е
Медицина • 22 Мамыр, 2025
Елімізде дәрі-дәрмекті тіркеу мерзімі қысқарады
Қазақстанда дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды тіркеу мерзімін едәуір қысқартатын «бір терезе» қағидаты бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Жаңа бастама Цифрлық даму және Денсаулық сақтау министрліктерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • 22 Мамыр, 2025
Ақмола астығы Еуропаға жол тартты
Ақмола облысы мен Эстония Республикасындағы Muuga Grain Terminal астық терминалы арасында өзара ынтымақтастық туралы екіжақты меморандум қабылданды. Құжат биылғы ақпанда облыс әкімінің Эстонияға жасаған жұмыс сапары аясында рәсімделген. Бұл келісім қазақстандық өнімді Еуропа нарығына жаңа логистикалық бағыт арқылы жеткізуге мүмкіндік беріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2025
Алматыда электромобильдерді қуаттандыратын 311 станция орнатылады
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2025 жылдың 1 сәуірінде Алматыда 8 385 электромобиль тіркелген. Былтырғы осы уақытпен салыстырғанда олардың саны 1,5 есе өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Мамыр, 2025
Елордада жаппай велошеру өтеді
25 мамыр күні елордада «Астана – есірткісіз қала» ұранымен жаппай велошеру ұйымдастырылады. Велошеруге қатысушылар 25 шақырымды еңсеруі тиіс, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Мамыр, 2025
Қостанай облысында көші-қон заңын бұзған шетелдіктер елден шығарылды
Қостанай облысында көші-қон қызметінің мамандары республикалық науқан шеңберінде өткізген рейдтік іс-шаралар барысында заң бұзған шетелдіктерді ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 22 Мамыр, 2025
Астанада келесі жылыту маусымына дайындық басталды
Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек өткен жылу маусымы Астанада ақаусыз аяқталғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелей түсу үшін тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы да қарқынды жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2025
Балалардың жазғы демалысы жайлы бола ма
Балалардың жазғы демалысын мінсіз ұйымдастыру аға буынға сын. Ақмола облысында жазғы демалысты ұтымды ұйымдастырудың мүмкіндігі зор. Сексен көлді омырауына сексен моншақ етіп таққан орман-тоғайлы, ақ айдынды, саф ауасы тамылжыған табиғаттың аясы құтты игерілмей жатқан тың іспетті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Мамыр, 2025
Өзбекстанға жетер жол жеңілдеді
Енді қазақстандықтардың Өзбекстанға жеке куәлікпен кірулеріне рұқсат беріледі. Бұл туралы Өзбекстан сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Өзбекстан президентінің жарлығына сәйкес, бұл мәселе бойынша келіссөздер 3 ай ішінде басталуы керек, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 22 Мамыр, 2025
Кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау аясы кеңіді
Кәсіпкерліктің кеңге қанат жаюына көп кедергі бар дегенмен, ұлттың өркениетке қарайғы талабы мен талпынысы бұл жолда тап болған барлық тосқынды талқандап өтіп барады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 22 Мамыр, 2025
Көкшетаудағы гүл сататын дүкендер мен ерекше композицияларды жасап, гүлді одан әрі түрлендіріп жүрген флорист мамандарға арналған бранч көрме өтті. Онда гүлдің сан алуан түрі ұсынылып, шеберлік сабақтары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Мамыр, 2025
Биыл көпбалалы отбасылар 202 млрд теңге жәрдемақы алды
2025 жылдың басынан бастап Қазақстанда көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға арналған мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 22 Мамыр, 2025
Еліміздегі құс шаруашылығында кедергілер анықталды
Жоғары аудиторлық палата мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі еліміздегі құс шаруашылығы нарығына талдау жасап, жүйелі проблемаларды тапты. Атап айтқанда, көптеген құс өсіруші мемлекеттен субсидия ала отырып, етті әлі де бәсекелестерге қарағанда қымбат сатады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 22 Мамыр, 2025
Алматыда мәдениет және өнер саласының қайраткерлері марапатталды
Алматыдағы Республика сарайында мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Мәдениетті дамытудағы елеулі еңбегі үшін 50-ден астам шығармашылық сала өкіліне мемлекеттік награда табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2025
Жамбыл облысында дәрігерлік амбулаториялар салынып жатыр
Үкімет Жамбыл облысының Қордай және Талас аудандарында екі дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарын аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 319,5 млн теңге бөлді, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 22 Мамыр, 2025
Келешекке қызмет – мектепте мамандық таңдаудан басталады
Көптеген түлектер мамандықты – қызметтің мазмұны қызықтырғаны үшін емес, керісінше белгілі бір өмір салтын ұнатқандықтан, яғни мамандықтың қоғамдағы бедел-танымалдылығы үшін таңдауы мүмкін. Бүгінде оқушыларға кәсіптік бағдар беру – педагогикалық ғана емес, әлеуметтік мәселе. Әлеуметтік мәселе ретінде кәсіптік бағдар берудің мәні – жастардың өзіндік бейімділігі және өздеріне сәйкес келмейтін мамандықтарға ұмтылыстары арасындағы қайшылықтарды жеңу қажеттілігінде жатыр.
Қоғам • 22 Мамыр, 2025
Елімізде балаларды қорғау күніне орай қандай шаралар өтеді
Оқу-ағарту министрлігі 22–30 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған кең ауқымды іс-шаралар өтетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Театр • 22 Мамыр, 2025
«Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» – Жезқазғанда
Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрында ұлы жазушы Ш.Айтматов повесі желісімен жазылған «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» спектаклінің алдын ала көрсетілімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 22 Мамыр, 2025
Қылмыстық әрекеттер жалақыны заңсыз төлеу, еліміздің оңтүстік өңірлерінен қоныс аударушыларға материалдық көмек көрсету, үшінші тұлғаларға жәрдемақы беру арқылы жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2025
Қонаевта 14,3 мың гектар жер пайдаланылмай жатқаны анықталды
Қонаев қаласында пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін анықтау және оларды мемлекет меншігіне қайтару бағытында жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы қалалық жер қатынастары бөлімі хабарлады.
Жастар • 22 Мамыр, 2025
Қостанайда «Студент көктемі» фестивалі басталды
Қостанайда студент жастардың дәстүрлі мерекесі – «Студент көктемі - 2025» фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қостанай, Арқалық, Рудный қалаларынан келген ЖОО студенттерінің басын қосқан іс-шара аясында өнер, білім, спорт жарыстары ұйымдастырылады.
Қоғам • 21 Мамыр, 2025
Қонаевта халық саны азайғаны рас па?
Күні кеше түрлі БАҚ-тарда, әлеуметтік желілерде Қонаев қаласының тұрғындарының саны соңғы бір жылда 8,2%-ға азайып, 65900-ге түсіп кеткені жайында ақпарат тарады. Data Hub тілшілері бұл құбылыстың нақты себебін түсіндіре алмаған.
Мәдениет • 21 Мамыр, 2025
Ақмолалық «Орда» этно-ансамблі Франкфурт-на-Майн қаласында өнер көрсетеді
Таяуда Германияның Франкфурт-на-Майн қаласында Ақмола облысының этно-фольклорлық «Орда» ансамблінің концерті өтеді.
Мәдениет • 21 Мамыр, 2025
Қарашөкеев мәдениет қызметкерлеріне құрмет көрсетті
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 21 Мамыр, 2025
Университет кітапханасы жаңғыртылды
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде кітапхана қызметін жаңғырту бағытында бірнеше жоба жүзеге асырылды.
Төтенше жағдай • 21 Мамыр, 2025
Төтенше жағдайлар қызметінің (ТЖҚ) хабарлауына қарағанда жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 200-ге жуық өрт болған.
Спорт • 21 Мамыр, 2025
Теннисшілердің әлемдік рейтингі жаңартылды
Италияның Турин қаласында өткен «Челенджер» турнирде бас жүлдені олжалағаннан кейін Қазақстанның ең үздік теннисшісі Александр Бублик АТР рейтингінде бірден 25 сатыға жоғарлап, қазіргі кезде ол 51 орынды иеленуде.
Медицина • 21 Мамыр, 2025
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі дәрілік заттарды ұлттық заңнама бойынша тіркеу мүмкіндігін 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
Төтенше жағдай • 21 Мамыр, 2025
Павлодарда бес жасар қыз бала ашық тұрған терезеден құлады
Жеткіншек көпқабаттың үйдің екінші қабатынан құлаған. Дәрігерлер зардап шегушіні облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімшесіне жатқызды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2025
Депутат Түркістан облысында төтенше жағдай жариялауды ұсынды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ұласбек Сәдібеков Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығы саласында қордаланған мәселелер мен шаруаларды қысқан қуаңшылық туралы сөз қозғады, деп жазады Egemen.kz.
Digital • 21 Мамыр, 2025
Геологиялық ақпараттар цифрланып келеді
Қазақстанда жер қойнауын пайдалануға қатысты мәліметтерді цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл бастама жер қойнауын барлау мен игеруде ашықтықты арттырып, инвестициялық тартымдылықты күшейтуді көздейді, деп жазады Egemen.kz.