Соңғы жаңалықтар
Сұхбат • 31 Қазан, 2025
Зайролла ДҮЙСЕНБЕКҰЛЫ, академик: Ұлт деңгейін көтерген ғылымның қадірі бар
Қазір қоғамда дәстүрлі құндылықтар өзгеріп, жаңа ұстанымдар пайда болды. Алайда зиялылықтың мәні кеміген жоқ. Нағыз зиялы – ұлттың ар-ұяты. Елімізде іргелі ғылым мен өндірістің байланысын өмірінің өзегі етіп жүрген санаулы тұлғалар бар. Соның бірі – Ұлттық ғылым академиясының академигі, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, Зайролла Дүйсенбекұлы. Отандық ғылымның дамуына зор үлес қосқан көрнекті ғалымның өмірден түйгені мол. Айтары да жетеді. Таяуда ғалым ақсақалмен кеңірек отырып әңгімелесудің сәті түсті.
Пікір • 31 Қазан, 2025
Қазақстан Орталық Азияда көшбасшы ел бола алады
Карина АНГЕЛИЕВА, халықаралық ғылым және технология орталығының атқарушы директоры:
Спорт • 31 Қазан, 2025
Бұқаралық спортты дамытудың нақты қадамдары
Бұқаралық спорт – ұлт саулығының кепілі. Өркениеттің көшін бастап тұрған мемлекеттер спорт пен саламатты өмір салтын ұлттық идеология дәрежесінде дәріптейді. Өйткені дені сау ұлт қана елдің тірегіне айналады.
Руханият • 31 Қазан, 2025
Староста. Бұл сөз мектептен құлаққа сіңген. Аударылмаған. Аударылмас та. Жарты ғасыр бұрын оқыған мектепте қай оқушының староста болғаны есте жоқ, ал елу қиырдан құйылған елу студенттің ішінен екі топқа екі староста шыққанда, бірі – Мейрамбек Төлепберген еді. Онда Төлепбергенов.
Мәселе • 31 Қазан, 2025
Құм басқан жер, мұң шаққан жұрт
Аспантау аясындағы ауыл тұрғындарының дені малды кәсіп қылып, жерден нәпақасын теріп, жан бағады. Шабындық жерлерден мал азығын дайындайды, дәнді дақылдар мен көпжылдық шөп, картоп егеді. Жер болса, жекенің меншігінде. Қырық құрақ қып «қиып» алған ұлтарақтай жерін күтіп-баптап, одан мол әрі сапалы өнім алу оңайға соқпайтыны белгілі. Себебі қыс ұзақ, көктем кеш келетін таулы өңірдегі суармалы жерлердің жанға батар түйінді мәселесі жылдар бойы шаруалардың жанайқайына айналғанын айтып, Райымбек ауданында туып-өскен, осы өңірдің өркендеуі жолында табан тоздырып, маңдай терін сіңірген зейнеткер, «Жаса» шаруа қожалығының жетекшісі Есен Қонаев ақсақал редакциямызға хат жолдады.
Жасанды интеллект • 31 Қазан, 2025
Жасанды интеллект және архив мұрасы
Халықаралық архивтер кеңесі (МСА) Бас ассамблеясының президенті Жозе Кирпс «ICA Barcelona 2025» Конгресі аясында өткен жиында Қазақстан Республикасы Президенті архивінің стратегиялық маңызын ерекше атап өтті.
Сұхбат • 31 Қазан, 2025
Райхан Оңғарова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі: Болат Аюхановтың есімін ұрпақ ұмытпаса екен...
Қазақ сахналық би өнерінің негізін қалаушы Болат Аюхановтың дүниеден озғанына үш жылға жуық уақыт өтті. «Алматының Жас балеті» би театрын құрып, ұлтымыздың еуропалық ақсүйек өнерді игеруіне даңғыл жол салған тұлғаның есімін ұлықтау – баршаға ортақ парыз. Осы орайда Болат Аюхановтың зайыбы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, хореография саласының ардагері, доцент Райхан Оңғаровамен әңгімелескен едік.
Мәдениет • 31 Қазан, 2025
Ұрмалы аспаптармен мақтана аламыз
Жақында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның тапсырмасымен Астана қаласында аспаптар орталығы ашылды. Министр орталыққа көне аспаптарды жаңғыртып, дамытып жүрген Азамат Бақияны алдырып, ғимаратын, қаржысын, т.б. мәселелерді реттеп, қазақ өнеріне үлкен қамқорлық жасап отыр.
Ғалам ғажаптары • 31 Қазан, 2025
Халықаралық деңгейде 32 мың адамның қатысуымен жүргізілген зерттеу нәтижесі адамдардың жылтыр тауарларға 72% қымбат төлеуге дайын екенін көрсетті.
Спорт • 31 Қазан, 2025
Көпшілік көзайымына айналған кубок
25–29 қазан аралығында Астанадағы Beeline Arena спорт кешенінде үстел теннисінен Президенттің бірінші Ашық кубогі өтті. Турнирге 14 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Олардың қатарында әлемдік рейтингтің топ – 100-дігіне енетін ойыншылар да өнер көрсетті. Жалпы жүлде қоры 115 000 долларды құрады.
Ғалам ғажаптары • 31 Қазан, 2025
Talker Research жүргізген сауалнамаға қатысқан 2 мың америкалықтың айтуынша, жалақының 48%-ы алғашқы 48 сағатта жұмсалып кетеді.
Ұлттық спорт • 31 Қазан, 2025
Ұлттық дәстүрді дәріптеген турнир
Шымкентте екінші республикалық «Respublica asyq atu» турнирі өтті. Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 40 үміткер қатысты. Ұлттық ойынды мыңдаған қала тұрғыны мен қонақтары тамашалады.
Ғалам ғажаптары • 31 Қазан, 2025
Жақында Қытайда арнайы білімі жоқ блогерлерге қаржы, медицина, заң және білім салаларына қатысты контент жасауға тыйым салынды.
«Таза Қазақстан» • 31 Қазан, 2025
Экологиялық эстафета Сырда қорытындыланды
Алматы – Қызылорда арасындағы 1200 шақырымдық күре жол бойын тұрмыстық қалдықтардан тазарту мақсатында жолға шыққан «Таза Қазақстан» road-эстафетасы жолай оңтүстік өңірдегі бірнеше қала мен ауданда тазалық шараларын жүргізіп, халықпен кездесу ұйымдастыра отырып Қызылордаға жетті.
Көрме • 31 Қазан, 2025
Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Хакім Абай мұрасы» атты тақырыптық-экспозициялық көрме ашылды. Тағылымды шара ұлы ойшылдың туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.
Қоғам • 31 Қазан, 2025
Кітапханашы – руханият жаршысы
Кітапханашылар күні қарсаңында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында дәстүрлі «Үздік кітапханашы – 2025» байқауы өтті.
Аймақтар • 31 Қазан, 2025
Детектив байқауының жеңімпаздары
Көрнекті майдангер жазушы Кемел Тоқаев атындағы дәстүрлі детектив шығармалар байқауы 2018 жылдан бері тұрақты өтіп келеді. «Заң медиа» корпорациясы қолға алған байқаудың қорытынды іс-шарасы соңғы жылдары еліміздің әр қаласында ұйымдастырылып жүргенін көпшілік біледі. Биыл әдеби байқаудың үздіктері Тараз төрінде анықталды.
Аймақтар • 31 Қазан, 2025
Ақтау қаласында позитрон-эмиссиялық томография (ПЭТ/КТ) орталығы ашылды. Батыс өңірлері арасында тұңғыш рет Маңғыстау облысында ашылған орталықтың мақсаты – қатерлі ісік сияқты күрделі аурулардың рецидивін ерте кезеңде анықтау, жоғары технологиялы медициналық қызметті тұрғындарға қолжетімді ету.
Төтенше жағдай • 31 Қазан, 2025
Су басу қаупі бар 1200-ден астам елді мекен анықталды
Қанат Бозымбаев өңірлердің қысқы маусымға дайындығын және көктемгі су тасқыны қаупі жоғары кезеңге қатысты қабылданып жатқан шараларды тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 30 Қазан, 2025
Жаңбыр жауып, үсік жүреді: бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 31 қазанда елімізде тұман түсіп, найзағай ойнайды, жел күшейіп, үсік жүреді деп болжап отыр, соған байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Қоғам • 30 Қазан, 2025
Енді нашар жол үшін ақша төлемеуге болады
Жақын арада қазақстандықтарға ақауы бар жол учаскелерінің нақты тізімі ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 30 Қазан, 2025
Жұманғарин ферроқорытпа зауыттарына электр энергиясын төмендетілген тарифпен беруді тапсырды
Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысында өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс саласының динамикасы жан-жақты қаралды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Шаруашылық • 30 Қазан, 2025
Көксу ауданында жер қоры ұлғайып, ауыл шаруашылығы қарқыны артуда
Жетісу облысының Көксу ауданында соңғы үш жылда пайдаланылмай жатқан 46,9 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 30,2 мың гектары (64,4%) қайта айналымға тартылып, 16,4 мың гектары конкурс арқылы шаруаларға берілді, ал 13,8 мың гектары ауылдық округтерге қоғамдық жайылым ретінде бөлінді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев аудан халқымен кездесуде айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қазан, 2025
Ақтауда «Сән Құрақ Fest-2025» фестивалі өтті
Ақтауда қолөнер дәстүрін жаңғыртуға бағытталған «Сән Құрақ Fest–2025» фестивалі өтті. Көрмеге «құрақ құрау» дәстүрімен әзірленген көрпелер, киімдер мен аксессуарлар қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қазан, 2025
Көксуда дәрігерлер мен мұғалімдерге арналған жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді
Жетісу облысының Көксу ауданында әлеуметтік сала мамандарына арналған 20 пәтерлі жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл бастама облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тапсырмасымен кадр тапшылығын шешу мақсатында жүзеге асқан, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 30 Қазан, 2025
Жетісуда «Сарыөзек–Көктал» тас жолының жөндеу жұмыстары толық аяқталды
Жетісу облысында жалпы ұзындығы 178 шақырым болатын «Сарыөзек–Көктал» автожолының қайта жаңарту жұмыстары толық аяқталды. Құрылысы 2022 жылы басталған жоба бірнеше кезеңмен іске асырылып, бүгінде жол барлық техникалық талаптарға сай пайдалануға берілді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 30 Қазан, 2025
31 қазан күні еліміздің барлық өңірінде «Халық заңгері» акциясы өтеді
Таңертеңнен кешке дейін әр аймақтағы үздік заңгерлер, адвокаттар және мемлекеттік органдардың өкілдері құқықтық көмекке мұқтаж азаматтарға тегін кеңес береді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды
Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы Үстел теннисі орталығын аралап көрді, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 30 Қазан, 2025
Қошанов Грузия депутаттарына Президент реформалары туралы айтып берді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Грузияға ресми сапары аясында ел Президенті Михаил Кавелашвилимен, Премьер-министр Ираклий Кобахидземен және Парламент төрағасы Шалва Папуашвилимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 30 Қазан, 2025
Италияда Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды
Римдегі Вилла Грациоли саябағында (Parco di Villa Grazioli) қазақ халқының ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлы бюстінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерболат Сембаев, италиялық зиялы қауым өкілдері мен Қазақстанның ресми делегациясы мүшелері қатысты, деп жазады Egemen.kz.