е
Жәдігер • 18 Сәуір, 2025
«Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында еліміздің деректі мұраларын сақтау бағытындағы жұмысты жандандыруға қатысты нақты тапсырма берген болатын. Осы бастамаға орай «Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның халықаралық «Әлем жады» тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Ерлан Қарин cарапшылармен жиын өткізді
Басқосуды Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды. Кездесуге Андрей Чеботарев, Алуа Жолдыбалина, Талғат Қалиев, Айгүл Сәдуақасова, Никита Шаталов, Қарлығаш Жаманқұлова, Ғазиз Әбішев, Айгүл Забирова, Нұрбек Матжани, Жанар Санхаева, Әмина Үрпекова секілді белгілі саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 18 Сәуір, 2025
Қазақстандық гимнасттар Әлем кубогының финалына жолдама алды
Спорттық гимнастикадан Дохада өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының спортшылары жарқын нәтиже көрсетіп, екі гимнаст финалға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы BS Arena спорт кешеніне барды
Президент көпфункционалды спорт кешенінің қызметімен танысты. Заманауи құрылғылармен жабдықталған нысанда халықаралық және республикалық спорт жарыстарын, сондай-ақ мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге болады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руханият • 18 Сәуір, 2025
Жұбайлардың бірін-бірі қолдауы – өмірдің ең қымбат сыйы. Алайда ақыл-ойымен жаһанға жарық сыйласа да, бұл игілік тағдыр тақтасына түртілмей кеткен хакімдер жетерлік.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Семей жұрты бітімгерлерді қарсы алды
«Абай» әуежайында БҰҰ миссиясы аясында Голан жоталарында қызмет атқарып, бір жылдан кейін елге оралған тұңғыш бітімгерлік контингентін салтанатты қарсы алу рәсімі болды. Әскери қызметкерлерді әуежайдан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов бастаған қарулы күш құрамы мен бітімгерлердің отбасы мүшелері салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы Yessenov Technopark қызметімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің аумағында орналасқан технология паркінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Қазақстанда алғаш рет FPV-дрон операторларының жарысы өтті
2025 жылғы 17 сәуірде ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастамасымен «Майлан» далалық оқу орталығында елімізде алғаш рет FPV-дрон операторлары арасында Millitary Drone Race атты турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Сәуір, 2025
Енді жергілікті бюджеттің борышы үшін әкімдер жауап береді
Қазақстанда өңірлік деңгейде мемлекеттік борышты басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар жүйелі шаралар қабылданды. Бұл жұмыстарды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы негізінде жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Жаңаөзенде бір топ жасөспірім оқушы мен әкесін ұрған
Оқиға 2025 жылдың 17 сәуірі күні кешкі уақытта зардап шеккен оқушының үйінің жанында болған. Баласына көмекке келген әкесіне де бұзақылар шабуыл жасап, ауыр дене жарақаттарын салған. Ер адам аяқ сүйегінің сынуы салдарынан ауруханаға түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Сәуір, 2025
Президент Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді
Мемлекет басшысына азық-түлік қауіпсіздігін сақтайтын мұндай нысанның аймақта алғаш рет салынғаны жөнінде баяндалды. Аталған орталық өңірді азық-түлікпен қамтамасыз ету, тұтынушылармен арадағы делдалдарды азайту және өнім бағасын төмендету мақсатында бой көтерген, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күрес • 18 Сәуір, 2025
Азия додасында балуандар 27 жүлде еншіледі
Самбодан жастар арасында Азия және Тынық мұхит чемпионатының жеңімпаз-жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Қарағанды маңындағы тас жолда екі адам қаза тапты
Сәуірдің 18-і күні таңертең Алматы-Қарағанды тас жолында ірі жол апаты болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 18 Сәуір, 2025
Атом саласын дамытудың ұзақ жолы
Еліміз бейбіт атом энергетикасын бұрынғыдан әлдеқайда терең игеруге нақты қадам жасап, игілігіне пайдалануға шешім қабылдады. Негізі қазаққа атом энергетикасы бөтен сала емес. Ақтауда 1973-1999 жылдары әлемдегі алғашқы шапшаң нейтрондағы БН-350 тәжірибелік-өнеркәсіптік реакторын ойдағыдай пайдаландық. Қазіргі заманауи III+ буынды АЭС отандық ғалым-мамандарға түк те таңсық емес.
Президент • 18 Сәуір, 2025
Президент жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz.
Зерде • 18 Сәуір, 2025
Робототехника жарысына 7 команда аттанды
Хьюстонда (АҚШ) өтетін FIRST Championship атты оқушыларға арналған ең беделді инженерлік жарысқа Қазақстан командалары аттанды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Жезқазған тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болды
Жезқазған қаласының 40 жастағы тұрғыны телефон арқылы жасалған алаяқтықтың құрбаны болып, 10 482 000 теңге көлемінде қаржылай шығынға ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2025
Түркістанда суретшілердің халықаралық симпозиумы өтті
Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласының ерекше мәртебеге ие болуына орай ұйымдастырылған «TURKISTAN STYLE» халықаралық суретшілер симпозиумы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Сәуір, 2025
Қазақстан мен Қытай әскери саланың келешегін талқылады
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хан Чуньлинмен хаттамалық кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 18 Сәуір, 2025
Әскери қызметші майдангерлерге арнап символдық қашықтыққа жүгірді
Жеңістің 80 жылдығына орай Астана 1 өңірлік қолбасшылығы 31775 әскери бөлімі 1-ші мотоатқыштар ротасының старшинасы 3-сыныпты сержант Тимур Ержанов 80 шақырымға жүгірді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 18 Сәуір, 2025
Отандық фармацевтика өндірісі қайтсе оңалады?
Былтыр елімізде фармацевтика нарығының көлемі 2,5 млрд доллардан асты. Саланың өсуі ішінара экспорттық әлеует есебінен қолдау тапқан. Алайда отандық өндірістің үлесі төмен деңгейде (небәрі 15%) қалып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Шетелдікке шабуыл жасаған адам өмір бойына сотталуы мүмкін
Меркідегі жанармай құю бекетінде шетелдік мотоциклшіге жасалған шабуылға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Жәбірленушінің адвокаты қылмыстық істің бабына өзгеріс енгізілгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Сәуір, 2025
Италияда аспалы жол кабинасы құлап, төрт адам қаза тапты
Италияның Неаполь провинциясындағы Монте-Файто тауында аспалы жол кабинасы жардан құлап, салдарынан төрт адам қаза тапты. Тағы бір адам ауыр жарақат алып, бір жолаушы із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Білім • 18 Сәуір, 2025
Медиа мамандарын дайындайтын мектеп ашылды
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қолдауымен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты І Халықаралық көктемгі мектеп өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Азия чемпионы Аида Әбікеева ұландықтармен кездесті
Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінде сарбаздар үшін ерекше кездесулердің бірі өтті. Бұл жолы ұландық жауынгерлер Азия чемпионы, бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Аида Әбікеевамен жүздесіп, оның табысты жолынан мотивация алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Сәуір, 2025
Тіл саясаты комитеті 100 ресми сайтқа мониторинг жүргізеді
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың ресми интернет-ресурстарында қазақ тілінің қолданысына мониторинг жүргізу бойынша республикалық онлайн/офлайн семинарын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 17 Сәуір, 2025
Қазақстаннан Ауғанстанға 36 гуманитарлық көмек вагоны жеткізілді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек жолдап отыр, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Елорда • 17 Сәуір, 2025
Астанада астан уланғандар саны 20 адамға дейін жетті
Астана қаласындағы "Көктем" кафесінде тамақтанғаннан кейін ішек инфекциясымен жапа шеккен адамдар саны артты. Ауру жұқтырғандар саны 20 адамға жетті, оның ішінде 11-і — балалар. Ауру жұқтыру дерегі 16 сәуірде тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 17 Сәуір, 2025
Олжас Бектенов Жамбыл облысындағы инвестициялық жобалармен танысты
Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар жоба аясында Президенттің экономиканы әртараптандыру, өнеркәсіп өндірісі көлемін ұлғайту және экономиканың түрлі салаларында қайта өңдеу қарқынын арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2025
Алматыда «Ми құпиялары. Көпсалалы форум» халықаралық жиыны аяқталды
Бүгін Алматыда «Ми құпиялары. Көпсалалы форум» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.