ек
Энергетика • 03 Қараша, 2025
Электр қуатын қолдау тарифтері жеті жылға бекітілді
Энергетика министрінің 2025 жылғы 14 қазандағы бұйрығымен электр қуатының дайындық қызметіне арналған шекті тарифтер жеті жыл мерзімге бекітілді. Жаңа тарифтер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 03 Қараша, 2025
СҚО аумағындағы қорғаныс бөгетін нығайтуға қомақты қаржы бөлінді
Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Қызылжар ауданының Тепличное ауылындағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға Үкімет резервінен шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Жұмыстар Президенттің су тасқынына қарсы құрылыстарды нығайту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қараша, 2025
Танымал журналист өмірден өтті
«Хабар» агенттігі бағдарламаларды дайындау бөлімінің бас редакторы қызметін атқарған Азат Рыстанбек бақилық болды. Қайғылы хабар туралы басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 03 Қараша, 2025
Лизинг пен автонесиенің айырмашылығы қандай?
Мемлекет басшысы жақында Үкіметке экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін нақты шаралар әзірлеуді тапсырды. Президент пәрменінен кейін Үкімет бірқатар маңызды шешімдер қабылданғанын хабарлаған. Соның бірі – халықтың жаңа көлік тізгіндеуіне мүмкіндік беретін жеке азаматтарға лизингпен көлік рәсімдеу мүмкіндігі, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 02 Қараша, 2025
Астанада әлем дәрігерлері жүрек ауруларын емдеудің жаңа технологиясын таныстырды
Астана қаласында Орталық Азия Аритмологиялық саммиті – жүрек ырғағының бұзылуын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдеріне арналған өңірлік маңызды медициналық шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Білім • 02 Қараша, 2025
Абай облысында жаңа мектеп ашылды
Бүгін Аягөз қаласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында заманауи үлгідегі жаңа мектеп пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысып, ұстаздар, оқушылар және ата-аналарды айтулы оқиғамен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 01 Қараша, 2025
Екібастұзда алғашқы кәсіби театр ашылды
Екібастұз қаласындағы «Өнер» мәдениет сарайында жаңа кәсіби театр ашылды. Маусым ақын Мұқағали Мақатаевтың «Қош, махаббат!» драмасымен басталды, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 01 Қараша, 2025
Дархан Жазықбай Президенттік жастар кадр резерві өкілдерімен кездесті
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай БАҚ өкілдері үшін Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қорытындылары бойынша брифинг және биылғы іріктеу бойынша резервке қабылданған жастармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 31 Қазан, 2025
Бішкек халқы қазақ мәдениетімен жақынырақ танысты
Бішкектегі Қырғыз Республикасының Ұлттық тарихи музейінде «Ғасырлар ізімен: Қазақстан тарихының бейнесі» атты фотоқұжаттық көрме есік ашты. Алматыдағы Ұлттық орталық музей мұрындық болған ауқымды жоба XIX ғасырдан XX ғасырдың соңына дейінгі Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасынан сыр шертеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қазан, 2025
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төңірегінде тараған ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берілді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 31 Қазан, 2025
Атырауда сот орындаушысы күдікке ілінді
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты мемлекеттік сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп таныды. Осылайша, «Т» және «А» ЖШС-нің мүддесі қорғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 31 Қазан, 2025
Президент МИФИ ректорымен кездесті
Мемлекет басшысы «Мәскеу инженерлік-физикалық институты» ұлттық ядролық зерттеу университетінің ректоры Владимир Шевченкомен әңгімелесу барысында еліміз үшін ядролық энергетиканың стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 30 Қазан, 2025
Опера әншісі Мария Мудряк мемлекеттік марапат иеленді
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Италияға іссапары барысында опера әншісі Мария Мудрякқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» мемлекеттік марапатын табыстады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы жаңа жылу электр орталығына барды
Жаңа жылу электр стансасы Мемлекет басшысының оңтүстік өңірлерде халық пен экономика сұранысын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында салынған, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 30 Қазан, 2025
Ақтөбеде әкесінің көлігін тізгіндеген мектеп оқушысы қаза тапты
Ақтөбеде 13 жастағы оқушы әкесінің көлігін жасырын мініп кетіп, жол апатына ұшыраған. Ауыр жарақат алған жеткіншек ауруханада көз жұмған. Бұл соңғы екі айда облыста тіркелген екінші қайғылы жағдай, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Қазан, 2025
Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әлеуметтік- экономикалық дамуы жөнінде есеп берді
Мемлекет басшысына Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар, сондай-ақ облыс орталығы мен елді мекендерді абаттандыру жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мектеп • 30 Қазан, 2025
Жаңартылған мектептерде 130 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірыңғай заманауи мектеп инфрақұрылымы форматына көшу үшін 1300-ге жуық мектепте реновация бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпқой бокс • 30 Қазан, 2025
Жәнібек Әлімханұлы 3 белбеу үшін қашан жекпе-жек өткізетіні белгілі болды
Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпион отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы 3 белбеу үшін тарихи кездесу өткізеді. 6 желтоқсан күні ол кубалық кәсіби былғары қолғап шебері Эрсленди Лараға қарсы рингке көтеріледі, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 29 Қазан, 2025
Көкшетауда «Келешек мектебінде» биыл 1100-ден астам оқушы білім алып отыр
Көкшетау қаласында «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы арқылы кадрлық резервтен іріктелген жаңа буын басшыларының бірі – Манаргүл Тохан басқаратын №20 мектеп-гимназиясы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған заманауи инфрақұрылымымен және білім сапасын арттыратын инновациялық тәсілдерімен ерекшеленеді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 29 Қазан, 2025
Олжас Бектенов Серджио Гор және Кристофер Ландаумен ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Премьер-министр Олжас Бектенов АҚШ Президентінің арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесу өткізді. Онда екі ел арасындағы сауда, инвестиция және технология салаларындағы әріптестікті дамыту мәселелерін талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб Ұлттық музейге барды
Ұлттық музейде Қазақстан мен Финляндия президенттеріне ежелгі заманнан бастап қазіргі дәуірге дейінгі кезеңді қамтитын бірегей тарихи-мәдени құндылықтар таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 29 Қазан, 2025
«Келешек мектептерінің» педагогтері біліктілікті арттыру курстарынан өтті
Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуды жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Қазан, 2025
Абдулла Батырбек жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалына шықты
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында джиу-джитсу жарыстары тартысты басталды. Қазақстандық балуан Абдулла Батырбек ел намысын абыроймен қорғап, финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қазан, 2025
LRT Қосшы қаласына дейін кеңейтіледі
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, LRT-ның келесі желісі Косшы бағытына қарай салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтем жасап.
Спорт • 29 Қазан, 2025
Қысқы Олимпиадаға 100 күн қалды
XXV қысқы Олимпиада 2026 жылы ақпан айының 6-22 күндері аралығында Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццода және басқа да қалаларында өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Қазан, 2025
АҚШ Президентінің арнайы өкілі мен Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Ақордаға келді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Қазан, 2025
Ауыр атлет Азия додасында екі жүлде еншіледі
Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында отандасымыз қоржынға екі медаль салды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 29 Қазан, 2025
Медициналық қызметтердің сапасы төмендеп кеткен - депутат
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Фракциясының мүшесі Нұрлан Әуесбаев азаматтардың ай сайынғы тұрақты жарналарына қарамастан, медициналық қызметтердің сапасы мен оған қолжетімділік 47%-ға дейін төмендеп кеткенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қазан, 2025
Елімізде археологиялық материалдардың мемлекеттік қоры құрылады
Мәжілістің жалпы отырысында тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғауға арналған заң жобасы қаралды. Құжатты таныстырған депутат Асхат Аймағамбетов елімізде алғаш рет археологиялық материалдардың мемлекеттік қоры құрылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.