СІМ
Қазақстан • 21 Ақпан, 2024
«Жерасты суларын барлау»: Қазақстан-Испания ынтымақтастығы артады
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Испанияның Қазақстандағы елшісі Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегромен кездесіп, жерасты суларын барлау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Бұл туралы тиісті министрліктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жануарлар • 15 Ақпан, 2024
Қой-ешкі, сиыр кеміп, жылқы мен түйе көбейген
Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы мал шаруашылығын дамытудың негізгі көрсеткіштерін жария етті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 15 Ақпан, 2024
Қатармен келісімге қол қойылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатар еліне мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Қатар арасында ұстап беру және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімдерге қол қойылды, деп жазады Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 08 Ақпан, 2024
Бірыңғай ұлттық генетикалық банк құру керек – сенатор
Сенат отырысында депутат Жанболат Жөргенбаев Премьер-министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдап, бірыңғай ұлттық генетикалық банк құру мәселесін көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Ақпан, 2024
Қазақстандағы халық саны туралы жаңа деректер жарияланды
Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың басы мен 2024 жылдың 1 ақпаны аралығындағы халық өсімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2024
«Қазақстанға келе қоймас, келсе де кіре алмайды»: СІМ ресми өкілі Тина Канделаки туралы
Ресейлік журналист Тина Канделаки өзінің Telegram-парақшасында Қазақстандағы теміржол станцияларының атауын өзгерту шешіміне орай Қазақстанда орыс тілінің қолданылу аясы тым шектеліп жатқанын жазған еді. Ол «Уральск» атауының – «Орал», «Узень» атауының «Жаңаөзен» деп өзгеруі күмән тудырады деп жазды. Тина Канделакидің осы әрекетіне орай Қазақстанда қандай шара қолданылатынын Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 21 Қаңтар, 2024
ХАМАС ұйымын Израиль қаржыландырады – дипломат
Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Израиль мемлекеті ХАМАС ұйымын «өздері қаржыландырып өсірді» деп айыптады. Және Израиль мен Палестина мемлекетінде тыныштық орнату мәселесін, Таяу Шығыстағы қақтығыс шиеленісін сырттан шешуге үндеді, деп хабарлайды Egemen.kz DW медиакомпаниясына сілтеме жасап.
Президент • 19 Қаңтар, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев италиялық бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесті
Қазақстан Президенті Римге ресми сапары аясында Италияның бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Дөңгелек үстелге халықаралық деңгейдегі 30-ға жуық компания қатысты, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2024
Арада 27 жыл өтті. Қазақстан халықаралық конвенцияға қосылды
Қазақстан халықаралық су ағындарын пайдалану туралы конвенцияға қосылды. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Халықаралық су ағындарын кеме жүрмейтін пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенцияны ратификациялады, деп хабарлайды Egemen.kz төменгі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 10 Қаңтар, 2024
ЕҰУ ғалымдары өсімдіктердің вирусқа қарсы қабілетін күшейтті
Еуразия ұлттық университетінің биотехнологтары өсімдіктерді вирустардан қорғау үшін Қазақстанда бірінші рет CRISPR/Cas13 геномдық өңдеу технологиясын қолданды. ЖОО ғалымдарының инновациялық шешімі ауылшаруашылық дақылдардың иммунитетін күшейтуге, аурулар мен күйзеліске төзімділігін арттыруға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 19 Желтоқсан, 2023
Энергетика вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Сұңғат Қуатұлы Есімханов Энергетика вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2023
«Есімі - Тәуелсіздік»: Жетісу облысында аты ерекше бала тұрады
Жетісу облысында Тәуелсіздік есімді бала тұрады. Осындай ерекше атты иеленген ол Панфилов ауданы Көктал ауылындағы Абай атындағы орта мектептің 7 сыныбында оқиды, қазір 12 жаста, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Желтоқсан, 2023
10 келісім: электр станциясы, кәсіпорын салынады
Президент Қ.Тоқаев Дубайда өтіп жатқан Климат жөніндегі дүниежүзілік саммит (СОР28) аясында Қазақстанның және басқа да елдердің мемлекеттік органдары мен бизнес-құрылымдары арасындағы бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сүйеніп.
Қазақстан • 29 Қараша, 2023
АҚШ-та ядролық қаруға тыйым салу мәселесі талқыланды
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында БҰҰ-ның бас ғимаратында 27 қарашада басталған Ядролық қаруға тыйым салу шартына (ЯҚТСШ) қатысушы елдердің екінші конференциясына Премьер-министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 23 Қараша, 2023
Триллион теңге жетпейді – Мәулен Әшімбаев
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заңдарды қарау барысында мәселе көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Қараша, 2023
Қазақстанда халық саны 30 миллионға қашан жетеді?
Елімізде халық саны 14 қараша күні 20 миллионға жетті. Ұлттық статистика бюросы демографиялық деректерді ескеріп, яғни елімізде тұрақты мекен ететіндерді, көшіп кеткендер мен өмірге келген сәбилерді, қайтыс болған жандарды есепке алып халық санын шығарады.
Қоғам • 16 Қараша, 2023
Халқымыздың санын 20 миллионға жеткізген бес сәби қай өңірде дүниеге келді?
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 14 қараша күні таңғы сағат 8.10-да өмірге келген бес сәби Қазақстан халқының санын 20 миллионға жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Қараша, 2023
Газа секторынан эвакуацияланған отандастарымыз Каирге жетті
Бүгін эвакуацияның бірінші кезеңі аяқталды. Нәтижесінде «Рафах» бақылау-өткізу пункті арқылы Газа секторынан Мысыр аумағына 92 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Қараша, 2023
Су мәселесінде Қырғызстанмен келісім жасалды
Қазақстан мен Қырғызстан Жамбыл облысының суармалы жеріне су беру туралы келісімге келді. Бішкекте өткен кездесуде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов келіссөз жүргізді. Талас өзеніндегі «Түйте» каналы арқылы су беруді қалпына келтіру бойынша іс-шаралар атқару туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Қараша, 2023
Кәрім Мәсімовке тағы бір айып тағылды
Бұл жолы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ақшаны жылыстату және пара алу дерегі бойынша күдікке ілінді, деп жазады Egemen.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 13 Қараша, 2023
Газа секторынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау басталды - СІМ
Газа секторынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау басталды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қараша, 2023
Қостанайда көлік зауытының құрылысы басталды
Қостанайда «Kia Qazaqstan» бірлескен кәсіпорнының құрылысы басталды. Құрылыс алаңының ашылу салтанатына ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен KIA зауытың бас директоры Ким Деки қатысты.
Президент • 09 Қараша, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бірқатар құжатқа қол қойды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздерден кейін бірнеше құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Қараша, 2023
Су мәселесін шешуге арналған екі басқарма құрылады
Су ресурстары және ирригация министрлігінде жаңадан құрылатын екі басқарма көрші елдермен су мәселесін шешеді. Бұл туралы осы салаға жауапты министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 02 Қараша, 2023
Қазақ саны 2009 жылдан бері 33,7%-ға көбейді
Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша халықтың ұлттық құрамы жөніндегі тақырыптық жинақты жариялап, тұрғындардың жасы бойынша да мәліметтерді анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қазан, 2023
Бала туу көрсеткіші мақтанарлық
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша соңғы он жылдың бедерінде елімізде азаматтардың орташа жасы 31-ден 32-ге өскен. Бұған 15 жасқа дейінгі жеткіншектердің өсімі де айтарлықтай септігін тигізіп отыр.
Қоғам • 29 Қазан, 2023
Иранның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан халқына көңіл айтты
Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Қазақстан халқына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Қазан, 2023
«Хамас» шабуылы: Қазақстан азаматы туралы ақпаратты министрлік теріске шығарды
«Хамас» шабуылынан қаза тапқандар мен із-түзсіз жоғалып кеткендер туралы Израиль Қорғаныс министрлігі жариялаған тізімнің ішінде бір Қазақстан азаматы бар деген ақпаратты Сыртқы істер министрлігі теріске шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 13 Қазан, 2023
Қазақ спортшылары IV Азия Пара ойындарына аттанады
Алматы қаласында Ұлттық құрама команданы IV Азия Пара ойындарына ресми шығарып салу рәсімі өтті. Байрақты бәсеке қазан айының 22-28 күндері аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 09 Қазан, 2023
Үкіметте жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу талқыланды
Премьер-министр Әлихан Смайылов Eren Holding басшысы Ахмет Еренді қабылдап, Қазақстан экономикасының түрлі салаларында жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.