е
Оқиға • 14 Мамыр, 2025
Ірі көлемде қаржы жымқырған экс-депутат пен кәсіпкер сотталды
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі соты экс-мəслихат депутаты Алёна Беленцева мен кәсіпкер Дамир Мергенбаевқа қатысты үкім шығарды. Олар аса ірі көлемдегі бюджет қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған,деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 14 Мамыр, 2025
Жасанды интеллект заңдық негізге ие болады
Цифрлық технологиялар адам өмірінің барлық саласына дендеп енген бүгінгі таңда жасанды интеллект (ЖИ) жүйелерін заңнамалық тұрғыда реттеу – уақыт талабы. Осы орайда Мәжілісте «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бірінші оқылымда қарауға ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 14 Мамыр, 2025
Президент Армения Ұлттық жиналысының төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Армения Парламенті Спикері Ален Симонянның сапары екіжақты ынтымақтастықты тереңдету тұрғысынан маңызға ие екенін айтты. Президент өзара ықпалдастықты ілгерілетуге заң шығарушы органдар тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуі қажет деп санайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме, жасап.
Оқиға • 14 Мамыр, 2025
Павлодарда ескерткіштің жанында әдепсіз би билеген оқушы қыздар айыппұл арқалады
Павлодар қаласындағы Даңқ Обелискі мен Мәңгілік алаудың жанында бейәдеп би билеген екі жасөспірімге айыппұл салынды. Бұл туралы Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 14 Мамыр, 2025
Қазақстан-Армения ынтымақтастығы нығая түседі
Армения Республикасы Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонян ресми сапармен елімізге келіп, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановпен кездесті. Жоғары мәртебелі мейманды Мәжіліс үйінде қарсы алған спикер бұл сапарды Оңтүстік Кавказдағы сенімді әріптеспен арадағы қарым-қатынасты тереңдетудің айғағы деп бағалады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2025
Қазақстанда отбасыларды кешенді қолдау моделі қалыптасқан
15 мамыр Халықаралық отбасы күні. Ал Қазақстанда Отбасы күні жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтетіні мәлім. Ұлттық статистика деректеріне сәйкес, 2024 жылы ел бойынша 123,6 мың неке тіркелген (2023 жылмен салыстырғанда 2,2%-ға көп), ал соңғы 5 жылда ажырасу саны 48%-ға азайған. Бұл – отбасылық құндылықтардың нығайып келе жатқанын және азаматтардың болашаққа деген сенімін білдіретін оң көрсеткіштер, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 14 Мамыр, 2025
Атыраулық қаламгерлер Қазақстанның құрметті жазушысы атанды
Бүгін Атырауда «Жұмысшы мамандығы және Қазақстан жазушыларының шығармалары» тақырыбымен Қазақстан Жазушылар одағының көшпелі пленумы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Мамыр, 2025
Президент Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері жөніндегі отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 14 Мамыр, 2025
900 млн теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды
Қызылорда қаласында құны 900 миллион теңгеге жуық мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл – қалалық прокуратура жүргізген заңдылықты қалпына келтіру шараларының нақты нәтижесі, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 14 Мамыр, 2025
Артем Андропов Азия додасында күміс еншіледі
Ауыр атлетикадан сары құрлық бәсекесі – Қытайдың Цзяншань қаласында өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 14 Мамыр, 2025
Жайсаңдағы бекетте заңсыз мигранттар ұсталды
Ақтөбе облысындағы «Жайсаң» шекара бекетінде Ресей Федерациясына бағыт алған транзиттік бағыттағы жүк көлігін тексеру кезінде заңсыз мигранттар ұсталды, деп жазады Egemen.kz ҰҚК Шекара қызметінің дерегіне сүйене отырып.
Қазақстан • 14 Мамыр, 2025
Су мамандарының екінші тобы Қытайға оқуға аттанды
Елімізден 30 маман Қытай Халық Республикасына екі апталық курстарға аттанып отыр. Еске салайық, бұған дейін КХР-дан 30 адамнан құралған алғашқы топ оралғаны мәлім, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 14 Мамыр, 2025
Мамандандырылған ХҚКО-ларда міндетті биометрия енгізілді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында автокөлік иелері мен емтихан тапсырушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін биометриялық сәйкестендіру технологиясы іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 14 Мамыр, 2025
Ерлер емделуді әлсіздік деп қабылдамауы керек - дәрігер
Ер-азамат – отбасының қорғаны, ұлтының ұстыны. Алайда соңғы жылдары бөріктілердің денсаулығы алаңдатарлық деңгейге түсті. Жүрек аурулары, белсіздік, психикалық күйзеліс, қатерлі ісіктер – мұның бәрі ер адамның өмір сапасын ғана емес, қоғамның да ынтымағын ыдырататын факторлар. Дәрігерлер бұл мәселеге әлеуметтік тұрақтылыққа тікелей ықпал ететін кешенді құбылыс ретінде қарап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Мамыр, 2025
Астанада 70 адам 17 миллион теңгеге жалған тур сатып алған
Астанада алаяқ Вьетнамға арзан тур ұйымдастырамын деп уәде беріп, тұрғындардың 17 миллион теңгесін жымқырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2025
Таразда мәслихат депутаты соққыға жығылды
Әлеуметтік желіде Таразда Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының депутаты Нұрлан Байғазиевтің аяусыз соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады. Полицейлер ұрып-соғу фактісін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2025
Иорданияға тікелей рейс ашылады
Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Иордания Хашимит Корольдігінің еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Хамза Әл-Омари мырзамен кездесу өткізді. Басқосу барысында екі ел арасындағы көлік қатынасын кеңейту және тікелей әуе байланысын орнату мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2025
Жыл басталғалы 15,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалған
Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 66 кәсіпорны 1,7 мыңнан астам жұмыскерге 672 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін және түрлі ұйымдардағы еңбек құқығы бұзылуының 2,3 фактісін анықтап, кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 1 283 ұйғарым беріліп, 152 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған. Бұл – 1 мамырдағы жағдай бойынша деректер, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Мамыр, 2025
3 мыңнан астам топай асық жинаған ақтөбелік Қазақстан рекордттар кітабына енді
Ақтөбе облысының тұрғыны Ерболат Қуанышов 3 378 топай асық жинап, Қазақстан рекордтар кітабы КИнЭС-ке ресми түрде енді. Ол осы жетістігін растайтын арнайы сертификатқа ие болды. Енді коллекционер Гиннестің рекордтар кітабына енуге ниетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2025
Семейде үлескерлерді қолдау орталығы ашылды
Аймақ басшысы Берік Уәлидің тапсырмасымен Абай облысы әкімдігінің жанынан жұмыс тобы құрылып, үлескерлерді қолдау орталығы ашылды.
Шаруашылық • 13 Мамыр, 2025
Павлодар облысында 1,5 мыңға жуық қара малдан бруцеллез анықталды
Ветеринарлар 178 мың қара малды тексеріп шығып, олардың 0,8 %-ы бруцеллез ауруын жұқтырғанын растаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2025
Ертіс өзенінде суға батып кеткен ер адамның денесі бір айдан соң табылды
Марқұмның денесі оқиға болған жерден 150 километр қашықтықта табылған. Оны Железин ауылы маңында жергілікті тұрғындар байқаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2025
Соғыс өрті сөнгелі сексен жыл уақыт өтсе де қан қасап майданда опат болған боздақтардың дерегі әлі де табылып жатыр.
Қоғам • 13 Мамыр, 2025
Сынаптай сырғыған уақыт. Өмір ағысымен ұрпақ алмасады. Кешегі толқынның ізін бүгінгі буын басады. Сол айтпақшы, ел шетіне жау тигенде арыстандай айбат шеккен ҰОС ардагерлерінен осы күнде санаулы ғана жан қалыпты. Батырлардың көзі кетсе де артындағы бала-шаға, немелерінің естеліктері олардың ерліктерін ешқашан жоқтатпайды.
Қылмыс • 13 Мамыр, 2025
Елімізде кең таралған киберқылмыс түрлері қандай?
Полиция департаменті алаяқтықтың кең тараған 5 тәсілін айтты, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Қаржы • 13 Мамыр, 2025
Қазақстанда доллар бағамы тағы төмендеді
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар бағамы төмендегені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкент • 13 Мамыр, 2025
Маман даярлауда бизнес пен білім саласы бірікпек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жариялағаны белгілі. Осыған орай Шымкентте бизнес пен оқу орындары арасындағы өзара байланысты нығайтуға басымдық беріліп отыр. Бұл Президент бастамасын жүзеге асырудағы маңызды қадам боп саналады. Әсіресе, дуальды оқытудың жол картасы аясында әріптестік нығая түспек дейді мамандар.
Қоғам • 13 Мамыр, 2025
Жылда жөнделетін көшелер тиімсіз жоспарлаудың көрінісі ме?
Елорданың күн сайын өсіп, дамып жатқаны қуантады. Алайда қала тұрғындарының өмірінде әлі күнге дейін шешілмеген өзекті мәселенің бірі – жол жөндеу жұмыстары. Жыл сайын қайталанатын жөндеу, аяқталмайтын асфальттау мен қайта қазылған көшелер – бұл астаналық жүргізушілердің жүйкесін жұқартатын жағдайға айналды.
Оқиға • 13 Мамыр, 2025
Түркі мемлекеттері ұйымы сот органдарының ынтымақтастығы артты
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің жоғарғы соттарының басшыларымен онлайн форматта кездесті. Бұл жиын Түркияның Анталия қаласында өткен форум аясында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 13 Мамыр, 2025
Шұғыл медицинаны дамытудың тұжырымдамалары талқыланды
Елордада Еуразиялық шұғыл медицина қоғамдастығының III съезі шеңберінде «Шұғыл медицинаны дамытудың заманауи тұжырымдамалары мен перспективалары» атты халықаралық конференция өтіп жатыр. Оған ТМД елдері мен жақын шет мемлекеттерден жетекші медициналық сарапшылар, клиницистер, зерттеушілер мен профессорлар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.