м
Өндіріс • 02 Сәуір, 2025
Қарағанды геологтары сирек жер элементтері бар кен орнын ашты
«Центргеолсемка» ЖШС жер қойнауын геологиялық барлаудың 2022-2024 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Құйрықтыкөл учаскесінде барлау жұмыстары кезінде шамамен миллион тоннаны құрайтын сирек жер металдарының үлкен ресурстары бар бірнеше перспективалы аймақтарды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 02 Сәуір, 2025
Астанада жазғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері басталады
Елорда әкімдігі 5 сәуірден бастап Астанадағы Бейбарыс Сұлтан көшесінің бойында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 02 Сәуір, 2025
Гуанчжоу мен Алматы арасында тікелей рейстер ашылды
Енді туристер Гуанчжоудан Қазақстанға тікелей рейспен жетіп, еліміздің көрікті жерлерімен таныса алады. Air Astana Алматы мен Қытайдың мегаполисі арасында жаңа тұрақты бағдарды ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2025
Семейде қоғамдық көліктің 72 пайызы ескірген - Сабильянов
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Н.Сабильянов Семейдегі қоғамдық көлік және тұрғындарды баспанамен қамту, ауыз су мәселесін көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Сәуір, 2025
Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі 7 жасар баланы қағып кетті
Қайғылы жағдай Алматы қаласының Алатау ауданында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі отын-энергетика кешенінің жай-күйі, негізгі жобаларды іске асыру барысы мен саланы одан әрі дамыту жоспары туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2025
ШҚО-да 16 адам қос азаматтық алған
Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері азаматтардың екі елдің төлқұжатын иелену фактілерін анықтады. Жыл басынан бері басқа мемлекеттің азаматтығын алғаны туралы ішкі істер органдарына хабарламаған 16 адам анықталып, олардың екеуі елден шығарылды.
Оқиға • 02 Сәуір, 2025
Шетелдік ұйымдарға қатаң шара қолдану керек - депутат
Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов Үкіметке арнайы депутаттық сауал жолдап, елдегі ұлттық құндылықтарға қарсы әрекет ететін ұйымдардың жұмысына тыйым салуды талап етті. Депутат ЛГБТ насихатының кеңінен таралып, кәмелетке толмаған жасөспірімдерге бағытталуы Қазақстанның дәстүрлі моральдық құндылықтарына қауіп төндіретінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Сәуір, 2025
Депутат мемлекеттік тудың маркетплейстерде сатылуына қарсылық білдірді
Жақында атыраулық төрт қыздың тұмшаланып, арабша жазуы бар мемлекеттік ту ұстап түскен суреті желіде резонанс тудырған еді. Бүгін депутат Ермұрат Бапи Мәжілістің жалпы отырысында осы оқиғаны жан-жақты зерттеуді талап етіп, бас прокурор Б.Асыловтың атына сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2025
Биыл Ақмола облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 5,4 млн гектардан асады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 48,1 мың гектарға көп, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2025
Мегаполисте жастарға арналған мансап күндері басталды
Алматыда жастар саясаты басқармасының қолдауымен іске асырылып жатқан «Жастарға арналған жалпықалалық мансап күндері» ауқымды жобасы басталды. Осынау бастама – жас мамандарға жұмыс табуға, кәсіби дағдыларын дамытып, әлеуетті жұмыс берушілермен байланыс орнатуға көмектесуді көздейді.
Оқиға • 02 Сәуір, 2025
Депутат заңсыз бұрылған өзенге қатысты дабыл қақты
Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке Шу өзенінің заңсыз бұрылуына қатысты депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, өзен арнасы бір кәсіпкердің фазендасы үшін жасанды түрде бұрылып, салдарынан төменгі ағыстағы ауылдарға су жетпей жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Сәуір, 2025
Президент Өнеркәсіп және құрылыс министрін қабылдады
Мемлекет басшысына министрліктің былтырғы атқарған қызметінің қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 02 Сәуір, 2025
Екі тараптың басшыларынан көңілім қалды - Трамп
АҚШ Президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығыстың ұзаққа созылуына байланысты екі тараптың да көшбасшыларынан көңілі қалғанын айтты. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Сәуір, 2025
Министрлік Шудағы ана өліміне байланысты тексеруді бастады
Жамбыл облысы Шу ауданындағы ана өлімі фактісі бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Шу ауданының емханасы мен ауданаралық орталық ауруханасына қатысты тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, тексеруді бастап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz сала министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.
Технология • 02 Сәуір, 2025
Инновациялық технологиялар паркі мен Астана Хаб біріктіріледі
Бүгін Мәжіліс инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Сәуір, 2025
Пхукеттегі жол апатынан Қазақстан азаматы қаза тапты
1 сәуір күні Таиландтың Пхукет аралында жантүршігерлік жол апаты болып, Қазақстан азаматы қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Сәуір, 2025
Құжатсыз ет сатқандар 5 млн айыппұл арқалаған
Наурыздың 11-31 күндері республика көлемінде «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Сәуір, 2025
Мемлекеттік Туды қорлаған 4 адамға сот шешімі шықты
Атырауда 4 адамның өзге тілде жазуы бар мемлекеттік Тумен түскен фотосы әлеуметтік желіде тараған еді. Құқық бұзушылардың арасында кәмелетке толмаған екі жасөспірім бар.
Экология • 02 Сәуір, 2025
Орман шаруашылығы аумақтарында зерттеу жұмыстары басталды
Мемлекет басшысы қойған міндеттер аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігі Үкімет атынан жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 02 Сәуір, 2025
«Таза Қазақстан» акциясына 6 млн адам қатысқан
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев бүгінде республикада материалдық-техникалық жабдықтар жаңартылып жатқанын мәлімдеді. Осы орайда орман өртін сөндіру техникасы сатып алынып, өртті ерте анықтау жүйелерін енгізу процесі жүріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 02 Сәуір, 2025
Берік Асылов: Азаматтар жауапкершілікті өз мойнына алғанда – шынайылық өзгереді
Бас прокурор Берік Асылов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында еліміздегі бірқатар ауылдардың спиртті ішімдіктерді сатудан өз еркімен бас тартып жатқаны туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Сәуір, 2025
Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қазақстандықтар туралы тың дерек табылды
Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің бастамасымен тарих ғылымдарының докторы, Satbayev University профессоры Гүлнара Меңдіқұлова Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған еске алу шаралары аясында жұмыс сапарымен Францияға барды. Сапар аясында ол соғыс кезінде қаза тапқан қазақстандық сарбаздар туралы мәліметтер жинап және олардың Франция аумағындағы шайқастарға қатысуын зерттеген, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 02 Сәуір, 2025
Қозыбаев университеті жаңа оқу жылында 200 студент қабылдайды
Солтүстік Қазақстан облысындағы Қозыбаев университеті 2024-2025 оқу жылында «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы аясында 200-ден астам студентті қабылдайды. Бағдарлама еліміздің оңтүстік өңірлерінен келген жастарға білім алып, кейін солтүстік аймақтарда жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Сәуір, 2025
Айдын Құлсейітов лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 01 Сәуір, 2025
Абай облысында екі жаңа мектеп ашылды
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Абай облысының Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп, ал Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында 1 200 орындық мектеп пайдаға берілді.
Білім • 01 Сәуір, 2025
Биыл 370 мың бала 1-сыныпқа қабылданады
Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 01 Сәуір, 2025
Туризм және спорт министрінің кеңесшісі тағайындалды
Туризм және спорт министрінің кеңесшісі лауазымына Саян Жақсыгелдіұлы Хамитжанов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 01 Сәуір, 2025
Былтыр 2 мыңнан астам балаға кардиохирургиялық операция жасалған
Жыл сайын туа біткен кемістігі бар 1500 жаңа туған нәресте хирургиялық ем алады, деп жазады Egemen.kz.
Тағзым • 01 Сәуір, 2025
2025 жыл - Нұрғиса Тілендиевті еске алу жылы
ТҮРКСОЙ Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы осы жылды Нұрғиса Тілендиевті еске алу жылы деп жариялады. Бұл туралы ұйымның бас хатшысы Сұлтан Раев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.