Ет
Үкімет • 16 Қаңтар, 2026
Үкімет жеке медициналық ұйымдарды қаржыландыруда көптеген заңбұзушылықтарды анықтады
Мемлекет басшысының бюджет тәртібін күшейту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет жүйелі жұмыстар жүргізуде, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 16 Қаңтар, 2026
Қайрат Сәтжанов жаңа қызметке тағайындалды
10 қаңтар күні денсаулығына байланысты бокстан Қазақстан ерлер құрамасы бас жаттықтырушысы қызметінен кеткен Қайрат Сәтжанов жаңа лауазымға тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қаңтар, 2026
Павлодарда шетел азаматы бүйрегін 50 мың долларға сатпақ болған
Ресей азаматшасы Қазақстан аумағында ағзасын сату үшін Telegram арқылы мәміле жасасып, алғашқы жарна алу кезінде ұсталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 16 Қаңтар, 2026
Былтыр қанша медицина қызметкері біліктілігін арттырды?
Былтыр Медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарының мамандары – 1 165 мейіргер және 553 жалпы практика дәрігері, яғни 1 700-ден астам қызметкер оқытудан өткен, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 16 Қаңтар, 2026
Елордалық оқушы әлемнің 10 жетекші университетінен шақырту алды
Астана қаласындағы №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы Аяла Маханбетәлі әлемнің жетекші 10 университетінде оқуға ресми шақырту алды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 16 Қаңтар, 2026
Аустралияда балалар 16-ға толғанша әлеуметтік желіні қолдана алмайды
Аустралияда 16 жасқа толмаған жеткіншектер әлеуметтік желіліні пайдалана алмайды. Себебі заң рұқсат бермейді. Бұл ереже күшіне енгеннен кейін кемінде 4,7 млн бала мен жасөспірімнің аккаунты бұғатталды, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 16 Қаңтар, 2026
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Асқарұлы Тұрсынханов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 16 Қаңтар, 2026
Жетісу гарнизонының әскерилері 102 жастағы майдангерді құттықтады
Талдықорғанда Жетісу гарнизонының әскери қызметшілері, Қарулы күштердің ардагерлері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері 102 жасқа толған екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Ысқақ Әбілпейісұлы Құсайыновты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 16 Қаңтар, 2026
«Қайрат» Лондонда «Арсеналмен» кездеседі: Билет бағасы қанша тұрады?
28 қаңтар күні алматылық «Қайрат» чемпиондар лигасы аясында Лондонда «Арсеналға» қарсы жасыл алаңға шығады. Матч Қазақстан уақытымен 29 қаңтарға қараған түні сағат 1:00-де басталады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қаңтар, 2026
Петропавлда аурухана маңында әйел адам үсіп қайтыс болды
Солтүстік Қазақстан облысының полициясы Петропавл қаласында жоғалып кеткен зейнеткер әйелдің қазасына байланысты тергеу жүргізіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қарт әйел аурухана маңында қатты суықтан үсіп қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2026
Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа құжат қабылдау басталды: Кімдер үміткер бола алады?
Қазақстанда әдебиет пен өнер саласындағы ең беделді марапаттардың бірі – Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа 2026 жылға арналған конкурс жарияланды. Үміткерлерден өтінімдер мен шығармашылық еңбектер 2026 жылғы 1 наурызға дейін қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2026
МӘМС: 2026 жылы сақтандыру есебінен емделетін аурулар тізімі кеңейтілді
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті кеңейтілді. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) деректерінде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Театр • 15 Қаңтар, 2026
«Астана Опера» театры «Аққу көлі» балетін ұсынады
Елорданың өнерсүйер жұрты апта соңын асыға күтіп отыр. «Астана Опера» сахнасында театрдың ғажайып қойылымдарының бірі – П.Чайковскийдің «Аққу көлі» балеті ұсынылады. Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай Асылмұратова, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Қаңтар, 2026
Президентке Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың жаңа жоспары таныстырылды
Мемлекет басшысы Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Сергей Пономаревті қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 15 Қаңтар, 2026
Ақмола облысында ғылымды дамытуға бөлінген қаржы талан-таражға түскен
Ақмола облысының прокуратурасы ғылымды дамыту және отандық өндірісті қолдау мақсатында бөлінген мемлекеттік грант қаражатының қаншалықты тиімді жұмсалғанына тексеру жүргізді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 15 Қаңтар, 2026
Астанада қарулы ер адам «Сұңқар» арнайы жасағының қызметкеріне оқ атты
Астанада қарулы шабуыл фактісі тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, ІІМ «Сұңқар» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкері Тимур Ғалиевке белгісіз ер адам оқ атқан, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2026
Діни басқарма жанынан Ислам қаржысы секторы ашылады
Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне жолдаған Бағдарлық баяндамасында баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Қаңтар, 2026
Иран президенті мемлекеттік органдарды халық мәселесін шешуге шақырды
Иран президенті Масуд Пезешкиан министрлер кабинетінің отырысын өткізіп, елді сыртқы қысымнан қорғау үшін азаматтардың талап-тілегін орындауға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 14 Қаңтар, 2026
40 градус аяз: Ертең елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Астана және Қазақстанның 16 облысында 15 қаңтарда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Әдебиет • 14 Қаңтар, 2026
Балалар әдебиетіне қатысты панельдік сессия өтті
Алматыдағы Ұлттық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы жанындағы Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жанрлық кеңесінің ұйымдастыруымен «Балалар әдебиеті: креативті индустрия, имидж, бренд» атты панельдік сессия өтті, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 14 Қаңтар, 2026
Қазақстанда биыл шамамен 2,6 ГВт жаңа электр қуат көзі іске қосылады
2026 жылы Қазақстанда жалпы қуаты шамамен 2,6 ГВт болатын жаңа электр энергиясы көздері пайдалануға берілмек. Оның ішінде 173 МВт жаңартылатын энергия көздері нысандарына тиесілі. Жобалар елдегі энергия тапшылығын жоюға және генерация құрылымын жаңғыртуға бағытталған, дер хабарлады Үкімет.
Экономика • 14 Қаңтар, 2026
Абзал Нарымбетов: Мұнай экспорттайтын балама бағыттарды дамытпағанымыз тарихи қателік болды
Каспий құбыр концорциумының (КҚК) инфрақұрылымына жасалған дрон шабуылы Қазақстанның мұнай экспорты қаншалықты осал екенін тағы бір мәрте көрсетті. Бір бағытқа тәуелді тасымал жүйесі ел экономикасын миллиардтаған шығынға ұшыратып, энергетикалық қауіпсіздік мәселесін күн тәртібіне шығарды. Energy Analytics директоры Абзал Нарымбетов бұл жағдайды «тарихи қателік» деп бағалады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Қазақстанда зейнет жасы өзгере ме?
Биыл зейнет жасын қайта қарау туралы ешқандай ресми шешім қабылданған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2026
Атыраудағы Жағалау күзетінің ғимараты апатты жағдайда тұр
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетов Атырау қаласы Дамбы ауылында орналасқан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Шекара қызметінің Атырау облыстық департаментіне қарасты Жағалау күзеті дивизионының жеке құрамымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2026
Жетісуда ЖИ арқылы жалған чек жасаған үш жасөспірім әшкереленді
Жетісу облысында кәмелетке толмаған 3 азаматтың жалған банктік чектерді жасау үшін жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын пайдаланып, сатушыларды жаңылыстыру арқылы тауарларды бірнеше рет жымқырғаны анықталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Қаңтар, 2026
«Үлкен жетілік» саммиті кейінге шегерілді
Аралас жекпе-жек өнерінің беделінің артқаны соншалық, Франция биылғы жылдың 14-16 маусым аралығында өтуге тиіс «Үлкен жетілік» саммитін кейінге шегерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2026
Психологиялық қолдау орталықтарына былтыр қанша адам жүгінді?
Президент тапсырмасы бойынша 20 өңірде халыққа кәсіби психологиялық және әдістемелік көмек көрсететін Психологиялық қолдау орталықтары жұмыс жасайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 13 Қаңтар, 2026
Зейнетақы есебінен емделуге өтінімдер қабылдау тоқтатылды
«Отбасы банктің» баспасөз қызметі 12 қаңтар сағат 19:00-ден бастап enpf-otbasy.kz платформасында бірыңғай зейнатақы жинақтары (БЗЖ) есебінен емделуге өтінімдер қабылдау тоқтатылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2026
Дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтердің тізбесі ҚҚС-тан босатылды
Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтер мен дәрілік препараттар қосылған құн салығын төлеуден босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 13 Қаңтар, 2026
«Туған жерге қызмет – тағдырлы таңдау»
Жетісу – тарихы терең, мәдениеті тамырлы өңір. Осы рухани кеңістіктің тыныс-тіршілігі һәм мәдени сабақтастығы қоғам назарынан тыс қалған емес. Осы орайда Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменовпен әңгімелескен едік.