е
Президент • 18 Сәуір, 2025
Ақтауда 177 үй күрделі жөндеуді қажет етеді - Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауды жылумен қамту және тұрғын үйлерді жаңғырту мәселесіне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 18 Сәуір, 2025
Қ.Тоқаев туризмнің дамуына жол ашатын бағыттарды атады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында туризмді дамыту – өңір экономикасын әртараптандырудың маңызды бағыты екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл сала мұнай-газ саласынан кейінгі аймақтың басты экономикалық драйверіне айналуы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.
Маңғыстауға бизнесті қолдауға қаржы бөлінеді - Президент
Президент еліміздің өңірлерінде кәсіпкерлікті дамыту мен жаңа жұмыс орындарын ашудың маңыздылығына тоқталып, өңдеу секторына ерекше басымдық беру қажет екенін атап өтті. Мемлекет басшысы аймақ экономикасын әртараптандыру үшін нақты және нәтижелі жұмыс жүргізу керек деді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 18 Сәуір, 2025
Мәңгілік Ел даңғылының учаскесі ішінара жабылады
19-25 сәуір аралығында Астана қаласындағы Мәңгілік Ел даңғылының учаскесінде Сарайшық/Мәңгілік Ел көшелерінің қиылысындағы көлік айрығынан Ф.Оңғарсынова көшесіне дейін жол төсемінің жоғарғы қабатын ауыстыру бойынша жұмыс кезең-кезеңімен жүргізілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 18 Сәуір, 2025
Қорғаныс министрі парадқа дайындықты тексерді
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге дайындық жүріп жатқан индустриалды қалашық пен далалық лагерьде болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2025
Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі кеңесте аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысын егжей-тегжейлі талқылау қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көкшетауда егде адамдар иогамен айналысады
Облыс орталығындағы жастары жер ортасынан асқан егде адамдар йогамен айналысуда. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы үйірмелерге 700-ден астам адам қатысады. Олардың 400-і йогаға, хореография мен фитнеске барады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 18 Сәуір, 2025
Емшараға барарда нені ескеру керек
Былтырдан бастап биылғы жылдың I тоқсанына дейін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріндегі қызмет көрсету сапасына қатысты ел азаматтарынан 7 өтініш түскен. Тексеріс нәтижесінде лицензиясыз жұмыс істеген емшара кабинеттері мен сертификаты жоқ мамандар анықталған, деп жазады Egemen.kz.
Хоккей • 18 Сәуір, 2025
Хоккейшілер әлем чемпионатына даярлануда
9-25 мамыр аралығында Швеция мен Данияда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 18 Сәуір, 2025
Мәулен Әшімбаев ТМД Парламентаралық Ассамблеясының отырысына қатысты
Санкт-Петербургте ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 58-ші пленарлық отырысы өтті. Оған Достастық елдер Парламенттері Палаталарының басшылары мен депутаттары қатысты. Қазақстандық делегацияны Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастап барды. Сапар аясында ол Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ТМД ПАА-ның салтанатты отырысында сөз сөйледі және маңызды екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көкшетау-Зеренді бағытында үш жолақты жол салынады
Еліміз бойынша алғашқы үш жолақты реверсивті жол осы бағытта салынады. Басты мақсат курортты аймаққа қатынайтын күре жолды кеңейту, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 18 Сәуір, 2025
Бангкокта дзюдодан Азия чемпионаты басталады
25-27 сәуір аралығында Таиландтың астанасы – Бангкокта дзюдодан Азия чемпионаты өтеді. Бұл жарыста 30 мемлекеттен келген 295 балуан бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 18 Сәуір, 2025
Заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілететін тұжырымдама бекітілді
Елімізде Қоғамда заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдама бекітілді. Тиісті қаулыны Үкімет қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жәдігер • 18 Сәуір, 2025
Түркістанда Алтын орда кезеңінің жәдігері таныстырылды
Түркістанда «Алтын Орда кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» атты көрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Сәуір, 2025
Президент Маңғыстау көлік-логистикасының даму барысымен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуда маңызды рөлге ие басты логистикалық хабтың бірі – Ақтау халықаралық теңіз портына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 18 Сәуір, 2025
Боксшы Мұхаммедсабыр Коротков турнирінің қола жүлдегері атанды
Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан дәстүрлі Коротков турнирінде қазақстандық былғары қолғап шебері Мұхаммедсабыр Базарбайұлы қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жоба • 18 Сәуір, 2025
Үкіметте жолдарды дамытатын жобалар қаралды
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында автомобиль және теміржолдарды дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 18 Сәуір, 2025
Жеңіс күні қарсаңында «1941 жылдың жазы» фильмінің көрсетілімі өтті
Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80-жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Елшілігі Софиядағы Ресейлік мәдени-ақпараттық орталықта қазақстандық «1941 жылдың жазы» фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды. «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараға дипломатиялық корпустың, қазақ диаспорасының өкілдері және болгар киносүйер қауымы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жәдігер • 18 Сәуір, 2025
«Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында еліміздің деректі мұраларын сақтау бағытындағы жұмысты жандандыруға қатысты нақты тапсырма берген болатын. Осы бастамаға орай «Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның халықаралық «Әлем жады» тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Ерлан Қарин cарапшылармен жиын өткізді
Басқосуды Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды. Кездесуге Андрей Чеботарев, Алуа Жолдыбалина, Талғат Қалиев, Айгүл Сәдуақасова, Никита Шаталов, Қарлығаш Жаманқұлова, Ғазиз Әбішев, Айгүл Забирова, Нұрбек Матжани, Жанар Санхаева, Әмина Үрпекова секілді белгілі саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 18 Сәуір, 2025
Қазақстандық гимнасттар Әлем кубогының финалына жолдама алды
Спорттық гимнастикадан Дохада өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының спортшылары жарқын нәтиже көрсетіп, екі гимнаст финалға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы BS Arena спорт кешеніне барды
Президент көпфункционалды спорт кешенінің қызметімен танысты. Заманауи құрылғылармен жабдықталған нысанда халықаралық және республикалық спорт жарыстарын, сондай-ақ мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге болады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руханият • 18 Сәуір, 2025
Жұбайлардың бірін-бірі қолдауы – өмірдің ең қымбат сыйы. Алайда ақыл-ойымен жаһанға жарық сыйласа да, бұл игілік тағдыр тақтасына түртілмей кеткен хакімдер жетерлік.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Семей жұрты бітімгерлерді қарсы алды
«Абай» әуежайында БҰҰ миссиясы аясында Голан жоталарында қызмет атқарып, бір жылдан кейін елге оралған тұңғыш бітімгерлік контингентін салтанатты қарсы алу рәсімі болды. Әскери қызметкерлерді әуежайдан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов бастаған қарулы күш құрамы мен бітімгерлердің отбасы мүшелері салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы Yessenov Technopark қызметімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің аумағында орналасқан технология паркінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Қазақстанда алғаш рет FPV-дрон операторларының жарысы өтті
2025 жылғы 17 сәуірде ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастамасымен «Майлан» далалық оқу орталығында елімізде алғаш рет FPV-дрон операторлары арасында Millitary Drone Race атты турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Сәуір, 2025
Енді жергілікті бюджеттің борышы үшін әкімдер жауап береді
Қазақстанда өңірлік деңгейде мемлекеттік борышты басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар жүйелі шаралар қабылданды. Бұл жұмыстарды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы негізінде жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Жаңаөзенде бір топ жасөспірім оқушы мен әкесін ұрған
Оқиға 2025 жылдың 17 сәуірі күні кешкі уақытта зардап шеккен оқушының үйінің жанында болған. Баласына көмекке келген әкесіне де бұзақылар шабуыл жасап, ауыр дене жарақаттарын салған. Ер адам аяқ сүйегінің сынуы салдарынан ауруханаға түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Сәуір, 2025
Президент Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді
Мемлекет басшысына азық-түлік қауіпсіздігін сақтайтын мұндай нысанның аймақта алғаш рет салынғаны жөнінде баяндалды. Аталған орталық өңірді азық-түлікпен қамтамасыз ету, тұтынушылармен арадағы делдалдарды азайту және өнім бағасын төмендету мақсатында бой көтерген, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күрес • 18 Сәуір, 2025
Азия додасында балуандар 27 жүлде еншіледі
Самбодан жастар арасында Азия және Тынық мұхит чемпионатының жеңімпаз-жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.