орда
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Қызылордада шалғай ауылдарға ауыз су желісі тартылды
Арал ауданындағы Тоқабай, Ерімбетжаға елді мекендеріне ауыз су желісі жеткізілді. Осыған дейін суды тасып ішіп отырған қос елді мекен халқы нысандардың ашылу салтанатына жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 08 Желтоқсан, 2025
«Отбасы банк» АҚ Қызылорда филиалы жылжымайтын мүлік жәрмеңкесін өткізді
«Отбасы банк» АҚ Қызылорда филиалы жаңа форматтағы шараларды қолдайды және іске асырады. Әсіресе ол халыққа тиімді болса, бірден білек сыбана кіріседі. Облыстық филиал салымшылары мен серіктестеріне қолжетімді баспанаға жетудің тетіктерін таныстыру, жинақ мәдениетін қалыптастыру, тұрғын үй нарығындағы жаңалықтарды талқылау үшін жылжымайтын мүлік жәрмеңкесін ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 06 Желтоқсан, 2025
Қайтарылған активтер есебінен ауылдарда ауыз су құбыры салынып жатыр
Қызылорда облысының Арал ауданында прокуратура органдары арқылы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Тоқабай және Абай елді мекендерінде ауыз су құбырының құрылысы жүріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 06 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның басшысы телефон арқылы тілдесті. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2025
Қызылордада мүгедектігі бар жандардың жайын ескерген қанша нысан бар?
Аймақта 1500-ден астам әлеуметтік инфрақұрылым нысаны мүгедектігі бар жандарға толық бейімделген. 2027 жылдың соңына дейін тағы 788 нысан жаңартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Желтоқсан, 2025
Антониу Кошта: Еуропа Одағы мен Қазақстанның серіктестігі нақты нәтиже беріп отыр
Антониу Кошта Еуропа Одағы мен Қазақстанның серіктестігі нақты нәтиже беріп отырғанына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 04 Желтоқсан, 2025
Президент Еуропа Одағына ризашылығын білдірді
Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөз барысында цифрландыру бағытындағы ықпалдастықты арттыруға айрықша мән берілгенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 04 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Салтанатты рәсімде Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Коштаның Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы серіктестікті нығайтуға қомақты үлес қосқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 04 Желтоқсан, 2025
Антониу Кошта қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстанға ризашылығын білдірді
Антониу Кошта қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 04 Желтоқсан, 2025
Еуропа Одағы – Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктесі
Былтыр екіжақты тауар айналымы шамамен 50 миллиард долларға жетті. Ал 2005 жылдан бері елімізге келген инвестицияның жалпы көлемі 200 миллиард долларға жуықтады. Еуропа Одағының Орталық Азиямен сауда-саттығының 80 пайызы Қазақстанға тиесілі, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 04 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада елімізге алғаш рет ресми сапармен келген Антониу Коштамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда.
Үкімет • 04 Желтоқсан, 2025
2026 жылы су тапшылығы қаупі бар: аграрларға ылғалды көп қажет ететін дақылдарды қысқарту ұсынылды
Вице-премьер Қанат Бозымбаев, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды. Олар фермерлермен кездесіп, алдағы вегетациялық кезеңге дайындық, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарын әртараптандыру және су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 03 Желтоқсан, 2025
Ертең Астанаға Еуропалық Кеңес Президенті ресми сапармен келеді
Ертең Астанаға Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2025
Шағын аудан тұрғындарының шағымы
Қызылорда қаласы КБИ шағын ауданы тұрғындары «Бұлан» мал базарын басқа аумаққа көшіруді сұрайды. Олар мал базарының ветеринариялық-санитариялық нормаларға сай еместігін және жеке тұрғын үйлермен жапсарлас орналасқан базарға келетін төрт түлік тиеген жүк көліктерінің тыныштықты жиі бұзатынын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 03 Желтоқсан, 2025
«Ордабасы» футбол клубының экс-президенті Түркияда қашып жүр
Аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған Бахтияр Байсейітовті экстрадициялау туралы Түркияға сұрау жолданды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 03 Желтоқсан, 2025
Қызылордада 13 адам өрттен құтқарылды
Өрт Қызылорда қаласы Желтоқсан көшесіндегі 9 қабатты үйден шыққан. Жетінші қабаттан байқалған жалынға ТЖМ мамандары жедел жетіпті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 02 Желтоқсан, 2025
Қоғамды дамытудың тың мүмкіндіктері талқыланды
Елордадағы Эко-хабта қаладағы Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу және оларды іске асыру бойынша мониторингке арналған бірқатар іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2025
Мектептің бас есепшісі 52 млн теңге жымқырған
Қызылорда облысына қарасты Байқоңыр қаласының прокуратурасы мемлекет бюджетін жымқыру фактісін анықтаған. Жемқорлық әрекеті білім беру ұйымдарының 2022-2024 жылдары аралығында бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесінде белгілі болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланка Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 01 Желтоқсан, 2025
Биыл Алматы облысына барған туристер саны 2,2 миллион адамға жеткен
Президент Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады, деп жазады Ақорда.
Заң • 30 Қараша, 2025
Жыл басынан бері Шиелі ауданында қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 120 адам анықталып, барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 30 Қараша, 2025
Қызылорданың тазалығы тұрақты бақылауда
Қызылордада жеке сектордағы тұрғын үй қасбеттерінің кемшіліктерін ретке келтіріп, санитарлық-норма талаптарын бақылайтын жұмысшы топ тұрақты рейд жүргізіп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Қараша, 2025
Президент Индонезия мен Таиланд басшыларына көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Индонезия Президенті мен Таиландтың Премьер-министріне көңіл айту жеделхаттарын жолдады.
Президент • 28 Қараша, 2025
Президент әлем біріншіліктерінде топ жарған жас шахматшылармен кездесті
Кездесуге 8 жасқа дейінгі санатта әлем чемпиондары атанған Әдинұр Әділбек пен Алиша Бисалиева, 12 жасқа дейінгі санатта әлем чемпионы болған Данис Қуандықұлы, 14 жасқа дейінгі санатта әлем біріншілігінде жеңіс тұғырынан көрінген Марк Смирнов, 16 жасқа дейінгі санат бойынша әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан Эдгар Мамедов, 16 жасқа дейінгі шахматшылар арасында әлем біріншілігінің күміс жүлдесіне қол жеткізген Сауат Нұрғалиев қатысты, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 28 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичті қабылдады
Кездесуде Мемлекет басшысы Ұйымның Қазақстан шахмат федерациясына, жаттықтырушылар мен жас спортшыларға көрсеткен қолдауын жоғары бағалады, деп хабарлайды Ақорда.
Заң • 27 Қараша, 2025
Темекі қалдығы үшін қоғамдық жұмысқа тартылды
Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азаматқа қатысты іс қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 27 Қараша, 2025
Көптен күткен жаңалық: Қызылорда – Жезқазған автожолы ашылды
Қызылорда облысында Қызылорда – Жезқазған автожолын қайта жаңғырту жұмыстарының негізгі жұмыстары аяқталып, қозғалыс ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 25 Қараша, 2025
Қызылордада мұғалімдер мемлекет қаражатын жымқырған
Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мемлекет қаржысын аса ірі мөлшерде жымқыру дерегін анықтап, оған қатысы бар тұлғалардың заңсыз әрекеттерінің жолын кесті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қараша, 2025
Аялдаманы қиратқандар қамауға алынды
Астанада құқық қорғау органдары аялдама павильонын қиратып кеткен кезекті тәртіп бұзушыларды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 24 Қараша, 2025
Бизнесті қорғауға ерекше басымдық беріледі
Қызылорда облысында жыл басынан бері прокуратураның қадағалау актілерімен 3 187 кәсіпкердің құқығы қорғалып, олардың пайдасына 1,9 млрд теңгеден астам қаражат өндірілген. Тәртіптік жауаптылыққа тартылған 45 адамның 15-і – облыстық және аудандық деңгейдегі басшылар, деп жазады Egemen.kz.