ел
Президент • 28 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Руанда Президентімен келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагамеге ілтипат білдіріп, бұл сапардың тарихи мәні зор деп бағалады. Сондай-ақ Қазақстан мен Руанда арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге шығатынын жеткізді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 28 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Эфиопияның Ұлттық күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Тайе Ацке-Селассиеге Эфиопияның Ұлттық күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Мамыр, 2025
Шетелдіктің көлігін заңсыз иемденген алаяқтар ұсталды
Жетісу облысының 33 және 34 жастағы тұрғындары Қытай азаматына тиесілі көлікті Грузияға жеткізіп береміз деген сылтаумен иемденіп, сатып жіберген, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 26 Мамыр, 2025
Қазақстан қор биржасы Қазақтелеком акцияларының саудасын тоқтатты
Мұндай шешім олардың бағасының 52,71% -ға төмендеуіне байланысты қабылданды. Биржалық қызметтi жүзеге асырудың iшкi ережелерiне сәйкес, егер акциялардың бағасы 30% -ға және одан жоғары төмендеген жағдайда, сауда-саттық автоматты түрде тоқтатылады, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 26 Мамыр, 2025
«Жасыл ел» жасағына қалай жұмысқа орналасуға болады?
Алматыда «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының көктемгі жұмыс кезеңі жүріп жатыр. Ұйымдастырушылар жаз маусымында 2100-ден астам азаматты жұмыспен қамтуды жоспарлаған.
Технология • 26 Мамыр, 2025
Мемқызметшілерді жасанды интеллект дағдыларына оқыту басталды
Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің қатысуымен мемлекеттік қызметшілерді жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларына үйретуге арналған AI-Qyzmet оқыту бағдарламасының ашылуы өтті.
Технология • 26 Мамыр, 2025
Мемлекеттік қызметшілерге жасанды интеллект дағдылары үйретіледі
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп мемлекеттік қызметшілерге арналған жасанды интеллект дағдылары бойынша AI Qyzmet оқыту бағдарламасын іске қосты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2025
Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды
«Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында өнеркәсіптік объектілердің бірінде аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған, мемлекетаралық іздеуде жүрген шет мемлекеттің азаматы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 26 Мамыр, 2025
Әр ұлттың жүрегінде жер, ел, тіл, тәуелсіздік деген сынды қасиетті ұғымдар бар. Ал сол тәуелсіздіктің тірегі, оны нақтылайтын және қорғайтын құндылық – Ата заң. Ол – мән-мағынаға толы, тарихи және саяси салмаққа ие ұғым.
Оқиға • 26 Мамыр, 2025
Азаматтықтан бас тартатындар азайып келеді - Ерлан Қарин
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалық етуімен ҚР Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығару мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 26 Мамыр, 2025
«Алтайдан Оралға дейін» республикалық велошеруі басталды
Жұмысшы мамандықтар жылына арналған шеру бағыты Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар облыстары мен Астана қаласын және Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарын, яғни сегіз өңірді қамтып өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 24 Мамыр, 2025
Атырау облысында мектеп бітіретін 222 түлек «Алтын белгі» алуы мүмкін
Биыл Атырау облысында 11-сыныпты 7 мың 415 оқушы бітіреді.
Білім • 24 Мамыр, 2025
Қостанай облысында 288 түлек «Алтын белгіден» үмітті
Қостанай облысында оқушылардың мектеппен қоштасу жиындары басталды. Биыл өңірде 4 700-ден астам оқушы 11-ші сыныпты тәмамдайды. 228 оқушы «Алтын белгіге», 290 түлек үздік аттестатқа үміткер.
Спорт • 24 Мамыр, 2025
Кирилл Герасименко үстел теннисінен Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/16 финалында жеңіліс тапты. Алғашқы екі айналымда сингапурлық К Чю мен жапониялық Хироко Шинозутаға шаң қаптырған отандасымыз 1/16 финалда Бразилияның беткеұстар ойыншысы Уго Кальдераноға 2:4 есебімен есе жіберді.
Заң • 23 Мамыр, 2025
Тұлға еңбегі насихатталуы керек
Алаштың алғашқы конституциясы деп бағаланған «Қазақ елінің уставы» еңбегінің авторы Барлыбек Сырттанұлы туралы біреу білсе, біреу білмейді. 20 ғасыр басындағы рухани, саяси элита шоғырында ерекше аталатын тұлға қазіргі Ата заңымыздың негізін қалаған. Оның бұл еңбегі - Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сынды құқықтық нормалардың жаңғырығы, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 23 Мамыр, 2025
«Келешек» жүйесінің алғашқы төлемін қашан алуға болады
235 920 теңге көлеміндегі мемлекеттік білім беру капиталын отандастарымыз осы жылдың 31 тамызына дейін алатын болады. Ол биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 5 жасқа толған немесе толатын балаларға есептеледі. Мемлекеттен осы материалдық қолдауды алу үшін Отбасы банкте «AQYL» білім беру жинақтау салымын ашу қажет. Бүгінгі күннің өзінде 6 624 ата-ана аталған депозиттерді ашып үлгерген екен, деп хабарлайды Egemen.kz Отбасы банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айбын • 23 Мамыр, 2025
Қазақстан Қарулы күштерінің делегациясы Түркияға барды
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдиновтың басшылығымен Қазақстан Қарулы күштерінің делегациясы Анкара қаласына барды. Сұлтан Қамалетдинов Түркия Қорғаныс министрі Яшар Гюлермен және Түркия Қарулы күштері Бас штабының бастығы армия генералы Метин Гюракпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Мамыр, 2025
Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан Елшісі лауазымынан босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 23 Мамыр, 2025
Қазақстанның бірқатар елдердегі Елшілері тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 23 Мамыр, 2025
Астанадағы Тәуелсіздік даңғылы жабылады
Бұл туралы елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 22 Мамыр, 2025
Картель шын мәнінде кімге қауіп төндіріп отыр
Жақында ғана тұрақтала бастаған әлемдік мұнай нарығы тағы да назарға ілікті. ОПЕК+ ұйымының мамыр-маусым айларында мұнай өндіру көлемін тәулігіне 411 мың баррельге арттыру туралы шешімі – жай ғана техникалық түзету емес. Бұл – энергетикалық үстемдік үшін жүріп жатқан геосаяси ойын, онда жекелеген елдерді «тәртіпке шақырудың» астарында ұйымның жаһандық ықпалын нақты көрсетіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Мамыр, 2025
Заңсыз тіркелген автокөліктер мемлекетті шығынға ұшыратқан
Қаржы мониторинг агенттігі (ҚМА) заңсыз тіркелген автокөліктер мемлекетке 11 млрд теңгеден астам шығын әкелгенін мәлімдеді. Сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекет жаңа автокөліктерді елге әкелуді қолдап, ынталандырмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Мамыр, 2025
13 жасар теннисші тағы топ жарды
Испанияның Пладжа-де-Аро қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender жарысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Мамыр, 2025
Қазақстан армиясының даярлығы талқыланды
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың төрағалығымен Қарағанды гарнизонында Қорғаныс министрлігі алқасының көшпелі отырысы өтті. Жиында 2024–2025 жылдардағы қысқы оқу кезеңінің қорытындысы шығарылып, жазғы кезеңге арналған басым бағыттар белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Мамыр, 2025
Елордада жаппай велошеру өтеді
25 мамыр күні елордада «Астана – есірткісіз қала» ұранымен жаппай велошеру ұйымдастырылады. Велошеруге қатысушылар 25 шақырымды еңсеруі тиіс, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Мамыр, 2025
Қостанай облысында көші-қон заңын бұзған шетелдіктер елден шығарылды
Қостанай облысында көші-қон қызметінің мамандары республикалық науқан шеңберінде өткізген рейдтік іс-шаралар барысында заң бұзған шетелдіктерді ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 22 Мамыр, 2025
Еліміздегі құс шаруашылығында кедергілер анықталды
Жоғары аудиторлық палата мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі еліміздегі құс шаруашылығы нарығына талдау жасап, жүйелі проблемаларды тапты. Атап айтқанда, көптеген құс өсіруші мемлекеттен субсидия ала отырып, етті әлі де бәсекелестерге қарағанда қымбат сатады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2025
Депутаттар Талдықорған - Текелі арасында жолаушылар пойызын іске қосуды ұсынды
Жетісу облысының тұрғындары Талдықорған мен Текелі қалалары арасындағы теміржол желісін жолаушылар тасымалы үшін пайдалануды сұрап, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына жүгінген. Осыған байланысты партия депутаттары Көлік министріне сауал жолдап, Мәжілістің жалпы отырысында осы мәселені көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 21 Мамыр, 2025
Жыл соңына дейін 112 жайлы мектеп пайдалануға беріледі
Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Екі жыл ішінде ұлттық жоба аясында 460 мың оқушы орнына арналған 217 заманауи мектеп салу жоспарланған, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 21 Мамыр, 2025
Ауыл мектебінің түлегі 36 шетелдік университеттен шақырту алды
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына қарасты Қапланбек ауылдық округіндегі Қанағат ауылында орналасқан №7 Төле би атындағы жалпы орта мектептің 11-сынып оқушысы Ақжүніс Атахан шетелдің 36 беделді жоғары оқу орнынан шақырту алды, деп хабарлайды Egemen.kz.