ру
Үкімет • 18 Наурыз, 2025
Елімізде гипермасштабталатын деректерді өңдейтін ірі орталық құрылады
Қазақстанда сингапурлық инвесторлар – GK Hyperscale Ltd компаниясының қатысуымен гипермасштабталатын деректерді өңдеу орталықтарын (ДӨО) салу бойынша стратегиялық маңызды жоба іске қосылады. Премьер-министр Олжас Бектенов Инвестормен келісім туралы тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 18 Наурыз, 2025
Тарихи-мәдени мұраны цифрландыру жүргізіледі
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 17 Наурыз, 2025
Коронавирус бар ма, жоқ па? Министрліктің дерегі
Денсаулық сақтау министрлігі бірнеше жыл бұрын әлемді шарпыған індетке қатысты статистиканы мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 17 Наурыз, 2025
1240 шетелдік азамат елден шығарылды
11-14 наурыз аралығында елімізде «Мигрант» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Құрылтай • 14 Наурыз, 2025
Қазақстан 4 салада жаһандық ауқымда ықпалын жүргізе алады
Ұлттық құрылтайдың ІV отырысында Үкіметке озық цифрлық тәсілдер мен жасанды интеллектіге қолайлы орта қалыптастыру жұмыстарын еселеп күшейту тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Шаруашылық • 14 Наурыз, 2025
Жалған мал санына жылдар бойы субсидия төленді - Тоқаев
Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығының әлеуеті мен оны тиімді пайдаланудың маңызына тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Наурыз, 2025
Тобыл өзенінде мұз жару жұмыстары басталды
Қостанай облысында көктемгі су тасқыны кезеңіне қызу дайындық жүріп жатыр. Кешенді іс-шаралар аясында елді мекендерге Тобыл өзенінен төнетін қауіпті жерлерде мұз жару жұмыстары басталды.
Қоғам • 12 Наурыз, 2025
Әскери шеруге байланысты кей аймақта жолдар жабылады
Биыл Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру өтеді. Қорғаныс министрлігі әскери шеруге дайындық шараларына байланысты 13 наурыздан бастап жеке құрамды және әскери техниканы теміржол көлігімен тасымалдау басталатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Наурыз, 2025
Сарбаз аналары комитетінің өкілеті кеңейеді
Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов «Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Лилия Хайруллинамен кездесіп, ұйымның өкілеттігін кеңейтудің маңызды мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Наурыз, 2025
Мемлекеттің ақшасына сәнденген экс-президент сотталды
Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиге қатысты тағы бір сот үкімі шықты. Ол мемлекеттік қаражатты ірі көлемде талан-таражға салды деген айыппен 9 жылға сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Наурыз, 2025
Мәжіліс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық заңнамасын жетілдіруді қолға алды
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реттеуге бағытталған заң жобалары бірінші оқылымда қаралды. Бұл бастаманы депутаттар А. Рау, Н. Сабильянов, Е. Смышляева, Ю. Кучинская және Б. Орынбасаров көтеріп, саладағы өзекті мәселелерді шешуге арналған бірқатар өзгерістерді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Наурыз, 2025
Елімізде аналитикалық экожүйе құрылады
11 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat.» ұлттық сараптама алаңында «Саясатқа арналған ғылым» жүйесін қалыптастырудағы ынтымақтастық перспективалары» тақырыбында отырыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Наурыз, 2025
Астанада заңсыз активтер есебінен жаңа стадион салынады
Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызды инфрақұрылым салу жобаларын жүзеге асырып жатыр. Астанадағы Қ. Мұнайтпасов атындағы ескі стадионның орнына жаңасын салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,3 млрд теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 11 Наурыз, 2025
Жоғары Сот жұмыстан заңсыз шығарылған қызметкердің құқын қорғады
Талап қоюшы АҚ филиалының өнеркәсіптік бақылау, еңбек және қоршаған ортаны қорғау қызметінің басшысы қызметінен босатылған. Жұмысты іс жүзінде орындамаған мердігердің орындалғаны туралы актісіне қол қоюына байланысты сенімін жоғалтқаны оған негіз болған, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 11 Наурыз, 2025
Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Жер ресурстарын басқару комитетінің бастамасымен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде марапаттау шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 09 Наурыз, 2025
Полиция қару-жарақ жасырылған 30-дан астам жерді анықтады
«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 360 қару мен 3 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Медицина • 07 Наурыз, 2025
«Феталды хирургия» бір жылда 32 нәрестенің өмірін сақтап қалды
Адамның ішінде жатқан адамға ота жасауға бола ма? Болады.Өз елімізде де фетальды медицинаның арқасында дүниеге дені сау сәбилер келе бастады. Мереке қарсаңында ерекше баспасөз мәслихаты өтіп, шешесінің құрсағында, дүниеге келмей жатып екі рет қатарынан операция жасалған Қадия мен Разия атты сәбилердің оқиғасы баяндалды.
Марапат • 07 Наурыз, 2025
Алматы әуежайында әйелді құтқарған азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 07 Наурыз, 2025
Трамп ядролық қарудан бас тартуға шақырды
АҚШ президенті Дональд Трамп барлық мемлекетті ядролық қарудан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Наурыз, 2025
«Шекара аруы – 2025» фотобайқауының жеңімпазы анықталды
8 наурыз қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі алғаш рет әскери қызметшілер арасында «Шекара аруы – 2025» фотобайқауын өткізді. Instagram желісіндегі «shekaraknb» ведомстволық парақшасында дауыс беру қорытындысы бойынша аға сержант Н.Т.Төлеуханова фотобайқау жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 06 Наурыз, 2025
Еліміздегі педагогтердің 82,1 пайызы әйелдер
Қазақстанның білім беру саласында 484 788 педагог-әйел жұмыс істейді. Бұл жалпы ұстаздардың 82,1 пайызын құрайды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2025
Дәрігер ұшақ бортында адам өмірін сақтап қалды
Шымкенттен Астанаға ұшып бара жатқан Fly Arystan әуекомпаниясы рейсінде төтенше жағдай болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2025
Тұрғын үйді сақтандыру тұрғысындағы депутаттық сауал жолданды
Елнұр Бейсенбаев апат болған жағдайда тұрғын үйді сақтандыру туралы депутаттық сауалын Премьер-министрге және ҚР қаржы нарығын реттеу жөніндегі Агенттігінің Төрағасына жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2025
59 шетелдік мінген автобус жолдан шығып кеткен
Оқиға – Қостанай облысының Федоров ауданында «Рудный - Қашар - Федоровка» автожолының 25-ші шақырымы тұсында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2025
Ұлттық ұланға 7 000 сарбаз шақырылады
Ұлттық ұлан қатарына көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2025
Өскеменде «Workshop алаңы» ұйымдастырылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшылардың беделін арттыру және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау мақсатында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялаған. Осыған орай Өскемендегі «Мамандығым – Мақтанышым» Workshop алаңы мектеп оқушылары, студенттер, колледждер, жоғары оқу орындарының өкілдері мен облыс кәсіпорындарының басын қосқан бірегей шараға айналды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Наурыз, 2025
«Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
ІІМ заңсыз айналымдағы қаруды, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақты табу және тәркілеу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Наурыз, 2025
Ауыл мұғалімдерінің жалақысы қаладан 25 пайызға жоғары
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұғалімнің орташа айлық жалақысы 1 мөлшерлеме үшін (16 сағат) 352 мың теңге, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 04 Наурыз, 2025
Ірі бизнесті несиелендіретін кепілдік қоры құрылады - Рустам Қарағойшин
Экономиканы, әсіресе ірі инвестициялық жобаларды несиелендіруді жандандыру мақсатында ірі бизнес үшін кепілдік қорын құру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 03 Наурыз, 2025
Қазақстанның энергетикалық серпілісі: болашақ стратегиясы
Энергетика – ел экономикасын қамтамасыз ететін өмірлік маңызды жүйе. Оның тұрақтылығы мен тиімділігі әр үйдегі жайлы тұрмысқа, Қазақстанның қарқынды дамуына және елдің сенімді түрде алға жылжуына тікелей әсер етеді.