е
Қоғам • 08 Қаңтар, 2026
8 қаңтарда Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 508,91 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 3,19 теңгеге төмен. Айта кетейік, Ұлттық банктің 8 қаңтарға белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 512,83 теңге, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Қаңтар, 2026
Алматыда шетелдік азамат есірткімен ұсталды
Алматы қаласында полицейлер есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен бірнеше адамды ұстаған. «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде ұсталғандардың бірі шетелдік азамат болып шықты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Қаңтар, 2026
Сеулден Астанаға бет алған ұшақ Бейжіңге шұғыл қонды
Бүгін Сеулден Астанаға бағыт алған KC210 рейсінде ұшақ дәретханасы істен шығып, Air Astana әуе кемесі Бейжің әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 08 Қаңтар, 2026
Жыл соңындағы жанталас: зейнетақы қаржысы жаппай баспанаға бағытталды
Желтоқсан айында ел азаматтары зейнетақы жинағын бұрын-соңды болмаған қарқынмен пайдаланды. Бір айдың ішінде тұрғын үйге бағытталған қаржы көлемі жүздеген миллиард теңгеге жетіп, нарықта айқын қозғалыс туғызды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 08 Қаңтар, 2026
«Теңізшевройл» қазақ экономикасына қандай үлес қосты?
Соңғы он жылда еліміздің республикалық және жергілікті бюджеттеріне түскен жиынтық салық түсімдері (Ұлттық қорға түсетін түсімдерді есептемегенде) шамамен төрт есеге өсіп, 5,4 трлн теңгеден 21,6 трлн теңгеге жетті. Өсімнің негізгі серпіні 2020 жылдан кейінгі кезеңге тиесілі болып отыр. Бұл өсім экономиканың қалпына келуі, шикізат бағасының көтерілуі мен салық базасының кеңеюімен байланысты тіркеліп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2026
«Қазақтелеком» қаңтар айындағы төлемнің неге жоғары болатынын түсіндірді
«Қазақтелекомның» 1 қаңтардан бастап көрсетілетін қызметтер бағасын көтеретіні туралы хабарламасы әлеуметтік желілерде талқыланып жатыр. Пайдаланушылардың бірі белгіленген тарифпен үш жылдық келісімшарт жасасқанын, алайда баға бәрібір өсетінін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 08 Қаңтар, 2026
АҚШ 66 халықаралық ұйымның мүшелігінен шығады
Тиісті меморандумға Дональд Трамп қол қойды. Ақ үйдің хабарлауынша, тізімге «Американың мүдделеріне сай келмейтін» ұйымдар енгізілген. Аталған шешім АҚШ қаржыландырып отырған ұйымдарға жүргізілген талдау нәтижесінде қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2026
Бибігүл Жексенбай: Астананың бас жоспарында тұрғындардың пікірі ескерілу керек
Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай «Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институтының ұжымымен кездесті. Кездесуде елорданың қала құрылысы саясатын ғылыми-әдістемелік тұрғыда сүйемелдеу, оны азаматтар үшін жайлы, қауіпсіз әрі өмір сүру сапасы жоғары заманауи астана ретінде дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 08 Қаңтар, 2026
Спортшыларға арналған жасанды интеллект бағдарламасы әзірленіп жатыр
Елімізде жеке жаттығуға арналған интеллектуалды спорттық коучинг бағдарламасы әзірленіп жатыр. Жасанды интеллект пен компьютерлік көру технологиясына негізделген жобаны Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жүзеге асырып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 08 Қаңтар, 2026
78 мыңнан аса бала «Ұлттық қордан» түскен қаржыға оқу ақысын төлеген
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының осы жылғы 1 қаңтардағы дерегінше, 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап «Ұлттық қордан» түскен қаржыны алу өтініші бойынша 31,61 миллион АҚШ долларынан астам қаражат уәкілетті операторларға аударылған, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 08 Қаңтар, 2026
Белгілі актер Мұрат Бисембин қайтыс болды
Қаралы хабарды актердің қызы Диана Мұратқызы жеткізді. Марқұм 54 жасында ұзақ меңдеген қатерлі ісіктен көз жұмды, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 08 Қаңтар, 2026
ҚазҰУ-дың шатырына күн панельдері орнатылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі бірқатар оқу корпустарының шатырына күн панельдері орнатылды. Атап айтқанда, Экономика және бизнес жоғары мектебі, журналистика, заң, тарих, география, биология, филология және медицина факультеттерінің ғимараттары күн панельдерімен жабдықталды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 08 Қаңтар, 2026
Михаил Кукушкин ширек финалға шықты
Ұлыбританияның Ноттингем қаласында теннистен «Челенджер» санатындағы турнир өтіп жатыр. Сол жарыста Михаил Кукушкин де күш сынасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2026
82 млн теңге: Ақмолада жер телімі мемлекетке қайтарылды
Ақмола облысы прокуратурасы қабылдаған шаралар арқылы құны 82 млн теңгені құрайтын жер телімі мемлекетке қайтарылды. Кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2026
WhatsApp-та кибералаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы WhatsApp мессенджеріне қатысты жаңа киберқатер туралы ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Қаңтар, 2026
Мегаполисте 1 ай бұрын дүниеге келген үшем 6 қаңтар күні үйіне шығарылды. Нәрестелер Шымкенттегі қалалық перзентханада 39 күн бойы патология бөлімінде ем қабылдаған, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 08 Қаңтар, 2026
Ұлттық қауіпсіздік комитеті жемқорлыққа оқталған 895 адамды ұстады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылы атқарылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелерін жариялады. Былтыр комитет қызметкерлері 895 адамның заңсыз әрекетінің жолын кескен, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 08 Қаңтар, 2026
Елена Рыбакина Паула Бадосадан басым түсті
Аустралияның Брисбен қаласында теннистен WTA 500 турнирі жалғасып жатыр. Кеше және бүгін ширек финалға шыққан ойыншылар белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 08 Қаңтар, 2026
Биыл медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өседі
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі ем алушыға бағдарланған, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған саланы жаңғырту және дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Қаңтар, 2026
Атырауда балық қорғау инспекторлары квадроциклмен Жайыққа түсіп кетті
Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мемлекеттік инспекторлардың квадроциклмен Жайық өзеніне түсіп кеткенін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2026
Атырау облысында ер адамның құлағын кесіп алған
Оқиға аталған облыстың Қызылқоға ауданына қарасты Миялы ауылында болған. Полицияның мәліметінше, 2 қаңтарда 24-25 жастағы 2 ер адамның арасында жанжал шыққан. Олардың бірі ауыр жарақат алған, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 08 Қаңтар, 2026
Қайтарылған активтер: СҚО-дағы аурухананы жөндеуге 1,3 млрд теңге бөлінді
Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Үкімет медициналық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соның ішінде елге қайтарылған активтер есебінен жүзеге асып жатқан жобалар да бар. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша көпсалалы ауданаралық ауруханасын күрделі жөндеуді аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,3 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 08 Қаңтар, 2026
27 жастағы израильдік жартылай қорғаушы алматылық Офри Арад «Қайрат» клубындағы мансабын келісімшарт мерзімінің бітуіне байланысты аяқтады. Ол «Қайрат» сапына 2023 жылы қосылып, бастапқыда орталық қорғаушы ретінде команда намысын қорғады, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 08 Қаңтар, 2026
Әскерилер майдангерді қос мерекемен құттықтады
Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Павел Васильевич Даценко 7 қаңтарда 101 жасқа толды. Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері майдангердің үйіне арнайы барып, туған күні және Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 08 Қаңтар, 2026
Венесуэла мұнайының қоры 300 млрд баррель екені рас па?
JPMorgan деректеріне сәйкес, ОПЕК Венесуэланың мұнай қорын шамамен 300 млрд баррель деп бағалайды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 07 Қаңтар, 2026
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Синоптиктердің мәліметінше, 8 қаңтар күні Қазақстанның 15 облысында және Астана қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 07 Қаңтар, 2026
2026 жылы жинақты қай валютада сақтаған тиімді?
Экономистер мен қаржы сарапшылары 2026 жылы қазақстандықтарға жинақтарын қай валютада сақтау тиімдірек болатыны жөнінде пікір білдірді. Сарапшылардың басым бөлігі қазіргі жағдайда теңге доллармен салыстырғанда ұтымдырақ құрал екенін атап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 07 Қаңтар, 2026
Елде стоматологиялық клиникалар жаппай тексеріліп жатыр
Қазақстанда стоматологиялық клиникалар жаппай тексеріліп жатыр. 441 -і тізімге енген. Соның 274-і тексерілді. Бұл туралы Jibek joly телеарнасының жаңалықтар қызметінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ипотека • 07 Қаңтар, 2026
Қазақстанда ипотека бойынша пайыздық мөлшерлемелер неге төмендетілмеді?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ипотекалық қарыздар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) төмендету талабын уақытша тоқтату туралы шешімнің себептерін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 07 Қаңтар, 2026
Бейжің екі жылда жасанды интеллектінің астанасына айналуға ниетті
Бейжің билігі алдағы екі жылда жасанды интеллект секторын дамытудың ауқымды жоспарын жариялады, оның мақсаты қаланы ЖИ-дың жетекші әлемдік орталығына айналдыру, деп хабарлайды Egemen.kz.