Ақ
Ауа райы • 20 Қазан, 2025
Жел, тұман, үсік: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Синоптиктердің хабарлауынша 21–23 қазан аралығында еліміздің басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклонының әсерінен ашық әрі жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қазан, 2025
Елімізде Қазақстан есімді 28 азамат бар
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, осы есімді иеленген 7 азамат Қарағанды облысында тұрады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қазан, 2025
Ақтауда қазақ өнері мен әдет-ғұрыпы насихатталды
Ақтаудағы Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының алаңында «Қазақ өнері мен әдет-ғұрып фестивалі – Ұмытылмас өнер» мәдени іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Зерде • 20 Қазан, 2025
«Ақылды жылыжай» прототипі жасалды
Оны ойлап тапқандар – Алматы құрылыс-техникалық колледжінің 3 курс студенттері Ғаббас Баязитов, Георгий Шикин, Назим Алиев. Олардың жобасында автоматтандыру үдерістері, сенсорлық бақылау және ЖИ элементтері біріктірілген, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 20 Қазан, 2025
Қазақ киносы әлемдік сахнада қарқынды дамып келеді
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұлттық киноны дамыту мен оны әлемдік деңгейде таныту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді. 2020–2025 жылдар аралығында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы түрлі жанрдағы 119 киножобаны жүзеге асырды. Осы кезеңде қазақстандық фильмдер 300-ден астам халықаралық фестивальге қатысып, 177 марапатқа ие болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қазан, 2025
Елімізде 5 жыл ішінде 1 млн азамат ЖИ негіздері бойынша оқытылады
Қазақстанда жасанды интеллект саласын өркендету жаңа кезеңге қадам басты. Қазіргі уақытта Сенатта «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Бұл құжат инновациялық технологияларды қауіпсіз әрі тиімді қолданудың құқықтық негізін бекітіп, елдің цифрлық трансформациясын жеделдетуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 20 Қазан, 2025
Әлем чемпионы әскери ант берді
Алматы қаласында Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубында әскери ант беру салтанатты рәсімі өтті. Ант берген әскери қызметшілер қатарында белгілі спортшылар да бар, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қазан, 2025
Ақтау қаласындағы жылу желілерінің 79 пайызының тозығы жеткен
Қазіргі таңда Ақтау қаласындағы жылу желілерінің 79 пайызының тозығы жетіп, толыққанды жөндеуді қажет етеді. Инженерлік инфрақұрылымның тозу деңгейінің жоғары болуы салдарынан жыл сайын қалада шамамен 1500-ге жуық апаттық жағдай тіркеліп отыр. Бұл өз кезегінде тұрғындарды сумен және жылумен тұрақты қамтамасыз етуге елеулі кері әсерін тигізіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 20 Қазан, 2025
Жас кәсіпкер тың бастамасына мемлекеттен қолдау күтеді
Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданының тұрғыны, үнемі тың идеяға жақын жүретін Аяжан Қуатбекқызы балабақша бүлдіршіндеріне түрлі ойыншық жасауды қолға алған. Балаларға ғана емес, шағын цехтан күнделікті тұрмысқа қажет былғары бұйымдар да шығарып жатыр. Айта кетерлігі, әр жасаған дүниесінен қазақы иіс аңқып тұрады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 20 Қазан, 2025
Қазақстанның 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күшті жел соғып, тұман түсіп, жоғары және төтенше өрт қауіптілігі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 20 Қазан, 2025
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 19 Қазан, 2025
Ақмола облысында іздеуде жүрген азаматтар ұсталды
Ақмола облысында іздеуде жүрген, соның ішінде ауыр қылмыс жасаған азаматтар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 19 Қазан, 2025
Алматыда оқушылар «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің оқушылары экобелсенділермен бірге «Сосновый бор» саябағының аумағына үш мыңға жуық құрғақшылыққа төзімді қарағаш көшеттерін отырғызды. Бұл бастама саябақ периметрінде жасыл қоршау жасау мақсатында жүзеге асырылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Қазан, 2025
Президент «Қазақстан барысы – 2025» турнирінің жеңімпазын құттықтады
Мемлекет басшысы «Қазақстан барысы – 2025» турнирінің жеңімпазын құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ауыл • 18 Қазан, 2025
Мақаншы – елдің шетінде, желдің өтінде тұрғанымен, еліміздің ең берік шебі, туристік, транзиттік, кедендік, экономикалық маңызы бар аудан. Бір кездері таратылып кеткен аудан бүгінде қайта түлеп келеді. Президент бастамасымен Мақаншының тарихи мәртебесі қайтарылып, қаусаған тамырға қан жүгіре бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қазан, 2025
Минуттық төлем жүйесі енгізілуі мүмкін
Астанада ақылы автотұрақтарда минуттық төлем жүйесі енгізілмек, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 18 Қазан, 2025
Антикордың экс-басшысы бас прокурордың орынбасары болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурордың орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 17 Қазан, 2025
Франкфуртта "Егемен Қазақстан" тілшісінің кітабы таныстырылды
Германияның Франкфурт қаласында өтіп жатқан дәстүрлі халықаралық кітап көрмесінде ақын, “Егемен Қазақстан” газетінің тілшісі Дүйсенәлі Әлімақынның “Америка ашқан қазақтар” атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 17 Қазан, 2025
«Таза Қазақстан»: ҚХА мүшелері Астанадағы саябақта шырша отырғызды
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы және Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығы аясында орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының бастамасымен елорданың «Достық» аллеясында сенбілік ұйымдастырылып, шырша отырғызылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Президент • 17 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Халықаралық стандарттау ұйымының Бас хатшысын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев мейманға ілтипат білдіріп, Халықаралық стандарттау ұйымы жаһандық сауда, инновация мен орнықты дамудың негізін қалыптастыратын беделді институт екеніне тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 17 Қазан, 2025
Астанадан жыл аяғына дейін 1 200-ден астам жас әскерге жөнелтіледі
Елордада күзгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. Қыркүйекте шекара қызметі мен десанттық бөлімдер жасақталған еді. Ал қазір механикаландырылған, арнайы жасақ және барлау бөлімдері, артиллериялық құрамалар толықтырылып жатыр. Осыған орай қалалық шақыру комиссиясының отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 17 Қазан, 2025
«Шымбұлақ» – ТМД елдеріндегі ең үздік тау-шаңғы кешені атанды
Еліміздің «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешеніне ТМД мемлекеттеріндегі «ең үздік тау-шаңғы кешені» аталымы берілді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 17 Қазан, 2025
Қазақстан нан бағасы ең төмен 10 елдің қатарына енді
Әлемдік рейтингке сәйкес, Қазақстан нан бағасы ең төмен мемлекеттердің қатарында алтыншы орынға жайғасты. Елімізде 500 граммдық ақ нанның орташа бағасы — 230 теңге, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 17 Қазан, 2025
Үкіметте «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті
Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының директорлар кеңесін өткізді. Жиынға алғаш рет жасанды интеллект негізінде құрылған тәуелсіз цифрлық мүше SKAI (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 17 Қазан, 2025
«Алматы Тазалық» жұмысшыларының жалақысы өсті
Бүгін Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Алматы Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына барып, қызметкерлердің еңбек жағдайымен, коммуналдық техника паркінің жаңғыртылу барысымен және қысқы маусым алдындағы қала тазалығын қамтамасыз ету жұмыстарының ұйымдастырылуын қарап шықты. Дәл осы күндері «Алматы Тазалық» қызметкерлерінің саны екі есе көбейіп, жалақысы 55%-ға дейін өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қазан, 2025
Әйтеке би ауданының екі ауылына көгілдір отын келді
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Әйке және Тереңсай ауылдарына газ құбыры тартылып, екі мыңға жуық тұрғын пеш жағу бейнетінен құтылды. Жоба шалғай елдімекендерді газдандыру жобасы аясында іске асырылды. Ұзындығы 30 шақырымнан асатын құбыр құрылысын «Ерзат» ЖШС-і жүргізді. Енді жыл соңына дейін көршілес Қияқты және Ұлғайсын ауылдарына да көгілдір отын жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 17 Қазан, 2025
17 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде кең ауқымды антициклонның ықпалы жалғасады. Синоптиктердің мәліметінше, ауа райы негізінен ашық болады. Тек батыс және солтүстік-батыс өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, қар түсуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 16 Қазан, 2025
Ауылшаруашылығы санағы аяқталып келеді
Солтүстік Қазақстан облысында 2025 жылғы ауылшаруашылығы санағының негізгі кезеңі аяқталды. Санақшылар барлық ауылдық елді мекендерге барып, жоспар бойынша белгіленген жұмыстарды толық атқарып шықты деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қазан, 2025
СҚО-да орақ науқаны аяқталуға жақын
Солтүстік Қазақстан облысында 2,972 млн гектар алқаптан дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналған, бұл – егіс алқабының 98,2%-ын құрайды. Бастырылған астық көлемі – 6,17 млн тонна, ал орташа өнімділік гектарына – 20,8 центнер, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қазан, 2025
Полицейлер 45 млн теңгені иемденген күдіктіні ұстады
Polisia.kz-тің хабарлауынша, тергеу деректеріне сәйкес 34 жастағы Орал қаласы тұрғыны 45 миллион теңгені Бөрлі ауданы тұрғынынан алдап алған, деп жазады Egemen.kz.