Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 13 Қараша, 2025
Адал азамат – әділетті қоғамның айнасы
Қоғамда билікке деген сенім, ең алдымен, мемлекеттік қызметші арқылы қалыптасады. Сондықтан көпке үлгі болу – мемлекеттік қызметшілердің тұлғалық болмысына тән басты сипат.
Экономика • 13 Қараша, 2025
Өркендеу бағытындағы өндірісті өлке
Қарағанды облысының экономикасында өсім бар. Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша инвестициялар көлемі 932,9 млрд теңгеден асты, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 4 трлн теңгені құрады. Агросала да айтарлықтай табысқа жетіп отыр. Бірқатар әлеуметтік-экономикалық жоба жүзеге асырылып жатыр. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында баяндады.
Сұхбат • 13 Қараша, 2025
Нұрмаман ОҚАС: Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейіп келеді
Мемлекеттік тілдің рөлін күшейту және оның ғылым, білім саласында қолдану аясын кеңейту – басты бағыт. Бұл ретте Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының атқарып отырған жұмысы қандай? Бүгінгі сұхбатта аталған басқарманың тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрмаман Оқаспен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, өрісін кеңейту жолындағы жұмыстар жайын сөз еттік.
Аймақтар • 13 Қараша, 2025
Төрт түлік аман болсын десек...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында «Ветеринария мен фитопатологияның кенжелеп қалуы агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілетін айтарлықтай шектеп отыр. Осы мәселеге айрықша назар аударған жөн» деп атап көрсетілді.
Сұхбат • 13 Қараша, 2025
«Америкалық оқушылар қазақ тіліне қызығады»
Бүгінде қазақ жастары әлемнің әр қиырына сапар шегіп, өз білімдері арқылы зор мүмкіндікке қол жеткізіп жатқаны көңілге қуаныш сыйлайды. Солардың бірі – Америкада мұғалім болып жұмыс істейтін Салтанат Сырлыбаева. Біз бүгін оқырманға талапты жас педагогтен алған шағын сұхбатымызды ұсынып отырмыз.
Аймақтар • 13 Қараша, 2025
Елімізде ет қымбаттағалы сырттан келетін кейбір ет өнімдерінің бағасы жергілікті өніммен деңгейлес болып қалған. Павлодарлық ет өңдеушілер қазір импорт тауармен жергілікті нарықта өте қатты бәсеке жүріп жатқанын айтады.
Білім • 13 Қараша, 2025
Орта білім сапасын қалай көтереміз?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы Түркістан қаласында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында: «Қазақстан, оқушылардың білім деңгейін халықаралық бағалауда, дамыған елдерден айтарлықтай артта қалды. Оның басты себебі – осы аса маңызды салада жүйелі және ойластырылған реформалардың жоқтығы», деп айтқан еді. Содан бері 5 жыл уақыт өтсе де білім сапасын көтеруге қатысты жүйелі шешім қабылданған жоқ.
Шаруашылық • 13 Қараша, 2025
Биыл еліміздің қамбасына 27 млн тонна астық құйылды. Бұл пұттық өлшеммен алғанда 1 млрд 687 млн пұт астық деген сөз. Бұрын 1 млрд пұтқа төбеміз көкке жетіп мәз болсақ, енді 2 млрд пұтқа жуық астық жинауға қол жеткізіппіз. Қазақстанның 1 млрд пұт астық жинаған жылдары да бұрын сирек болатын, ал қазір, бұл табысқа жыл сайын жетіп келеміз.
Айбын • 13 Қараша, 2025
Қазіргі жаһандану мен толассыз ақпарат ағынында патриотизмнің мазмұны өзгерді. Бұрын Отанға деген сүйіспеншілік көбіне әскери сипатта не тарихи оқиғалармен байланыстырылып айтылса, бүгінде әр азаматтың өз саласында адал еңбек етуі, әділдікке ұмтылысы, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезініп, ел дамуына шынайы үлес қосуы нағыз патриотизм саналады.
Әскер • 13 Қараша, 2025
Абай облысы ҰҚК Шекара қызметі департаментіне қарасты Мақаншы аудандық шекара бөлімінде «Күз-2025» шақырылымының жас сарбаздары салтанатты түрде әскери ант берді.
Өнер • 13 Қараша, 2025
«Дала дауысы» – дарындарға дара мүмкіндік
«Астана Опера» театрының К.Байсейітова атындағы Камералық залы сахнасында жас дарындарды әлемдік сахнада ілгерілетуге бағытталған «Dala Voices» жарқын концерті көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Кеште «Құрмет» орденінің иегері Руслан Баймурзиннің басқаруындағы камералық оркестрдің сүйемелдеуімен әлемдік һәм отандық классика жауһарлары шырқалды.
Айбын • 13 Қараша, 2025
Еліміздің қорғаныс саласы цифрлық жобаларды арттырмақ. Осыған орай әскерді басқару, шақыру, даярлау мен оқыту үдерісі өзгереді.
Аймақтар • 13 Қараша, 2025
Жұртшылықты қуантқан медициналық орталық
Талдықорғанда заманауи үлгідегі жаңа медициналық нысан ашылды. «Asmarmed» көпсалалы медициналық орталығы заманауи құрал-жабдықпен толықтай қамтылған әрі кешенді қызмет етуге барлық жағдай жасалған.
Мәдениет • 13 Қараша, 2025
Олар жарты ғасырдан астам уақыт бойы өмір мен өнерде жұп жазбай, ұлт мәдениетінің өркендеуіне бар ғұмырын арнаған тұлғалар. Шолпан Жандарбекова мен Бикен Римова секілді сахна саңлақтарынан тәлім алып, сол ұстаздық өнегені келер ұрпаққа жеткізуді өздерінің басты борышы санады. Кино мен театр өнерінде ерен еңбек етіп, сахна мен экранда өмірдің сан бояуын сомдаған қос тұлға – Кендебай Темірбайұлы мен Алмахан Кенжебекованың бүгінде қазақ өнерінің тарихында есімдері алтын әріппен жазылған.
Ғалам ғажаптары • 13 Қараша, 2025
Кейде ойымыздағы сөздер нақты біреудің дауыстай анық естілгендей болатынын байқағансыз ба? Бұл — миымыздың қызық қасиеті.
Спорт • 13 Қараша, 2025
Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында еліміз құрамасының қоржыны тағы бірнеше жүлдемен толықты.
Жәдігер • 13 Қараша, 2025
Халқымыздың бай тарихының бір пұшпағы жауынгерлік өнері мен өткен ғасырларда қолданған жарағы ауқымды түрде толық зерттеле қойған жоқ.
Ғалам ғажаптары • 13 Қараша, 2025
Бәріміз де ұйықтап бара жатқанда аяқ-қолдың кенет тарс етіп дір ете қалуын сезгенбіз. Бұл құбылыс ғылымда «hypnic jerk» деп аталады.
Алматы • 13 Қараша, 2025
Алматы шаһарының шынары іспетті, теңіз деңгейінен 3 200 метр биіктіктегі Шымбұлақ шыңында БҰҰ-ның 80 жылдық құрметіне салынған үлкен мұрал пайда болды.
Архив • 13 Қараша, 2025
Биыл облыстық тарихи-өлкетану музей қоры Қызылорданың астана мәртебесін иеленгеніне 100 жыл толуына байланысты құнды құжаттармен толыға түсті. Музей мен Алматыдағы Президент архиві басшыларының келісіміне сәйкес архив қорындағы 140-тан астам электронды құжат Қызылордаға жетті.
Үкімет • 13 Қараша, 2025
Бүлдіргіні тыятын заң мақұлданды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар бірнеше жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдап, екі кодекске бірқатар түзету енгізді. Бұған қоса Мәжіліс балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғауға қатысты жаңа нормаларды мақұлдады. Яғни енді елімізде педофилия мен ЛГБТ-ны насихаттауға заңмен тыйым салынбақ. Сондай-ақ төменгі палата Сенат енгізген түзетулермен келісіп, фонограмманы пайдалануды шектеу туралы заңды мақұлдады.
Үкімет • 13 Қараша, 2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен елдегі қазіргі өзара іс-қимыл мен іскерлік ахуалды одан әрі жақсарту мәселелері жөніндегі «Қазақстан-Еуроодақ» диалогтік платформасының 18-отырысы өтті. Жиынға ЕО елдері бизнес-қоғамдастығының өкілдері, дипломатиялық миссиялар мен сауда-өнеркәсіп палаталарының басшылары қатысты.
Саясат • 13 Қараша, 2025
Қазақстан – Ресей: тамыры терең байыпты ынтымақтастық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапарының екінші күні Александр бағындағы «Белгісіз жауынгер бейіті» мемориалына гүл шоғын қою рәсімінен басталды. Бір минут үнсіздіктен кейін оркестр Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындады. Содан соң Құрмет қарауылы еліміздің ресми делегациясының алдынан салтанатпен сап түзеп өтті.
Қоғам • 13 Қараша, 2025
Боччадан ел кубогі сарапқа салынады
Астанада жылдың басты спорттық сайыстарының бірі паралимпиадалық боччадан Қазақстан кубогі үшін жарыс өтіп жатыр. Осыған орай елордадағы «Аспан» спорт кешенінде 8 корт жасақталып, алғаш рет алаң саны бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді. Еліміздің 15 өңірінен келген параспортшыларға Сенат төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев қолдау білдірді.
Өндіріс • 13 Қараша, 2025
Құсмұрында вагон доңғалағын жөндейтін шеберхана ашылды
Қостанай облысының Құсмұрын стансасында вагон доңғалағын күрделі жөндеуден өткізетін жаңа шеберхана іске қосылды. Аталған шеберхана «Astana Railway Services» серіктестігінің филиалы болып саналады, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 12 Қараша, 2025
Павлодарда балалар арасында тұмау өршіп тұр
Өңірлік балалар ауруханасының дәрігерлері күніне шамамен 100-120 баланы қабылдап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Қараша, 2025
Қазақстан мен Ресей президенттер гала-концертті тамашалады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Владимир Путин Қазақстан өнерпаздарының гала-концертіне барды, деп жазады Egemen.kz.
Ипотека • 12 Қараша, 2025
Елімізде жеңілдетілген ипотека басталады
Қазақстанда тұрғын үй төлемдерін алатын күш құрылымдары қызметкерлерінен өтінім қабылдау басталады. Олар үшін бірден екі бағдарлама іске қосылады: «Наурыз Әскери» – жаңа тұрғын үй сатып алуға, «Әскери баспана» – екінші деңгейлі нарықтан үй алуға арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қараша, 2025
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құрылғанына 20 жыл толды
12 қараша күні Қонаев қалалық Мәдениет үйінде Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті, деп жазады Egemen.kz.