылықтың жаңа деңгейін ұсынады
30 мамырда Алматы облысы мен Алматы қаласында Батан (Түрген өзені), Алматы-Арасан шатқалындағы Құмбелсу бақылау гидробекеттерінде (Үлкен Алматы өзені) тарихта алғаш рет биік таулы жағдайларға арнайы әзірленген инновациялық капсула үйлері енгізілді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Парламент • 31 Мамыр, 2025
Қазақстан мен Өзбекстан Парламенттері спикерлеріне отандық ЖИ жобалары көрсетілді
Қазақстан Парламенті Мәжілісі депутаттары мен Өзбекстан Олий Мажлисі Заң шығару палатасының делегациясы Алматы қаласындағы «Farabi Hub» инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығына барды, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Балалар • 31 Мамыр, 2025
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күні қандай шаралар өтеді?
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 1 маусымда Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар метромен тегін жол жүретін болады. Бастама мейрам күні балалары бар отбасыларды қолдауға арналған, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдай • 31 Мамыр, 2025
Құлсарыда жарылыстан 2 адам қайтыс болды
Атырау облысының Құлсары қаласында газ құю стансаның маңында жарылыс болды. Жарылыстан зардап шеккен 14 адамның екеуі қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Ғылым • 31 Мамыр, 2025
Ғылым ордасы қызметкерлері шет тілдерін үйренеді
Ғылым ордасында түрік тілі курсын аяқтаған қызметкерлерге сертификаттар табысталды. Аталған курс Ғылым ордасының бастамасымен және Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығымен жасалған өзара түсіністік туралы меморандум аясында ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Білім • 31 Мамыр, 2025
Түркістан өңіріндегі колледжерде 9 жаңа мамандық ашылды
«Жұмысшы мамандықтар жылына» орай Түркістан өңіріндегі колледжерде 9 жаңа мамандық ашылды. Жүк көтергіш машиналар мен транспортерлер, пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу, жаңартылған энергетика, жемістер мен көкөністерді сақтау және қайта өңдеу, стамотология, фармация сынды жаңа мамандықтарға лицензиялар алынған, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 31 Мамыр, 2025
Алматыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсіміне қатысып, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Қоғам • 31 Мамыр, 2025
Өскеменде ерекше балаларға арналған әлеуметтік орталық ашылды
Ерекше балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін «DEMEY» Ресурстық орталығының салтанатты ашылуы болды. Оған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 31 Мамыр, 2025
Шегірткеге қарсы күрес шаралары 844 мың гектар аумақта жүргізілді
31 мамырдағы жедел деректерге сәйкес, Қазақстан аумағында үйірлі шегіртке зиянкестерінің бар-жоғын анықтау мақсатында 5,6 млн гектар ауыл шаруашылығы жері зерттелді. Оның ішінде 844 мың гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Балалар • 31 Мамыр, 2025
Қазақстандағы балдәурен шақты қолдау: болашаққа жұмсалған инвестиция
Қазақстанда балалардың өсіп, дамуына жан-жақты жағдай жасау - мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып саналады. Бұл үшін түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Шаруашылық • 31 Мамыр, 2025
Су ресурстары ұлттық ақпараттық жүйесінің төрт модулі пилоттық режимде іске қосылды
Білім • 31 Мамыр, 2025
1 маусымнан бастап магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге тіркеу басталады
1 маусымнан бастап магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталады. Тіркелу ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2025 жылғы 8 шілдеге дейін жүргізіледі. Тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Әйел әлемі • 31 Мамыр, 2025
Астана халықаралық форумында (AIF2025) әйелдерді экономикада ілгерілетудің халықаралық және өңірлік құралдары талқыланды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Құрылыс • 31 Мамыр, 2025
ҚТК кешенді құрылыс жобаларын қаржыландыруға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ аумақтарды кешенді құрылыс салу жобаларын қаржыландырудың жаңа тетігінің іске қосылғаны туралы хабарлайды. Қатысуға өтінімдерді қабылдау homeportal.kz 2025 жылғы 1 маусымнан бастау алады, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Қоғам • 31 Мамыр, 2025
Ақмола облысында 1000-нан астам объект мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Ақмола облысында 1037 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 31 Мамыр, 2025
Президент «АЛЖИР» музейін аралап көрді
Мемлекет басшысы тоталитарлық жүйе құрбандарының өмірінен сыр шертетін бірегей құжаттар, тұтқындардың жеке заттары, архив материалдарымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 31 Мамыр, 2025
Президент: Біз ұлттық болмысымызды бекемдеп, ынтымақ-бірлігімізді нығайта береміз
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада Әділетті Қазақстанды құру үшін ауқымды реформалар жасалып жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 31 Мамыр, 2025
Тағдырдан теперіш көрдік деген ойдан арылуымыз қажет — Мемлекет басшысы
Президент бүгінгі ахуалға өткеннің өлшемімен қарап, үнемі кешегі күнмен өмір сүруге болмайды. Тарихқа барынша кең ауқымда қараған жөн. Біз тағдырдан теперіш көрдік деген ойдан арылуымыз қажет. Өткенге жалтақтау — әлсіздіктің белгісі екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Туризм • 31 Мамыр, 2025
Түркістанда жасанды көлі бар саябақ ашылды
Түркістанда балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында саябақ ашылды. Қаланың экологиялық, туристік әлеуетін арттыруға бағытталған тың жобалардың бірі саналатын саябақ облыс орталығының жасыл қалаға айналуына үлкен септігін тигізеді. Жалпы Түркістанда 109 саябақ пен гүлзар бар. Яғни ашылған саябақ 110-шы болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет • 30 Мамыр, 2025
Қазақстан мен Сербия сауда ынтымақтастығын әртараптандыруға ниетті
Астана халықаралық форумы шеңберінде Премьер-министр орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сербияның ішкі және сыртқы сауда министрі Ягода Лазаревичпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 30 Мамыр, 2025
Италияда төрт мыңға жуық қазақстандық студент білім алады
Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру мен мәдениет салаларындағы ықпалдастық жайында сөз қозғады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 30 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы өнеркәсіптік кооперацияны нығайту зор мүмкіндікке жол ашады деп санайды
Қазақстан Орталық Азиядағы сирек металдардың кен орындары туралы барлық өзекті ақпаратты жинақтайтын Аймақтық зерттеу орталығын құру туралы бастама көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 30 Мамыр, 2025
Президент: Сауда-экономикалық байланысты тереңдету – басты басымдық
Қасым-Жомарт Тоқаев Италиямен ықпалдастықтың перспективті бағыттарына қатысты ойымен бөлісті, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 30 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы бірінші «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысты
Саммитті ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға сапармен келгені және бүгінгі жоғары деңгейдегі кездесуге бастамашы болғаны үшін Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелониге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тарих • 30 Мамыр, 2025
Аштық нәубеті: Бір әулеттің аман қалған үні
Кәсіпкер, BI Group холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ата-бабаларының тағдыры туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Табиғат • 30 Мамыр, 2025
Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа 25 рет түскен
Алматы мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлары жануарларды зерттеу үшін фототұзақтар орнатады және дрон арқылы мониторинг жүргізіп тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 30 Мамыр, 2025
Қазақстан мен Өзбекстан депутаттары бірлескен жұмысты күшейтуге келісті
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов пен Өзбекстан Олий Мажлисі Заң шығару палатасының спикері Нуриддин Исмоилов екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Кездесу барысында тараптар сауда, экономика, жасанды интеллект және мәдени-гуманитарлық байланыстар салаларындағы әріптестікті одан әрі нығайту жолдарын қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.