е
Қоғам • 03 Маусым, 2025
Астанада 5 миллионыншы жолаушы марапатталды
Жыл басынан бері «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарасты пойыздармен жүрген жолаушылар саны бес миллионға жетті. Мерейтойлық жолаушы Астана қаласындағы «Астана-1» теміржол вокзалында арнайы құрметпен күтіп алынды деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Маусым, 2025
Қостанай облысында су құбырының құрылысына қаржы бөлінді
Қостанай облысы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 5,4 млрд теңге қаржы бөлінді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 03 Маусым, 2025
Максимовкада дәрігерлік амбулатория бой көтереді
Сандықтау ауданының Максимовка ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 03 Маусым, 2025
Ұлтын сүйген ұлы тұлға - Қапез
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Кеген ауданы Тоғызбұлақ ауылының мәдениет үйінде мазмұны терең тағылымдық кеш өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Маусым, 2025
Дархан Сатыбалды Алматыдағы әлеуметтік нысандарды тексерді
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Әуезов ауданы аумағында орналасқан бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 03 Маусым, 2025
Отандық өнімнің үлесі артып келеді
Отандық өнімнің үлесінің артуы – металлургия, жеңіл өнеркәсіп және электроника салаларында байқалып отыр. Тауарлардың ішкі өндірісінің ұлғаюы нәтижесінде импорттық өнімдер біртіндеп ауыстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 03 Маусым, 2025
ҰБТ: Сынақтан сескенбеу үшін сенім керек
Жыл сайын мыңдаған мектеп бітіруші түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалады. Болашағына уайымдайды, жақсылық күтеді, сын сағатта қобалжиды. Бұл - оқушыға ата-ана тарапынан, қоғам мен мұғалімнен де нағыз қолдау керек сәттің бірі.
Аймақтар • 03 Маусым, 2025
Жаздың алғашқы күндерінде екі жасөспірім суға батып кетті
Павлодар және Ақтөбе облыстарында 16 жастағы екі жасөспірім суға батып, қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 03 Маусым, 2025
Қаракөл көлінің арнасы он жылда алғаш рет толды
Су ресурстары және ирригация министрлігі Талас өзеніндегі «Ойық» гидроторабы арқылы жүргізілген су жіберу нәтижесінде Жамбыл облысындағы «Қазсушар» филиалы Қаракөл көліне су толтырып, Сұлукөл көліне де су жеткізілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 03 Маусым, 2025
Алматыда Қытай Ұлттық музейі жауһарларының көрмесі өтеді
5 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қытай мәдениетінің інжу-маржандарына арналған бірегей көрме ашылады. «Қытай өнерінің ой-мақсаттары – Қытай Ұлттық көркемөнер музейінің жауһарлары» атты бұл көрмеде Қытайдың ХХ–ХХI ғасырдағы белгілі суретшілерінің 50-ге жуық туындысы көпшілік назарына ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Маусым, 2025
Түркиядағы жер сілкінісінен бір адам қаза тапты
Түркияның Мәрмәр теңізі жағалауында орналасқан Мұғла қаласында жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 2:17-де магнитудасы 5.8 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz TRT Haber телеарнасына сілтеме жасап.
Балалар • 02 Маусым, 2025
Жедел жәрдем қызметкерлері балаларына қызмет көрсетілді
Ақтөбе облысындағы жедел жәрдем мекемесі жұмысшылары балалары арасында «Менің ата-анам адам жанының қорғаушысы» және «Менің ата-анам жедел жәрдем қызметкері» тақырыптарында сурет салудан және бейнеролик түсіруден сайыс өтті.
Жемқорлық • 02 Маусым, 2025
СҚО-да бюджет қаражатын жымқырғандарға сот үкімі шықты
Петропавлдың қалалық соты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқарған сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысқандарға үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 02 Маусым, 2025
«Найза-Антитеррор-2025» жедел-тактикалық терроризмге қарсы оқу-жаттығуының қорытынды кезеңі өтті
Қостанай облысында Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы – ҰҚК төрағасы Е.Сағымбаевтың шешімімен «Найза-Антитеррор-2025» республикалық жедел-тактикалық терроризмге қарсы оқу-жаттығуының қорытынды кезеңі өткізілді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Маусым, 2025
Қазақ-қырғыз үкіметтері арасындағы инвестицияларды көтермелеу туралы келісім ратификацияланды
Ақорда қазақ-қырғыз үкіметтері арасындағы инвестицияларды көтермелеу туралы келісімнің ратификацияланғанын хабарлады.
Білім • 02 Маусым, 2025
Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге арналған цифрлық медиа ашылды
1 маусым күні мектеп оқушыларына арналған QalamBalam атты жаңа медиажоба өз жұмысын бастады. Бұл – 7-16 жастағы балаларға арналған цифрлық БАҚ. Жоба тарих, ғылым, мәдениет және қоғам туралы қысқа, әсерлі әрі бірден назар аудартатын видеолар ұсынады. Осының арқасында ол кәдімгі білім бағдарламасын түсінуге көмектесіп қана қоймай, мектепте берілетін мағлұматтан бөлек қызық деректермен танысуға да мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 02 Маусым, 2025
Қазақстанда ана сүтімен қоректендіру негіздеріне үйрету жобасы басталды
Қазақстанда Денсаулық сақтау министрлігі, Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры және ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисінің қолдауымен ана мен балаға медициналық көмекті жақсарту және ана сүтімен қоректендіруді қолдау бағдарламасының жаңа кезеңі іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 02 Маусым, 2025
Азия бәсекесіне баратын гимнастар анықталды
Спорттық гимнастикадан ерлер арасында Азия чемпионаты – Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 02 Маусым, 2025
Колледж студенттері арасында республикалық жарыс өтті
Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Оқу-ағарту министрлігі, Павлодар облысы әкімдігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Talap» КЕАҚ және «Astana Hub» халықаралық технопаркінің қолдауымен ұйымдастырумен «INNOVATION» республикалық хакатоны өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 02 Маусым, 2025
СҚО-да мемлекет қаржысын жымқырған депутат сотталды
Петропавлда бюджет қаржысын жалған келісімшарттар арқылы жымқырған Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаты Павел Булаевқа және оның үш сыбайласына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Маусым, 2025
Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық жол апатынан қаза тапты
Бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі ресми түрде растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 02 Маусым, 2025
Қарасу өзенінің жағасы тазартылды
31 мамырда Экология және табиғи ресурстар министрлігі жергілікті атқарушы органдардың табиғат ресурстары басқармаларымен бірлесіп елорда тұрғындарының демалу және балық аулау үшін сүйікті орындарының бірі Қарасу өзенінің жағалау аймағына тазарту жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 02 Маусым, 2025
Астанада Абылай хан даңғылының учаскесі жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Абылай хан даңғылының Манас көшесінен А.Пушкин көшесіне дейінгі учаскеде жол жабынының жоғарғы қабатын жаңартады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 02 Маусым, 2025
Елімізде «инфаркт жасарып келе ме»
Кейінгі жылдары БАҚ беттері мен қоғамда «Инфаркт жасарып келеді» деген тіркес жиі жарияланып, талқыланып жүр. (1, 2, 3) Бұл медиа-өкілдерінің алдын ала қаққан дабылы ма? Қоғамның осы мәселе төңірегіндегі қорқынышына нақты қандай негіз бар? Фактчекинг негізіндегі бұл материалымызда осы сауалдарға Қазақстандағы үрдіс пен әлемдегі тенденция аясында жауап береміз, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 02 Маусым, 2025
Жасанды интеллектке рақмет айту дұрыс па
Соңғы жылдары жасанды интеллект (ЖИ) адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Хат жазудан бастап, есеп шығаруға дейін — бәрін жасайтын виртуалды көмекшілерге үйреніп кеттік. ЖИ-мен әңгімелесу, одан көмек сұрау, тіпті оған «рақмет» айту күнделікті қалыпты құбылысқа айналды. Бұл сыпайылық па, әлде байқалмай келе жатқан қауіпті үрдіс пе?
Қоғам • 02 Маусым, 2025
Маусым айында қазақстандықтар неше күн демалады
2025 жылғы маусымда қазақстандықтарды қосымша демалыс күні күтеді. 6 маусым – жұма күні Құрбан айт мерекесіне байланысты жұмыс істемейтін күн болып белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Маусым, 2025
Қарағандыда 40 жетім бала баспанаға ие болды
Қарағанды қаласындағы Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы қабылдаған шаралардың нәтижесінде 40 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға көптен күткен баспана берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 02 Маусым, 2025
2000-нан астам сарбаз мемлекеттік грант алды
Қорғаныс министрлігінде алғаш рет әскери қызметтің белгіленген мерзімін абыроймен өткерген сарбаздарға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында оқуға мемлекеттік білім гранттары салтанатты жағдайда табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz .
Қазақстан • 02 Маусым, 2025
Үш ел «Бахри Точик» су қоймасын бірлесіп пайдаланады
Душанбеде, мұздықтарды қорғау жөніндегі халықаралық конференция аясында ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, сондай-ақ Тәжікстан мен Өзбекстанның су ведомстволары басшылары биылғы маусым айынан тамызға дейін «Бахри Точик» су қоймасын бірлесіп пайдалану жөніндегі хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 02 Маусым, 2025
Абай университетінде тағылымды кездесу өтті
2025 жылғы 2 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым, кеңестік және қазақстандық саясаткер, дипломат, журналист, саясаттанушы, профессор Қуаныш Сұлтановпен тағылымды кездесу өтті.