ем
Спорт • 18 Маусым, 2025
Семсерлесуден Вадим Шарлаимов Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 18 Маусым, 2025
Орталық Азия елдері тәжірибе алмасты
Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы (ОАӨЭЫ) жоғары лауазымды тұлғаларының отырысы шеңберінде 17 маусымда Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласында Орталық Азия елдерінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) саласындағы уәкілетті органдарының қатысуымен өңірлік форум өтті. Аталған форум – МЖӘ тетіктерін дамыту, қатысушы елдердің осы саладағы тәжірибе алмасу, экономикалық өсімді ынталандыру, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда бірлескен бастамаларды ілгерілету және МЖӘ саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 18 Маусым, 2025
37 млрд теңгеден астам қаржы иелерін күтіп жатыр
Ағымдағы жылдың маусымындағы жағдай бойынша жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткен тұлғалардың талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы шамамен 37,3 млрд теңгені құрады. Қаражат 264 695 жеке зейнетақы шотында сақталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 18 Маусым, 2025
Ақмола облысында жер телімі мемлекетке қайтарылды
Ақмола облысы, Бурабай аудандық прокуратурасы құқықтық актілерді бағалау барысында жер заңнамасының бұзылғанын анықтады. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Маусым, 2025
Қазақстанда көші-қон оң динамикаға ие болды – сарапшы
Қазақстанда соңғы онжылдықта халық саны 2,8 миллион адамға артты. Бұл туралы Экономикалық зерттеулер институтының жетекші сарапшысы Шынар Төлешова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Маусым, 2025
Екі семсерші Азия чемпионатында үздік ондыққа енді
Индонезияның Бали аралында семсерлесуден Азия чемпионаты басталып, ерлер арасында қылышпен семсерлесуден, ал әйелдер арасында рапира бойынша жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 17 Маусым, 2025
Көлік министрлігі «Орталық– Батыс» жобасын іске асырады
«Қытай – Орталық Азия» екінші индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумы аясында ҚР Көлік министрлігі мен Қытайдың CITIC Group корпорациясы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Маусым, 2025
Ақтөбе медициналық орталығының мамандары 30 мамыр күні Расул мен Полина Саматовтардың отбасында Амир, Амин және Айшаның дүниеге келуіне себепкер болды. Үш сәби қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Маусым, 2025
Қытай Қазақстанның тату көршісі және сенімді стратегиялық серіктесі - Президент
Президент Қытайды Қазақстанның тату көршісі және уақыт тезінен өткен сенімді стратегиялық серіктесі деп атады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Маусым, 2025
Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті
Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 16 Маусым, 2025
«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалына айыппұл салынды
Аталған мекемеге табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзғаны үшін қосымша 18,3 млн теңге көлемінде әкімшілік жаза қолданылған. Бұдан бұрын да филиалға 61,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынған болатын. Осылайша, жалпы әкімшілік айыппұл сомасы 79,6 млн теңге болды, деп хабарлайды Egemen.kz Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мәліметіне сүйене отырып.
Қоғам • 16 Маусым, 2025
Жұмысынан айрылған азаматтарға 51,6 млрд теңге қаржы бөлінген
Биылғы жылдың 1 маусымы жағдайына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алып отырған азаматтардың саны 202,8 мың адамға жетті. Оның ішінде 138,2 мың адамға төлем биыл алғаш рет тағайындалған. Бұл мақсатқа бөлінген жалпы сома – 51,6 миллиард теңге, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Маусым, 2025
Мемлекеттік қызметшілер citizensec.kz платформасында киберсауаттылық бойынша оқудан өтеді
Маусым айының соңына дейін ҚР орталық мемлекеттік органдарының қызметкерлері citizensec.kz порталында арнайы онлайн-оқудан өтіп, цифрлық қауіпсіздік деңгейін арттырады, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 15 Маусым, 2025
Сақтандыру компаниясы қос аяғынан айрылған балаға жедел төлем жүргізді
Алматыдағы сақтандыру компаниясы Астанада орын алған жол апатынан зардап шеккен баланың отбасына тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру аясында 19,66 миллион теңге көлемінде сақтандыру төлемін жүзеге асырды. Өйткені, автопарктің жауапкершілігі «Евразия» сақтандыру компаниясына жүктелген, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 13 Маусым, 2025
Әбиба Әбужақынова алғаш рет әлем чемпионатының финалына өтті
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Будапештте өтіп жатқан әлем біріншілігінде алтын жүлде үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК мәліметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 13 Маусым, 2025
Алматы облысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Алматы облысында жедел жәрдем көлігінің қатысуымен қайғылы жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оқиға 11 маусым күні Алматы – Өскемен тас жолының 75-шақырымында орын алған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Маусым, 2025
Қазақстандықтар шілде айында қалай демалады
Елімізде жыл сайын 6 шілдеде Астана күні аталып өтеді. Бұл күн ресми түрде демалыс болып саналады. Биыл Астана күні жексенбіге сәйкес келіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 12 Маусым, 2025
Жыл сайын еліміздегі пойыз вагондары жаңарып келеді. Жолаушы тасымалының халықаралық желісін қалыптастыру бағытында белсенді жұмыстар жүріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Маусым, 2025
Биыл көпбалалы отбасыларға қанша жәрдемақы берілді
Жыл басталғалы 613,7 мың көпбалалы отбасыға 221 млрд теңге, 242,2 мың наградталған анаға 32,4 млрд теңге мемлекеттік жәрдемақы берілген, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 12 Маусым, 2025
23 семсерші Азия бәсекесіне барады
Семсерлесуден Азия чемпионаты – Индонезияның Бали аралында өтеді. Қазақстан құрамасының спортшылары ерлер және әйелдер арасында қылышпен, шпага және рапирамен сынға түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Маусым, 2025
Биыл 18 мың құтқарушы тұрғын үй төлемдерін алады
Биыл елімізде шамамен 18 мың Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкері тұрғын үй төлемдерімен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Сенат кулуарында Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Маусым, 2025
Президент Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясы спикерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы мәртебелі меймандарға ілтипат білдіріп, бүгінгі жиынның мән-маңызы ерекше екенін айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жемқорлық • 12 Маусым, 2025
Аграрлық университет активтері мемлекет меншігіне қайтарылады
Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Amanat» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің көшпелі жиыны өтті. Шара барысында ғасырға жуық тарихы бар оқу ордасының активтерін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 12 Маусым, 2025
Өскеменде өрттен 19 адам құтқарылды
Өскеменде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері тұрғын үйден шыққан өрт кезінде 19 адамды құтқарып, қауіпсіз жерге эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Маусым, 2025
ТүркПА делегацияларының басшылары Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығына барды
Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Солтүстік Кипр Түрік Республикасы парламенттерінің спикерлері Ұлттық ғарыш орталығына барып, ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің жұмысымен таныстыдеп жазады Egemen.kz.
Заң • 11 Маусым, 2025
Жүріп бара жатқан көлікке жармасқан балалардың ата-аналары жазаланды
Қарағанды облысында кәмелетке толмаған үш баланың жолда кетіп бара жатқан ГАЗель автокөлігіне жармасып, жол бойымен қозғалған сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 11 Маусым, 2025
Жәмилә Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады
Біріккен күрес әлемінің (UWW) әйелдер арасындағы жаңартылған рейтингі жарияланды. Рейтингтің 72 келі көрсеткішінде отандасымыз Жәмилә Бақбергенова бірінші болды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Словакия Премьер-министрімен келіссөз жүргізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицомен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Маусым, 2025
Ақордада Словакия Премьер-министрін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Ақордада елімізге ресми сапармен келген Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоны салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 11 Маусым, 2025
Валерий Рахымжан күміс медаль иеленді
Қазақстандық нысана көздеуші Валерий Рахымжан Германияның Мюнхен қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.