Соңғы жаңалықтар
Банк • 24 Қазан, 2025
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Отбасы • 24 Қазан, 2025
Неке тұрақтылығы – татулық пен береке негізі
Отбасы – қоғамның басты тірегі, берік арқауы, ұлттың ұйытқысы. Мықты мемлекет ырыс-ынтымақты отбасыдан құралады. Отбасы құндылықтарын сақтау ел өміріндегі тұрақтылыққа, адамдар арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал етеді. Қоғамда моральдық негіздерді, отбасы құндылықтарын нығайту – Мәдениет және ақпарат министрлігі қызметінің басым бағыттарының бірі.
Қоғам • 24 Қазан, 2025
Кеше елорда төріндегі Бейбітшілік және келісім сарайында белгілі опера және эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова «Өмірге ғашықпын» атты мерейтойлық концертін көрерменіне тарту етті. Республика күні қарсаңында талғампаз тыңдарман назарына ұсынылған керемет кештің мәнді мазмұнымен қатар тосынсыйлары да мол болды.
Пікір • 24 Қазан, 2025
Қоғамның сенім орталығы болғаны жөн
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында Парламент тиімділігі мәселесі орынды көтерілді. Еліміз кейінгі 30 жылда XIII сайланған Жоғарғы Кеңестен қазіргі қос палаталы Парламентке дейінгі бел-белесті жүріп өтті.
Мәдениет • 24 Қазан, 2025
Өнер саласындағы ауқымды өзгеріс
Мәдениет және ақпарат министрлігі кейінгі бес жылда мәдениет пен өнер саласында ауқымды өзгерістер жүргізді. Аты аңызға айналған ұжымдар қайта жаңғырып, Қазақстанның Орталық Азиядағы мәдени беделі артты.
Театр • 24 Қазан, 2025
Көрермен көңілін нұрға бөлеген театр
«Бұл үйге, әсіресе өзгеше көктем нұрын енгізген бір жан бар. Ол Сүйіндіктің қызы – Тоғжан... Сылдырлаған шолпысы, әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді. Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшат бөркі, білек толған неше білезіктері – баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты..».
Энергетика • 24 Қазан, 2025
Жасыл энергияны өркендету қадамы
Мемлекет басшысының басты тапсырмасының – жасыл энергетикаға бет бұру. Осы орайда экономикасының басым бағыты көмірсутекті шикізатты өндірумен байланысты Атырауда жаңғырмалы энергия көзін дамыту бағытында байыпты қадам жасалды.
Мәдениет • 24 Қазан, 2025
Күзгі гид: кітаптар және музыка: жайлы кештерге арналған таңдаулар Яндекс Плюс жазылымында
Аймақтар • 24 Қазан, 2025
Ұлан ауданында биыл 52 шақырым жол мен көше жөнделіп жатыр. Ол туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Ұлан ауданының халқымен кездесуде айтты. Ауданға жұмыс сапарымен барған өңір басшысы кездесуден кейін бірқатар әлеуметтік нысанды аралады.
Университет • 24 Қазан, 2025
Екі ел университеттері арасындағы әріптестік
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлемнің жетекші оқу орындарының филиалын еліміздің іргелі жоғары оқу орындарының жанынан ашу туралы тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындау мақсатында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті базасынан Түркияның айтулы оқу ордаларының бірі – Гази университетінің филиалын ашу жөнінде келісімге қол жеткізілді.
Шымкент • 24 Қазан, 2025
Цифрландыру өңір дамуына серпін береді
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сараптамалық алаңының «Қазақстанның тұрақты өңірлік дамуы: цифрлық, экономикалық және әлеуметтік бағдарлар» тақырыбында жиын ұйымдастырды. Оған зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, депутаттар, этномәдени бірлестік төрағалары, түрлі мекеме басшылары мен қоғам белсенділері қатысты.
«Таза Қазақстан» • 24 Қазан, 2025
Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жаңа ауқымды әлеуметтік-экологиялық жоба – «Таза Маңғыстау» тақырыбымен 45 күндік челлендж өтіп жатыр.
Бокс • 24 Қазан, 2025
Семейдегі «Абай-Арена» спорт кешенінде бокстан еліміздің чемпионаты мәресіне жетті. Ерлер мен әйелдер арасында өткен дүбірлі додаға 371 боксшы қатысты. Бұл – егемендік алғалы бергі ең жоғары көрсеткіш. 2024 жылы ерлер – 13, әйелдер 12 салмақ дәрежесінде бақ сынаса, биыл жүлделер World Boxing ұйымы бекіткен 10 салмақта сарапқа салынды.
Футбол • 24 Қазан, 2025
Алматының «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы ұпайын олжалады. Кипрдің «Пафос» клубымен «Орталық стадионда» тең түсті.
Спорт • 24 Қазан, 2025
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Хорватияның астанасы Загребте өткен әлем чемпионатында бас жүлдені олжалаған грек-рим күресі шебері Айтжан Қалмахановқа Ташкент облысының орталығы – Нурафшан қаласынан пәтер сыйлады.
Спорт • 24 Қазан, 2025
Президент кубогі сарапқа салынады
25-29 қазан аралығында Астанадағы «Beeline Arena» спорт кешенінде үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің ашық кубогі өтеді.
Спорт • 24 Қазан, 2025
Индонезия астанасы Джаркартада ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. 14 жүлде жиынтығы сарапқа салынатын жарыста еліміздің туы астында алты жерлесіміз өнер көрсетеді.
Басылым • 24 Қазан, 2025
Елорда эпопеясын қаттаған қос газет
Бейбітшілік және келісім сарайында «Елорда-ақпарат» медиахолдингіне қарасты «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінің шыға бастағанына 35 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті.
Президент • 24 Қазан, 2025
Республика күні қарсаңында Президент еңбек әулеттері мен жұмысшыларды марапаттады
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Қазан, 2025
Солтүстік Қазақстан облысының механизаторы «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жәдігер • 24 Қазан, 2025
Амангелді портреті қалай аман қалған?
Арқалық мұражайында тұрған құнды жәдігердің бірі – қазақ ұлттық бейнелеу өнерінің негізін қалаушы Әбілхан Қастеев салған Амангелді портреті. 1947 жылы салынған түпнұсқа портрет кезінде облыс мәдениеті басшыларының солақай шешімімен өртеніп кете жаздағанын бүгінде біреу білсе, біреу білмейді.
Аймақтар • 24 Қазан, 2025
Көнеккеткенде мәдениет үйі ашылды
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданына қарасты Көнеккеткен ауылында жаңадан салынған мәдениет үйі халық игілігіне берілді.
Республика күні • 24 Қазан, 2025
ҚазҰУ-да Егемендік декларациясының 35 жылдығы аталып өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Республика күні мен еліміздің егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына арналған «Мемлекеттік егемендік туралы декларация және қазіргі Қазақстан: сын-қатерлер, жетістіктер, тұрақты дамудың ауқымы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 24 Қазан, 2025
Қаржылай қолдау тапқан қожалықтар
«ҚазАгроҚаржы» арқылы алынған жаңа техника егіс пен еңбектің өнімділігін арттырды, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 24 Қазан, 2025
Айбек Нұғымаров жаңа қызметке тағайындалды
Абай облысы Аягөз ауданы әкімінің орынбасары лауазымына елімізге белгілі балуан Айбек Нұғымаров тағайындалды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Заң • 23 Қазан, 2025
Маңғыстау облысында биыл қылмыс деңгейі төмендеді
Маңғыстау облысында биыл тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 15,7%-ға азайды. Атап айтқанда, аса ауыр қылмыстар 73,7%-ға, ауыр қылмыстар 8,1%-ға, орташа ауырлықтағы қылмыстар 29,5%-ға, онша ауыр емес қылмыстар 9,7%-ға төмендеген. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов айтты.
Жастар • 23 Қазан, 2025
«Жасыл ел» жастар жасағы үздіктер қатарында
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өткен «Жасыл ел» еңбек жасағы жұмыс маусымын қорытындыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 23 Қазан, 2025
«Astana Aqshamy» және «Вечерняя Астана» газеттері мерейтойын атап өтті
Бейбітшілік және келісім сарайында «Elorda aqparat» медиахолдингінің құрамындағы «Astana Aqshamy» және «Вечерняя Астана» газеттерінің 35 жылдық мерейтойына арналған «Елорда шежіресі» атты салтанатты концерт өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 23 Қазан, 2025
«Егемендікпен – ертеңімізге» деп аталған рухани кеш өтті
Республика күні қарсаңында Алматыдағы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне» қарасты №31 кітапхананың ұйытқы болуымен «Егемендікпен – ертеңімізге» деп аталған рухани-танымдық кеш өтті. Мазмұнды басқосу қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Марат Тоқашбаевтың шығармашылығына арналып, қабырғалы қаламгердің бестомдық шығармалар жинағы таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қазан, 2025
1200-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жан емдік және психологиялық көмек алды
Түркістан облысында 100 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Бұл облыс халқының 5%-ын құрайды. Бұл орайда өңірде мүмкіндігі шектеулі жандарға бірнеше оңалту орталығы әлеуметтік қызмет көрсетіп келеді, деп жазады Egemen.kz.