Соңғы жаңалықтар
Саясат • 30 Қыркүйек, 2025
Кезектен тыс парламент сайлауы өтеді
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Жогорку Кенеш депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетін күнді белгілеу туралы жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Тәрбие • 30 Қыркүйек, 2025
Елімізде 314 мың бала тегін үйірмелерге қатысып жүр
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылдан бастап Қазақстанда қосымша білім беру ұйымдарына ваучерлік қаржыландыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Мәселе • 30 Қыркүйек, 2025
Мына заманда Өскеменнен Алматыға дейін 27 сағат тар купеде солқ-солқ етіп жету оңай емес. Жаздың ыстығы, қыстың аязында тіптен маза кетеді. Алтай мен Алатаудың арасындағы шойын жол жолаушыларының осы проблемасын Президент Жолдауда дөп басып айтты.
Заң мен Тәртіп • 30 Қыркүйек, 2025
Биыл еліміз Ата заңымыздың 30 жылдығын атап өтті. Конституция – институттар жүйесі ғана емес, құндылықтар да жүйесі. Оның барлық ережесі бостандық, теңдік, әділдік және қоғам мен мемлекеттің өзара үйлесімді іс-қимылының негізгі қағидаттары мен құндылықтарын бекітеді.
Саясат • 30 Қыркүйек, 2025
Қазақстан – Италия: тауар айналымы 20 млрд долларға жетті
Елімізге Италия Президенті Серджо Маттарелла алғаш рет ресми сапармен келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ақордада Италия басшысын салтанатты қарсы алу рәсімі өтіп, онда Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Сондай-ақ құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұраны орындалды.
Жоба • 30 Қыркүйек, 2025
«Alatau City» жобасын жүзеге асыру барысымен танысты
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алматы облысына жұмыс сапары аясында «Alatau City» мегажобасының төрт негізгі аймағында – «Gate», «Golden», «Growing» және «Green» аудандарының құрылысына дайындық барысын тексеріп, бірқатар тапсырма берді.
Маман • 30 Қыркүйек, 2025
«Үздік маман» байқауының жеңімпаздары анықталды
«QazaqGaz» ҰК» АҚ құрамына кіретін «Интергаз Орталық Азия» АҚ Шымкент филиалының өндірістік объектілері базасында жыл сайын дәстүрге айналған «Үздік маман–2025» жұмысшылардың кәсіби шеберлігін анықтайтын байқау кезекті мәресіне жетті. Биылғы жарыс Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында ұйымдастырылды.
Экономика • 30 Қыркүйек, 2025
Апталық дайджест: Жаңа «валюта» – стейблкоин
Ұлттық банктің хабарлауынша, елімізде сынақ алаңы аясында теңгеге байланған алғашқы стейблкоин іске қосылды. Жоба «Intebix» компаниясының бастамасымен жүзеге асты. Оған «Solana» блокчейн-платформасы, «Mastercard», «Еуразиялық банк» серіктес болды.
Сараптама • 30 Қыркүйек, 2025
Еліміз кейінгі кезде мұнай өндірісін арттыра түсті. Биыл мемлекет 96 млн тонна мұнай өндіреміз деп жоспарлады. Жақын аралықта 100 млн межесіне жеткіміз келеді. Бұл ретте «Теңіз» жобасы үлкен рөл ойнады. Әрине, өндірісті бұлайша арттыру ОПЕК+ аясындағы міндеттемемізге қарама-қайшы.
Салық • 30 Қыркүйек, 2025
Шетелдік интернет-компаниялар қанша салық төлейді?
2022 жылдан бастап елімізде шетелдік интернет-компанияларға қатысты қосылған құн салығы (ҚҚС) енгізілді. Бүгінде ол «Google салығы» деп аталып жүр. Қазір елімізде ҚҚС төлейтін 110-нан астам халықаралық компания тіркелген, оның 13-і биыл қосылды.
Өндіріс • 30 Қыркүйек, 2025
Ақтөбе облысында қалдықтан хромды бөліп алуға арналған жаңа технология іске қосылды. Дөң тау-кен байыту комбинатында ашылған өндіріс учаскесі мұнда ондаған жыл бойы қордаланған шламды құнды шикізатқа айналдырып, айтарлықтай экономикалық пайда әкелмек. Сонымен қатар жобаның негізгі бағытының бірі – тау-тау болып үйілген қалдықты азайтып, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу.
Сұхбат • 30 Қыркүйек, 2025
Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН, жазушы: Шығарма оқырманды жақсылыққа жетелеуі шарт
Балаларға арнап шығарма жазудың өзіндік шеберлігі, ерек қолтаңбасы бар. Кейінгі жылдары әдебиетімізде жасөспірім оқырманның қиял кеңістігін дамытып, ойын ұшқыр ететін туындылар көптеп жазылып жатқаны мәлім. Осы орайда жазушы, Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы, Жазушылар одағының Батыс Қазақстан облысындағы өкілі, Ұлттық құрылтай мүшесі Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИНМЕН бүгінгі балалар әдебиетінің қыр-сырын талқылап, шығармашылық жайында да сөз қозғаған едік.
Пікір • 30 Қыркүйек, 2025
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы ұдайы қадағаланады
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті елорда аумағында мемлекеттік қызметтің сапалы көрсетілуіне бақылау жүргізуді қамтамасыз етіп отырған мекеме екені белгілі. Департамент құзыретіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жұмысын үнемі назарда ұстайды.
Қоғам • 30 Қыркүйек, 2025
Қыркүйектің соңғы апталары қазақ даласында руханияттың оты маздап, кітап жәрмеңкесі салтанат құрады десек, артық емес. Күні кеше ғана Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада өткен дәстүрлі «KitapTime – 2025» IV жалпы республикалық кітап фестивалі – сондай шаралардың бірі ғана. Аталған іс-шара жалғыз Астанада ғана емес, өңірлерді түгел қамтығанын айта кеткен жөн.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2025
Екі зауыттың құрылысы басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында өңірлерге инвестиция тарту және өңдеу өнеркәсібін дамытудың маңызына айрықша тоқталғаны белгілі. Президент жүктеген міндетті жүзеге асыру мақсатында Жамбыл облысында екі бірдей зауыт салынбақ.
Инвестиция • 30 Қыркүйек, 2025
Инвестиция тартудағы тұрақтылық
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауда жаһанда инвестиция үшін тартыс күшейіп бара жатқанын, сондықтан елімізде жаңа инвестициялық кезеңді жүйелі түрде жүзеге асырудың маңызы зор екенін атап өткені белгілі. Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында өңірде ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Кейінгі жылдары жалпы құны 289 млрд теңгені құрайтын 48 инвестициялық жоба пайдалануға берілген. Жергілікті атқарушы билік өкілдері келтірген ресми дерекке жүгінсек, 2023 жылы 13 өндіріс ошағы іске қосылып, 577 жаңа жұмыс орны құрылған. Ал өткен жылы 35 кәсіпорын ашылып, 1 453 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ілкімді жобалардың қатарында «Шатыркөл» кен байыту фабрикасы, «Korcem» цемент зауыты, «Karatau Chemicals» секілді іргелі кәсіпорындар бар.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2025
Соңғы жылдары Тараз қаласында көптеген әлеуметтік нысан салынды. Өңір, қала басшылығы тұрғындармен кездесу барысында көтерілген мәселелерді шешуге қатысты жүйелі жұмыс атқарып жатыр.
Футбол • 30 Қыркүйек, 2025
«Қайрат» «Реалды» жеңе ала ма?
Бүгін – Алматыда футбол мерекесі. Құрылғанына 70 жылдың бедері болған «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі кезекті матчына қатысады. Қарсылас – УЕФА Чемпиондар лигасын 15 мәрте жеңген Испанияның «Реал Мадрид» клубы.
Спорт • 30 Қыркүйек, 2025
Халықаралық таеквондо федерациясы (WTF) әлемдік рейтингті қайта жаңартты. 63 кг салмақта күш сынасып жүрген Самирхон Әбубәкіров бірінші орнын сақтап қалды. Еліміздің тағы үш даян шебері ТОП-10-дыққа еніп отыр. Олар – Бейбарыс Қаблан (+87 кг) – 7, Батырхан Төлеуғали (80 кг) 8, Нодира Ахмедова (49 кг) 10-орын.
Ғалам ғажаптары • 30 Қыркүйек, 2025
Әлемдік альпинизм тарихында жаңа рекорд тіркелді. Польша спортшысы Анджей Баргель Эверест шыңына қосымша оттегінсіз көтеріліп, одан шаңғымен базалық лагерьге дейін түскен алғашқы адам атанды.
Шахмат • 30 Қыркүйек, 2025
Перудің астанасы Лимада 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасында рапид пен блицтен әлем чемпионаты аяқталды. Жарыста Ксения Балабаева алтыннан алқа тақты.
Ғалам ғажаптары • 30 Қыркүйек, 2025
«Естімеген елде көп» демекші, Қытайда алғаш рет робот докторантураға қабылданды.
Спорт • 30 Қыркүйек, 2025
«Алматы марафоны» мәреге жетті
Жексенбіде «Алматы марафоны» өтті. Қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған дәстүрлі жарыста әлемнің 60-тан астам мемлекетінен келген 16 мыңнан аса қатысушы бақ сынады.
Ғалам ғажаптары • 30 Қыркүйек, 2025
Жапонияның кір жуатын фабрикасы жұмысты ойынға айналдырып, өндіріс өнімділігін 18 пайызға арттырған.
Спорт • 30 Қыркүйек, 2025
Қытайдың астанасы Бейжіңде «China Smash 2025» халықаралық турнирі өтіп жатыр. Жарыста еліміздің бірінші ракеткасы Кирилл Герасименко да өнер көрсетті.
Өнер • 30 Қыркүйек, 2025
Третьяков галереясына жол тартты
Қазан айында Ресейде Қазақстан мәдениетінің думаны қызбақшы. Осыған орай, Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің коллекциясынан алынған жауһар туындылар Мәскеудегі атақты Третьяков галереясына жол тартты.
Қоғам • 30 Қыркүйек, 2025
Ертіс-Баян өңірінде «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы негізінде құрылған тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Онда бүгінде жалпы көлемі 9,9 мың тонна азық-түлік өнімдері сақталып тұр.
Байқау • 30 Қыркүйек, 2025
Орал қаласында Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев әндерін орындаушылардың ХІІІ халықаралық «Атамекен» ән фестивалі өтті.
Форум • 30 Қыркүйек, 2025
Әдеп жөніндегі уәкілдердің форумы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен Қызылорда облысында Әдеп жөніндегі уәкілдердің республикалық форумы өтті. Оған Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, орталық және жергілікті атқарушы органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдері, мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік қызмет ардагерлері қатысты.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2025
Зайсанның көкжиегін көмкерген Шілікті жазығы – ежелден қасиетті мекен. Бүгінде сол кең жазирада тарихтың тамырына терең бойлайтын тағылымды іс-шара өтті. Сақ патшасына арналған еңселі белгітас бой көтеріп, елдің мерейі өсті.