Ел
Тұлға • 24 Сәуір, 2025
Бүгін – Халел Досмұхамедұлы дүниеге келген күн
Тұп-тура 142 жыл бұрын Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ғалым Халел Досмұхамедұлы өмірге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 23 Сәуір, 2025
Жамбылда 2 ірі ЖЭК нысаны салынады
Жасыл экономикаға бет бұрған Жамбыл облысында жалпы қуаты 2 ГВт құрайтын екі жел электр стансасы салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мың бір мысал • 23 Сәуір, 2025
Алақанымызды көкке көтеріп, құдайдан біліп-білмей жасаған күнәларымыз үшін кешу сұраймыз. Алайда хакім Лев Толстой адам өміріндегі күнәнің өзі оның болмысын ашуға үлкен себеп болатынын айтады.
Ғылым • 23 Сәуір, 2025
Жасанды интеллект: Дуэт пе, дуэль ме?
«Интеллект» және «зияткерлік мінез-құлық» ұғымдарының көпшілікпен мақұлданған толық анықтамасы әлі күнге дейін табылған жоқ. Мұның себебі адам санасы мен оның ойлау жүйесінің асқан күрделілігінде. Әйтсе де мақсаты мен мүддесі, нәтижесі мен жемісі жете танылмаған жасанды интеллектінің кернеуін күннен күнге күшейтіп жатқанымыз жасырын емес. Мұнымыз «сонда бар, қайда екенін білмеймін, бір нәрсе алып кел, не екенін білмеймін» деген тапсырма алған ертегі кейіпкерінің әрекетіне бек ұқсас дүние.
Оқиға • 22 Сәуір, 2025
Атақты мүсінші Зураб Церетели өмірден өтті
Кеңес және грузин халықтарының мақтанышы, әйгілі мүсінші және суретші-монументалист Зураб Церетели 91 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Сәуір, 2025
Президент Әкім Таразидің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Таразидің қайтыс болуына байланысты оның жұбайы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Роза Мұқанова мен балаларына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2025
Елімізде 14 мыңдай шетелдік жұмыс істейді
1 сәуірдегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен жалпы ел аумағында 13 891 шетелдік еңбек етеді екен, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 21 Сәуір, 2025
Астанада «Legathon MaxUP 2025» халықаралық сайысы өтті
Легатон жасанды интеллект дәуіріндегі этика, құқық тақырыбына арналды. Maqsut Narikbayev University-де ұйымдастырылған чемпионатқа Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елінің студенттері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 21 Сәуір, 2025
Күдікті 9 жылдан кейін ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында 2016 жылдан бері іздеуде жүрген 38 жастағы күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 21 Сәуір, 2025
Әкімдерді тікелей сайлау институтын дамыту мәселесі талқыланды
18 сәуір күні Еуразиялық интеграция институтында «IV Ұлттық Құрылтайда айтылған басымдықтар негізінде әкімдерді тікелей сайлау институтын дамыту» тақырыбында «Ашық саясат» сарапшылар клубының отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 21 Сәуір, 2025
Астанада әуе кеңістігін пайдалану уақытша шектеледі
Аталған шектеу – әскери шерудің дайындығына байланысты болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 21 Сәуір, 2025
Әлемдік бәсекеде каратэшілер екі медаль жеңіп алды
Мысыр астанасы Каирде биылғы жылдың үшінші Премьер-лига бәсекесі мәресіне жетті, деп жазады Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 21 Сәуір, 2025
Президент Қазақстанның бірнеше мемлекеттегі елшісін тағайындады
Мемлекет басшысының жарлықтарымен бірнеше елші тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап,
Саясат • 21 Сәуір, 2025
Италия Премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 18 Сәуір, 2025
Астанадағы караоке-барлардың бірінде жаппай төбелес болды
Астанадағы караоке-барлардың бірінде жаппай төбелес болып, оқиға видеоға түсіп қалған. Төбелестің бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарады. Бұл жағдайға қатысты Астана қалалық ПД түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Әділет министрлігінің өкілдері Meta компаниясының басшыларымен кездесті
ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова елордада Meta компаниясының Орталық Азия және Шри-Ланка бойынша қоғамдық саясат бөлімінің басшысы Сенура Абейварденмен кездесті. Іс-шарада цифрлық платформаларда зияткерлік меншік нысандарын пайдалану мәселелері, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі дамыту және тәжірбие алмасу тақырыбы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 18 Сәуір, 2025
Мәңгілік Ел даңғылының учаскесі ішінара жабылады
19-25 сәуір аралығында Астана қаласындағы Мәңгілік Ел даңғылының учаскесінде Сарайшық/Мәңгілік Ел көшелерінің қиылысындағы көлік айрығынан Ф.Оңғарсынова көшесіне дейін жол төсемінің жоғарғы қабатын ауыстыру бойынша жұмыс кезең-кезеңімен жүргізілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көкшетауда егде адамдар иогамен айналысады
Облыс орталығындағы жастары жер ортасынан асқан егде адамдар йогамен айналысуда. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы үйірмелерге 700-ден астам адам қатысады. Олардың 400-і йогаға, хореография мен фитнеске барады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 18 Сәуір, 2025
Медиа мамандарын дайындайтын мектеп ашылды
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қолдауымен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты І Халықаралық көктемгі мектеп өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Сәуір, 2025
Білімді жастар елден неге безеді
Түркияның әлемге әйгілі Байрактар ұшқышсыз ұшағын ойлап тапқан өнертапқыш Селжук Байрактар басынан өткен қиындықтары туралы былай еске алған екен, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Сәуір, 2025
Лос-Анджелес Олимпиадасында қандай өзгерістер болады
2028 жылы Лос-Анджелесте алауы тұтанатын жазғы Олимпия ойындарында біраз өзгерістер болмақ, деп жазады Egemen.kz.
Форум • 16 Сәуір, 2025
Көшпелілер ойыны мәдени мерекеге айналды - Аида Балаева
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Астанада өтіп жатқан II Орталық Азия медиафорумында көшпелілердің дүниежүзілік ойындарының медиа кеңістіктегі мәні мен маңызын баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 15 Сәуір, 2025
Көшпелілер ойыны туралы түсірілген фильм бәйгеге түспек
Lonely Planet халықаралық баспасының Қазақстанда өткен Дүниежүзілік көшпелілер ойындары туралы бейнежазбасы «Webby Award» сыйлығына үміткерлер тізіміне енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Сәуір, 2025
Әйелдерден құралған экипаж тарихта алғаш рет ғарышқа ұшты
14 сәуірде Blue Origin компаниясы тарихта алғаш рет толық әйелдерден құралған экипажды ғарышқа аттандырған, деп хабарлайды Egemen.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2025
Хромтауда екі жел электрстансасы салынады
Ақтөбе облысында жалпы қуаты 450 МВт болатын бес жаңартылатын энергия жобасын іске асыру жоспарына сәйкес, осы жылы Хромтау ауданында жалпы қуаты 100 МВт болатын екі жел электрстансасы құрылысы басталады. Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, осы жоба жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады және құрылысты «Darmen Shuak» және «Next Green Energy» ЖШС-тері жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Сәуір, 2025
Altel мен Tele2 арабтарға сатылды
Еліміздегі ірі ұялы байланыс операторлары – Altel мен Tele2 брендтеріне иелік ететін «Мобайл Телеком-Сервис» (МТС) компаниясы Қатардың Power International Holding (PIH) холдингіне сатылды. Бұл мәміле туралы ақпарат «Қазақтелекомның» 2024 жылғы қаржылық есебінде жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 14 Сәуір, 2025
Депутат әйелдердің жұмыс күнін 1 сағатқа қысқартуды ұсынды
Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Игорь Антропенко әйелдердің жұмыс күнін кем дегенде бір сағатқа қысқартуды ұсынды. Бұл бастама арқылы ол әйелдердің отбасы мен жеке өміріне көбірек уақыт бөлуіне мүмкіндік бергісі келетінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 14 Сәуір, 2025
Ұлытау облысында бүлдіршінді ұрған тәрбиеші жауапқа тартылды
Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қаралды. Ш. есімді азаматша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі бойынша кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді қатыгездікпен бұзу дерегі бойынша айыпталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 14 Сәуір, 2025
Алан Құрманғалиев халықаралық турнирде топ жарды
Қазақстандық жас спортшы Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Францияның Мец қаласында өткен халықаралық WTT Youth Star Contender Metz турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 14 Сәуір, 2025
Алматыда Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған көшпелі концерт өтті
13 сәуірде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Халық қаһарманы, күйші, композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған көшпелі концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.