рт
Оқиға • 09 Тамыз, 2023
Павлодар облысында өрттен екі жасар қыз көз жұмды
Павлодар облысында өрт салдарынан екі жасар қыз қайтыс болып, тағы бір бала зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Тамыз, 2023
Президент Екібастұздағы жылу электр орталығына барды
Мемлекет басшысы Екібастұздағы жылу электр орталығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 09 Тамыз, 2023
Ақтауда шахматтан мектеп әлем чемпионаты өтті
Ақтау қаласында 4-7 тамыз аралығында шахматттан мектеп командалары арасында өткен әлем чемпионаты аяқталды. Оған әлемнің 53 елінен 400-ден астам оқушы қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Тамыз, 2023
Мемлекет басшысы Сингапур Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Халима Якобты Сингапур Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 08 Тамыз, 2023
Көкшетауда нан зауытының қоймасын өрт шарпыды
Өрт 8 тамыз күні сағат 02:25 шамасында «Көкшетау нан зауыты» ЖШС аумағындағы қоймадан шыққан. Қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелген жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Тамыз, 2023
Ақтөбеде есірткі сатқан адам 12 жылға сотталды
30 наурызда Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтөбе қаласы Сəңкібай батыр даңғылында орналасқан гараж кооперативінің аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдіктіні ұстаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 08 Тамыз, 2023
Қазақстанда орташа жалақы мөлшері қанша?
Қазақстанда орташа айлық жалақы туралы мәліметтер жаңартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросының деректеріне сілтеме жасап.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2023
Шымкентте жеке тұрғын үй өртеніп, екі адам көз жұмды
Өрт сағат 05:18-де оқшауланып, 06:18-де толық сөндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Тамыз, 2023
Елордалық пара бишілер халықаралық турнирде жүлделі болды
Елордалық пара бишілер халықаралық лицензиялық турнирде 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Теннис • 07 Тамыз, 2023
Елена Рыбакина әлемдік рейтингте төртінші орынға сырғыды
Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) Live рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина төртінші орынға төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Тамыз, 2023
Бурабайда өрт шығып, 106 адам эвакуацияланды
Бурабайдағы «Алматы» қонақ үйінің ғимаратынан өрт шығып, 106 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 06 Тамыз, 2023
Қарағандыдағы орталық саябақта кенеттен аттракцион тоқтап қалған
Қаланың орталық саябағындағы аттракцион кенеттен тоқтап қалған мезетте ішінде адамдар болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Тамыз, 2023
Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына алғашқы жүлде түсті
Түркияның Стамбул қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында еркін күрестен ел қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Тамыз, 2023
Александр Винокуров Әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Astana Qazaqstan Team велокомандасының бас менеджері, ең танымал қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров Глазгода өткен әлем чемпионатында 50+ категориясындағы жарыста алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 05 Тамыз, 2023
Үкімет басшысы Алматыда өртенген тұрғын үйді қалпына келтіруді тапсырды
Бүгін ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үй кешенінде болған өрттің салдарын жою мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 03 Тамыз, 2023
Қазақстан мен Ауғанстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті
Іскерлік форумды өткізуге екі тарап та мүдделі. Астанадағы қазақ-ауған бизнес-форумына бизнес пен үкіметтік топтардан 300-ден астам өкіл жиналды. Қазақстан – Ауғанстан нарығына ірі азық-түлік жеткізушісі. Қазақстандық экспорттың ең үлкен үлесі ұн мен бидайға тиесілі. Өткен жылы Ауғанстан 1,28 млн тонна қазақстандық ұнды импорттап, Өзбекстан және Тәжікстанмен қатар осы өнімді тұтынушы негізгі үш ел арасында көш бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба • 03 Тамыз, 2023
Жас өнертапқыштар «ақылды сағат» жасап шығарды
Инсульт, инфаркт және тағы басқа талма аурулары бар науқастарға арналған «Екінші жүрек» деп аталатын «ақылды сағат» жүрек соғысы мен қан қысымын бақылауда ұстап, адам өміріне қауіп төнген кезде белгі береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Тамыз, 2023
Астана маңында қамыс өрті сөндірілді
Целиноград ауданының Қаражар ауылынан 8 шақырым жерде қамыс өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 02 Тамыз, 2023
Қазақстандық паражүзуші әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Англияда паражүзуден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан намысын қорғауға аттанған Нұрдәулет Жұмағали күміс жүлдеге ие болып, жеңіс тұғырынан көрінді, деп жазады Egemen.kz.
Жоба • 02 Тамыз, 2023
Тараз оқушылары зағиптарға арналған құрылғы ойлап тапты
Тараз қаласының өнертапқыш оқушылары елімізде алғаш рет брайль жүйесімен жұмыс істейтін пернетақталы принтер жасап шығарып, оған «Қазақ Braille» деген атау берген. Аталмыш құрылғы жанарынан айырылған жандарға арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2023
Ақкенттегі өрт кезінде көз жұмған әйелдің отбасына көмек көрсетіледі
Алатау ауданының әкімдігі Алматыдағы өрт кезінде көз жұмған азаматтардың жақындарына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 02 Тамыз, 2023
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Бразилияда әлем бойынша ең қарт адам ретінде танылған Сеу Жозе Паулино Гомес қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Тамыз, 2023
Ақкенттегі өрт кезінде Түркия азаматы да қол ұшын созған
Сивас Шукур Гюнай Ақкент маңындағы құрылыс алаңында электрик болып жұмыс істейді. Ол өрт түтінін көрген мезетте өзгелер сияқты жұмысын тастай салып, 16-қабатты үй жаққа жүгірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 02 Тамыз, 2023
Жас өнертапқыштар жылыжайды автоматтандыру әдісін ұсынды
Абай облысында 10-11 сынып оқушылары жылыжайды автоматтандыру әдісін ұсынды. Жас өнертапқыштар заманауи технологияны пайдалана отырып, жылыжайдағы ауа температурасын бақылауды және топырақты қажеттілігіне қарай суаруды автоматтандырудың жолын тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Тамыз, 2023
Алматыдағы өрт: тұрғындарды құтқарған азаматтар оқиғаның мән-жайын айтты
Өрт енді басталғанда Ақкент тұрғындары Ерік Төкенұлы мен Дәулетқали Нұрлан төрт досымен сол маңда сыртта тұрған. Олар өрт сөндірушілер келгенге дейін, одан кейін де құтқару жұмысына басынан аяғына дейін қатысыпты. Кілем тауып әкеліп жүрген де солар екен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Тамыз, 2023
Ақкенттегі өрттен зардап шеккен 31 адам ауруханаға жеткізілді
Алматы қаласының Ақкент ықшам ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің бірі өртеніп, адамдар терезеден секіруге мәжүр болған. Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы аталған оқиғадан зардап шеккен 31 адам ауруханаға жеткізілгенін нақтылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Тамыз, 2023
Алматыда 16 қабатты үй өртеніп жатыр
Оқиға орнында жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 01 Тамыз, 2023
Машина жасау саласы өнімдерінің экспорты 3 есе артады
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында машина жасау саласын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 31 Шілде, 2023
Абай облысында «Зерде» неврологопедиялық орталығы ашылды
2021-25 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкердің бірі - «Болашақ» ЖК директоры Ардақ Мейрамбекқызы осы жылдың ақпан айында қажетті жабдықтарды сатып алып, «Зерде» неврологопедия орталығын ашқан. Ол жеке кәсібін дамыту үшін 4 млн теңге грант алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Шілде, 2023
Жүк көлігіне тиелген қарбыз арасынан есірткінің ірі партиясы табылды
ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті Павлодар облысының полиция департаментімен бірлесіп, жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында Қазақстан арқылы өткен героиннің ірі партиясы «транзитінің» жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.