Мәдени
Абай • 26 Шілде, 2025
Семейден Қарауылға қарай бет түзегенбіз. Қаладан әуежай жаққа шықсаңыз, сонадайдан Семейтауы көрінер тұста «Абай жолы» деген стелла тұр. Расында бұл Абай атамыздың ғазиз соқпағы. Бұл соқпақ кезінде «бала шәкіртті» кең сахарасын сағынта қол бұлғаған һәм оған әлемді танытуға бастаған жол. Бізде осы жолда келеміз.
Ауыл • 26 Шілде, 2025
Белбасарда мәдениет үйі пайдалануға берілді
Тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу ауданына қарасты Белбасар ауылында 100 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылу салтанатына өңір басшысы Ербол Қарашөкеев қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025
Экобуккроссинг сөресі іске қосылды
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Астана әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі экобуккроссинг сөресін іске қосты. Мақсат – кітап арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 25 Шілде, 2025
1500 студент мәдениет саласындағы байқаулардың жеңімпазы атанды
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында мәдениет саласындағы білім беру жүйесі жаңа жетістіктерге жеткен. Мәдениет және ақпарат министрлігі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден бастап, колледждер мен жоғары оқу орындарына дейін айтарлықтай нәтижелер көрсеткенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 23 Шілде, 2025
Музей ісінің жаңа белесі: алғашқы жартыжылдықтың басты жетістіктері
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығы Қазақстанның мәдениет саласы үшін жемісті болды. Атап айтсақ, музей саласының дамуымен, халықаралық көрмелер және мәдениет әлеміндегі маңызды оқиға – Бейжің қаласындағы Қазақстанның Мәдениет орталығының ашылуымен есте қалды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Шілде, 2025
Қазақ музыкасындағы маңызды белес: алғашқы жартыжылдық нәтижелері
2025 жылдың жартыжылдық қорытындысы бойынша, Қазақстанның музыка саласы қарқынды дамып келеді. Республикадағы концерт ұйымдары 279 іс-шара өткізіп, оған шамамен 300 мың көрермен келген, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 16 Шілде, 2025
«Менің қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесім» челленджі басталды
Экологиялық мәдениетті арттыру және табиғатқа жауапкершілікпен қарауды дамыту мақсатында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Д.Тұрғамбаев республикалық «Менің қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесім» челленджін бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 16 Шілде, 2025
Мәдениет комитетіне жаңа төраға тағайындалды
Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Ерлан Ерғазыұлы Дакенов Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 08 Шілде, 2025
«Jas Keñes Siyligi» байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
«Jas Keñes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау 20 маусымынан 20 шілдеге дейін жалғасады. Сыйлыққа ҚР-ның 35 жасқа толмаған (35 жасты қоспай алғанда) азаматтары қатыса алады. Байқауға қатысуға өтінімді https://www.jas-kenes.kz/application сайтында беруге болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 08 Шілде, 2025
Мәдени мұраны сақтаудың жапондық үлгісі
Климаттың өзгеруі, жер сілкінісі мен ылғалдылық – ғасырлар бойы сақталған тарихи ескерткіштер үшін бүгінгі таңда басты сын-қатерлердің бірі саналады. Әсіресе, ағаш немесе балшық негізінде тұрғызылған көне құрылымдар табиғи құбылыстарға аса сезімтал келеді. Осыны ескерген Жапония сынды елдер мәдени мұраны сақтаудың жаңа тәсілдеріне көше бастады.
Аймақтар • 06 Шілде, 2025
Байзақ ауданына қарасты Мырзатай ауылында 120 орындық клуб салтанатты жағдайда ашылды. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ауыл халқының қуанышымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 06 Шілде, 2025
Ұлттық домбыра күні: Астанада өткен бірегей мәдени шараға 20 000-нан астам қонақ жиналды
6 шілде күні Астананың жүрегінде, Атырау көпірінде Ұлттық домбыра күніне арналған ауқымды мәдени шара өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Шілде, 2025
«Tańba» клубының отырысында қазақ геральдикасының даму жолдары талқыланды
ҚР Ұлттық музейінде «Геральдикалық зерттеулер орталығы» жанынан құрылған «Tańba» ғылыми-әдістемелік клубының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 02 Шілде, 2025
Ведомствоаралық комиссия 16 киножобаны іріктеді
2025 жылы 16 киножоба мемлекеттік қолдауға ие болады. Ведомствоаралық комиссия іріктеуді Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Сараптамалық кеңесінің қорытындысы бойынша жүргізді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 30 Маусым, 2025
«Қымызмұрындық» фестивалі өтті
«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы халқымыздың көне дәстүрлерінің бірі «Қымызмұрындық» мейрамына арналған республикалық этнофестиваль ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауыл • 30 Маусым, 2025
Биыл Абай облысында дәстүр мен өнер сабақтастығы ғана емес, мәдениет пен бизнес жетістіктері көрініс тапқан іс-шаралар жиі өтіп жатыр. Сондай жиынның бірі – Таскескен ауылында өткен «Ауыл – ел бесігі» фестивалі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 20 Маусым, 2025
Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті
6 маусым күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Наурызбай ауданы әкімдігінің қолдауымен, Human Resources Kazakhstan жеке мекемесінің және Наурызбай ауданы демалыс орталықтарының ұйымдастыруымен «Наурызбай Fest» атты ауқымды мерекелік фестиваль өткізілді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 15 Маусым, 2025
Қазақконцерт симфониялық музыка кешін ұсынды
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі елордалық көрерменге керемет классикалық музыка кешін өткізді. Сахнада әйгілі испан музыканты, дирижёр, пианист әрі композитор Мануэль Тэвар және халықаралық байқаулардың лауреаты, пианист Макпал Кабден өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 05 Маусым, 2025
Алматыда Қытай Ұлттық музейінің көрмесі өтті
5 маусымда Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде «Қытай өнерінің ой-мақсаттары – Қытай Ұлттық көркемөнер музейінің жауһарлары» атты көрме ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 01 Маусым, 2025
Халықаралық балалар күні мерекесінде Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен «Зербұлақ» демалыс кешенінде ауқымды мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 01 Маусым, 2025
Мәдени орта - адамгершілік тәрбиенің негізі
Баланың жеке тұлғасын қалыптастыру мәдени ортасыз және адамгершілік негізсіз мүмкін емес, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Балалар • 31 Мамыр, 2025
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күні қандай шаралар өтеді?
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 1 маусымда Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар метромен тегін жол жүретін болады. Бастама мейрам күні балалары бар отбасыларды қолдауға арналған, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 30 Мамыр, 2025
Италияда төрт мыңға жуық қазақстандық студент білім алады
Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру мен мәдениет салаларындағы ықпалдастық жайында сөз қозғады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет • 30 Мамыр, 2025
Бейжіңде Қазақстанның мәдени орталығы ашылады
Бұл жөнінде ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Қытай мен Орталық Азия арасындағы мемлекеттік басқару және гуманитарлық байланыстар жөніндегі симпозиумда мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 26 Мамыр, 2025
Алматыда «Көшпелі рухы» көрмесі ашылды
Алматыда белгілі суретші Юлия Проскураның «Көшпелі рухы» атты жеке көрмесі ашылды.
Мәдениет • 26 Мамыр, 2025
Қазақстан мен Қытай гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда
26 мамырда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлиньмен кездесті.
Қоғам • 26 Мамыр, 2025
АҚШ-тың Смитсон орталығы қазақ қолөнерін қолдайды
Бұдан былай АҚШ-тың байырғы Смитсон орталығының қолдауымен Қазақстанның мәдени мұра қорының жұмысына қоса, қолөнершілікті қолдау бастамасы іске қосылмақ. Осы бастамаға орай, Смитсон институтының Халықтық және мәдени мұра орталығының (Вашингтон, АҚШ) мамандары биыл мамыр айында жергілікті қолөнершілермен танысу, тәжірибе алмасу және үш жылдық ынтымақтастық орнату жоспарын құру мақсатында Қазақстанға келіп, оңтүстік өңірлерге сапарлаған еді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 22 Мамыр, 2025
Алматыда мәдениет және өнер саласының қайраткерлері марапатталды
Алматыдағы Республика сарайында мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Мәдениетті дамытудағы елеулі еңбегі үшін 50-ден астам шығармашылық сала өкіліне мемлекеттік награда табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 21 Мамыр, 2025
Қарашөкеев мәдениет қызметкерлеріне құрмет көрсетті
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 21 Мамыр, 2025
Қарағандыда мәдениет саласының үздіктері марапатталды
Мәдениет пен өнер саласының үздік қызметкерлеріне Қарағанды облысы әкімінің сыйлығы табысталды. Кәсіби мереке қарсаңында аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев мерейлі мерекемен құттықтап, тілегін білдірді, деп жазады Egemen.kz.