облыс
Аймақтар • 04 Шілде, 2025
Түркістан облысында 13 каналға реконструкция жасалды
Облыстың Түлкібас ауданында жалпы ұзындығы 108,7 шақырым болатын каналдың 76,3 шақырымы бетондалса, 32,4 шақырымына механикалық тазарту жүргізілген. Реконструкциялау нәтижесінде 8 632 гектар егіс алқабы қайта игеріліп отыр, аудандағы жалпы суармалы алқап көлемі 16 832 гектарға жетеді. Облысқа жұмыс сапары барысында сала министрі Нұржан Нұржігітов жасалған жұмыстардың нәтижесімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Шілде, 2025
Торғай өңірінің мәселелері Мәжіліс назарында
Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Қостанай облысына жұмыс сапарымен барып, бірқатар елді мекен тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыс • 03 Шілде, 2025
Ақтөбеде екі адамды қатыгездікпен өлтірген қылмыскер өмір бойына сотталды
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бір отбасы мүшелерін кепілге алып, аса қатыгездікпен екі адамды өлтірген қылмыскерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 03 Шілде, 2025
Қызылордада бір айда есірткі өсірудің 21 дерегі анықталды
Ел көлемінде 1 маусымнан «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Шілде, 2025
Депутаттар Түркістан облысының шаруаларымен жүздесті
Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Қайрат Балабиев, Ұласбек Сәдібеков, Нұрсұлтан Байтілесов, Темір Қырықбаев бүгін Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданының шалғай елді мекендерінде ашылған жаңа шаруашылық кешендерінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Шілде, 2025
Хамит Ерғалиев ауылына қауіпсіз өткел керек
Бүгін Мәжіліс депутаты, «Ақжол» демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Серік Ерубаев Атырау облысына жұмыс сапары аясында Исатай ауданына қарасты Хамит Ерғалиев ауылы тұрғындарымен жүздесті. Кездесудегі ең өзекті мәселе «Атырау-Астрахань» автожолы бойындағы жаңадан салынған көпір туралы болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Шілде, 2025
Мәжіліс депутаты Жетісу тұрғындарын қабылдады
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Руслан Қожасбаев өңірлерге сапары барысында 2 шілдеде Жетісу облысына барды. Партияның облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдаған депутатқа тұрғындар ауылдағы орта мектептің техникалық жағдайы, өзен арнасын тазалау және мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді әрі жайлы орта қалыптастыру және тағы басқа мәселелерді айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Шілде, 2025
Ақмола облысында 13 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды
2025 жылғы 2 шілдеде Ақмола облысының Зеренді ауданына қарасты Қызылсая ауылында қайғылы жағдай тіркелген. 13 жастағы жасөспірімнің мәйітін туыстары жазғы асүйден тапқан. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 03 Шілде, 2025
ЖИ базасында алғашқы тегін заңгерлік онлайн-сервис іске қосылды
LegalExpert.kz сервисін – Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ItByDesign компаниясының IT-мамандарының командасымен бірлесіп іске қосты. Жасанды интеллект базасындағы жүйе жұмыс берушімен болған әдеттегі проблемалардан бастап, азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық құқық саласындағы неғұрлым күрделі жағдайларға дейін нақты уақыт режимінде шешуге көмектеседі, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Шілде, 2025
Ақмола облысында шомылу маусымы басталғалы 12 адам суға батып кеткен
Ақмола облысында шомылу маусымы басталғалы 12 адам суға кеткен, оның ішінде бір жасөспірім бар. Бұл туралы Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Бақыт Абланов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 02 Шілде, 2025
Өрт сөндірушілер «Ертіс орманына» бағыт алған тілсіз жауды тоқтатты
Павлодар облысында өрт сөндірушілер дала өртін жедел түрде жойып, тілсіз жаудың орман алқабына таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Шілде, 2025
Баспанаға мұқтаж отбасылар қоныстойын тойлады
Халық саны еселеп өсіп отырған Қарасай ауданында баспанаға мұқтаж жандар аз емес. Десе де, баспана кезегінде тұрған азаматтарды тұрғынүймен қамтамасыз етуде ілгерлеушілік бар. Соның жарқын бір мысалы, алдағы Астана күніне орай бір топ тұрғын үйлі болып, қуанышқа кенелді. Жаңа пәтердің кілттері аудан әкімдігінде табыс етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 02 Шілде, 2025
Қарағандыда қайтарылған активтер есебінен 51 медициналық нысан салынып жатыр
Қазақстанда заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмыстары жалғасуда, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 02 Шілде, 2025
Қарағандылық зейнеткерден 22 млн теңге жымқырған күдіктілер ұсталды
Қарағанды қаласының полиция қызметкерлері Алматылық әріптестермен бірлесіп, интернет-алаяқтыққа қатысты кезекті қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Шілде, 2025
Мәжіліс депутаттары Маңғыстау ауылында ашылған аурухананың жұмысымен танысты
Өңірлерге жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Еділ Жаңбыршин мен Асхат Аймағамбетов және Қарақат Әбден Маңғыстау облысына барды. Олар Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Маңғыстау ауылында ашылған 150 орындық жаңа аудандық аурухананың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 02 Шілде, 2025
Үкімет Үштөбенің жылу желілеріне қаражат бөлді
Мемлекет басшысының өңірлердегі инженерлік желілер мен жылу көздерін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет резервінен Жетісу облысының Үштөбе қаласындағы жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін шамамен 210 млн теңге бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 02 Шілде, 2025
Жаңаөткел ауылы ауыз сумен қамтылды
Жамбыл облысының Жамбыл ауданына қарасты Жаңаөткел ауылында қайтарылған активтер қаражаты есебінен құрылысы жүргізілген ауызсу жүйесі салтанатты түрде іске қосылып, оған облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы және ауыл тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Шілде, 2025
Жуырда Қазақстан полициясы күніне орай Қонаев қаласының Орталық алаңында өткен салтанатты іс-шара барысында Алматы облыстық Полиция департаментіне 40 жаңа қызметтік автокөліктің кілті табыс етілді. Бұл – өңірде құқықтық тәртіпті нығайту мен құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған игі іс, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 01 Шілде, 2025
Ерболат балуанды еске алу шарасы өтті
Қазақтың талай апайтөс балуандары шыққан киелі Ақсуат жерінде тағы да бір дүбірлі дода өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Шілде, 2025
Алматы облысында он жастағы баланы ит талаған
Оқиға Алматы облысына қарасты Жалпақсай ауылындағы футбол алаңындардың бірінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 01 Шілде, 2025
Қырғызстан елімізге 304,3 млн текше метр су жіберді
Суару маусымы басталған сәуір айынан бүгінге дейін Қырғыз Республикасынан Шу және Талас өзендері арқылы 304,3 млн текше метр су келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 01 Шілде, 2025
Қарағанды облысында 51 медициналық мекеменің құрылысы аяқталады
Мемлекет басшысының заңсыз иемделген активтерді қайтару жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елде қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қайтарылған қаражат әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Шілде, 2025
Павлодарда орамжапырақ өз бағасынан үш жарым есе қымбатқа сатылған
Өңірлік сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті бірқатар әлеуметтік өнім бағасының шектен тыс қымбатқа сатылғанын анықтаған,-деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 30 Маусым, 2025
Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық іс-шаралары қарқынды жүріп жатыр. Жақында Шүлбі Шипалы көлі маңында «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 30 Маусым, 2025
Абай облысындағы жол апатынан сарбаз қаза тапты
Аягөз ауданында ірі жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан төрт адам қаза тапты. Олардың арасында Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде борышын өтеп жүрген сарбаз және оның ата-анасы бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 29 Маусым, 2025
Сарысуға көгілдір отын келетін күн жақын
Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов осы жылы 50 мыңға жуық халықтың мәселесі шешіліп, ауданға көгілдір отын келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Маусым, 2025
«Қауіпсіз терезелер – балалардың қауіпсіздігі» атты профилактикалық акция өтті
Ұлытау облысында «Қауіпсіз терезелер – балалардың қауіпсіздігі» атты профилактикалық акция өтті. Іс-шараны облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 29 Маусым, 2025
Атырауда мектептер мен балабақшалардың жылыту жүйесі тексеріліп жатыр
Атырау қаласында білім саласындағы мекемелердің жылыту жүйесін тексеру басталды. Тексеру алдағы қысқы маусымға дайындық аясында жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Маусым, 2025
Жылыой ауданында жеті жобаны іске асыру басталды
Атырау облысының Жылыой ауданында жеті инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 29 Маусым, 2025
«Достықта» жаңа заманауи мектеп ашылады
Бүгін облыстық білім басқармасы микрорайон «Достықта» «Келешек мектеп» жобасы аясында жаңа мектептің құрылысы аяқталғанын хабарлады. 1200 орынға есептелген оқу орны қыркүйек айында алғашқы оқушыларын қабылдайды, деп жазады Egemen.kz.