ру
Экономика • 19 Мамыр, 2025
Үкімет Жезқазғандағы әлеуметтік мәселені шешуге 1,8 млрд теңге бөлді
Жезқазған қаласының шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға Үкімет резервінен шамамен 1,8 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
Қызылорда облысында 60 мың гектар күріш алқабы лазермен тегістелді
Су үнемдеу және егін өнімділігін арттыру мақсатында Қызылорда облысында биыл 60 мың гектарға жуық күріш алқабы лазерлік технологиямен тегістелді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өңір диқандарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 18 Мамыр, 2025
Абай облысында аурухана іргетасы қаланды
Медициналық қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру, халықтың денсаулығын жақсарту – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екені Мемлекет басшысының әр Жолдауында айтылып келеді. Осы ретте Абай елінің көптен көкейінде жүрген облыстық аурухана салу мәселесін шешілетін болды.
Денсаулық • 18 Мамыр, 2025
Қазақстанда 120 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді
Бүгінде елімізде 120 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы (бұдан әрі – БҰӨО) жұмыс істейді, оның 57-сі қалаларда және 63-і ауылдарда орналасқан. 2024 жылы орталықтардың қызметін қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттерден бөлінген жалпы қаражат көлемі 5,9 млрд теңгені құрады. Биыл бұл мақсатқа 6,7 млрд теңге қарастырылған.
Жемқорлық • 18 Мамыр, 2025
Түркістанда мал шаруашылығына бөлінген ақша ұрланған
Облыста мал шаруашылығын дамытуға бөлінген 271 млн теңге субсидия қолды болған. Нақтырақ айтқанда, 31 шаруа қожалығы бойынша деректер базасына мал шаруашылығында шынында жоқ мал туралы жалған мәліметтер енгізілгені анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 16 Мамыр, 2025
Қазақстанда ішек қабынуы ауруларына шалдыққан науқастар саны көбейген
Бүгін Алматыда отандық және шетелдік жетекші мамандардың қатысуымен Ішектің қабынуы ауруларының IX ұлттық форумы аяқталды.
Экономика • 16 Мамыр, 2025
Елімізде 5 млн гектардан астам жерге дақыл егілді
Ел өңірлерінде көктемгі егіс науқаны қарқынды жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі осыған дейін 17,1 млн гектар алқапта ылғал жабу, 7,3 млн гектарда тұқым себуге дейінгі өңдеу және 1,9 млн гектарда көктемгі жырту жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 16 Мамыр, 2025
Эндоскопияның келешегі талқыланды
Астанада Орталық Азияның ІІ эндоскопиялық форумы басталды. Іс-шараны Қазақстан эндоскопиялық қоғамы мен Ұлттық ғылыми онкология орталығы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 16 Мамыр, 2025
Ғалымдар Арал тағдырына алаңдаулы
Астанада «Су қауіпсіздігі және трансшекаралық су ресурстарын пайдалану: сын-қатерлер мен шешімдер» атты халықаралық конференция өтті. Іс-шара ARAL саммиті аясында «Байтақ» жасылдар партиясының бастамасымен ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 16 Мамыр, 2025
Павлодарда 11 мыңға жуық адам жүрек ауруымен есепте тұр
Дәрігерлер бұл дерттің жылдан жылға «жасарып» бара жатқанын айтады. Бұған ең алдымен, тұрғындардың өз денсаулығына салғырт қарауы себеп, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 16 Мамыр, 2025
Астанада Мәдениет қызметкерлерінің форумы өтеді
21 мамырда атап өтілетін өнер қайраткерлерінің кәсіби мерекесіне орай елордада Мәдениет қызметкерлерінің форумы ұйымдастырылады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 15 Мамыр, 2025
Астанада ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Жәрмеңке 17-18 мамыр аралығында Нұрғиса Тлендиев даңғылы, 12а мекенжайында сағат 09:00-19:00 аралығында ұйымдастырылады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2025
Грузия қазақстандықтарға шекарадан өтуге неге шектеу қойды
Соңғы уақытта Грузия шекарасынан қазақстандық азаматтарды кері қайтару жиілеген. Бұл жағдайға байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2025
Биыл Жамбыл облысының диқандарына екі есе көп су берілген
Осы жылғы суару маусымы басталғалы жамбылдық шаруалар 44 млн текше метр су алған. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Кәсіпкер • 14 Мамыр, 2025
Петропавлда мал азығының ашытқысы зауыты салынады
Жуырда Петропавлға Италиялық инвесторлар келіп, «Qyzyljar» АЭА 3 млрд теңгенің мал азығының ашытқысы зауытын салуға ниет білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 14 Мамыр, 2025
Күнбағыс болса, күн бағыс жақсы
Абай облысының дән егіп, тер төккен диқандары көктемгі егіске қауырт кіріскелі қашан. Ауыл шаруашылығы саласының техникамен жарақталуы да жақсарып келеді. Жер тоймай, ел тоймайтынын жақсы білетін шаруалар егістік алқаптарына жоғары сұрыпты тұқым сеуіп, ала жаздай егіннің ебін табуға әзір, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 13 Мамыр, 2025
Павлодар облысында 1,5 мыңға жуық қара малдан бруцеллез анықталды
Ветеринарлар 178 мың қара малды тексеріп шығып, олардың 0,8 %-ы бруцеллез ауруын жұқтырғанын растаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 13 Мамыр, 2025
Солтүстік өңірде ықылым заманнан бері жалғасып келе жатқан, азаматтың күш-қуаты, қайраты саналатын жілік сындыру дәстүрі бар.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2025
Шымкенттен әскери парадқа он екі ару қатысты
Шымкенттіктер теміржол вокзалынан Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған Астанадағы әскери парадқа қатысқан әскери қызметші қыздарды сән салтанатпен күтіп алды, деп жазады Egemen.kz .
Оқиға • 13 Мамыр, 2025
Әлем көшбасшылары Астана халықаралық форумында бас қосады
29–30 мамырда Астана қаласы тағы да жаһандық пікір алмасу мен ынтымақтастықтың маңызды орталығына айналады. Астана халықаралық форумы (AIF) — әлем көшбасшыларын, халықаралық ұйымдар мен ірі компания өкілдерін жинап, ең өзекті жаһандық мәселелерді талқылайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 13 Мамыр, 2025
Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қалай түсуге болады
Алматыда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторантурасы мен магистратурасына құжат қабылдау басталды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференцияда академияның алматы бөлімшесінің директоры Айнұр Идрисова оқуға түсерде қандай құжат қажет екенін, оның ережесі мен жаңалығы жөнінде айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2025
«Keden» жүйесінде қойма иелерін реестрге тіркеу жеңілдеді
2025 жылғы 10 ақпаннан бастап заңды тұлғалар уақытша сақтау қоймаларының (УСҚ) реестріне тіркелу үшін «Keden» платформасы арқылы электронды әдіспен өтініш бере алады. Бұл бастама Мемлекеттік кірістер комитетімен байланысты жеңілдетіп, жұмыс барысын жеделдетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 13 Мамыр, 2025
Әйелдер ауруының алдын алудың амалдары қандай
Елімізде 12 мамырда денсаулық апталығы басталды. Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия ұйытқы болған шаралар легі маңызды 4 бағытты қамтиды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 13 Мамыр, 2025
Ауыл шаруашылығына су үнемдеу технологиялары енгізіледі
Бүгін Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов елімізде вегетациялық маусым әдеттегіден 20 күн бұрын басталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Мамыр, 2025
«Қазақстан – БАӘ» бизнес-форумының жабылу салтанаты өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян «Қазақстан – БАӘ» бизнес-форумының жабылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Мамыр, 2025
Каналдарға автоматтандыру жүйесі орнатылады - министр
Министрлік су шаруашылығы саласындағы кешенді жұмысын жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста жүзеге асырып жатыр. Түрлі аймақтарда 16 мамандандырылған коммуналдық кәсіпорындарда 1 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Осы және басқа да деректерді сала министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет сағатында жасаған баяндамасы барысында айтты, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 12 Мамыр, 2025
Мақта шаруашылығында 70 мың адам еңбек етіп жүр
Маңызды салалардың бірі мақта шаруашылығы – халықты жұмыспен қамтуға және өңдеу өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосып отыр. Мақта егілетін негізгі алқаптар Түркістан облысында орналасқан, 25 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымында шамамен 70 мың адам еңбек етеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2025
Атырау облысында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Атырау облысының Доссор кентінде ашылған жаңа өрт сөндіру депосы 40 шақырым радиустағы 15 мыңнан астам адамның өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, төтенше жағдайларға ден қою уақытын едәуір қысқартады, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 10 Мамыр, 2025
Өмірін сақтады: ұландықтар ұстамасы бар қызды құтқарып қалды
Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері кезекті рет кәсібиліктері мен кез келген сәтте көмекке келуге дайын екендіктерін дәлелдеді. Оқиға Салтанат сарайы маңында орын алды. Автобус аялдамасынан келе жатқан жас қыз кенеттен өзін жайсыз сезінген.
Шаруашылық • 10 Мамыр, 2025
Көктемгі егіске 6 мыңнан астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды
Мемлекет басшысының 2025 жылғы көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын ерте қаржыландыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында жеңілдетілген несиелеуге өтінімдер қабылдау 2024 жылғы 29 қарашадан басталды.