Көлік
Оқиға • 12 Маусым, 2024
Павлодар облысында көлік түгі қалмай өртеніп кетті
12 маусым күні сағат 11:02-де Екібастұз қаласы, Құдайкөл ауылының маңында автокөліктің өртеніп жатқаны туралы хабарлама тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 12 Маусым, 2024
Транскаспий халықаралық көлік маршрутының үйлестіру платформасы іске қосылды
Жаңа платформа Транскаспий көлік маршрутын Еуропаны Азиямен 15 күн немесе одан аз уақыт ішінде байланыстыратын мультимодальды және бәсекеге қабілетті бағытқа айналдыру мақсатында жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 11 Маусым, 2024
Алматы облысында бір үйдің екі қызын көлік қағып кетті
Алматы облысында дүкенге балмұздақ алуға шыққан бір үйдің екі қызын көлік қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Маусым, 2024
Өскеменде мас күйінде көлік жүргізген әйел қатаң жазаланды
Өскемен қаласының №2 сотында алкогольдік масаң күйде көлікті жүргізуші куәлігінсіз жүргізгені үшін айыпталған әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 11 Маусым, 2024
Астанада арнайы автобус жолағы енгізілді
Маусымның 15-нен 16-на қараған түні Астанада Айтматов көшесінің бойында қоғамдық көліктерге арналған арнайы автобус «Bus Lane» жолағы енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Маусым, 2024
Атырау облысында шетелдіктер мінген көлік өртенді
Құтқарушылар Атырау облысындағы тасжолда өртенген автокөлікке көмекке келді. Онда шетелдің үш азаматы болған, олар дәрігерлерге тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Маусым, 2024
Шымкентте екі автокөлік өртеніп кетті
Шымкент қаласында автокөлік бөлшектерін сататын орталықтан өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 06 Маусым, 2024
Полиция дрон арқылы көлік қозғалысын бақылайды
Жамбыл облысының полицейлері тасжолдардағы көлік қозғалысын бақылау үшін дрон құралын пайдаланады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Маусым, 2024
InDrive және Яндекс Go жүргізушілері жолаушы тасымалынан шеттетілуі мүмкін
inDrive, Яндекс Go жүргізушілері жолаушы тасымалы кезінде жылдамдықты жиі асыратын болса, бұл қызметтен шеттетілуі мүмкін. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Маусым, 2024
Алматы облысында автобус отқа оранды
Алматы облысының Байсерке ауылында жолаушылар автобусы отқа оранды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 30 Мамыр, 2024
Ақтауда жеңіл көлік өртке оранды
Өртеніп жатқан көлікті қасынан өтіп бара жатқан жүргізуші түсіріп алған. Видеода көліктің өзінен бөлек, бордюрде өртті бақылап отырған адам көрінеді. Желі қолданушылары оны өртенген көліктің иесі деп болжады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 29 Мамыр, 2024
Елордада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылады
Астана қаласында Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты жартылай жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Мамыр, 2024
Ақылы жолдарды кімдер тегін пайдалана алады?
«ҚазАвтоЖол» кімдер ақылы жолдарды тегін пайдалануға құқылы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Мамыр, 2024
Жезқазғанда көлік тізгіндеген 5 жасар бала 4 адамды соққан
Жезқазғанда 5 жасар бала басқарған көлік тұрғындарды қағып, салдарынан 4 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 27 Мамыр, 2024
Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылады
Астанада 28-30 мамыр аралығында Қабанбай батыр даңғылының Қонаевтан Сығанаққа дейінгі бөлігі толығымен жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Туризм • 27 Мамыр, 2024
Курорттық аймақтарға қатынайтын рейстер мен пойыздардың саны артады
Туристік маусым қарсаңында ҚР Көлік министрлігі еліміздің курорттық аймақтарына қатынайтын әуе рейстері мен теміржол пойыздарының санын арттыру шеңберіндегі жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Мамыр, 2024
Елімізде көлік құралдарын тексерудің бірыңғай операторы ауысты
Қазақстанда автокөліктер мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізетін бірыңғай ақпараттық жүйенің жаңа операторы бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 27 Мамыр, 2024
Қазақстан арқылы өтетін транзит көлемі 11 млн тоннаға жақындады
ҚР Көлік министрлігі Қазақстан Республикасы аумағы арқылы өтетін жүктердің транзитіне қатысты статистиканы жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Мамыр, 2024
Жамбыл облысында мектеп түлегі мінген көлік апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты
25 мамыр күні Жамбыл облысы Жаңаталап ауылынан Ақтоған ауылына бағыт алған жолда мектеп түлегі мінген көлік апатқа ұшырады. Салдарынан 1 адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2024
«Атырау-Индер» жолының қалаға кіреберіс тұсы жабылды
Өр суының қарқындануына байланысты, аталған жолдың Атырау қаласына кіреберіс тұсында көліктің барлық түрі бойынша қозғалыс тоқтатылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Мамыр, 2024
Қазақстанда көлік бағасы арзандай ма?
Қазақстанда көліктердің бағасы арзандауы мүмкін. Бұған отандық өндірістің артуы септігін тигізеді. Бұл туралы Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2024
Қазақстан Үкіметі елдің көлік-логистикалық әлеуетін барынша ашуға ниетті - Олжас Бектенов
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Rhenus Group компаниялар тобының басқарма төрағасы Тобиас Бартцпен көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыс • 23 Мамыр, 2024
Қостанайда таксистің тамағына пышақ тақаған сотталушының үкімі өзгертілді
Таксистке қастандық жасау туралы іс сотта қайта қаралды. Бұған дейін жас жүргізушінің тамағына пышақ қойған адам шартты жазаға кесілген болатын. Алайда мемлекеттік айыптау өкілдері мұндай шешіммен келіспеді. Нәтижесінде облыстық соттың апелляциялық комиссиясы олардың талаптарын қолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2024
Есірткіге масайып, көлік тізгіндеген шымкенттік ұсталды
Шымкент қаласының тұрғыны есірткі қолданып, көлік тізгініне отырған. Оның бұл әрекеті көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Мамыр, 2024
Астанадағы Сығанақ көшесінде көлік қозғалысы өзгереді
Елордадағы Сығанақ көшесінде қозғалыс уақытша өзгереді, деп хабарлайды Egemen.kz «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 22 Мамыр, 2024
Мәжіліс электрокөліктердің инфрақұрылымын дамыту туралы заңды қабылдады
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық таза көлікті насихаттау және электромобильдер инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Мамыр, 2024
Жол қауіпсіздігін жақсарту үшін қандай технологиялар қолданылады?
Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Қазақстанда көлік жүргізу мәдениетін арттыру және жазадан бұлтартпау қағидатын қамтамасыз ету үшін қолданылатын цифрлық шешімдер туралы баяндап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2024
Көлікті техникалық бақылаудан өткізу саласында заң бұзушылық көбейді
Жыл басынан бері көлік құралдарын техникалық бақылаудан өткізу ережелерін сақтамаған операторларға 270 хаттама толтырылған. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2024
Бірқатар тасжолда жылдамдықты тексеру жүйесі іске қосылады
Қазақстан тасжолдарында жылдамдықты тексеру үшін аппараттық кешен іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Экономика • 16 Мамыр, 2024
Қазақстан азаматтарында қанша көлік бар?
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан азаматтарында жалпы саны - 5 408 066 көлік құралы бар екенін мәлім қылды. Оның ішінде 82,1% бензин, 7,1% дизель, 0,2% газды тұтынады, деп жазады Egemen.kz.