Ана
Қазақстан • 24 Сәуір, 2025
Әділдік пен келісім қағидаттарын нығайтамыз - депутат
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында Сенат депутаты, ҚХА Журналистер клубының төрағасы Әлішер Сатвалдиев сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағзым • 24 Сәуір, 2025
Елордада Әкім Таразимен қоштасу рәсімі өтті
Астана орталық мешітінде қазақтың көрнекті қайраткері, жазушы Әкім Таразимен қоштасу рәсімі өтті. Оған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан көңіл айту хатын оқып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 24 Сәуір, 2025
Қабірхана бөлмесінің есігі қалпына келтірілді
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Қабірхана бөлмесінің есігі Алматыдағы «Қырым аралы» ғылыми реставрациялық зертханасының көмегімен қайта қалпына келтірілді.
Оқиға • 23 Сәуір, 2025
Астанадағы шолу дөңгелегінде Абайдың портреті пайда болды
Елордада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, қаланың басты нысандарының біріне айналған шолу дөңгелегінде LED жарықтандыру арқылы Ұлы ақынның портреті бейнеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Сәуір, 2025
Астанада үш ірі халықаралық көрме өз жұмысын бастады
Бүгін Астана қаласында өнеркәсіп және сумен жабдықтау саласындағы үш ауқымды халықаралық көрме өз жұмысын бастады. Олардың қатарында VI Машина жасау және металл өңдеудің халықаралық мамандандырылған Kazakhstan Machinery Fair, SU ARNASY – Water Expo XIV халықаралық су индустриясы көрмесі және ONDEU EXPO V халықаралық өңдеу өнеркәсібі көрмесі бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2025
Құқықтық терминдер – ұлттық жүйеге негізделеді
Астанада нормативтік құқықтық актілерге арналған бірыңғай сөздік әзірлеу бойынша республикалық семинар өтті. Оған Республикалық терминологиялық комиссия мүшелері, заңгерлер, лингвисттер, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының және мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 23 Сәуір, 2025
Италия премьер-министрінің Қазақстанға сапары кейінге қалдырылды
Италия премьер-министрі Джорджио Мелонидің Қазақстанға жоспарланған сапары, сондай-ақ бірінші Орталық Азия-Италия саммиті кейінге шегерілді. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Сәуір, 2025
Көпбалалы анаға баспана сыйлады
Алматы облысында 20 жылдан астам уақыт пәтер жалдап күн кешіп келе жатқан көпбалалы ана Гүлсайран Оспанова қалталы азаматтың қолдауымен баспаналы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 22 Сәуір, 2025
Отандық футбол туралы алғашқы фильм көрерменге жол тартады
Кинотуынды – Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірілген, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 22 Сәуір, 2025
Майдангерлерді іздеуге арналған онлайн платформа іске қосылды
«Батырларға тағзым» деп аталған онлайн платформа – екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлерін іздеуге және байланыстыруға арналған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2025
Атырауда студенттер жатақханасы құлады
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, апатты деп танылған №2 жатақхананың 5 қабатты ғимараты 1972 жылы салынған. Мұнда 2023 жылдың 1 ақпанынан бері студенттер тұрмайды, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 22 Сәуір, 2025
Астана әкімінің орынбасары тағайындалды
38 жастағы Ілияс Бағдәулетов жаңа қызметіне кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Сәуір, 2025
Астанада жылу беру маусымы аяқталды
Астана қаласының әкімдігі қалада 21 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшірілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Сәуір, 2025
Астанада ҰҚК қызметкерінің мәйіті табылды
Қайғылы жағдай 21 сәуір күні болған. Марқұм тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласынан табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2025
Қостанай көшелерін жөндеуге қомақты қаржы бөлінді
Биыл Қостанай қаласында 90 көше күрделі, орташа жөндеуден өтіп, 50 шақты аула абаттандырылады. Аталған жұмыстарға қомақты қаржы бөлініп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 21 Сәуір, 2025
Мектептерде профориентологтардың саны артады
Астанада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен «Counseling as a Culture» тақырыбындағы IC3 халықаралық форумы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2025
Депутаттар мемлекеттік алимент қорын құруды ұсынды
Мәжіліс депутаттары Үкімет сағатының қорытындысы бойынша атқарушылық іс жүргізу саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін Әділет министрлігі мен басқа да уәкілетті органдарға бірқатар ұсыныстар жолдады. Солардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі – алимент төлеуден жалтарған ата-аналардың орнына кәмелетке толмаған балаларға қаржылай қолдау көрсету мақсатында мемлекеттік алимент қорын құру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2025
Қонаевта күрделі жөндеуден кейін кітапхана пайдалануға берілді
Заманауи талапқа сай жөндеуден өткен кітапхана «Ұлттық кітап күні» мерекесі аясында оқырман игілігіне берілді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 21 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысына елорданы абаттандыру жоспары таныстырылды
Жеңіс Қасымбек биыл Астана қаласында 1 миллионнан астам түп жасыл желек егу жоспарланғанын айтты. Сонымен қатар 180-нен аса қоғамдық кеңістік пен ауланы абаттандыру көзделіп отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 21 Сәуір, 2025
Алматылық травматологтар кейуананы қайта аяғына тұрғызды
Жуырда Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жасы жүзге жеткен Мария әжей кенеттен түскен еді. Үйінде абайсызда құлап қалған кейуанаға жедел жәрдем қызметі дереу көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізгенде, сол жақ жамбасының сынғаны, нақтырақ айтқанда, сүйек бөліктерінің ығысуынан ауыр жарақат алғаны анықталған болатын, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2025
Қостанай облысында жұмысшы мамандарға арналған байқау басталды
Қостанай облысының жұмыспен қамтамасыз етуді үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Еңбек жолы» конкурсына өтінім қабылдай бастады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 21 Сәуір, 2025
Әлемдік бәсекеде каратэшілер екі медаль жеңіп алды
Мысыр астанасы Каирде биылғы жылдың үшінші Премьер-лига бәсекесі мәресіне жетті, деп жазады Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 21 Сәуір, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілердің еңбегін ерекше атап өтті
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде сөз сөйледі. Жиында Президент волонтер болу, ең алдымен, нағыз отаншыл азамат болу, яғни, патриот болу екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 21 Сәуір, 2025
Маңғыстаудағы мектеп асханаларын тексеру басталды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мектеп асханаларында балалардың топтық улану жағдайларын болдырмау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі мен Бас прокуратураның бірлесуімен Маңғыстау облысының білім беру мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Сәуір, 2025
Астанадағы жеке тұрғын үйден өрт шықты
Бүгін Астана қаласының Байқоңыр ауданындағы Шардара көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 20 Сәуір, 2025
Аудандық ауруханалар мәселесі май шаммен қаралады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев әлеуметтік желілерде тұрғындар көтерген мәселеге назар аударды. Мәселесі көп денсаулық сақтау саласындағы өзекті проблемаларды зерделеу бойынша арнайы кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2025
Қостанайда алып сәби дүниеге келді
Қостанай қаласының перинаталдық орталығында салмағы жеті келіге жуық, бойы 60 сантиметрден асатын ұл бала дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 18 Сәуір, 2025
Астанадағы караоке-барлардың бірінде жаппай төбелес болды
Астанадағы караоке-барлардың бірінде жаппай төбелес болып, оқиға видеоға түсіп қалған. Төбелестің бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарады. Бұл жағдайға қатысты Астана қалалық ПД түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 18 Сәуір, 2025
Астанада жаңа аудан әкімі тағайындалды
Астанадағы Сарыарқа ауданының әкімі болып Жанасыл Шаукентаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Астанада балабақша мен ата-ана арасындағы жанжал үшінші рет сотқа жетті
Елордада жекеменшік балабақша мен ата-ананың арасындағы жанжал ушықты. Астаналық әйел елорда әкіміне баласының балабақшада «буллингке» ұшырағанын айтып шағымданған. Алайда, балабақша басшылығы бұл мәлімдемені жоққа шығарып, әйелдің үстінен үшінші рет сотқа жүгініп отырғанын мәлімдеген, деп хабарлайды Egemen.kz.