КТ
Технология • 28 Наурыз, 2025
Алматыда AlmatyFair.ai көрмесі ашылды
Бүгін оңтүстік астанада Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен жасанды интеллект саласында AlmatyFair.ai көрмесі ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 28 Наурыз, 2025
4 мыңнан астам мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл төртінші жыл қатарынан жыл сайын 1000-ға жуық ауыл мектептері модернизациядан өтіп жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 27 Наурыз, 2025
Павлодарлық кәсіпкерлер экономикалық қолдау тетіктерін талқылады
Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысының бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен кездесу өткізді. Онда Мемлекет басшысының қуатты экономика қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға бағытталған отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Наурыз, 2025
Павлодарда кісі өлтірген күдікті Ресейде ұсталды
Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ресей Федерациясының Красноярск өлкесіндегі Шарыпово қаласында кәсіпкерді өлтіргені үшін күдікті ретінде Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 27 Наурыз, 2025
Павлодар облысында республикалық кеңес өтті
Премьер-министр Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Президенттің энергетика саласына қатысты тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Олжас Бектенов Екібастұзда ГРЭС-1-ді жаңғырту нәтижелерімен, таза көмір технологиясын пайдалана отырып, ГРЭС-2-ні реконструкциялау және ГРЭС-3 стансасы құрылысы жобаларын жүзеге асырудың басталуымен танысты. Мұнда экономиканың өсіп келе жатқан қажеттіліктері, жаңа өндіріс орындарын іске қосу және белсенді цифрландыру аясында саланы дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушы • 27 Наурыз, 2025
Ақаулы автобустан 48 шетелдік эвакуацияланды
Ақтөбе облысына қарасты Хромтау ауданы аумағында республикалық маңызы бар жолда жолаушылар автобусы бұзылып қалған, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 27 Наурыз, 2025
100 жылдан астам уақыт шәкірт тәрбиелеп келе жатқан мектептер
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 100 жылдан астам уақыт шәкірт тәрбиелеп келе жатқан мектептердің педагогикалық ұжымдарымен онлайн форматта кездесіп, сұхбаттасты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 26 Наурыз, 2025
Спорт саласында жаңа іріктеу жүйесі заңмен бекітіледі
Туризм және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 26 Наурыз, 2025
Ақмоланың 10 ауылында медициналық нысандар салынады
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым салу жөніндегі жобаларды жүзеге асырып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балалар • 26 Наурыз, 2025
Ерекше балаларды қолдауға бағытталған жоба әзірленді
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру және инклюзивті, арнайы білім беруді жүйелі дамыту мақсатында Оқу-ағарту министрлігі «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау стандартын бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірледі. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 26 Наурыз, 2025
Білім беру саласында 303 қылмыстық іс тіркелген
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Темір Қырықбаев білім беру саласындағы ашықтық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы мәселе көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 26 Наурыз, 2025
Криптоинвесторлардың басым бөлігі «сұр аймақта» жұмыс істейді - Смышляева
Екатерина Смышляева цифрлық активтер индустриясына қатысты депутаттық сауалын Премьер-Министрге жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 26 Наурыз, 2025
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейннен басым түсті
Өткен түнде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Лихтенштейнді 2: 0 есебімен жеңді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Наурыз, 2025
Еліміздің үш облысында жол жабылды
Қазақстанның үш облысында республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап
Тағзым • 20 Наурыз, 2025
19 ақпанда басталған «Ұлы Жеңістің 80 жылдығына – 80 игі шара» акциясы аясында ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті Жетісу облысына қарасты Үштөбе қаласындағы Кемел Тоқаев атындағы орта мектебіне арнайы ат басын тіреді.
Балалар • 20 Наурыз, 2025
Биыл мектептерде тағы 195 стаматологиялық кабинет ашылады
Бүгін, 20 наурызда Дүниежүзілік стоматологиялық қауымдастықтың (FDI) бастамасымен өткізілетін Дүниежүзілік ауыз қуысының денсаулығы күні (World Oral Health Day) атап өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Наурыз, 2025
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады
Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 19 Наурыз, 2025
«Адал азамат» бағдарламасына 4 миллионға жуық оқушы қатысқан
Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы табысты жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2025
Қостанай облысында төрт түлікті эвакуациялау жүріп жатыр
Өңірде көктемгі су тасқыны кезеңінде ауылшаруашылық шығындарының алдын алу және төрт түліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында эвакуациялау орындарының картасы әзірленді.
Үкімет • 19 Наурыз, 2025
Асхат Аймағамбетов білім мен медицина саласындағы жұмыстарды саралады
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов кейінгі алты жылдың ішінде мемлекетіміздегі өзгерістер мен оң бетбұрыстарға тоқталып, оқу-ағарту мен денсаулық сақтау салаларындағы ілкімді жобаларды атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 19 Наурыз, 2025
Реформалар жасалып бітті деп толыққанды айта алмаймыз - депутат
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ермұрат Бапи еліміздегі саяси реформалардың атқарылу барысы туралы пікірін ортаға салды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Наурыз, 2025
Президент Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өркендеудің жаңа бағыттары және экономикалық реформаларды жүзеге асыру жұмыстары жөнінде баяндалды, деп жазады Egemen.kz
Білім • 18 Наурыз, 2025
Елордада тағы бір Жайлы мектеп жаңа қарқынмен жұмысын бастады
Жаңа жылдан кейінгі жағымды жаңалықтардың бірі - Астана қаласының жаңа ауданы – Сарайшықта №112 орта білім беретін Жайлы мектеп оқушыларға есігін айқара ашты. Күні кеше сол білім ошағы оқушылар мен ата-аналарға арнап «Жайлы мектеп - жаңа серпін» атты алғашқы кешін ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
ЖОЛДАУ • 18 Наурыз, 2025
Биыл 200-ден астам жаңа мектептің құрылысы аяқталады
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 460 мың орындық 217 мектеп пайдалануға беріледі. Былтыр жаңа форматтағы 105 мектеп есігін айқара ашса, биылғы жыл соңына дейін тағы 112 жайлы мектептің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 18 Наурыз, 2025
Фильмнен түскен қаражаттың ашықтығына маңыз беріледі
Үкімет басшысы Олжас Бектенов кинодан түскен ақшаның ашықтығын және авторлық құқықтың сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Наурыз, 2025
Бір мезетте 200 мың оқушы су үнемдеу туралы ашық сабаққа қатысты
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су үнемдеу тақырыбында ашық сабақ өткізіп, «Су үнемде - болашақты сақта» атты ауқымды жобаны бастап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 17 Наурыз, 2025
Бөтеннің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланғандар жазаланады
Енді Қазақстандықтар өзгенің электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 16 Наурыз, 2025
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кітапханалардан кітаптар тегін жеткізіледі
Алматыда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кітапханалардан кітаптар тегін жеткізілетін болды. Наурызнама онкүндігі аясында іске асқан қайырымдылық қанатқақты жобасына 28 кітапхана қатысып жатыр, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Құрылтай • 14 Наурыз, 2025
2019 жылдан бері Қазақстан экономикасының нақты өсімі 15,5 пайыз болды
2019 жылдан бері елде 500-ден аса мектеп, көптеген медицина, спорт және басқа да әлеуметтік нысандар бой көтерген. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысындағы сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Білім • 14 Наурыз, 2025
Биыл елімізде 200-ден астам мектеп салынады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында екі жыл бұрын басталған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының орындалу барысына тоқталып, Ақмола облысын үлгі ретінде атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.